Интеллектуалдық ойын «Ой
мен ойын»
Мақсаты:Семинарға қатысушылардың
білімдерін шыңдап; қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру,
шапшаңдыққа баулу; топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін
құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу.
Жүргізуші: -Сәлеметсіздерме, құрметті
қонақтар! Бүгін Сіздермен «Ой мен ойын» атты интелектуалдық ойын
ойнаймыз! Ең алдымен қазір қолдарыңыздардағы стикер қағазға өз
бөбекжайларыныңыздың номерін жазып, мына киіз үйге салуларыңыз
қажет. Сосын ортаға бір қонағымыз шығып, сегіз қатысушыны
анықтайды. Кейін сегіз адам төрт-төрттен бөлініп, екі топты
құрайды. Ендеше, қатысушыларымызды анықтап
алайық!!!!!!!!!!!
.................................................................................
Жүргізуші:Енді, тездетіп қатысушылар өз
жетекшілерін сайлап, өз топтарына ат қойып, топ ойыншыларымен
таныстыру керек.
ТАНЫСТЫРУ
...........................................................................
Жүргізуші: Ойын кезеңдерімен таныс
болайық:
-
кезең- «Суреттер
сөйлейді»
-
кезең- «Сөз
асылы-мақал»
-
кезең- «Шебер
болсаң...»
-
кезең- «Ән
салшы»
Ескерте керетін
жайт: біздің ойнымыздың
әділқазылары: мына сіздер-көрермендер боласыздар. Сайыс соңында
өзіңіз жеңімпаз деп таныған топқа дауыс бере
аласыздар!
Жүргізуші:Қандай сынақ болса дағы
беріспе,
Әрқашанда үміткерміз
жеңіске,
Енді ойынымыздың І- кезеңін
бастаймыз. 1 кезең- «Суреттер
сөйлейді». Шарты: екі топта мына тақталарда
ілінген түрлі суреттерден 5минут ішінде өз қияларына ерік беріп,
заманауи ертегі құрастыру керек.
Тапсырма түсінікті болса,
уақыт
кетті...............................................
...........................................................ТОПТАРДЫҢ
ЖАУАПТАРЫ
Жүргізуші:2кезең- «Сөз
асылы-мақал». Шарты: топ жетекшілері ортаға шығып,
берілген мақалды іштей өзі оқып, кейін тақтадағы ватман қағазына
суреттер салу арқылы немесе дене қимылдары(ым-мимика ) арқылы сол
мақалды өз тобының ойыншыларына
жасырады...........................................
........................ТОП
ЖЕТЕКШІЛЕРІНІҢ МАҚАЛДАРДЫ
ЖАСЫРУЛАРЫ
Мақал-мәтелдер:
-
Күш-білімде,
білім-кітапта.
-
Ағаш тамырымен, адам досымен
мықты.
-
Ел
іші-алтын
бесік.
-
Отансыз
адам-ормансыз
бұлбұл.
-
Ұяда не көрсең, ұшқанда соны
ілерсің.
-
Ер
қанаты-ат.
-
Ғылым-теңіз,білім-қайық.
-
Құтты қонақ келсе, қой егіз
табады.
-
Ананың көңілі-балада, баланың
көңілі-далада.
-
Досы көпті жау
алмайды.
-
Әке –асқар тау,
ана-бауырындағы бұлақ, бала-жағасындағы
құрақ.
-
Көз-қорқақ,
қол-батыр.
Жүргізуші:3кезең- «Шебер
болсаң». Шарты:өз қиялдарыңызбен,
арманыңыздағы киімді (көйлекті немесе костюмді) 5 минут ішінде
газеттерден жасап көрсету. Керекті нәрселер: газет, қайшы, скотч
алдарыңызда. Дайын болсақ, уақыт
кетті.......................................ЖАСАҒАН КИІМДЕРІН
ТАНЫСТЫРУ.
Жүргізуші:4кезең- «Ән салшы».
Шарты: топтардан бір-бірден ойыншылар
ортаға шығып, мына қоржынның ішінен бір әннің аты жазылған қағазды
суырып, оны іштей оқып,өз тобының ойыншыларына тек сөзін атпай,
ыңылдап жеткізулері керек. Тапсырма түсінікті болса,
бастаймыз!................
................................ӘНДЕРДІ
ЖАСЫРУ..........................................
Жүргізуші:Жарайсыздар, өте жақсы
белсенді қатысып, өз білімдеріңізді көрсеттіңіздер. Ендігі кезекте,
біздің көрермендеріміз әділқазы ретінде, жеңімпаз деп таныған
тобына өз дауыстарын береді.
.................................
..........................ДАУЫС
БЕРУ..........................................................................
Жеңімпаз топты
АНЫҚТАУ..........................................................................
Жүргізуші:Қатысқан барлық ойыншыларға
рақметімізді айтып, жұмыстарыңызға шығармашылық табыстар тілейміз.
Келесі кездескенше, САУ БОЛЫҢЫЗДАР!!!