жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Іс шара: «Бір шаңырақ астында»
МКҚК «Бәйтерек» бөбекжайы
«Бір шаңырақ
астында»

(Отбасылық өнер
сайысы)
Тәрбиешілер: Кубаева Г.А.
Зоханова А.М.
2017-2018жыл
Тақырыбы: «Бір шаңырақ
астында»
(Отбасылық өнер сайысы)
Мақсаты: Ата - аналар мен балалардың
өнерге деген қызығушылықтарын арттыру және біріккен шығармашылық
жұмысын қалыптастыру, жас ұрпақты өнерге баулу. Ата - аналардың
өзара қарым - қатынасын жақсарту, сөйлесу мәнерінің тәрбиесін
жетілдіре түсу және тапқырлық, өнерпаздық, ойшылдық қабілеттерін
ашу, эстетикалық талғамын дамыту.
Жүргізуші: Құрметті ата – аналар,
қонақтар! Бүгінгі «Бір шаңырақ астында» атты отбасылық өнер
сайысымызға қош келдіңіздер!
Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық
Бүгінгі сайысымызға келген отбасыларымызды,
Қошеметпен қол соғып қарсы алайық!
Қатысушы отбасыларымыз:
І. Балбұлақ тобының ата -анасы - Нұрғалиевтар отбасы (Амангелді Аяжан)
ІІ Балдырған тобының ата -анасы - Батырашевтар отбасы (Болат Айкөркем Қажымұқанқызы)
ІІІ Балапан тобының ата -анасы - Мамбетовтар отбасы(Тулеуғали Айнамкөз)
ІV Бала би тобының ата- анасы Бисенгалиевтар отбасы (Тулеген Әділет)
V Балауса тобының ата -анасы Медешовтар отбасы (Нұраш Көркем)
V
І Балдәурен тобының ата
-анасы Дюсеновтар отбасы (Айболат
Саян)
Қатысушы отбасыларымыз үстелдерге жайғасу үшін реттік нөмірін анықтап алайық.
(Қоржыннан нөмірленген асық таңдайды)
Жүргізуші: Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй,
Көңілге түрлі ой салар.
Әнді сүйсең менше сүй- демекші бөбекжайымыздың саз жетекшілері орындауындағы «Аққу арман» әннін қабыл алыңыздар.
Сайысымызды бастамас бұрын сөз кезегі бөбекжайымыздың директоры Серікқалиева Сағима Имангерейқызына береміз. (құттықтау сөз)
Енді осы сайысымыздың әділ
шешімін беретін әділ - қазы алқаларымен таныстырып өтейік.
І. Бөбекжай директоры Серікқалиева Сағима Имангерейқызы
ІІ.Үсенова Елена Муратовна актриса
ІІІ Ата ана комитеті Маемиров Армат
Максимұлы
ІV.Ата ана комитеті
Cайысымыздың бөлімдері 3,4,5 баллмен бағаланады.
Бүгінгі сайысымыз 6 кезеңнен тұрады:
1 Таныстыру
2 «Өнерлі өрге жүзер» отбасымен бірге өнерлерін көрсету
3«Бәрінен бұрын біз ата - анамыз» атты викториналық сұрақтарға жауап беру
4 «Әуенді жалғастыр» ойыны
5 « Біз өнерлі бүлдіршін» балалар өз өнерін көрсету
6 Үй тапсырмасы «Өнерлінің
қолы алтын» (үйден бір қолөнер жұмысын жасап әкелу)
Жүргізуші: Шығармас мұндайда бір шабысты
ұмыт.
Көрелік ал ендеше жарыстырып,
Қош келдіңіз келіп тұрған отбасылар,
Жіберсін өздерімен таныстырып -дей келе «Таныстыру» кезеңіне берелік.
Балбұлақ тобының ата анасы - Нұрғалиевтар отбасы (Амагелді Аяжан)
Балдырған тобының ата -анасы - Батырашевтар отбасы (Болат Айкөркем Қажымұқанқызы)
Балапан тобының ата -анасы - Мамбетовтар отбасы(Тулеуғали Айнамкөз)
Бала би тобының ата- анасы Бисенгалиевтар отбасы (Тулеген Әділет)
Балауса тобының ата -анасы Медешовтар отбасы (Нұраш Көркем)
Балдәурен тобының ата -анасы Дюсеновтар отбасы (Айболат Саян)
Жүргізуші: Бірінші таныстыру бөлімі бойынша әділқазы алқаларының бағаларын білейік.
ІІ кезең:
Жүргізуші: Балалық шақ қандай қызық,
көңілді,
Сүйемін шексіз ол жаз өмірді.
Бақытты менің балғын шағым,
Арманым менің шаттық әнім дей келе келесі
кезекті «Өнерлі өрге
жүзер» бөліміне береміз.( ата - ана
баласымен бірге өз өнерлерін көрсетулері
керек.)
Жүргізуші: Біздің ата - аналар мен
балаларымыз шетінен өнерлі екен. Жарайсыңдар,
балалар!
Жүргізуші: Әділқазы алқаларының бағалары
дайын болғанша кезекті бөбекжайымыздың бүлдіршіндерінің
орындауында «Анашым ана жаным»
әні.
(Әділқазы алқаларына сөз беру)
ІІІ кезең: Жүргізуші:
Келесі кезекті «Бәрінен бұрын біз ата - анамыз» атты викториналық
сұрақтарға жауап беру.
Ата - аналар мен сіздерге қазір түрлі сұрақтар қоямын ал сіздер толық және шынайы жауап беруге тырысыңыздар (дайынбыз ба әр ата - анаға бір - бірден сұрақ қою)
1. Бала кезіңіздегі алғаш
айтқан әніңіз немесе тақпағыңыз не болмаса биіңіз есіңіз де ме?
Соның бір шумағы мен қайырмасын орындап бере аласыз ба?
2. Балаңызға ұйықтар алдында бесік жырын немесе ән айтып бересіз
бе? Ол қандай ән, орындап бере аласыз ба?(ата - ананың жауабы)
немесе балаңызды кішкене кезінде қандай әнмен ұйықтататын
едіңіз?
3. Сіз қазақтың ұлттық аспаптарын ойнай аласыз ба? Қандай аспапта
ойнайсыз ? Орындап бере аласыз ба? Немесе ұлттық аспаптар туралы,
күйшілер туралы мағлұмат беріңіз...
4. Қазіргі эстрада жұлдыздарының ішінде қай әнші ұнайды? Сол әншінің әнін орындап бере аласыз ба?
5. Балаңыздың балабақшада
айтып жүрген әнін орындап бере аласыз ба немесе балаңыз қандай әнді
сүйіп орындайды шырқап беруіңізді сұраймын?
6. Ана туралы ән білесіз бе? Қысқаша орындап
беріңіз.
Әділқазы алқасының бағаларын бергенше кезекті бүлдіршіндердің орындауында «Мамочка моя» әнін қабыл алыңыздар.

ІV кезең: Жүргізуші: Сайысымыздың келесі бөлімі «Әуенді жалғастыр» Бұл бөлімде үнтаспадан әуен жіберіледі, ал сіздер сол әуеннің қандай ән екенін тауып , кім орындайтынын тауып жалғастырып айтасыз және алдарыңыздағы музыклық аспаппен дыбыстау арқылы жауап берулеріңізге болады.Кім көп ән табады сол отбасыға ұпай беріледі.
Ендіге кезекті бөбекжай бүлдіршіндеріміздің орындауында «Гүлдер» биін тамашалаңыздар.
V . Келесі кезекті « Біз өнерлі бүлдіршін» бөліміне берейік. Әр отбасынан қатысушы балалары би билеп береді. Ендеше мыңбұралған бишілерімізді ортаға шақырайық.
Әділқазы бағасын тыңдайық.
VІ кезең Үй тапсырмасы «Өнерлінің қолы алтын, Өлеңшінің сөзі алтын» демекші үйден әр түрлі музыкалық аспатарды жасап алып келу болатын. Олай болса құрметті ата - аналар әділ - қазы алқаларына өз қолымызбен дайындап әкелген музыкалық аспаптарды ұсынып, аспаптар туралы айтып кетулеріңіз керек.
Әділ – қазылар алқалары ұпай сандары бағалағанша кезекті әнге берейік.
Ән: «Ай лав май мами»
Сайыс соңында ұпай сандары анықталып, қатысушылар мараппатталады.
Жүргізуші: Ал енді сайысқа қатыушы отбасылар барлықтарымыз қосылып «Менің қос бәйтерегім» әнін бірге орындайық.

Қорытынды: Осымен «Бір шаңырақ астында» атты отбасылық өнер сайысымыз аяқталды. Келіп қатысқандарыңызға көп рахмет. Өнерлеріңіз өрге жүзсін.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген