МКҚК
«Бәйтерек» бөбекжайы
Облыстық
семинар
«Домбыра
- асыл мұра»
«Балапан»
ортаңғы тобы
Тәрбиеші:
Зоханова.А.М.
Саз
жетекшісі: Ажығали А
2018-2019ж
«Домбыра
- асыл мұра»
Далада
кішкене қыз бен бала ойнап жүреді. Кенет
киіз үйден шыққан дыбысқа таң қалып
тұрып қалады.
Қыз:
Ой, естимісің бұл ненің дыбысы?
Бала:
Білмедім, Иә, бір ғажап үн шығады.Жүр,
барып көрейік, бұл дыбыс үйден шығатын
секілді.
(үйге
кіріп атасы мен әжесін көреді)
Айнамкөз,
Нұрислам:
Ата, әже, ата, әже!
-Ата,
сіз не орындап отырсыз? Біз домбыраның
әдемі қоңыр үнін құлағымыз шалып қалды.
Атасы:
Әәә, иә балапандарым, мен «Еркем-ай»
күйін орындап отырғам.
Бала:
Ата, тағы орындап бересізбе?
Нұрислам:
Әрине, құлындарым, ендеше мұқият
тыңдаңдар.
(Күйді
толығымен орындап береді)
Айнамкөз:
Ата,
керемет екен.
Ата:
Ия, құлындарым бұл күйді бала кезімде
үйренгем. Ол кезде ауыл балалары болып
жиналып, өзіміздің әнші-күйші аға-
әпкелерімізден күй шертіп,ән айтып
үйренетінбіз.
Сол
балалық шағым еске түскені...... иәәә.
(ойланып кетеді)
Нұрислам:
Менде домбырамен ән айтып, күй шерткім
келеді.
Айнамкөз:
Менде домбыра тартқым келеді. Үйретіңізші,
ата!
Ата:
Әй, атасының ақылдылары, талаптарыңнан
сол....
Әрине
үйретем үйретпегендеші.
Әжесііі
естимісің? Әжең екеуміз арнайы дайындаған
тосын сыйымыз бар.Әжесі, әкел уақыт
келді.
Әже:
Қазір, қазір қанекей, ала ғой құлындарым.
Балалар:
Қандай керемет? Рахмет ата, рахмет әже.
Ата:
Халқымыз домбыраны ерекше қадірлеп,
әрдайым төріне ілетін болған. Домбыраны
тұтас ағаштан ойып немесе ағаштардан
құрастырып жасаған. Домбыраның екі
шектісінен басқа да, үш ішекті, қос
жақты, кең шанақты, қос мойын деген түрі
бар. Ал бұл балдырғандарға арнап жасалған
домбыраны шіңкілдек
дейді.
Балалар:
Шіңкілдек, қызық екен! Шіңкілдекк
Ата:
Ал балаларым, мына жерге ыңғайланып
отырыңдар!
Мына
пернелерді сол қолдың саусақтарыңмен
басып, ол қолдың саусақтарымен жоғары
төмен қағасыңдар немесе шертеміз.
Жарайсыңдар балапандарым, ал енді бірге
әдемі ән шырқайық.
Ән:
«Қасиетті домбыра»
1.Бабамыздың
көзіндей қара домбыра,
Данамыздың
сөзіндей қара домбыра
Асқақтатып
рухымды ағыл домбыра,
Әр
қазақтың төрінен табыл домбыра.
Қайырмасы:Шанағында
ойнаған,
Үніне
еш тоймаған,
Қасиетті
домбыра
Күмбірлеген
күйіне
Әрдайым
мен сүйенем
Қасиетті
домбыра.
2.
Шанағыңнан төгілген күйің домыра
Арта
берсін әрдайым сыйың домбыра
Қастерлейді
өзіңді халқым домбыра
Тоғыз
перне, қос ішек алтын домбыра
Айнамкөз:
Әже
көрдіңізбе домбыраны әдемі шертем бе?
Әже:
Әрине, құлыным. Жарайсыңдар.
(Сырттан
балаларды достары шақырады. )
Сырттан
келген бала: Ассаламағалейкум ата!
Есенсізбе әже?
Ата:
Амансыңдарма, балалар қош келдіңдер!
Қайда жол тарттыңдар
Балалар:
Сәлеметсізбе ата, әже!
Ата:
Амансыздарма балалар, қош келдіңдер,
қайдан келе жатырсыңдар? Ата біздер
мәдениет үйіне бара жатырмыз. Онда біз
түрлі аспатарда ойнауды үйреніп жүрміз.
Айнамкөз:
Распа? Бізге атамыз домбыра тартуды
үйреткен бізде сіздермен барайық.Ата,
әже?
Ата:
Әрине, балапандарым, бара қойыңдар.
Музыка
жетекшісі:
Сәлеметсіздерме, балалар қош
келдіңдер!Өздеріңмен бірге достарыңды
алып келген екенсіңдер жарайсыңдар,
енді бәріміз қосылы «Ата толғауы» күйін
орындайық.
(Балалар
мәдениет үйіне келіп әртүрі аспатарда
«Ата толғауы» күйін оркестрда ойнап
көрсетеді)