Іс-тәжірибе

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Іс-тәжірибе

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалар үшін қолайлы,қауіпсіз,қолжетімді орта-оқу бағдарламасын жүзеге асыру кепілі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңа технология бойынша табиғи және Малбрс тастарымен білім беру

Педагогтердің әр жас ерешеліктеріне сәйкес мектеп жасын дейінгі балалардың оқу тәрбиелік мүмкіндіктерін барынша іске асыруымыз керек. Ол үшін әрине дамытушы ортаны құруға назар аударуымыз қажет.Сондықтан балалардың жан жақты дамуының тиімді құралына табиғи тастарды алдым.Қазіргі кезде балаларды жан жақты дамытуға арналған дидатикалық құрал көп. Сонымен қатар мектеп жасына дейінгі балалардың даму жүйесіне сөйлеуді,ойлауды,зейінді,көруді,қимыл қозғалысты ,есте сақтауда олардың ұсақ моторикасын дамыту маңызды орын алады.

Ұсақ моториканы дамытудың негізгі тәсілдеріне ;саусақ гимнастикасы,баумен ойнау, мозайкамен ойындар,тағу мен шешу ойындары жатады.Болмаса дүкендегі түрлі дамытушы ойыншықтары немесе қолдан жасалған ойыншықтар.Ол ойыншықтармен әрине балалар ойнайды,бірақ уақыт өте жаңа ойыншықтармен алмастырып отыру керек.Ал тастарды әр түрлі бағытта пайдалануға болады.Тастармен ойнауда балалардың ішкі қызығушылығы өте жоғары.

Ерекшелігі: Бала ешқашан жалықпайды.

Тастары не үшін пайдаланады?

Мақсаты:Баланың ойлау,зейін,есте сақтау ,шығармашылық қиялын дамытады.

Сөздік қорын байытады.Саусақ пен қол қозғалысын үйлестіреді,жазықтықта бағдарлауды дамытады.Түстерді есте сақтау қаблетін аттырады.

Мектеп жасына дейінгі балаларға түрлі ойындар мен жаттығулар әзірлеуге болады.Мысалы: «Ұстап көріп тану», «Түсі бойынша бөлу» «,Пішіні бойынша бөлу», «Өлшемі бойынша бөлу», «Тегіс тегіс емес», « Ақ –қара» ойындарын ойнауға болады.Бұл ойындар баланың ұсақ моторикасын дамытуға,сөйлеу тілін дамытуға,алғырлыққа ықпал етеді.Бізде енді сурет салуға арнайы иллюстрация болмағандықтан, ермексазға арналған иллюстрацияларды пайдаландым.Және де ағаштан түрлі бейнелері бар құрал жасап алдым .Балалар бұлармен жұмыс жасағанда көркемдік ,эстетикалық қаблетерінің дамуына ықал етеді.

Бастапқы математикалық бейнелерді қалыптасыру үшін «Санды тастардың санымен байланыстыр,графикалық диктанттар өткізуге болады. «Моншақ жаса»,

«Жол сал» , «Менің жасағанымды жаса» ойындары.

Тастарды белгілі бір ретпен орналастыр,кішкентайдан үлкенге дейін,немесе керісінше.Болмаса одан да ары қарай күрделі етуге болды.Екі кішкентай тас екі үлкен тас ары қарай бала үлгісіне қарай өзі жалғастыруы керек.Кіші және орта топ балаларына тастардың түсі бойынша заттарды таңдап жай сөздерді атауға болады.Мысалы:Сары күн,қызыл шар,көк жалау,жасыл жапырақ.

«Көңілді есеп ойыны» Шарты:Адамның қолында неше саусақ бар, иттің неше құлағы бар,неше аяғы бар? Үстелге сонша тас санап қоюы керек.

Сонымен қатар сурет салу ойыны,үстел үсті ойыны, ертегі желісі,сандармен түрлі ойындар ұйымдастыруға болады.

Эксперимент сабақтар жүгізуге болады? «Тас батады, батпайды» «Тас дыбыс шығарама?»тақырыбында.Сонымен қатар тастан жасалған клемшелерді де қолданамын. Су терапеясы, құм терапеясын да осы тастармен өткізуге болады, сауықтыру шараларына да қолданамын.

Бұл 2 жастан бастап 7 жасқа дейін қолдануға болатын оқу құралы болып табылады.Қазіргі таңда стандартқа сай құрастырдым.

Жаңа методика қолдану ақылы барлық информацияны тас арқылы береміз.

Бала ойнап отырып ,қалай информацияны меңгергенін байқамай қалады. Яғни барлық инфорацияны тас арқылы береміз.Мысалы сенсорика бойынша түр түсті анықтауға, көлемді анықтауға,бағыт-бағдарды үйретуге,логикалық тапсырмаларды орындату арқылы ойланту,яғнисол тастармен саусактың бұлшықетін дамытуға байланысты теру,топтастыру,тізбектеу тапсырмаларын орындату арқылы үйретуге болады.Шығармашылық арқылы тастарға сурет салу,құрастыру,бояу,апликция жасауға болады.Математика бойынша ересек топтарға есеп шығаруға болады.Қазіргі сәтте әр сабақта нейрожаттығу қолданамыз.Яғни бұрынғы сергіту сәтімен алмастыруға болады. Сол нейрожаттығуды да тастармен жасауға болады.

Әр балабақшада ЗРР,ЗПР ияқты ,яғни сөйлеу тілінде ақауы бар балалар бар . Осындай балаларды және ерекше балаларды дамытуда өте пайдалы құрал.

Тастар мектепке дейінгі балалардың қолының ұсақ моторикаларын дамытудың тиімді құралы ғана емес,сонымен қатар педагогикалық міндеттердің кең ауқымын шешетін,кез келген білім беру саласында қолдануға болатын иновациялық жан жақты материал бола алады.



Бекітемін:

ЖШС «Тілеухан» Бөбек-Жай

балабақшасының бөбекжай бақшасының

меңгерушісі: Б.Х.Сансизбаева еңгерушісі: Елубаева М.А.____

«_____»_______2025жыл. ____»______2023жыл.








Жаңа технология бойынша табиғи тастармен және

Малбрс тастарымен

білім беру












Тәрбиеші: А.С.Камитбекова





2024-2025жж.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.03.2025
170
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі