400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Іс-шара: Мақал – сөздің мәйегі

Материал туралы қысқаша түсінік
Орыс мектебінің бастауыш сыныптарында жүргізетін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Іс-шараның тақырыбы: Мақал – сөздің мәйегі



Іс-шараның мақсаты: 

Мақал- мәтелдерді оқыту арқылы қазақ тіліне деген қызығушылын арттыру, сөздік қорын дамытуға, көркем сөйлеуге, өз ойын еркін және дәл жеткізуге, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтуға, ұшқыр және ұтымды ойлауға дағдыландыру. Мақал- мәтелдер арқылы қазақ тілінің тілдік байлығын, өміршеңдігін, әуезділігін бойларына сіңдіру.



Іс-шараның барысы: 

Жарыстың 1-бөлімі. Әр сынып жеке-жеке топ болып есептелінеді. Топ мүшелері топтың атауын ойластырып, топ басшысын тағайындау керек. Топтарға ақ парақ таратылады, топ басшысы топ мүшелерімен таныстырады, парақтағы сын есімдермен сипаттайды. Дұрыс және тез жұмыс жасаған топқа ұпай беріледі.



Жарыстың 2-бөлімі. Мақал немесе мәтел мағынасына салынған суреттер беріледі. Топтардың міндеті олардың мағынасын дұрыс табу. Әрбір дұрыс жауапқа ұпай саны беріліп отырады.



Аң патшасы – арыстан.

Қарға баласын «аппағым» дейді, кірпі баласын «жұмсағым» дейді.

Күш – білімде, білім – кітапта.

Ас атасы – нан.

Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.

Бірінші байлық – денсаулық.


Сергіту сәті: «Қолтырауын» ойыны. Топ мүшелері адын ала дайындалған сөздерді қимыл-әрекет арқылы көрсетіп жасырады. Сөздер: қарға, арыстан, кітап, ана, нан, үй, күш, бұлбұл, кірпі, жұмсақ, аппақ, Отан, жеті, сүт, жапырақ, бала, ата, білім, орман, тіл.



Жарыстың 3-бөлімі. Қазақ тілінде берілген мақалды аяқта:

Өз үйім ... .

Ата – бәйтерек, ... .

Ата – анаң бар болсын, ... .

Ананың – сүті бал, ... .

Ердің анасы – ... .

Ағайын – алтау, ... .

Өнерлі өрге ... .

Жеті рет өлшеп, ... .

Аз сөз – алтын, ... .


Жарыстың 4-бөлімі. Мақал-мәтелдерге қатысты сөздер арқылы мақалдардың толық нұсқасын табу. Әр дұрыс жауапқа ұпай жинайды.

Сөздер: оттан, отбасынан, қорқақ, оқ, туған жердей, тіл кеспек, дақылымен.



Іс-шараның қорытындысы: 

Жинаған ұпай сандары бойынша жеңімпаздарды анықтау және ынталандыру сыйлықтарымен марапаттау.










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
665
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі