Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ
«АҚТОҒАН ШАҒЫН ОРТАЛЫҚТЫ ОРТА МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
«Ұстазым ұлық бәрінен»
Қатысқан сыныптар:11
Өткізілген күні:05.10.2018 жыл
Көгершін ауылы 2018 жыл
Ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстазым ұлық бәрінен»
атты мерекелік жиынның бағдарламасы.
1 -
жүргізуші Армысыздар, бармысыздар, Қош
келдіңіздер, Құрметті де аяулы
ұстаздар!
Егер өткен күнге біраз шегінер болсақ, осыдан
он бір жыл бұрын біз қолына әліппе ұстап, мектеп табалдырығын енді
аттаған бүлдіршіндер едік. Ал
бүгін..
2 -
жүргізуші
Ал бүгін біз ер жетіп, ұясынан ұшқалы тұрған
бала қыран тәрізді көкке самғауға дайын
тұрмыз.
1 -
жүргізуші
«Тарыдай болып кіресің, таудай болып шығасың»
деген осы екен. Бүгінгі таңда біз 11 - сыныпты аяқтап, мектеппен
қоштасқалы тұрған жас ұрпақпыз. Сондықтан бүгін біз 11 жыл бойы
үздіксіз білім берген ұстаздарымызды құрметтеп, мерекелік кешімізді
сол жандарға
арнаймыз!
Екі жүргізуші бірге: «Мерекелеріңіз құтты
болсын!»
ХОР «Ұстазым»
1-жүргізуші:
Білімді шәкірттерін
аялаған
Жақсылығын ешкімнен аямаған,
Саялы бақ, жанашыры жас ұрпақтың
«Ұстаз» деген аяулы, ардақты
адам.
Өмірде өлшенбейтін іс – балаға берген білімің, мейірімің, қамқор пейілің. Ол – болашақ. Болашақтың бүр жарған сабағына құйған білім нәрің мәңгілік. Осынау мәңгілік борышты ауырсынбай, аянбай, өзімнің адамгершілік парызым деп түсінген, сіздерге арналған алғашқы құттықтау сөзді мектеп директоры Рыскулова Орындық Мутиевнаға беріледі.
2 – жүргізуші
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы
1 - жүргізуші
Кешіміз өтіп жатыр салтанатты,
Төгілген күн нұрының шапағаты.
Мың бұралып бишілер би билейді,
Халайық,қол соғыңыз мархаббатты.
«Інжу» дуетінің орындауында «Әдемі-ай» әнін қарсы алыңыздар!
2 – жүргізуші
Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады.
1 – жүргізуші
Күллі өмірін жеткіншекке арнаған
Мұғалімді ардақтайды барша жан
Ол мектептен шықпаса да қыс- жазы,
Жемісі оның жердің жүзін шарлаған
Бала десе ойламайды өз қамын
Көрсем дейді күнге де кол созғанын
Шәкірттерін өзінен де озғанын.
Мектебіміздің өнерпаздары, өнерлі күйшілеріміздің күйін қарсы алыңыздар!
2 – жүргізуші
Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.
1 – жүргізуші
Ұстаз деген – жарық күні
ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып
жаралдың.
Ойын Би жарысы__________________________________________________________
2 –
жүргізуші: - Бақытжан , мен саған бір нәрсе айтайын
ба?
1 –
жүргізуші: - Иә, айтшы, не
ол?
2 –
жүргізуші: Мұғалім демекші, осы апайлар бізден әр жылдың
соңында қорытынды емтихан жұмыстарын алады емес пе?! Маған бір ой
келіп тұр. Бүгін біз - мұғалім, ал мұғалімдер – оқушы болсын. Осы
сәтті пайдаланып біз де ұстаздарымыздан сынақ алайық. Ендеше әр
ұстаз мына сандықшаға салынған билеттерден алып, сол билетте
жазылған сұрақтарға жауап
берсін.
Ұстаздарға арналған сұрақтарды
қояды:
1. Сіздің ең алғашқы
махаббатыңыз
2. Сабаққа кешігіп келген күндеріңіз болды
ма?
3. Түрік сериалдарын үзбей көресіз
бе?
4. Агентке аптасына неше рет
кіресіз?
5. Сіздің ең жақын досыңыз бар
ма?
6. Бір ән орындап беруіңізді
сұраймыз.
7. «2» деген бағаны алып көрдіңіз бе? я
болса, не үшін?
8. Сабақта анекдот айтқан кездеріңіз болды
ма?
9. 11 сыныптарға айтатын
тілегіңіз.
10. Бақытты билет (сол билетте келесі
орындалатын әннің аты жазылып
тұрады)
1 – жүргізуші:
Бақытты қолдан жасарлық күш бар ұстазда
Уақыттан алға асарлық күш бар ұстазда
Ой-сана түлеп , күнде өсетін де ұстаздар
Болашақтарға сән қосатын да ұстаздар
2 – жүргізуші:
Ұстаз біздің ұлы тұлға ардақты
Ұстаз біздің анамыз ғой аяулы
Құрметтейік, пір тұтайық әрдайым
Осынау бір ұлы есімді мәңгілік
11 сынып оқушыларының сіздерге арнайы дайындаған өнерін тамашалаңыздар!
(Ұстаздарға арналған поэзия)
1 – жүргізуші:
Данышпан да, дана да оқып
сенен,
Атақ - даңқын асырды бар
әлемнен.
“Ұстаз” деген аяулы, асыл
жанды,
Жақсы көрем, арнаймын жақсы
өлең!
Дарынды шәкірттеріңіз, мектеп мақтаныштары «Балауса» дуетінің әсем әнін қарсы алыңыздар!
2 – жүргізуші:
Ұрпақпен өмір жолы
жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан
әлі
Оқушыларымыздың келесі
өнері
Ұстаздарым сіздерге
арналады!
Көрініс: ___________________________________________________________
Өнерлі шәкірттеріңіз Қожахмет Мансұрды «Тәтті ару» әнімен қарсы алыңыздар!
1 – жүргізуші:
Ұстаздық жол жеңіл емес кімге
де,
Кім көрінген ілікпейді жүлдеге
Мүсіндеуге келешектің келбетін
Күн-күн сайын шығады ол
мінбеге
Ортада 11 сынып оқушылары (Флешмоб)
1 оқушы:
Үйретіп бізге алғаш «Әліппені»,
Мұғалім ғылымға жол салып берді
Адамның ой арманы, мақсаттары
Оқудың сәулесемін жарық көрді.
2 оқушы:
Мен алғаш мектеп есігін
ашқанымда,
Күнім болып көріндің
аспанымда.
Білім болып егілдің жас
жаныма,
Гүлің болып төгілдің
асқарыма.
Біз дегенде ұмытып бала
қамын,
Қас қағымға қасыңнан тастадың
ба?
Бастауыш апайларым жас
жадымда!
3 оқушы:
Сізбенен біз бар әлемді қиялменен
шарлаймыз
Тест орындап, зерттеу жасап, сабақтардан
қалмаймыз.
Сіз кіргенде дәу картаны қолға алып
есіктен,
География мұғалімі келді деп біз
жайнаймыз
4 оқушы:
«Good morning, teacher» деп бастаймыз оның
әрбір сабағын,
Бақылаймыз кейде біраз түйіп келген
қабағын.
Апкей сізге де алғыс айтып
әрқашан,
Түскі ауысым арасынан өзіңізді
табамын!
5 оқушы:
Бар ғұмырын химияға
арнаған,
Ол білмейтін ешбір элемент
қалмаған.
Апкейлер сізге де үлкен
алғыс,
Химияны ойға тоқып, үйретуден
талмаған!
6 оқушы:
Ген, рнқ, днқ деп тіл
қатқан,
Дүние деген тұрады екен шешілмеген
жұмбақтан.
- сен әкеңе ұқсағансың, балам – ау, - деп
біздерге
Биология апайымыз биологиядан үн қатқан!
7 оқушы:
Химия апай – мектепте орны
бөлек,
Сүйеді шәкірттеріңіз сізді
ерек.
Тамыры тереңге тартқан нәрлі
ағаштай,
Әрқашан аман болып жүрсін
дерек
8 оқушы:
Дүниемен танысуға берген талай
көмегін,
Физиканы ең маңызды пәннің бірі дер
едім.
Оны бізге үйреткен
апайлар,
Сіздер барда физикамен сусындап мен
келемін.
9 оқушы:
Қосып, алып, бөліп тағы
көбейткен,
Шаршы ауданын тауып, санды
теңейткен.
Математика апай мың
алғыс,
Есептеуді бізге талмай
үйреткен!
10 оқушы:
Жас ұрпаққа
жалынды
Сөз маржанын
дарытқан.
Алдындағы
баламен,
Тіл арқылы
табысқан
Орыс тілін
меңгерген
Үйретуді жөн
көрген
Ұстаздарымыз
әрқашан,
Ұрпаққа жаңа өн
берген!
11 оқушы:
Қазақ тілім, өз тілім, ана
тілім,
Мұхтар, Абай сөйлеген дана
тілім.
Осы тілдің ұқтырған терең
сырын,
Әрқашан да біздерге берген
білім.
12 оқушы:
Ұстазым екінші анам
аялаған,
Біздерден бар білімін
аямаған.
Сынып жетекші апай сіздерге ерекше көп
алғыс,
Таңертең күнде құшақ жаяр
алдан
Әр адамға құрметпенен
қараған,
Өз бойынан мол ізгілік
тараған.
Талап пенен тәртіпті тек ту
етіп
Мадина мен Гулнар
апайлар
Сіздей қайда бар адам?!
13 оқушы:
Шынықтыру денені,
Ол да бір пән елеулі
Барлық шәкірт ұнатар
Физкультура сабағын.
14 оқушы:
Ой ұшқыным жанады
Ұлағатты саналы
Ұстазыма ұқсаймын
Болам істің маманы.
15 оқушы:
Ыстық мектеп партасы
Оқулығы, картасы
Мұнша қызық болғаны
Мұғалімнің арқасы.
16 оқушы:
Сан алуан өнерді
Сызу,сурет, өлеңді,
Мұғалімдер үйретіп
Өркендеткен өнерді.
17 оқушы:
Сөз сөйлесе сартылдап,
Күніміздей жарқылдап
Қызық сабақ бастаса
Қыза түсер қарқындап
18 оқушы:
Үйретіп өмір талабың
Игілік іске нұсқадың
Ақкөңіл, іскер, әмбебап
Ақылшым менің ұстазым!
(Барлығы бірге) – Берген білім, тәлімін
Ұстаздарға мың алғыс!!!
1 – жүргізуші:
Күнде той бола бермес дәл осындай,
Күн сайын өркендейміз, өзгереміз,
Ұл-қыздың бақыты үшін ғұмыр кешкен
Ұстаздарға мың алғыс деп бас иеміз
Көңілдің ақ тілегін қол етеміз,
Тілектермен ұлғайсын мерекеміз
Ұстаздарға жолдаймыз аппақ алғыс
Осымен аяқталды концертіміз.
(Айбек пен Айгерім «Ұстазым» әні)
2 – жүргізуші: Осымен атты мерекелік кешіміз өз мәресіне жетті.Сіздерді тағы да ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ақтоған шағын орталықты орта мектебінің 2018-2019 оқу жылындағы
«Ұстазым ұлық бәрінен» атты өткізілген мұғалімдер күнінің анықтамасы
Ақтоған шағын орталықты орта мектебінің 2018-2019 оқу жылындағы
5-қазан «Руханият» бағыты бойынша «Ұстазым ұлық бәрінен» атты концерттік бағдарлама болып өтті. Қатысқандар: 11 сынып оқушылары, барлығы 34 оқушы.
11-сынып оқушылары азаңмен ерте келіп мектептің кіре берісінен бастап тізбектеле тұрып, әр мұғалімге гүл шоғын ұсынып жанды дауыста «Ұстазым» әнін хор болып айтып қарсы алды. Екінші ұзақ қоңыраудан соң барлық ұстаздарды мектеп алдына шығарып флэшмоб билетті. Сағат 3-00де ұстаздарға арнап мектеп акт.залында концерттік бағдарламаларын көрсетті. Концертті «Ұстазым» атты хормен бастады.
Салтанатты жиынға, қуанышқа ортақтасып келген қадірлі қонақтар, зейнеткер ұстаздар: Тәшбүбі апай, Тазагүл апай, Сайраш апай, Төребек ағай, Абай ағай, Жұлдыз апай,Әсия апай, Роза апай, Тілебалды апай, Нұргүл апай, Гүлсара апай,Перизат апайлар өздерінің ізгі ниеттерін білдірді.
Мерекеге шақырылған қонақтар мен мектеп ұстаздардың құрметіне «Інжу» дуэті «Әдемі-ай» әнін, «Балауса»дуэті «Әсем ән» әнін, «Күйшілер» ансамбльі «Балауса» күйін, 11-сынып оқушылары арнайы дайындаған көріністерін орындап берді. Мұғалімдердің құрметіне би жарыс, сұрақ-жауап ойындарыда ұйымдастырылды.
Анықтаманы жазған: С.А.Ускенбаева
Өткен күні: 05.10.2018 жыл

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Іс-шара: "Ұстазым ұлық бәрінен"

шағым қалдыра аласыз