Тақырып бойынша 11 материал табылды

Іс-шара "Бірлігі жарасқан Қазақстан" 1-10 сыныптар аралығында

Материал туралы қысқаша түсінік
көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізі баланың жүрегіне өз ұлтының, тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттыңрухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жамбыл атындағы орта мектеп МДШО» КММ

1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған

«Бірлігі жарасқан Қазақстан !»

атты ұлттар достығы фестивалінің сценарийі

Педагог-ұйымдастырушы Молдакулова Л.М.

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!

1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні құтты болсын!

1 мамыр Қазақстан халықтары бірлігі күні мерекесі күніне арналған «Бірлігі жарасқан Қазақстан!» атты ұлттар достығының фестиваліне

ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!


Бүгінгі фестиваліміздің мақсаты: көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізі баланың жүрегіне өз ұлтының, тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттыңрухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Құрметті ұстаздар!

Жүздерімізге шуақ, бойымызға қуат әкелген 1 – мамыр Қазақстан Халықтарының ынтымағы мен бірлігі күні құтты болсын!

Қазақстан Республикасында 130-дан астам ұлттар өмір сүреді. Әр халықтың тілі қайнар, судың таңбасындай мөлдір,сазды дыбыстарға бай, ұлттың тілі, әні, үні болып шалқар дариядай шалқуда.

О, туған жер! Қасиетіңнен айналайын,

Тамсанамын қарап тұрып артыңа.

Шыққан балаң қазақ деген халықтан,

Нәр аламын жер-анадан алыптан.


Қара қылды қақ жарған,

Әділ сынды дәл айтқан.

Бағаларын береді,

Көрсеткен жақсы өнерге,


Бүгінгі байқауға қатысып отырған топтарымызды әділ бағалайтын әділқазы алқасымен таныс болыңыздар:

Мектеп директоры Гульбану Нурсапақызы

ДТІЖО Айгуль Нурбекқызы

Информатика пәнінің мұғалімі Жанна Жексенқызы




Қазақ даласында басқа ұлт өкілдерінің бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықтықта өмір сүріп жатқаны біздерге мәлім. Бүгінгі кешіміздің бет ашары –қазақ ұлты. Олай болса, қазақ халқының өнерін тамашалаңыздар!

Ақ мақтаның мекені

Көңілі болған қарлы шың.

Өз ағам деп еркелер

Өзбек ағам армысың.


Қошеметпен ортаға өзбек ұлтын шақырамыз!


Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,

Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.

Татулығын жырға қосам ұлттардың,

Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.


Сахна төріне грузин ұлтын шақырамыз!


Қуаныштан желпілдейді түндігім

Бар халықтың бірлік тойы күн бүгін.

Халқым мәңгі ғұмыр кешсін бақытты,

Бір тамырмен байлап қойған кіндігін.


Ортамызға украин халқының ұлт өкілдерін шақырамыз!


Жер-анамыз жасайды тарлық кімге,

Кетпеу үшін мәңгілік қалқып түнде.

Қайталанып,жаңарып айтылады,

Бейбітшілік деген сөз барлық тілде.


Ортаға Молдавия елінен келген қонақтарымызды шақырайық!


Бұл күні қырқаларға гүл тұнады,

Бар әлем бір – ақ сәтте құлпырады.

Әлемге дос құшағын жая келген,

Армысың, бар халқымның ынтымағы!

Бармысың, қазағымның ынтымағы!


Сахна төріне түрік ұлт өкілдерін шақырамыз!


Әйнегі күн, шатыры аспан,

Кең дала, төсі толқыған ән

Көлдері көкке күмістер шашқан,

Қазақстан Республикам менің.


Ортамызға үнді халқынан келген үлт өкілдерін шақырайық.


«Қазақта бірлік болмай, тірлік болмайды» деген ұлағатты ұғым бар. Ендеше елімізде бейбіт өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстардың татулығы артып, Қазақ елінің нығайып өркендеуіне өз үлесімізді қоса берейік!


Ынтымағы жарасқан береке күн,

Білдіреді болашақ ел ертеңін.

Татулықпен достығың арта берсін,

Құтты болсын, бүгінгі мереке күн!


Сахна төріне ұйғыр халқынан келген қонақтарымызды шақырайық!


1 мамыр мерекесі дүниежүзіндегі халықтардың достығымен бірлігін атау күгі. Біздің мемлекет бейбітшілікті жақтаушы, достықты жырлаушы, тыныштықты сақтаушы ел. Елімізде әр ұлттар тату – тәтті өмір сүруде. «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» деген халық мақалы біздің елге айтылғандай.


Ата – бабам ежелден –ақ дос қылған,

Татар, қазақ болашақты тосты алдан.

Сол достығын тағы міне дәріптеп,

Бүгінгі күн мерекеде жайнаған.


Ортамызға татар елінен келген ұлт өкілдерін шақырайық!


Тілі басқа тілегі бір біргеміз,

Өздеріңмен жүздесеміз күнде біз.

Мақсат ортақ, бейбітшілік ұран боп,

Татулықтан бұзылмасын іргеміз.


Сахна төрінде орыс халқынан келген қонақтар. Қарсы алыңыздар!







Қазақ жері достықтың гүлстаны,

Дархан өлкем мерейлі орыс бағы.

Күрестерде,еңбекте, мерекеде

Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады.


Ортаға испан елінен келген қонақтарды шақырайық!


Ұлыстармыз тамыр болған ежелден,

Кімдер қашсын қазақтайын ер елден.

Достығымыз ғасырларға жарасқан,

Туған елім шарықтай бер кемелден.


Осымен 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған «Бірлігі жарасқан Қазақстан» атты ұлттар арасындағы достық фестивалі өз мәресіне жетті. Осы сайысқа қатысқан ұлттардың өнерін саралайтын әділ қазылар алқасына сөз кезегі беріледі











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.04.2022
532
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі