15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Іс шара: "Су патшайымы"
«Ботақан» орта тобының «Су патшайымы» атты сауықтыру іс-шарасының конспектісі.
Білім беру саласы: денсаулық, таным, тіл дамыту, әлеуметтік орта.
Мақсаты: Экологиялық мәдениет негіздерін қалыптастыру.
Міндеттері:
Су туралы білімін қалыптастыру, сумен байланысты табиғат құбылыстарын.
Ойлау қабілетін, тілін дамыту, жылдамдыққа, тапқырлыққа баулу, тақпақ айту, жұмбақ шешу қабілеттерін дамыту.
Достық жақсы қарым-қатынас, ұйымшылдық сезімдерін жетілдіру.
Алдын ала жұмыс: қарды, суды, мұзды, жаңбырды бақылау; Су туралы, судың пайдасы туралы әңгімелеу, су тамшыларының суретін салу, табиғат құбылыстары туралы мульфильм қарау т.б.
Сөздік жұмысы: жаңбыр, қар, тамшы, су, өзен, жануарлар, бұлақ, құдық, өсімдіктер.
Қатысушылар: балалар, жүргізуші, Су патшайымы, ата-аналар.
Қажетті құралдар: Су патшайымының киімі, судың дыбысы шығатын аудиожазба, екі шелек, екі үлкен бөтелке, екі стақан, екі қолшатыр, су тамшылары бейнеленген медалдар, марапааттауға арналған,мұз, шыны ,сурет бұлт жаңбырменен ,бор сурет салуға.
Іс‑шара барысы
Балалар шармен, суреттермен (күн, бұлт ,жаңбыр, қарлар), безендірілген ойын алаңына кіріп келеді.
Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін ауа райы қандай тамаша, солай ма балалар? Ал қазір жылдың қай мезгілі?(Жаз)
(Судың сыңғырлаған даусын білдіретін әуен естіледі. Су патшайымы кіріп келеді.)
Су патшайымы: Сәлеметсіңдер ме, балалар? Ал сендер менің кім екенімді білесіңдер ма? Сендер білмейтін сияқтысыңдар! Мен жерде де, аспандада барлық жерде керекпін. Менсіз тіршілік жоқ. Мен тірі жандының барлығына қажетпін. Балалар мен сендердің мен жайлы, яғни Су патшайымы жайлы не білетіндеріңді білгім келеді.
Жүргізуші: балалар қанеки екі топқа бөлініп жарыс өткізейікші. Кім су туралы көп және жақсы біледі екен. Әр дұрыс жауап берген топқа бір су тамшысынан беріліп отырады. Кім көп су тамшыларын жинаса сол топ жеңімпаз болмақ.
Су патшайымы: Балалар, мен қазір әр топқа сурақтар беремін.
1.Сусыз кімдер өмір сүре алмайды? (адамдар, өсімдіктер, жануарлар, құстар)
2.Су жануарлар мен өсімдіктерге не үшін қажет? (өсу үшін, өмір сүру үшін)
3.Адамдар суды не үшін падаланады?(тамақ пісіреді, ішеді, жуынады, кір жуады)
4.Су жер бетінде қай жерлерде болады? (теңізде, өзенде, көлде, шалшықта)
5.Аспанда су барма? (Иа)
6. Аспанның қай бөлігінде су бар деп ойлайсыңдар? (бұлттарда, тұманда, қарда)
Су патшайымы: Жарайсыңдар! Өте дұрыс жауап бердіңдер: өсімдіктерге су құю керек, әйтпесе олар солып қалады, адамдар мен жануарлар суды ішеді, ал кейбір тіршілік иелері суда өмір сүреді (балықтар, бақалар)
Жүргізуші: Иа Су патшайымы, сен бізге ең қажетті дүниесің.
Жазда ауа райы ыстық болады, біз жиі су ішеміз, суды ыдыстарға құйып пайдаланамыз (шелекке, бөтелкеге, стақанға) Су бәрімізге өте қажет.
Міне қазір біз бөтелкелерді суға толтырып көрейік.
Ойын-эстафета: «Бөтелкеге су жина»
Екі топтың ойынылары шелектерден стақанмен суды алып түтікшелер арқылы бөтелкелерін суға толтырады. Қай топтың қатысушылары бірінші болып толтырса сол топ жеңімпаз болады. Жеңген топқа бір су тамшысы беріледі.
Су патшайымы: Мен аспандада жиі боламын. Аспанда бұлт пайда болса демек менде сондамын. Кане балалар, кім маған су туралы айтып береді.
(әр топтан бір баладан шығып , жаңбыр туралы тақпақтарын айтып береді)
1. Анна:
– Дождик, дождик, кап да кап,
Ты не капал бы на пап,
Ты не капал бы на мам,
А пришел бы лучше к нам.
Папам – сыро,
Мамам – грязно,
Нам с тобою распрекрасно.
2. Евгения:
– Дождик, дождик! Веселей!
– Капай, капай, не жалей!
– Только нас не замочи,
– Зря в окошко не стучи,
– Брызжи в поле пуще,
– Травка станет гуще!
3. Анвар:
Су жүрген жер береке,
Ел жүрген жер мереке.
4. Ләйла
Су бергеннің сауабы бар,
Су төккеннің жауабы бар.
Су патшайымы: Жарайсыңдар, балалар! Маған сендердің жаңбыр туралы тақпақтарың ұнады. (жүргізуші әр топқа бір тамшыдан үлестіреді)
Жүргізуші: ал мен қазір балалар сендермен қолшатырлар ойынын ойнағым кеп тұр.
Ойын: «Қолшатырлар»
Ойын барысы: Екі топта, екі қолшатыр. Жаңбырды дыбысы әуен арқылы қойылады. Әр топтан бір бала қолшатырды алып, жүгіріп кегілдерді айналып өтеді де, артқа қарай жүгіріп қайтады. Қолшатыр келесі ойыншыға беріледі. Бірші болып жеткен топқа тамшы сыйлыққа беріледі.
Жүргізуші: Ой жарайсыңдар, балалар! Сендер сондай шаққан балалар екенсіңдер. Ал жұмбақ шешкенді ұнатасыңдар ма? Су туралы жұмбақтар жасырады.
1) Прозрачен, как стекло,
А не вставишь в окно.
(лёд)
2) С неба падают зимой
И кружатся над землей
Легкие пушинки,
Белые… снежинки).
3) Жылт-жылт етеді,
Жылғадан өтеді.
(Су)
4)Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.
(Күн)
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар! Қандай тапқыр, ақылды балаларсыңдар! Олай болса іс-шарамызды қимылды ойынмен жалғастырайық.
Қимылды ойын: Күн мен жаңбыр.
Ойын шарты. Күн дегенде көңілді әуен қосылады. Балалар тарап ойнай бастайды. Жаңбыр дегенде жаңбырдың тырсылы естілгенде балалар үйшіктерге тығылады. Ойын осылай жалғасады.
Жүргізуші: Балалар біздің су туралы іс шарамыз қандай көңілді өтті! Сендерге мереке ұнады ма? Қане су туралы тағы есімізге түсірейікші. Су не үшін қажет? Судың түсі қандай болады? Судың қандай түрлері бар?
Ал ендеше барлық жинаған тамшыларымызды санасақ. Қай топ көп су тамшыларын жинады екен? Жеңген топ мақтау қағазымен марапатталады. Қатысқандарыңызға рақмет! Қош сау болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген