400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Іс-шара «Нұрға толы жүрек»

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін

Мектеп директоры:

Б.Турдалиева________




Оқудан тыс іс-әрекеттердің жобасының жоспары


Мектеп «С.Сейфуллин атындағы жоббм. Сынып Үйде оқитын оқушылар.

Оқушылар саны 6

Мерзімі 31.03.2017ж. Мұғалім Акжолова Балнур Куандыковна

Тақырыбы: «Нұрға толы жүрек»

Оқудан тыс іс-әрекеттерді өткізу орны мектептің АКТ залы.


Мақсаты: Жалпыадамзаттық құндылықтардың қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

Білімділігі: Жақсылық жасау, мейірімді болу, ізгі істердің адами қарым-қатынастағы мәнділігін түсіндіру;

Дамытушылық: Өнерлерін шыңдай білу, терең ойлау, жасампаздық қабілеттерінің дамуына, жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту;

Тәрбиелік: Сыйластыққа, бірлікке, мейірімділікке, қамқорлыққа, ізгілікке тәрбиелеу.


Ресурстары:

(материалдары,

көздері)

Оқудан тыс іс-әрекеттердің жобасын өткізудің даярлық жоспары.

(жоспардың әр пунктін 3-5 сөйлемнен ашу).

1. Іс – шараны өткізетін орынды таңдау, мерзімін белгілеу.

Мектеп директоры Б.Турдалиева және қосымша білім беру педагогы

К.Дүйсеновамен бірлесе отырып, үйде оқитын оқушылардың тізімдерімен танысып, әлеуметтік көмек көрсету. Іс-шара өтетін күнді белгілеу.

2. Үйде оқитын оқушылардың санын анықтап, іс-шараның мақсат – міндеттерімен таныстыру.

Отбасы санын анықтау.

Олар:1.Урақбаева Бекарыс 2-сынып

2.Өмірбек Толғанай 5-сынып

3.Мұхамедәли Қурбанбек 5-сынып

4.Нұрмаханбет Дінмұамед 5- сынып

5.Ордабек Бақдаулет 6- сынып

6.Әнжір Бейбарыс 3-сынып



Алдын ала отбасылармен хабарласып, тұратын мекен - жайына барып әлеуметтік көмек көрсетуге рұқсатын алу.

3. Қонақтарды шақыру және шағын концерт ұйымдастыру.

Оқудан тыс іс-әрекеттердің жобасына мектеп оқушыларын сыйластыққа, бірлікке, мейірімділікке, қамқорлыққа, ізгілікке тәрбиелеу барысында қатыстыру.


Кіріспе сөз.

«Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» - дейтін

Әл –Фараби бабамыздың сөзі әр заманға да өзекті бір мәселенің түйіні іспеттес.

Тәрбие дегенде бірінші ойға келетін ұғымдар – адамгершілік, тазалық жеке тұлғаның қоршаған ортамен үйлесімді қарым – қатынас және мәдениет пен жауапкершілік.

Сара Алпысқызы Назарбаева «Өзін өзі тану» пәнін білім бағдарламасына енгізіп, жеткіншектерді ізгілікке баулыған тұлға. 2010 жылдың 1 -ші қыркүйектегі «Өзін өзі тану» пәні Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіне жаппай енгізілді.

«Өзін өзі тану» пәнінің балаларға, ата аналарға, ұстаздарға берер көмегі зор. Бүкіл адамзатқа өзінің жылуын сыйлап, өмірге деген жақсы көзқарасын оятып, бір біріне деген қарым - қатынастарын жақсартып, өмірдің дұрыс жолына бағыттайды.

Өзін-өзі тану әлемінде әр баланы керемет рухани күш иесі деп қарап қуаттандырсақ, жүрегі нұрға толы, жан-жағына шуағын шашып турған мейірімді, адал, елін, жерін, тілін, отбасын сүйетін адал адам тәрбиелейтініміз сөзсіз.


Іс – шараны өткізудің жоспары.



1.«Жылы жүрек-жақсы тілек» кезеңі. (Кіріспе сөз)

2. «Адамзаттың бәрін сүй бауырып деп...» кезеңі. (Балаларға базарлық, күнделікті үйде оқытуда қажет ететін оқу құралдарымен қамтамасыз ете отырып, көмек көрсету)

3. «Жүректен жүрекке» (Концерттік бағдарлама).



Қайырымдылық акциясының барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі:

«Жылы жүрек-жақсы тілек»

Кіріспе сөз. Мектеп директоры.

2. «Адамзаттың бәрін сүй бауырып деп...»

Абай Құнанбаевтың өлеңін мәнерлеп оқу.

5 «В» сынып оқушысы Сапарәлі Айдын

Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,

Және хақ жолы осы деп әділетті.

Осы үш сүю болады имани гүл,

Иманның асылы үш деп сен тәхқиқ біл.

Ойлан дағы, үшеуін таратып бақ,

Басты байла жолына, малың түгіл.

Дін де осы, шын ойласаң, тағат та осы,

Екі дүние бұл тасдиқ- хақтың досы.

Осыларды бұзатын және үш іс бар:

Пайда, мақтан, әуесқой - онан шошы.

Руза, намаз, зекет, хаж - талассыз іс,

Жақсы болсаң, жақсы тұт бәрін тегіс.

Бастапқы үшін бекітпей, соңғы төртті

Қылғанменен татымды бермес жеміс.

Бас жоғары жаралған, мойын төмен,

Қарашы, дене біткен ретімен.

Істің басы - ретін танымақтық,

Иман білмес тағатты қабыл демен.

Имамдар ғибадаттан сөз қозғаған,

Хуснизән мен иманды білді ойлаған.

Иманның тазалығын жақсы ұқтырмай,

Сыртын қанша жуса да, іші оңбаған.

Алла мінсіз әуелден, пайғамбар хақ,

Мумин болсаң, үйреніп, сен де ұқсап бақ.

Құран рас, Алланың сөзідүр ол,

Тәуилін білерлік ғылымың шақ.

Алланың, пайғамбардың жолындамыз,

Ынтамызды бұзбастық иманымыз.

Пайда, мақтан, әуесқой - шайтан ісі,

Кәні біздің нәпсіні тыйғанымыз?

Мүмин болсаң, әуелі иманды бол,

Пендеге иман өзі ашады жол,

Шын илан да, таза ойла бір имаңды,

Мұнафиқ намаз қылмап па, мағлұм ғой ол.

Алла ішіңді айтқызбай біледі ойла,

Пендесіне қастықпен кінә қойма.

Распенен таласпа мүмин болсаң,

Ойла, айттым, адамдық атын жойма!


(Балаларға базарлық . Сүйіспенешілік білдіре отырып, сыйлықтарды тарату)





3. «Жүректен жүрекке» (Концерттік бағдарлама).

І. «Комсомол» жом. жанынан құрылған «Таңшолпан» халықаралық би тобы.



ІІ. Әдеби сазды бағдарлама.

(Қатысушылар 9 сынып оқушылары, баяу музыка қойылады, балалар партада отырып, ойланып төмендегі сұраққа жауап береді.Сұрақ интерактивті тақта бетінде жазылады)

Сен үшін өмірде ең маңызды құндылық не ?

(Көрініс барысында оқушылар ойлана отырып, қағазға жазып, сұраққа жауап береді, сахнаға жарты ай болып тұрады. )

Бағжан: Ия, отбасы сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан.

Ернар: Жанұя – адам баласының түп қазығы, алтын ұясы.

Алтынай: Асқар таудай – әкем бақытым, бағым .

Айдана: Адамды дүниеге әкелетін, өмір сыйлайтын құдіретті Ана емеспе? Сол құдірет иесінің алдында бәріміз бас июге тиіспіз.

Бірге:Сіздерге балалық жүрекпен мыңда бір алғыс! .(бірге бас иеді)

Акерке: Ер жетіп есейгенде балапаны,

Арайлап атады екен дала таңы.

Иіскеп маңдайымнан сипалайтын

Қымбат қой ата-анамның алақаны.

Өмірсерік:Туған жерім Отаным

Мәңгі сүйіп өтемін.

Отбасым – шағын мемлекет,

Отбасым – бақыт мекенім.

Бекарыс: Қазақ деген пәк періште баладай,

Кімге болсын мейірі ыстық анадай

Жер шарында мұндай алық жоқ шығар

Мырзалығы, дарандығы даладай.

Дамира: Ұрпағы үшін от пен суға түсетін,

Қиындықтың тасбұғауын үзетін.

Бақ пен байлық балада деп қазақта,

Үйрететі даналықтың ізетін.

Айдана: Отбасы – Отан бастауы.

Біледі әрбір баламыз.

Отбасын сыйлау арқылы ,

Мәңгілік ел- боламыз.

Ернар: Маңызды халқым – бірлігі,

Бірлікке бастар- халқым көп.

Отбасы мен отанды

Қастерлемеуге хақым жоқ.

Акерке: Болашақ - сәрі жол алар,

Тәуелсіз елдің –Ұланы.

Бірлік пен достық, ынтымақ.

Мәңгілік елдің ұраны.

Алтынай: Жаңғырып сана, жаңғырып дала,

Руани бәрі жаңарар,

Елбасым берген- болашаққа бағдар.

Мәңгілік елге апарар.

ІІІ. «Бала тілегі» әні.

4.Ата-аналарға сөз кезегін ұсыну, естелікке суретке түсу.

5.Ата-ана және оқушылармен қоштасу.






Мұғалім Аколова Балнур Қуандыққызы




































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 маусым
559
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі