400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Іс-тәжірибе

Материал туралы қысқаша түсінік
Музыка пәні мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы























Музыка пәнінен «хор» үйірмесінің бағдарламасы


Ғ.Молдашев атындағы орта жалпы білім беретін

мектебінің музыка

пәнінің мұғалімі

Нуримова Айгул Серикбаевнаның

іс-тәжірибесінен

























Іс-тәжірибе материалдарын жинақтап және баспаға дайындаған: Ғ.Молдашев атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің ІІ санатты музыка пәні мұғалімі А.С Нуримова



Рецензент: Ғ.Молдашев атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің ІІ санатты, технология пәнінің мұғалімі Э.А Султанова.



Ұсынылып отырған бағдарлама 5 және 7 сыныптар үшін үйірме жүргізуге арналып құрастырылған. Бағдарламадағы тақырыптар музыка өнеріне баулудың ең қолайлы кезеңі 10-12 жас шамасына сәйкес келеді, себебі осы жастағы балалар музыканы тыңдауға, ән орындауға, әнді жеке немесе бірігіп орындауға яғни музыкалық іс-әрекетке толықтай дайын болады.

Бұл «Хор» үйірмесіндегі іс-әрекеттері баланың ой қиялын шыңдайды,логикалық ойлау жүйесін дамытады. Сабақ барысында музыкалық шағармалар жөнінде мағлұматтар алады, оны орындай отырып белгілі бір орындаушылық дағдыны менгертеді. Дыбыс биіктігін сезініп ырғағын келтіруге машықтанады, өз бетінше би қимылдарын қоса орындауға талпынады. Сондықтан бұл бағдарлама оқушының білім қорын толықтыруда қосар үлесі мол деп есептеймін.




Түсінік хат


Еліміздің келешегі жас ұрпақты жеке тұлға ретінде дамыту мен тәрбиелеуде, олардың жалпы мәдениетін қалыптастыруда, шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеуде музыка пәні үлкен рөл атқарады.

«Музыка» пәні балаларға музыкалық білім, жеткіншек ұрпақты өз халқының рухани қазынасымен, оның ішінде ұлттық мәдениетімен, музыка өнерімен неғұрлым тереңірек таныстыруға бағытталған. Мектептің білім беру жүйесінде жас ұрпаққа жан-жақты дамыту мен тәрбиелеуде олардың жалпы мәдениетін қалыптастыруда, тұлғаны шығармашылыққа тәрбиелеуде, өзінің табиғат пен қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуде, еліміздің елжанды, Отан сүйгіш адал азаматтарын тәрбиелеуде музыка пәні үлкен рөл атқарады. ХХІ ғасыр-білімді шәкірттердің ғасыры. Озық ойлы шәкірттің бойына білім нәрін қазіргі талап тұрғысынан бере білу-ұстаз еңбегінің басты нәтижесі. Қай қоғамда болмасын адамзат баласының басты міндеттерінің бірі-ақылды, салалы, еңбексүйгіш тұлға тәрбиелеу.

Қазіргі уақытта жас ұрпаққа сапалы білім беру, саналы тәрбие берудің тиімді жолдары сан алуан. Жер бетіндегі барша халық ұрпағының адал, ержүрек, қайырымды, ар-ұяты мол елжанды азамат болғанын қалайды.

Пән бойынша оқушы білімінің сапасын арттыру арқылы өзіндік тұжырымын, көзқарасын қалыптастыру, дүниетанымын жетілдіріп, теориялық ұғымдарды практикалық тұрғыда жүйелі ұштастыру нәтижесінде іскерлік, біліктілігін арттыру. Музыка сабақтары білім мен тәрбие беру ісіндегі маңызды саланың бірі болып саналады. Бұл үйірме жұмысында «хор» туралы мағлұматтар, музыкалық сауаттылық, хормен ән орындағанда музыкалық шығармалардың стильдік ерекшеліктеріне, шығарманың динамикалық тыныс белгілерін дұрыс түсіне отырып орындау жөнінде мол мағлұматтар беріледі. Оқушылар композиторлардың өмірімен таныса отырып түрлі шығармашылық тапсырмалар (жұмбақтар, жаңылтпаштар, ойындар т.б) орындайды.

Оқушының ән орындау мәдениетін жүйелі түрде, сауатты қалыптастыра білу қажет. Әндерді және дауыс жаттығуларын мұғалім өзінің сүйемелдеуімен орындату керек. Оқушылардың осы үйірме бойынша музыкаға қатысты ақпараттарды өз бетімен «тауып алуы» үшін оларды арнаулы және жалпы жүйелілікке бағыттау.




Қазіргі қоғамға сай,жан-жақты дамыған,патриоттық,адамгершілік,эстетикалық қасиеттері бойына дарыған азаматты тәрбиелеуде музыка өнерінің ролі зор.Мектепте өткізілетін музыка пәні-оқушылардың қызығушылықтарын тудыратын,  шығармашылық -тарын арттыратын,ақыл-ойын дамытатын,әсемдік әлеміне жетелейтін пәндердің бірі. Музыка сабағында оқушылармен түрлі жұмыстар жүргізіледі.Музыка тыңдау, музыка сауатын меңгеру, ән айту,тақырыпқа лайық творчестволық жұмыстар.Осы аталған жұмыстардың бірі-ән айту.

   Ән-музыка шығармашылығында кеңінен таралған вокалды жанр.Ән тыңдаушыға жарасымды әуен мен сөз арқылы әсер ете отырып,эмоциялық ұғу,түсіну сезімдерін оятады.Ән адамның жанын сергітеді,психологиялық әсері мол күшті құрал.

   Музыка сабағында оқушылар әнді құлшына,қызыға орындайды.Оқушылардың шығармашылықтарын арттыруға,өнерлерін шыңдауға музыка сабағы жеткіліксіз. Мектепте ұйымдастырылатын хор үйірмесі оқушылардың творчестволық дамуына жол ашады.Хор үйірмесі баланың есте сақтау,тыңдау қабілеттерін арттырып,өзін-өзі ұстай білуге,жеке басының мүддесін ұжымға бағындыруға,сыныптан тыс бос уақыттарын дұрыс ұйымдастыруға септігін тигізеді.

   Хор үйірмесіне  кіші топқа  1-2 сынып,ортаңғы топқа 3-4 сынып,жоғарғы топқа 5-8 сынып оқушылары қатысады. Мұндай топтарға бөлудегі негізгі мақсат балалардың жас ерекшелігін еске ала отырып,олардың өсуі мен қалыптасуына зиян жасамау.Хормен дайындық кезінде жоғарғы топтағы оқушылардың мутациялық кезеңдеріндегі өзгерістерінде ән айтуда абай болған жөн.Балалардың жас шамасына қарай репертуарды лайықты таңдап,көлемі,мазмұны олардың ой-өрісіне сай болуы қажет.


Хор үйірмесінің мақсаты: 

а)Оқушылардың музыкалық қабілеттерін арттыру, көркемдік талғамды дамыту, ән айту дауыстарын жетілдіру.

ә)Әнді кәсіби орындауға тәрбиелеу.Вокалды-хор техникасын меңгерту,шығарманы өз дәрежесінде көркем орындауға үйрету.

б) Хор жанрының ерекшеліктері туралы ұғым беру,хор шығармасына қызығушылығын арттыру,эстетикалық таным-талғамының қалыптасуына жол ашу.

Қатысатын балалардың жасы: 5-7сынып оқушылары.


Үйірменің міндеті:

Әдептілікке, адамгершіліке, тапқырлыққа,іздемпаздыққа,ұқыптылыққа,жауапкершілікке тәрбиелеу.Шығарманы орындау,айту кезінде ән айту дағдыларына қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже:Шығарманы талдай білуге, жете түсінуге  дағдыландыру.Ән

орындауға деген қызығушылықтарын арттыру. Сахна мәдениетін үйрету. Үйренген шығармаларын тыңдаушыға жеткізу.Шығарманы таза

айтуды,ритмикалық нюансты құбылыстарды сауатты орындауды меңгерту.

Үйірмеге25 оқушы қатысады.

-Әдебиеттер мен қосымша көрнекіліктерді тиімді пайдалану арқылы оқушылардың жалпы қабілетін дамыту.












«Хор» үйірмесінің жылдық жоспары

(Айына 2 сағат,барлығы 17 сағат)

Сабақтың тақырыбы

Үйретілетін, тыңдалатын шығармалар

С.с

1

Хор дегеніміз не?


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны

1

2

Ән-хор айту дағдылары

«Гүлжазира Қазақстан» И.Нүсіпбаев

1

3

Тыныс ала білу хор техникасының негізі

«Әрқашан күн сөнбесін» А.Островский

1

4

Дыбыстау мүшелері, олардың дыбыс шығарудағы қызметі

«Анашым» Б.Есебаев

1

5

Тізбекті демалуды қалыптастыру

«Туған жер»

1

6

Қатаң және жұмсақ атака

«Жол жыры» И.Нүсіпбаев 2

1

6

Вокалдық позиция

«Мұрагерлер» Ж.Еңсепов

1

7

Хордағы ансамбль дағдылығы

«Батыр бала Болатбек» Ә.Еспаев

1

8

Концерт-сабақ

қайталау

1

9

Вокалды хор дикциясы

«Ақ кептерлер» Н.Тілендиев

1

10

Үн құрылымы туралы түсінік

«Ананың тілі,аяулы үні» Ә.Тінәлиев

1

11

Хор шығармасын мәнерлеп, көркем орындау

«Ұлы Отан»

1

12

Динамикалық әсерлеу белгілері

«Аруана»

1

13

Фермата туралы түсінік

«Күн дидарлы Қазақстан» Е.Хасанғалиев

1

14

Хорды дирижерлау

«Үшқоңыр» А.Қоразбаев,

1

15

Өлшемдер

«Мектеп вальсі» И.Нүсіпбаев

1

16

Концерт-сабақ

Өткенді қайталау

1

17

Қорытынды сабақ

Қайталау

1




Әдебиеттер мен қосымша көрнекіліктерді тиімді пайдалану арқылы оқушылардың жалпы қабілетін дамыту.


Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, тарих,бейнелеу.


Үйірменің жүргізу формалары: Концерт-сабақ, ұжымдық орындау, лекция.

Үйірмені аяқтау формалары: Концерт беру.


Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі:

1.Тесттік тапсырмалар

2Шығарма орындау.


Үйірменің зерттеу әдісі:

1.Проблемалық әдістер: мәселені талдау, болжам жасау, қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайды анықтау, болуы ықтимал нәтижені алдын-ала болжау, күтілген нәтижені бақыланған құбылыспен салыстыру.


Нәтижесі: концерттер беру, конкурстарға қатысу .


Пайдаланылған әдебиеттер:


1. Музыка оқулығы, әдістемесі
2 . “Хор шығармасын қабылдауды қалыптастыру”  К.Қыдырбаева, А.Қарақаева
3. “Орындаушылық топпен жұмыс”  К.Қыдырбаева
4. “Хоровой коллектив” Л.Шамина



Сабақ жоспарларының үлгісі


Сабақтың тақырыбы: Ән – хор айту дағдылары
Сабақтың мақсаты:
1. Ән – хор айту дағдыларымен таныстыру, дауыс жаттығуын жасауға дағдыландыру.
2. Оқушыларды дауыс үйлесімділігіне баулу, музыкалық сауаттылығын дамыту.
3. Ән мазмұны арқылы туған жерін сүюге, құрмет тұтуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: көрнекілік, сұрақ - жауап, жаттығу
Көрнекілігі: Суреттер, тірек - сызбалар
Қолданылатын технологиялық құралдар: баян
Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Әнұран тыңдау
2. Оқушыларды ән айтуға бейімдеп отырғызу
ІІ. Өткен сабаққа шолу жасау.
1. Ән тыңдау. «Прекрасное далеко»
Хор дегеніміз не? (Анықтама беру, тақтадан сызба арқылы түсіндіру)
Хор – әншілердің қосылып, ән салатын үлкен тобы

2. Аралас хордың дауыстарын атаңдар.
Сопрано – әйелдердің жіңішке, биік даусы
Альт – әйелдердің төмен даусы
Тенор - ерлердің биік даусы
Бас – ерлердің жуан даусы

3. Дауыс жаттығуын орындау.
А) Лад дыбыстарын жоғары, төмен гамма бойынша орындау
Ә) Жабық ауызбен жасау
Б) А, о, ля, лё, лю дыбыстары арқылы жаттығулар жасау.
В) Негізгі дыбыстарды ұстап тұру. До, ми, соль
4. Тренинг. «Мимика»
Қуанышты бет - әлпетпен айту
Ренішті бет - әлпетпен айту

ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Тыныштандыру сәті. Музыка тыңдау.
2. Ән айту ережелерін еске түсіру
3. Ән – хор айту дағдылары
1) Әнді отырып орындағанда, орындыққа жартылай, екі аяқты жерге тең басып, қолды екі тізенің үстіне қойып, түзу еркін отыру.
2) Тұрып орындағанда екі аяққа тең тұрып, қолды жанына түсіріп, еркін тұру
3) Басты тым жоғары көтермей, тым төмен түсірмей, өз деңгейінде ұстау
4) Әнді орындағанда иықты көтермей денені еркін ұстау керек.
5) Хор шығармасын біркелкі көркем орындау, үшін мұғалімнің қол қимылын түсініп, ұқыптылықпен іске асыру.
6) Хор шығармасын орындағанда әнші өзгелерден ерекшеленбей, бірін - бірі тыңдап біркелкі орындау.
4. Ән үйрену. «Гүлжазира Қазақстан»
а) Әнді тыңдату
ә) Авторы жайлы мағлұмат беру
Әні: И. Нүсіпбаевтікі
Сөзі: Н. Әлімқұловтікі
б) Сөзінің мағынасын түсіндіру.

Жаңа сабақты бекіту.
ІҮ. Қорытындылау.
1. Ән - хор айту дағдыларына нелер жатады?
2. Аралас хордың дауыстарын атаңдар.
Ү. Үйге тапсырма беру



Сабақтың тақырыбы: Вокалдық позиция
Музыка сауаты: Капелла, хормейстер,вокал, аралас хор.
Ж.Еңсепов. «Мұрагерлер» тыңдау.
Сабақтың мақсаты:
1) Музыкалық - көркемдік талғамын ашу. Өнерге бейімдеу.
2) Баланың шығармашылық қабілетін жетілдіру. Ән айту шеберлігін дамыту.
3) Әсемдікке, мейірімділікке, адалдыққа тәрбиелеу.

Хор - вокалдық музыканы орындаушы әншілер тобы. Хорда айтудың өз ерекшеліктері бар. Ол - музыканы тыңдай білу, ән әуенін сазына келтіре орындау, ұжыммен қосылып ән айту.
Мектеп оқушыларының хормен ән айту кезінде, әнді қосылып айту бір мезгілде бастап, бірге аяқтау, бір мезетте тыныс алу, ән мәтінін ұқыпты жаттап, дауыстарын жаттықтырып үзбей жүйелі түрде өткізіп отыруы қажет. Қазақтың хор өнері кеш дамыған. Ерте дәуірлерде, ата - бабаларымыздың тұрмысында хор түрлерімен ән айту болған. Бірақ оны қазіргі хор өнерімен салыстыруға болмайды. «Жар - жар», «Беташар», «Жоқтау» сияқты әндер хормен айтылған, ал қазіргі заманда бұл әндер басқа сипатқа ие. 20 ғасырда 30 - жылдарында Қазақстанда хор бөлімі ашылып, 1935 жылы құрылған мемлекеттік филармония құрамына енді. Көркемдік жетекшісі Д. Д. Мацуцин. Көп кешікпей мемлекеттік хор ұйымдастырылып, 1939 жылы ақпан айында Қазақ мемлекеттік филармониясының құрамына енеді. Капелланың алғашқы ұйымдастырушы және көркемдік жетекшісі Б. В. Лебедев.

(Хор туралы бейне баян көрсетіледі) Поэтикалық мәтіннің орнына «дың, дығы - дың», «гәк - ку», ха - ла - лау, ли - ла»Буындарын келтіріп, шығарманы ерекше көркемдеп, әсерлендіре түседі. Үлттық нақышта халық әндері мен күйлерінің ерекше бояуын көрсете білді. Мысалы, «Су тасушы қыз», «16 қыз», «Илигай», «шалқыма» т. б әндерін, «Ақбай», «Айжан қыз» күйлерін хорға арнап өңдеді.

Музыка тыңдау: Хорды тыңдамас бұрын «Ақбай» күйінің домбырада орындалуын тыңдалса, баланың қызығушылығы артып, музыканы қабылдауы, түсінуі жоғары болады. Құрманғазының «Ақбай» күйі: сергек, қатқыл үнмен орташа екпінде бас пен альттар партиясы бастайды. Хор партияларында шиеленісуі, ашу - ыза адам бақыты үшін күрес ерлікке бостандыққа шақыру сарыны бар, соңы сақтыққа, салмақтылыққа шақырған үнмен аяқталады
Ән тыңдау: Дауыс жаттығуын «Мұрагерлер» әнінің алғашқы 4 тактысына жасатуға болады.

(Сергіту сәті) «Айгөлек» әнін қайталау барысында дыбыстың сапасы мен әдемілігіне, мазмұны мен сипатын ашуға көңіл бөлу.
Айгөлек
Көлдей шалқып жас өмір,
Тасып жатқан шағында
Кемерінен шалықтап,
Асып шатқан шағында
Ойын ойнап, ән салмай
Өсер бала болар ма
Күміс күлкі көрмей ол
Кемеліне толар ма.
Айгөлек ау айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек,
Айгөлек деп ән шырқа
Ел бөбегі кел, бөбек.
Орындаушылар
Әнді орындаушы топ
Сүйемелсіз орындау
Төрт орындаушы
Жеке орындаушы
Үш орындаушы
Екі орындаушы

Шығармашылық жұмыс: Мақал - мәтел (жұмбақ)
1) Өнерді үйрен де жирен
2) Өнер білсең - өлмейсің
3) Өнерлінің өзегі талмас
4) Өнерлі бала - сүйкімді

1. Бірнәрсе қараңғыда қаймалайды,
Азынаса көмейінде мал жылайды,
Құйрығын қара жерге тіреп алып,
Келеді баяғының әнін салып. (Қобыз)

2. Бар - жоғы төртеу - ақ
Тұла бойы бар талант
Ән салар төрт дауыста
Кімдер еді, сен тапшы? (Квартет)

3. Үсті жаңғыра асты жарғақ,
Ағаш шеңбер тұр екеуін жалғап,
Үн қатады қолды талғап. (Даңғыра)

Бағалау.
Үйге тапсырма. «вокал жөнінде» мағлұмат дайындау

Сабақтың тақырыбы: «Хор дегеніміз не?»
Мақсаты: хор өнерімен таныстыру, хор туралы білімдерін кеңейту.
Міндеттері:
1. Білімділік – хор өнерімен таныстыру, ән үйрету.
2. Дамытушылық – музыка сауаты мен ән айту шеберлігін дамыту.
3. Тәрбиелік – әсемділікке, мейірімділікке, адалдыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, түсіндіру, тыңдату.
Көрнекілігі: слайд, хор ұжымдардың суреттері, үнтаспа, баян аспабы.
Күтетін нәтижесі:
1. Хор, халықтық хор ұғымдарын біледі.
2. Хордағы дауыстарды ажыраты алады.
3. Әнді дұрыс орындайды.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезені.
Ал, канекей, балалар,
Сәлемдесіп алайық.
Сабағымызға керекті,
Кітап, дәптер алайық.
Дауысымызды жаттықтырып,
Ән сабағын бастайық.
Оқушылармен сәлемдесу, тугелдеу, сабаққа дайындығын тексеру.

Дауыс жаттығуларын жасап, «Апа, туған күніңмен» әнін орындау.

ІІ. Үй тапсырмасын бекіту. Концерт залына саяхат – әңгімелесу.

ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық. Ой қозғайтың сұрақтар қойылады.
- Әнді кімдер орындайды? (жеке орындаушы, әнші, хор)
ОХР НРӨІЕ – Қандай сөз шығады? Сабақтың тақырыбын хабарлау.

ІҮ. Жаңа материалды меңгеру.


Музыка сауаты: хор – көп адамның қосылып ән орындауын атаймыз. Барлығымыз бірге ән айтқанда дауысымыз бір – бірімен үйлесіп, көңіл күйіміз де көтеріліп қалады. Ауылда апа - әжелеріміз барлығы бас қосып, жиын - тойларда ән шырқайтынын білеміз. Әсіресе ерте замандардан келе жатқан халық әндерін шырқап, тойдың сәнін келтіреді. Қазіргі кезде де үйлену, қыз ұзату тойларында барлығы бірге қосылып, жар - жар әнін орындайды. Халық әндерін орындайтын топты халықтық хор деп атайды.

Халықтық хорлар көп халықта бар. Олар орыс, украин, грузин ұлттарында халықтық хорлар ел ішінде кеңінен танымал. Ең қызығы олар әндерді бірнеше дауысқа бөлініп орындайды.
Интербелсенді тақтада халықтық хор ұжымдарының суреттері көрсетіледі және бейнематериалдар.
Музыка тыңдау. «Ақ әжелер» ансамблінің орындауында қазақтың халық әні «Жар - жар».
Опера театры мен филармониядан кәсіби хор ұжымдарын көруге болады. Кәсіби хорлар музыкалық шығармаларды төрт дауысқа бөліп орындайды. Олар: сопрано және альт – әйел дауыстары, тенор және бас – ерлер дауыстары.


Ү. Жаңа сабақты бекіту.
ҮІ. Қорытындылау.
1. Ән - хор айту дағдыларына нелер жатады?
2. Аралас хордың дауыстарын атаңдар.
ҮІІ. Үйге тапсырма беру

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
08.04.2019
878
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі