400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Іс-шара. Көктемді қондырып қанатына.

Материал туралы қысқаша түсінік
Көктемді қондырып қанатына іс-шара құстарды қарсы алу оларға қамқорлық көрсету. Балалардың бойында қамқорлық сезімін ұялату.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Көктемді қондырып қанатына...»

Мақсаты: оқушыларды құстар туралы мәліметтермен таныстыру оларға ұя жасап қорғауға табиғатымыздың бір бөлшегі болған жыл құстарына қамқорлық көрсетуге үйрету.

Көрнекілігі: Табиғат – Анамыз плакаты, құстардың бейнесі, эмблема, ұя

Біз бүгін табиғаттың бір бөлігі сәні, бақшаның әні болған – құстар тақырыбында тоқталайық деп отырмыз. Жер бетінде 8600- ге жуық, ал Қазақстанда құстардың 480 түрі бар. Құстардың жылы жаққа кетуінің басты себебі-жемінің, азықтың азаюы. Күн салқындығы, құрт-құмырсқалар қуысқа тығылып қалады. Құстар топтала ұшып, лек-легімен жылы жаққа кете бастайды. Көктемде олардың қайта оралу себебі,ол жақ өте ыстық болғандықтан, жұмыртқа шіріп кетеді ұрпақ өрбіте алмайды.Сондықтан біздің қанатты достарымыз қайта оралады.Сол достарымызға арналған «Көктемді қондырып қанатына...» атты кешімізді бастаймыз.

Ой қозғайық!

-Құстардың қандай пайдасы бар ? -Олар ағаштағы зиянды құрттарды жейді. -Құстар ән айтып, көңілімізді көтереді. -Ағаштың қандай пайдасы бар? -Ағаштан қағаз жасайды, үй салады, үй жиһаздарын, т.б. заттар жасайды. Ағаш жапырағы ауаны тазартады Құстар келеді, Жерді шуға бөледі Көктем келді! – деп бізге Жақсы хабар береді- дей келе, енді кезекті топ аралық жарысымызға берейік. Ортаға топтарды шақырамыз.

1.Таныстыру

2.Мақал-мәтел сайысы

3.Табиғат сырын құстарда біледі (Халық болжамы)

4.Зымыран сұрақтар

5.Көрме оқушы шығармашылығы

6.Қортынды (тұжырым)

Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптары кәдік шықты

Білім мен тапқырлықтың жарысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты!-дейкеле әділ қазыларды ортаға шақырамыз.

I.Таныстыру. 5-10, 6-9, 7-8 сыныптары өз топтарының атын ұранын айт.

II. Мақал-мәтел сайысы.

  1. (Ақ сұнқар) құстың баласы,

Алдына қоймай жем жемес

2.Қарға баптанып, (сұнқар болмас).

Есек мақтанып, тұлпар болмас .

3.(Аққу құссыз) көл жетім

Айтылмаған сөз жетім

4. Қиядағыны (қыран) көреді

Ұядағыны жылан көреді.

II топ (Бозторғай)

1.Өленге енсе сөз сұлу

(Аққу) жүзсе көл сұлу

2.Сұңқар - құстын төресі

(Лашын) – құстың жендеті

(Қаршыға) – құстың ұрысы.

3.Құс қанатымен ұшып, (құйрығымен қонады).

4.(Бала бүркіт) барлап ұшар.

III топ (Бүркіт)

1.(Бұлбұлға) бау жақсы ,кекілікке тау жақсы.

2.(Жапалақ) сипағанмен сұңқар болмас.

3. (Ақ сұңқар) ұшар жем үшін Ер жігіт туған жер үшін 4.(Сасқан үйрек) артымен сүңгір.

III.Табиғат сырын құстарда біледі.(халық болжамы) 1.Егер торғай дыбыс шығармай бұтақта қоңақтап отырса, жел болмайды.

2.Қарғалар топталып қарқылдаса салқын болады, ол аспанда ұшып жүріп қорқылдаса, қар жауады. 3.Тауық жоғары қоңақтаса жауын жауады. 4.Құс жүнін үрпейтсе жаңбыр жауады, ауа-райы бұзылады. 5.Қарлығаш келісімен күн күркірейді. 6.Көкек келді дегенше, көктем келді десейші. 7.Қарғалар төмен ұшса ауа-райы бұзылады. 8.Құстар көп болса, зиянкес жәндіктер аз болады.

IV.Зымыран сұрақтар.

1.Қыстап қалатын құстарды ата.(қарға, суық торғай, көгершін, сауысқан)

2.Құс бегі дегенді қалай түсінесің? (құс үйретуші адам)

3.Құс тақырыбында өлең айт.

4.Бұлбұлға теңеген әншіміз кім? (Бибігүл)

5.Шапшаң ұшатын құс? (ителгі)

6.Жыл құстары деп неге аталады?

7.Су құстарын ата? (шағала, үйрек, қазы, аққу)

8.Қаз дауысты деп кімді атаймыз?

9.Бұл құсты білесіңбе? Балға тұмсығымен ағаш қабығының зиянкестерімен күреседі? (тоқылдақ) Бір күнде 300 жәндік жұмыртқасымен құртады.

10. Екі көзімен бірдей қарай алатын құсты ата?(үкі)

11.Күн көзіне тік қарайтын құсты тап? (Бүркіт)

12.Құстардың ішіндегі ең жүзгіші қай құс? (Пингвин)

13.Өте сақ су құсы, аспанда үшбұрыш жасап ұшады? (тырна)

14.Достықтың, махаббаттың белгісі аталған құс? (аққу)

15.Өте сәнді құсты ата? (тауыс)

16.Қай кішкене құс жемін ұшып жүріп аулайды? (қарлығаш)

17.Дауысы мысыққа ұқсас құс қалай аталады? (мысықторғай)

18.Оңтүстіктен ең бірінші ұшып келетін құс? (қараторғай)

19.шағала немен қоректенеді? (балық)

20.1 км қашықтықтағы жәндікті көре алатын құс? (сұңқар)

21.Қолға үйретілген ақ қанатты бейбітшілік құсы? (көгершін)

V. Көрме оқушы шығармалары.

Ұя салдым құстың алдынан,

Болсыншы деп өмір панасы.

Өзіміздей сәби балдырған,

Өссінші құстың баласы.

VI.Тұжырым

Біздер құстың ұясын бұзып, жұмыртқасын жаруға, рақымсыздық жасауға, жазықсыз жәбірлеуге жол бермейді.

Қорытынды.

Еліміздің болашағы- білімді ұрпағында білім аспанында құсша шарықтап ұш. Елімізде тыныштық болып бейбітшіліктің аққұсы аспанда шарласын. Ендеше білімге қарай талпынған қанаттарын талмасын.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10.01.2018
777
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі