Қ
азақстан тарихы 11 класс. Күні: Сабақ
тақырыбы: И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы
бастаған Ішкі Бөкей ордасындағы
көтеріліс.
Сабақтың
мақсаты:
1836-1838 ж азаттық күрестің басшылары исатай Тайманұлы мен ұлы
ақын Махамбеттің күреске толы өмір жолын ұғындыру, тарихи
тұлғалардың ұлылығын, қайраткерлігін, ерлік істерін таныту. Болашақ
ұрпақты исатай мен Махамбеттің рухы арқылы тәрбиелеу, азаттыққа
үндеу,Отанды сүюге , ұлтжандылыққа, адамгершілікке, тарихи тұлғалар
есімін қастерлеуге тәрбиелеу. Бейбіт, тәуелсіз, азат өмірді
насихаттау.
Сабақтың
әдісі: зерттеу
конференциясы.
Сабақтың
көрнекілігі: карта,слайдтар, кеспе
қағаздар ,интерактивті тақта. Күтілетін нәтиже: 1.Өз бетінше
зерттеу жұмысын жүргізе алады. 2.Проблема бойынша өз көзкарасына
рефлексия жасай біледі. 3.Айналасындағылардың пікірін тыңдай
біледі. 4.Зерттеу нәтижесін шығармашылық тұрғыда көрсете
біледі. Қызығушылықты ояту
Ассоциация құрау.
Ұлт-азаттық қозғалыс
![]()
![]()
І деңгейдің тапсырмасы: Сауалнама алу. Топ басшысы интерактивті тақтадан сауалнама сұрақтарымен, қорытындысымен таныстырады.
|
Класс: |
Сұрақ |
Бала саны |
Иә |
Жоқ |
Пайызы |
|
|
6 кл. |
Биыл Исатай, Махамбет бастаған көтерілісінің басталғанына 180 жыл болғанын білесіз бе ? |
30 |
12 |
18 |
Ия |
Жоқ |
|
40% |
60% |
|||||
|
7 кл. |
М.Өтемісұлының көтеріліске байланысты өлеңдерін білесің бе? |
25 |
15 |
10 |
60% |
40% |
|
8 кл. |
Исатай, Махамбет бастаған көтерілісінің тәуелсіздік алуымызға септігі тиді деп ойлайсың ба? |
25 |
19 |
6 |
76% |
24% |
ІІ Мағынаны ашу
ІV-деңгей тапсырмасы.- Тәуелсіз зерттеу.Бұл топтағы 4 оқушы төмендегі мәселелер бойынша зерттеу жұмысын алдын-ала жүргізіп,қорытындысын өзге топ оқушыларына айтады.
1 оқушы- Исатай Тайманұлының өмірімен таныстырады. 2оқушы- Махамбет Өтемісұлының өмірімен таныстырады. 3оқушы-Көтерліс себебі, мақсаты, қозғаушы күші 4оқушы- Көтерліс барысын, жасаған жорықтары туралы Исатай Тайманұлы- 1791 жылы қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданы, Тайсойған маңындағы «Тайман жалы» деген жерде дүниеге келген. Ол- 1836-1838 жылдардағы Батыс Қазақстандағы көтерілістің саяси көсемі, халық батыры. Кіші жүздегі Байұлының Беріш руынан шыққан. Оның арғы атасы сонау Жоңғар шапқыншылығы кезінде ерлік көрсеткен Ағатай батыр. Оның анасы есентемір руынан шыққан. Кішкентайынан тәрбиелеген оның әкесі- Тайманның інісі- Жабай Бегәліұлы. Ол кісі саясаттан хабары бар, әжептәуір сауатты, Беріш руының старшыны болып ел басқарады. Жабай қайтыс болғаннан соң, оның орнына 1814 жылы 12 қарашада старшын болып ел басқарады. Жастайынан алғыр, өжет, қайсар мінезді, қара қырды қақ жаратын жігіт болып өседі. Оның ел билеуде беделі артқан сайын көре алмаушылар көбейіп көптеп жала жабады. Біріншісінде Өтеміс Құлманиязовты өлтірді деген айып тағылса, екіншісінде кісі өлтірді деген айып тағылып абақтыға қамалады. Бөкей хан оған Каспий теңізінің солтүстігіндегі жерлерді сыйға береді. Исатай көптеген елшілерді, старшындар мен генералдарды күтіп алып, сый құрмет көрсетіп шығарып салатын болған. Бірде Баймағанбет сұлтан жіберген Балта деген алдаушының сөзіне сенген Исатай Өзінің іріктеп алынған 500 сарбазымен Айшуақовтың ауылына шаппақшы болады, бірақ ол кезде Баймағанбет пен Генстің әскерінің үстіне түседі.Сөйтіп, екі жақ тең емес шайқаста Исатай тобы ерлік көрсетеді. Тастөбедегі шайқас секілді бұл ұрыстың тағдырын зеңбірек шешеді. Бұл ұрыста Исатай мен оның 16 жасар ұлы Оспан қаза табады.
Махамбет Өтемісұлы (1804 ж., Ішкі Бөкей Ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданының Нарын құмының Жанқұс жері. — 1846 ж. қазан 20, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысының Махамбет ауданы) — қазақтың әйгілі ақыны, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті (1836-1837) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы. Байұлы ішіндегі Жайық-Беріш. Нәдір деген кісіден Мәлі (кейбір деректе Құлмәлі, Құлманияз деп айтылады) туады. Мәлінің қазақ әйелінен Өтеміс пен Шыбынтай, қалмақ әйелінен Қобылай туған. Өтемістен - он ұл, Шыбынтайдан - төрт ұл, Қобылайдан - үш ұл туып, Мәлі ұлдың өзінен он жеті немере сүйген адам. Бұл әулет Тайсойған құмындағы іргелі ауылдардың бірі. Атасы Құлмәлі, әкесі Өтеміс те өз заманында айтулы тұлғалар болған, Құлмәлінің тұқымынан би де, шешен де шыққан
Көтерілістің барысы. Көтерілістің кезеңдері- үш кезеңге бөлінді. Бірінші кезең: 1833-1836 жылдырға келеді және қарулы көтеріліске әзірлік кезеңі ретіңде сипатталады. Екінші кезең: көтерілісшілердің ханға қарсы аттануынан бастап олардың жеңіліске ұшырауына дейінгі-1837 ж. қарашаның орта шеніне дейінгі кезең. Үшінші кезең: Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілердің шағын тобының Жайықтық сол жағалауына өтуінен (1837 жылдын желтоқсанынан 1838 жылдың шілдесіне дейін көтерілістің жеңілуі). 1836 жылы ақпан айында Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы басқарған халық азаттық сипаттағы көтеріліс басталады. 1836 жылы 17 наурызда Жәңгір хан қайын атасы Қарауылқожаға бүлік шығарған старшындарды тұтқындауға бұйрық береді. Қарауылқожаның Исатайға күресті тоқтатып, хан сарайна барып бас июді талап етүі қозғалыстың кең арнаға түсуін тездетті. 1836 жылы қазан айында Исатайдың қарамағына 20-дай ауыл көшіп келеді. Исатай қол астындағылармен бірге Жәңгір ханның ешбір талаптарын орындамай, оның билігін де мойындамады. Бұдан соң 1836 жылы 13 желтоқсанда Жәңгір ханның сыбайластары Махамбет пен Тінімнің ауылын ойрандап, малдарын айдап әкетеді. 1836 жылдың аяғында көтеріліс патша сарайындағыларды алаңдата бастайды. 1837 жылғы 30 наурыз - Шекаралық комиссия Исатай мен Махамбетті ұстап, сотқа тартуды талп етті. 1837 жылы 15 қазанда Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілер Теректіқұмда Балқы би ауылын шабады. Бұл жеңіс сарбаздар қатарының өсуіне әсер етті. 1837 жылы 24 қазанда Исатай 2000-ға жуық көтерісшілермен хан ордасын қоршайды. Бірақ Жәңгір ханға бір жағынан подполковник Гекке, екінші жағынан подполковник Меркулов басқарған қол көмекке келуге үлгереді. 9 қарашада 400 адамдық ханның әскері және зеңбіректермен қаруланған Гекке мен Меркулов топтары бірікті. 1837 жылы 15 қарашада Исатай бастаған көтерілісшілер Тастөбе деген жерде күші басым, зеңбірекпен қаруланған Гекке, Меркулов басқарған қазак отрядтарымен шайқасты. Бұл шайқаста көтерілісшілер жеңіледі. Осыдан кейін жазалаушы отрядтар көтерілісішілердің соңына түсе бастайды. Истомин, Трофимов басқарған жазалаушы отрядтар Исатайды жақтаған қазақ ауылдарын ойрандайды. Орынбор губернаторы Перовский Исатайды тірідей ұстағандарға 1000 сом, басын алғанға 500 сом сый ақы тағайындады. Көтерілістің жеңілуі: Исатай басқарған көтерілісті тез талқандау үшін, Орынбор губернаторы В.А.Перовский барлық күштерді жұмылдыра бастады. В.А. Перовский бұл көтерілістің Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт азаттық көтеріліспен бірігуінен сескенді. Подполковник Гекке басқарған жазалаушы отрядтар Исатай қолын талқандау үшін аттанды. Исатай 500 сарбазымен сұлтан Айшуақұлына соққы беру үшін, Қайыпқали тобынан бөлінді. Айшуақұлы тобының Гекке тобымен қосылып, үлгергенін батыр байқамады. 1838 жылы шілденің 12-сінде Ақбұлақ деген жерде көтерілісшілер Гекке мен Айшуақұлы басқарған отрядтан жеңілді. Ауыр жараланған Исатайды казактар қылышпен шауып, атып өлтіреді. Көтерілісшілерден 70–80 сарбаз өліп, Қожахмет, Балабек бастаған алты адам тұтқынға түседі. Бас сауғалап қашқан көтерілісшілер, Ақбұлақ шайқасында Исатайға көмекке келмеген сұлтан Қайыпқали тобына қосылудан бас тартты. Қалғандары күресті одан әрі жалғастырды. 1838 жылы шілденің 23–інде Махамбет бастаған көтерілісшілер хан ауылына шабады. Махамбет 1846 жылы қазанда хан жендеттерінің қолынан қаза болды. Қолға түскен көтерілісшілерді Гекке жазалады. Қожахмет Өтемісұлы, Балабек Нұржанұлы, Бекен Сарыұлы 8 жылға Ригаға, Ұса Төлегенұлы мен Жәнібекұлы Сібірге жер аударылды. Көтерілісті қанға бояған қазақ феодалдары және казак офицерлері, солдаттары марапатталды. Көтерілістен кейінгі жылдарда шаруалардың ауыр жағдайы өзгермеді. 1836 – 1838 жылдардағы көтерілістің тарихи маңызы зор болды.
1. Жәңгір хан және оның маңайындағылрдың озбырлығына белгілі дәрежеде шек қойылды.
2. Патша үкіметі аз болса да, көтеріліске қатысқан қазақ ауылдарының мүдделерімен санаса бастады.
3. Көтеріліс қазақ үстем тап – феодалдарының опасыздығын дәлелдеді.
ІІ деңгейдің тапсырмасы
ІІІ топтың тапсырмасы- тікелей сұхбат. Төменгі класс оқушыларынан, жоғарғы сыныптан, студенттерден алады.
1)Махамбет пен Исатай бастаған көтеріліс жылдары 2)Оның қозғаушы күштері 3)Мақсаты
ІІІ деңгей тапсырмасы
Қойылым ІV топ- хан Жәңгірмен кездесуін қояды. –1836– 1838 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыс
Автор(Сандуғаш): Есімі қалың жұртшылыққа таныла бастаған асқақ ақынды,Жәңгір хан өз еркіне көндіріп,билік басында отырғандарға өлеңдер шығаруына тыйым салады. Алайда көзі ашық,көкірегі ояу,ақын оның бұйрығына мойын ұсынбайды. Ал Жәңгір хан болса,оған үстемдігін жасау мақсатымен 1829 жылы,Махамбетті қамауға алады.
Махамбет(Әділет):
Хан емессің, Қасқырсың,
Қас албасты
басқырсың,
Достарың келіп
табалап,
Дұшпаның сені басқа
ұрсын!
Хан емессің,
ылаңсың,
Қара шұбар
жылансың.
Хан емессің,
аярсың,
Айыр құйрық
шаянсың!
Уәзір(Әділбек): Хан ием,оның басын алу керек,сіздің тыйым салғаныңызға қарамастан сізге қарсы шығып тұр. Жәңгір хан(Тоқтар): Алып кетіңдер оны! Автор(Сандуғаш): Осыдан кейінгі өмірін,патша өкіметінің отарлық саясатын жүзеге асырушы, хан – сұлтандарға қарсы кекті жырлар толғайды.
ІV деңгей тапсырмасы –жоба плакат.
Біздің топқа берілген тапсырма шығармашылық жоба жасау. Біз бүгінгі шығармашылық жобада қазіргі адам қандай болу керек деген сұраққа жауап береміз. Бұрынығы уақытта ата бабаларымыз қолына қару алып елін жерін қорғады. Кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдырды. Ал қазіргі таңдағы адам бейнесі ол: білімді, ақылды,білгір алғыр, өз отанына деген сүйіспеншілік жоғары болу керек,отанын сыртқы жаулардан қорғай білу керек.Бұл қазіргі заманғы жас ұрпақтың бейнесі.Ол тек білім арқылы ғана өз елін алға жетелейді.
Тәуелсіз мемлекеттің азаматтары бойында патриоттық сезім қалыптастыратын тарихымыз беттері ерлікке толы.Исатай-Махамбет көтерілісі тақырыбынан еркіндік ,азаттық жолында күрескен ерлердің төзімділігі ,қайтпас қайсарлығы,қаһармандығы жастарға үлгі ,ұрпаққа мақтаныш екендігі сөзсіз. Біздің мақсатымыз -өз Отаның сүйетін, елін-жерін қастерлейтін бәсекеге қабілетті ұрпақтың өмірге деген сенімділігін арттыру,қолына қару алып, жауға атылған қайсар бабаларымыздың көксеген қасиетті тәуелсіздікті Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс қоғамдағы әлеуметтік теңдік үшін болған қазақ халықының Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы халықтың азаттық рухын жігерлендірген көтеріліс.Сондықтан да,бұл көтеріліс халқымыздың тарихында өзіндік орны бар көтерілістердің бірі.Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілер халық арасындағы үгіт-насихат, жұмыстарын жүргізіп орын алған әділетсіздікпен, озбырлықты әшкерелеп ,хан билігіне бағынбауға шақырады.Тарихта Махамбет пен Исатайдың көтерілісінің тарихи маңызы зор.Оның алатын орны да ерекше, біздің биыл тәуелсіздігімізге 25 жыл толды.Бұл сонау заманымыздағы батырларымыздың арқасы.Сол кеткен маңдай тердің қарымтасы қайтарылуда.Қазір еліміз тыныш, бейбітшілік орнаған заман.Халқымыз бірлік ынтымақтастықта өмір сүріп жатыр.Біз болашағы бар жастармыз осы сонау батырларымыз кеткен терді ақтаймыз деген ниеттеміз.
Алла тағала біздің елімізге осыншама кең жерде нәсіп еткен түсінуге ұмтылсақ ұшкан құстың қанаты талатын осынау ұлан ғайыр Алта мен Атырау аралығын ата бабаларымыз ақ білектің күшімен ақ найзаның ұшымен қорғап келген.Жоңғарлардан даламызды арашалап қалған батырлардың ерлігі туралы тарихи жырлар Исатай, Махамбетке байланысты мұралар,Ресей патшасының отарлау саясатына қарсы көтерілген ұлт азаттық қозғалыстың басты кейіпкерлері туралы жыр дастандар біздің ұлттық сана сезімімізді көтереді.
.ІІІ.Ой толғаныс.
VІ- топ шығармашыл топ. Өздері осы тақырып бойынша шығарма, эссе, РАФТ,өлең шумақтарын арнайды. РАФТ
Р: Махамбет Өтемісұлы А: 11“A” класс оқушыларына Ф: Хат Т: Махамбет атынан болашаққа хат
Болашақ ұрпағым! Тәуелсіздік- тәу етер жалғыз киелерің «Елім», «жұртым» деп еңіреп едім. Арманым орындалды.Өз алдарына дербес ел болып,отау тіктіңдер. Болашақ ұрпақтарым,қазақ халқында «Аманатқа қылма қиянат» деген нақыл сөз бар. Жеріңді,еліңді,тәуелсіздігіңді,салт-дәстүріңді,тіліңді,дініңді,ата-бабаларыңнан қалған мұраларыңды көздің қарашығындай сақтаңдар. «Елім», «жұртым» деген жастарға бердім батамды.Хатымды мына бір өлеңімнің шумағы арқылы аяқтағалы отырмын.
Ақ жұмыртқа,сары уыз
Әлпештеп қолдан өсірген.
Туған ұлдан не пайда?
Қолына найза алмаса,
Атаның жолын қумаса!
Замандарың тыныш болсын! Ынтымақ,бірлік тілеймін!
Шығарма
Махамбет-халықты патшалық,хандық өкіметке қарсы қарулы көтеріліске шақырған алғашқы қазақ ақыны.Халықтың азаттығын көксеген күрескер,ел бастаған батыр,өр рухты ақын.Махамбет Өтемісұлы XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінің мәртебесін биіктетіп,абыройын асқақтаған аса талантты тұлға.Ол ұлы даланың өр мінезді перзенті,батырлық пен ақындықты,қайсар рух пен зорлыққа қарсы үн көтеріп,азаттық,бостандық,әділетсіздікке қарсы өліспей,беріспеу идеясының нағыз жаршысы ретінде бағаланды.
Махамбет Ресей отаршылдығының барша ауырлық тауқыметін көзімен көріп,оның барша зорлық зомбылығын басынан өткеріп,ғұмыр кешкен адам.Сондықтанда 1836 жылы әбден шыдамы таусылған халық теңіздей толқып көтерілгенде,осынау тегеуріңді дүмпудің дем берушісі Махамбет болды.Табиғат бір Махамбеттің басына батырлықты да,ақындықты да аямай бере салған.Есіл ер қарсыласқан жауымен сарт та сұрт айқасып қалғанда найзасымен іліп түскен,тілімен тіліп түскен,семсерімен ойып жіберген,сөзімен сойып жіберген.Махамбет өзгеде жоқта,өзінде ғана бар осы құдіретті қасиетімен батырлар тарихынды да,ақындар тарихында да, жарық жұлдыздай жарқырап, жеке тұратын теңдесі жоқ дара да ,дана тұлға!
Махамбетім,Исатай. Елім үшін жан берісіп,соғыстың, Кейде аш та,ұйқысызда торықтың, Күндіз-түні құрсауында аяусыз, Қалдыңдар-ау тынымсыз бір жорықтың. Сен Махамбет,сен Исатай батырым Қорған болдың,күйін ойлап халқыңның, Жерін қорғап,қарсы шықтың Патшаға, Күн-түн демей,шаршап,сусыз сарқылдың. Батырларым,жан берісіп соғыстың, Күшті,мықты денесіндей барыстың. Қараңғылық басып еді халықты, Ерте кетті-ау қапасында жарықтың. Бас көтердің,қол бастадың бірлікте, Қорған болдың елге мынау тірлікте. Қарсы шықтың керек болса билікке Жарық кірді мына аспан-күндікте. Көтеріліс болды мынау жерімде, Ізіңе ерді інілерің сенімде Бір жағадан бас шығарып,үлгі боп, Ақталады төккен маңдай теріңде Біз болашақ қазағымның жастары, Елді қорғап батырларым бастады Ұмыт болмай тарихымда,санамда, Махамбетпен,Исатайдың. Жания Қонақбаева .
Бағалау. Топ басшылары өз тобындағы оқушыларды бағалайды.
Мұғалім : Оқушылар бүгінгі сабақты Н.Ә.Назарбаевтің «Қазақстан-2050» жолдауымен аяқтағым келіп отыр.
«Үдеудің сыры- бірлікте, Жүдеудің сыры- алауыздықта. Сендер тәуелсіз қазақ елінің перзентісіңдер! ХХІ ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» , бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады деп сенемін.»
Үйге тапсырма : Махамбет өлеңдерін жаттауға, слайдтар жасап әкелуге.қосымша мәліметтер жинастыру.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліс

шағым қалдыра аласыз