400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Іс-шара «Бәрі де сүйіспеншіліктен басталады!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың «сүйіспеншілік»,«мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Адамның бойындағы –ұнамды ұнамсыз қасиеттерді айта отырып оқушыларды әдептілік, мейірімділік сияқты адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Іс шараның атауы «Бәрі де сүйіспеншіліктен  басталады!»

Өткізу мерзімі: 23.11.18

Өткізу уақыты:15:30

Сыныптар:1ә және 3ә

Мақсаты:

Балалардың «сүйіспеншілік»,«мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Адамның бойындағы –ұнамды ұнамсыз қасиеттерді айта отырып оқушыларды әдептілік, мейірімділік сияқты адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге тәрбиелеу.

Міндеттері:

Мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;

мейірбандылыққа тәрбиелеу.

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері

«Болады-болмайды»

(оқушылар шеңберге тұрады, мұғалім болатын нәрселерді айтқанда оқушыларқолдарын 2 рет шапалақтайды, ал болмайтын нәрселерді айтқанда аяқтарымен тарсылдатады)

-Мейірімді болуға …. (болады),               Кешірімді болуға (болады),

Қатыгез  болуға …. (болмайды),              Тәртіпті болуға …. (болады),

Әдепті болуға …. (болады),                     Ұрысқақ болуға…. (болмайды),

Сыпайы болуға …. (болады),                   Қайырымды болуға …. (болады),

Бұзық болуға …. (болмайды),                  Бауырмал болуға …. (болады),

Ақылды болуға ….. (болады),                  Мақтаншақ болуға …. (болмайды),

Шыншыл  болуға …. (болады),                Арам болуға …. (болмайды),

Маман болуға …. (болады),                     Жаман болуға …. (болмайды),

Айтпақшы,                                             Жаман болуға ….! (болмайды).


Пойыздың дауысы

  • Құрметті жолаушылар, Астана уақыты сағат 13.45 – те бастауыш мектебінен «Мейірімділік» бекетіне пойыз жүргелі тұр. Жолаушыларды өз орындарына жайғасуын сұраймыз!

Оқушылар орындарына отырады.

  • Дайынсыңдар ма? Жолда бізді ерекше аялдамалар күтіп. Олай болса кеттік!

Пойыздың дауысы

Пойыз «Сүйіспеншілік» бекетіне келіп жетті.

  • Қалай ойлайсыңдар, балалар бұл бекеттің ерекшелігі неде?

  • Тұрғындары қандай деп ойлайсыңдар?

  • Сүйіспеншілік деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Сүйіспеншілік адам не істеп жүреді?

-Осы бекеттің тұрғындарымен амандасайық.

«Амандасу» ойыны.

1- вагонның балалары: «Сәлем» - нелло деп, бір қолын бүлғайды.

2- вагондағылар: «Привет»- деп, екі қолын жоғары көтеріп амандасады.

  • Дайындалып алайық. Алдымен1- вагондағылар, сосын 2- вагондағылар. Сосын бірге.

  • Сонымен ұқтыңдарма мейірімділікке жетелейтін ең бірінші - ол сыпайы сөздер, бір ғана сөзбен ренжіп тұрған адамды жұбатуға, жылап тұрған адамды жымитуға болады екен.

  • Тағы қандай сыпайы сөздер білесіңдер?

  • Жақсы «Сыпайылық» бекетінің тұрғындарына сау болыңдар- деп, ары қарай жол жүрейік.



Пойыздың дауысы

«Даналық, ақылдылық бекеті» - де келіп жеттік.

  • Балалар, бұл бекеттің тұрғындары қандай деп ойлайсыңдар? Олар бізге мейірімділік туралы мақал – мәтелдер, нақыл сөздер дайындап қойыпты. Соларды оқып, мағынасын ашып көрейік.


Ақыл айтар мезгілде,
Мың жасаған шалдай бол.
Мейірім түсер мезгілде,
Ағарып атқан таңдай бол. Б. Момышұлы

Айналаңа мейірімді болу адамды жақсылық жасауға жетелейді.

«Адал жанды өнеге тұт өзіңе».
Жүсіп Баласағұни.


Жақсы тәртіп әдетке айналса - ырыс,
Жаман тәртіп әдетке айналса – қырсық.


Жақсы қасиетті сөздер – иннабатты, мейрімді,сыпайлы, сүйкімді,ақылды, талапты, жомарт,іззетті, қайрымды,

Жаман қасиетті сөздер- әдепсіз, өтірікші,өсекші дөрекі,жалқау,білімсіз, ақымақ, сараң,


Үлкенді ізетте,
Кішіні құрметте.
Бауыржан Момышұлы.


Мейірімділіктің жолы- жарық күн.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы.
Видеоролик

  • «»Не ұқтыңдар?

«Мәдениет» бекеті
- Тапсырма: Суреттермен жұмыс, мәселелі жағдаяттарды шешу, берілген жағдаяттарды ойнап көрініс көрсету.


  1. Бір бала алма жеп тұр, екінші бала оған қарап тұр

  • Дәмді ме? Менде алма болса саған беруші едім.

  • Сенде алма жоқ болғаны қандай өкінішті.

  • Сен сабаққа кешіктің, не істейсін?


  1. Қыс. Суық. Бір қыз бала қолғабын жоғалтып алды. Оның қолдары тонды. Не істейсіңдер?


1 ) Сен мектептен келе жаттың кенет көшеде бір топ баланы көрдің. Олар суға түсіп кеткен кішкентай күшікке тас лақтырып жатыр екен сен не істер едің?













2) Сен досыңмен келе жаттың. Кенет сендердің қасыңнан өте бергенде бір қыз бала аяғы тайғанап құлап қалды.Сен не істер едің.


3) - Үлкен кісі мен сырқат адамға қандай жақсылық жасауға болатыны туралы айтыңдар


  • Бұл бекеттен не ұқтыңдар?

-Құрметті жолаушылар, шаршадыңыздар ма?

-Демалып алайық.

Тыныштық сәті

     Балалар, мейірімділік сезімін сезіну мақсатында тыныштық сәтін ұйымдастырайық.

Денелерімізді түзу ұстаймыз, бастарымызды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырамыз. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаңдар, денелеріңді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сендерді аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезініңдер. Тұла бойларыңа махаббат, жақсылық сезімі толып жатыр соны сезінеміз.

  • Ақырын музыка ойнап тұрады.

Балалар, біз өзіміздің бекетімізге де таяп қалдық.

«Сұраныс бойынша аялдама»

  • Жолымызда кедергі:

  • Қараңдаршы, мына екі жүрекке. Не айта аласыңдар? Бір жүрек ауырып тұр. Оны қалай емдеуге болады?

  • Қандай қасиеттер адамның жүрегін емдейді. Таңдап жүрекке жабыстыру, жүректегі тікендер сонда кетеді екен.

  • Қараңдаршы, қандай мейірбан жүрек шықты, бұл жүрек сендердің кішкентай мейірбан жүректеріңнің бір бөліндісінен құралды.

Пойыздың дауысы

  • Олай болса, құрметті жолаушылар, біз өзіміздің мейірімділік бекетіне де келіп жеттік. Сендерге саяхат ұнады ма? Қандай қызықтар болды? Өздеріңе не алдыңдар?Не ұнады?

  • Сабағымыздың басында ,біз не істеуге болады,не істеуге болмайды деп едік? Кімнің есінде бар?Еске түсірейік. Бұнымен сендердің мейірімділік еліне саяхаттарың аяқталмайды, ол ары қарай бүкіл өмірлерің бойы жалғаса береді деген ойдамын. Рахмет!



















Әдептілік белгісі,


Иіліп сәлем бергені



Досы көпті жау алмайды,



Ақылы көпті дау алмайды



Еріншектің ертеңі бітпес



Бастаған істі аяқта

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27.03.2019
482
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі