Исабекова Асель Кенесовна

Тақырып бойынша 13 материал табылды

Исабекова Асель Кенесовна

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушының өмірге деген құлшынысын арттыру, өмір туралы ой-өрісін дамыту. өмірді сүйе білуге тәрбиелеу . Оқушылардың өмірге деген ой пікірлерін ортаға салдыру, олардың адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа, достыққа, сыйластыққа үйрету; Өмірден өз орындарын таба білу, өмірге жақсы көзқараспен қарауға, қадірлей, бағалай білуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өмір бәріміз үшін - қымбат !


Қатысушылар: оқушылар

Мақсаты:. аутодеструктивті жүріс- тұрыстың алдын алу;

өмірдің құндылығын ұғындыру.


Барысы:

1.«Өмір символы» жаттығуы

2.«Сырсандық» жаттығуы

3.«Қозы мен бұғы» мультфильмі

4. «Кір жуғыш машина» жаттығуы

5. «Гүлді бейнеле» жаттығуы

6. «Жеті құндылық» жаттығуы


«Өмір символы» жатығуы

Топтар плакатқа өмірді қалай түсінетіндері, қалай қабылдайтындықтары бойынша өмірді символ немесе эмблема түрінде, схема түрінде бейнелейді. Топтарымен шығып қорғайды.


«Сырсандық» жаттығуы

Сандықшаның ішіндегі сөздерді алып, топ болып мағынасын ашып, талдап, қорғайды.

  • Ешкімге қинап өзіңді жақсы көргізе алмайсың, бірақ ұнамды болуға тырысу қажет.

  • Өмірде қолда не бары емес, қасында кімнің болғаны маңызды.

  • Егер сезімдеріңді (ашу, кек т.б. ) басқара алмасаң, ол сені басқарады.

  • Жүрегің қанша сыздап жыласа да, дүние сен үшін тоқтап қалмайды.


«Қозы мен бұғы» мультфильмі

Интербелсенді тақтадан мільтфильм көрсетіледі.

Талқылау сұрақтары:

-Бейнефилм басындағы кейіпкерді қырқып тастастамай тұрғандағы кездегісіне сипаттама берейік;

(сенімді, көңілді, такаппар, өмірге риз, т.б)

-Ол қырқылған соң қалай өзгерді?

(аянышты, көңілсіз, бақытсыз, мұңды, ренжулі т.б.)

-Оған бұғы кездесіп қандай кеңестер берді?

(«сен тірісің!» , «позитив қос», «өмірде құлаулар мен көтерілістер болады», «миды орныңа қой!», «маңыздысы сен тірісің, қол –аяғын бүтін» т.б. )

-Бұғы кеңестерінен кейін ол қандай болды?

(сенімді, биледі, әдемі, өмірге риза, мықты, ақылды т.б.)


«Кір жуғыш машина» жаттығуы

Балалар екі қатарға бір- біріне қарама қарсы болып тұрады. Соңгы қатардағы балалар алмаса отырып киімнің қызметін атқарады. Бұл жер Қыздар төрайымы «ұнтақтың» қызметін атқараып баланы басынан сипайды. «Киым» машинаның ішінде айналады, яғни екі қатардағы балалардың арасынан. Соңында Т.І.М «сыққыштың» қызметін атқарып баланы құшақтайды.

Рефлекция жасалынады.

«Гүлді бейнеле» жаттығуы

Барлық балаға түймедағы гүлы қималары таратылып беріледі. Ортасындағы түйнегіне атын жазып, күлтелеріне өмірлік мақсатттарын жазады.

Болған соң тақтаға апарып іледі.

«Көрдіндер ме балалар гүлдер әртүрлі, бәріміз де әртүрліміз. Бірақ әркім өз ортасының гүлі екенін естен шығармауы керек(сыныбының, отбасының, достарының, туыстарының) .Әрқайсын оларға қуаныш алып келетіндерінді ұмытпауларын керек ».



« Жеті құндылық» жаттығуы

Әр оқушыға бір- бір үлкен парақ береміз. Ол парақты жеті бөлікке бөлгізу керек. Бөлінген әр параққа өздерінің өміріндегі ең жоғары деген жеті құндылығын жазуы керек. Балалардың ойын жинақтап , зейіндерін жүргізушіге бағыттаймыз.

Жаттығу жүргізіліп болғын соң рефлексия жасалынады.

Рефлекция

  • Осы құндылықтарды осыған дейін бағаладындар ма?

- Ең жоғары құндылық не?

Ең жоғары құндылық ол- ӨМІР. Қиналған сәтте, қиындықтан жол таба алмаған кезде осы құндылықтар туралы ойланыңдар!Әсіресе адамға бірақ рет берілетін өмірді жоғары бағаландар!»




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.02.2025
122
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі