400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Іс-тәжірибемен бөлісу. Мектепішілік бақылауды ұйымдастыру тәжірибесі мен оны жетілдіру жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепішілік бақылау Мектепішілік бақылау-негізгі басқару функцияла-рының бірі болғандықтан, өзекті мәселе болып табылады. Мектепішілік бақылау- қойылған міндеттерге сәйкес, мектептегі оқу-тәрбие үдерісін талдау және жан-жақты зерделеу мақсатындағы барлық жұмысты үйлестіру. Оқу және тәрбие үрдісін басқарудың тиімділігі, басшы оқу үдерісінің жағдайы туралы қаншалықты деңгейде білетіндігіне байланысты. Мектеп директоры өзінің орынбасарларымен бірлесе отырып, мектепте педагогтардың, сонымен қатар, оқушылар ұжымының іскерлігіне басшылық етеді, яғни мектеп директоры бүгінгі күннің талаптарына сәйкес оқу-тәрбие үдерісіне басшылық етуге тиісті. Яғни, мектеп директоры басшылық етеді. Сондықтан да, бақылау- өсіп келе жатқан ұрпағымыздың жоғары деңгейде сапалы білім алып тәрбиеленуіне бағытталуы қажет.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Іс-тәжірибемен бөлісу.

Мектепішілік бақылауды ұйымдастыру тәжірибесі мен

оны жетілдіру жолдары

Хабди Дамели

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Ақмола облысы Зеренді ауданы

"Айдабол орта мектебі" КММ


Мектепішілік бақылау – негізгі басқару функцияларының бірі болғандықтан, өзекті мәселе болып табылады. Мектепішілік бақылау- қойылған міндеттерге сәйкес, мектептегі оқу-тәрбие үдерісін талдау және жан-жақты зерделеу мақсатындағы барлық жұмысты үйлестіру. Оқу және тәрбие үрдісін басқарудың тиімділігі, басшы оқу үдерісінің жағдайы туралы қаншалықты деңгейде білетіндігіне байланысты. Мектеп директоры өзінің орынбасарларымен бірлесе отырып, мектепте педагогтардың, сонымен қатар, оқушылар ұжымының іскерлігіне басшылық етеді, яғни мектеп директоры бүгінгі күннің талаптарына сәйкес оқу-тәрбие үдерісіне басшылық етуге тиісті. Яғни, мектеп директоры басшылық етеді. Сондықтан да, бақылау- өсіп келе жатқан ұрпағымыздың жоғары деңгейде сапалы білім алып тәрбиеленуіне бағытталуы қажет.

Мектепішілік бақылауды ұйымдастыруды реттейтін нормативті-құқықтық актілер

1.1. Мектепішілік бақылауды ұйымдастыру барысында келесі нормативті-құқықтық актілерді басшылыққа алу қажет

1.2. Білім басқармасының “Мектепішілік бақылауды ұйымдастыру туралы” бұйрығы

1.3. Мектепішілік бақылау туралы ереже

Мектеп әкімшілігі үшін білім сапасын басқару - мәні зор, ең маңызды мәселе. Мектепішілік бақылау мектеп жоспарының негізінде қойылған мақсат пен міндетке сәйкес келеді. Білім стандартының орындалуы, оқушының білім алуы, шығармашылық әрекетті меңгеруі, оқу іскерлігі мен машығы, тәрбиелеу деңгейі, тұлғаның жан-жақты дамуы, өмірге дайындық деңгейін білім сапасының көрсеткішін анықтайды.

Мектепішілік бақылауда әкімшілік бақылаудың түрлі бағдарламалары қолданылады: тақырыптық, фронталдық, жеке, жалпысыныптық, жалпыкешенді. Мектепте бағдарламалық материалдың өтілуі, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытылу жағдайын бақылау - сабақтарға қатысу, күнтізбелік-тақырыптық жоспарларын тексеру, мұғалімдердің шығармашылық есептерін тыңдау, сұхбат жүргізу арқылы тексеріліп отырылады. Оқушылардың білім сапасы, білім деңгейі, бақылау үзіктері, тест өткізу, өздік жұмыстар, сынақ, емтихан арқылы тексеріліп бақылануда. Әрбір мұғалім пән бойынша мониторинг жүргізеді.

Оқу материалдарын үнемі жақсарту мақсатында мұғалімдер мемлекеттік стандартына сай оқытудың мазмұнына ұсыныстар жасай алады. Оқу үрдісін жетілдірудің негізі – мұғалімнің іс-әрекетін талдау. Білім сапасының көрсеткіштері және мәтіндік талдау жасау арқылы мониторинг жүргізіліп, түрлі кестелермен, графиктермен көрсетіледі. Мектепішілік бақылау қорытындысы әдістемелік бірлестікте, директор жанындағы кеңесте, педагогикалық кеңестерде қаралады. Бірнеше жыл жүргізілген мониторинг қорытындысы мектепішілік қажетті ақпаратты жинақтап, білім сапасын басқаруды реттеу, түзету әрекетіне көмек.

Оқу жылының басында бағдарламаға сәйкес күнтізбелік-тақырыптық жоспар құрылып, сол жоспар бойынша жұмыс жүргізілді.

Мектепішілік бақылау оқушылардың білімі мен тәрбиелілігінің деңгей жөнінде жүйелі мәлімет береді. Егер мектептің жұмыс жоспары нақты, жүйелі, мазмұнды жасалса, мектепішілік бақылау орынды қойылса, тиімді нәтижеге жетер едік. Мектепішілік бақылаудың жетекші ұстанымдары төмендегідей болу қажет:

- мұғалімдердің кәсіби және шығармашылық өсуін қолдау

- адамға деген онды көзқарас

- өзара сыйлаушылық және өзара толықтыру

- ақпараттық және мотивациялық негіздері

- салыстырмалы-талдаушылық көзқарас

- әдістемелік бағыт

- жүйелілік

- циклділік

- демократиялық, жариялылық және ізгілендіру

- нәтижелердің жетімділігі және ашықтығы

- адамдарды өз қасиеттеріне сай сипатқа бөлу

- өз-өзін бағалаудың қалыптантан тыс жолдарының болуы

- өзін тұлға ретінде сақтай білуі.

1. Жалпы ережесі:

1.1. Мектепішілік бақылау – жоғарғы нәтижеге жету мақсатында, педагогикалық қызметтің басты ұстанымдарын басшылыққа ала отырып, ұжымның өзара жүйеленген қарым-қатынасын қадағалайтын, оқу-тәрбие процесінің жүргізілуінен ақпарат беретін қызмет түрі.

1.2. Мектепішілік бақылау туралы ережені педагогикалық ұжым бекітіп, толықтырулар мен өзгерістер енгізе алады.

1.3. Ереже бақылаудың мазмұны мен тәртібін қарастырады.

2. Міндеттері:

2.1. Білім беру саласындағы заңдылықтарды, мектептегі нормативтік құжаттардың жүргізілуін, педагогикалық кеңестің шешімінің орындалуын қадағалау;

2.2. Тәртіп бұзушылықтың себептерін анықтап, ескертулер бойынша шара қолдану;

2.3. Педагогикалық ұжым қызметінің сапалығын бағалау мен сараптау;

2.4. Педагогикалық қызметтің қорытындысын оқып-білу, мектептегі нәтижелер мен кемшіліктерді анықтап, оларды болдырмау үшін озық тәжірибелерді тарату;

2.5. Мектепішілік бұйрық пен нұсқаулардың орындалуын талдау;

2.6. Бақылау кезінде педагогикалық қызметкерлерге әдістемелік көмек көрсету.

3. Бақылау мазмұны:

3.1. ҚР «Білім туралы» заңының орындалуы;

3.2. Білім беру саласында әдістемелік нұсқауларды пайдалану;

3.3. Міндетті оқу бағдарламасын және оқу жоспарларын жүзеге асыру, бекітілген сабақ кестесін қадағалау;

3.4. Мектеп құжаттарының жүргізілуі /жоспар, сынып журналы, күнделік, дәптер, сыныптан тыс іс-шаралар журналы және т.б./;

3.5. Оқушылардың білім, білік, дағдылары және білім сапасы;

3.6. Мектеп ережесі, ішкі еңбек тәртібінің сақталуы;

3.7. Әкімшіліктік, ағымдық және қорытынды бақылау жұмыстары, қорытынды аттестацияның өткізілу тәртібін бақылау;

3.8.Шығармашылық топ, әдістемелік бірлестіктердің, кітапхана жұмысын бақылау.

3.9.Тәрбие жұмысы бағдарламасының жүзеге асырылуы және нәтижесі.

3.10. Оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету және медециналық көмек көрсету.

3.11. Қауіпсіздік ережесі мен оқушылардың денсаулуғын сақтау

3.12. Нормативтік актілер мен ұжым қабылдаған шешімдердің орындалуы.

3.13. Санитарлық талаптардың орындалуын бақылау.

3.14. Мектеп директорының сұрауы бойынша басқа мәселелер

Қорыта айтқанда, мақсат қоюшылық және талдау қызметтерімен терең байланысты мектепішілік бақылау басқарушылық қызметтің негізгісі болып есептеледі. Мектептегі бар жұмыстың түбегейлі нәтижеге жетуінің күретамыры мектепішілік бақылауда тұрғанын байқаймыз.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
938
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі