400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Іс-шара: МИФ апталықтың жабылуы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жалпы мектепте математика-информатика-физика пәндерінен сабақ беретін мұғалімдерге арналған іс-шара
Материалдың қысқаша нұсқасы



«МАТЕМАТИКА, ИНФОРМАТИКА, ФИЗИКА» АПТАЛЫҒЫНЫҢ ЖАБЫЛУЫНА АРНАЛҒАН ЖОСПАРЫ

Тақырыбы: Цифрлы әлемге –кемел біліммен

Мақсаты:

• Оқушылардың ойлау қабілеті мен математикалық қабілеттерін арттыру;

• Математика, физика және информатика пәндері бойынша білімдерін тереңдету;

• Математика, физика және информатикаға деген қызығушылығын арттыру;
Құрал–жабдықтар: шарлар мен безендірілген зал, екі үлкен экран,ноутбуктер, стереометриялық фигуралар, презентация, физикалық құралдар, ДК құралдары, принтер.

Іс-шара барысы


Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Бүгінгі кеш төрінде
Дарындылар елінде
Тапқыштардың тілінде,
Математика, информатика, физика

Апталығы жабылуда!

Математика – бар ілім басы,
Математика – ғылым патшасы.
Математика-өмір тірегі
Математика – шәкірт
жүрегі.

Ұстаз да, шәкірт те бас иетін,
Компьютер, бар сенің қасиетің.
Бір емес бірнеше іс атқарасың,
Жалғыз өзің, мыңның ісін атқарасың.

Күнделікті тұрмыста физика күші қажет-ақ,
Сағаттар да, телефон да ,пульттің өзі жүрмеуі хақ.
Егер дағы батарейдің орны оң- терісі ауысса,
Оқу керек физиканы ынта қойып қызыға... дей отыра бүгінгі
«Цифрлы әлемге –кемел біліммен» атты тақырыпта математика, информатика және физика апталығымыздың жабылу кешіне қош келдіңіздер !!!

І -жүргізуші:


М - математика ғылымдар патшасы

ІІ- жүргізуші


И - информатика ақпараттар ғылымы

І -жүргізуші:


Ф - физика табиғаттың патшасы –дей келе назарымызды экранға аударайық!


«Мэршмэллоу » ойыны. Ойын уақыты 5 мин

Қалаған оқушыларды шақырып, екі топқа бөліп ойын ойнатамыз! Бұл ойын «The Marshmallow Challenge, яғни «Зефир мәселесі» ойыны деп аталады. Бұл ойынның мақсаты

оқушылар өз фантазияларымен математикалық фигураларды (үшбұрыш, төртбұрыш, пирамида т.б.) мейлінше басқа қарсылас топтан биігірек құрастыру және ол үстел үстінде нық тұру, яғни құламау керек, осылайша баланың ойлау қабілеті, заттардың не сұлбаның өлшемдерімен жұмыс істеуге зеректілігі, жүйріктілігі оянады.


Біз жастары жаңа ғасыр дәуірдің
Білім берген ұста деген қауымның
Бойға жинап қайрат, жігер, намысты
Бағындырып МИФ әлемін, ғарышты дей келе ортаға апталығымыздың іс-шараларына қатысқан оқушыларды марапаттау үшін сөз кезегін ________________ шақырамыз!


  1. Ең үздік МИФ дәптері

  2. Белсенді сынып

  3. Үздік сынып сағаты

  4. «Цифрлы әлем –бала қялымен» сурет көрмесі
    Қош сау болыңыздар!




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
19 ұстаз жүктеп алған
07.04.2019
5411
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі