400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Іскерлік ойын:"Сенсорика әлеміне саяхат"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

БҚО, Зеленов ауданы. Новенький ауылы. «Бүлдіршін» бөбекжайы МКҚК әдіскері Галиева Ботагөз Кенесқызы

«Сенсорика әлеміне саяхат»

(ата - аналарға арналған ойын – практикум)


Мақсаты: мектепке дейінгі жастағы балалардың сенсорлық тәрбиесі жөнінде ата - аналардың ойларын кеңейту және нығайту.
Міндеттері:
Ата - аналарды балалардың заттардың сенсорлық қасиеттеріне зейіндерін аударатын, біркелкі нысаналардың көлемі, пішіні, түсі бойынша ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтаудың қарапайым жолдарын қалыптастыратын, сенсорлық дамуына ықпал ететін дидактикалық ойындармен таныстыру;
Ойын - практикумның тақырыбы бойынша ата - аналардың педагогикалық тәжірибесін белсендіру;
Отбасы мен педагогикалық ұжымның қарым - қатынасын нығайту.
Өткізу әдісі: ойын - практикум.
Қатысушылар: ата - аналар, тәрбиешілер.

Өткізу жоспары:
Кіріспе кезеңі:
- мәселеге кіріспе;
- проблемалық жағдаят тудыру.
Негізгі кіріспе: Станцияларға поезбен саяхат жасау арқылы ойын.
Қорытынды бөлім:
- ойын - практикумның шешімін шығару;
- рефлексия.

Өту барысы:
Әзірлік кезеңі.
- Сенсорлық тәрбиеге арналған дидактикалық ойындар мен әдістемелерді дайындау.
- Практикумның тақырыбы бойынша ұсыныстарды жинақтау және безендіру.
- «Мектепке дейінгі жастағы балалардың сенсорлық тәрбиесі мен дамуы» атты кеңес әзірлеу.
- «Түйсік жәшігін» және оның ішіне салатын зат әзірлеу.
- Көрнекі ақпараттарды безендіру: дәйексөздер әзірлеу.
- Музыка әзірлеу.
Ұйымдастыру кезеңі.
- Сенсорлық тәрбиеге байланысты көрме әзірлеу
/ әдебиеттер, ойыншықтар, дидактикалық ойындар мен әдістемелер/
- Ойын - практикумның өткізу орны мен керекті құрал - жабдықтарды дайындау.

Кіріспе кезеңі.
- Қайырлы күн, құрметті ата - аналар! Біздер сіздермен кездесіп отырғанымызға қуаныштымыз. Уақыт тауып ойын - практикумға келгеніңізге рахмет. Балаларымыздың балалық шағы бақытты болу үшін, олардың өмірінде ойын негізгі орын алу қажет. Балалық шақта балада ойынға деген қажеттілік болады.. Сондықтан, сол қажеттілікті қанағаттандыру қажет, себебі бала ойнай жүріп өмірді тани бастайды.

«Ойын баланың бүкіл өміріне әсер етеді. Бұл құштарлық, оны қанағаттандыру қажет. Бала өмірін сол ойынмен сусындату керек, себебі оның өмірі - ойын» А. С. Макаренко.
Кішкентай балалар – сүйкімді, бақытты неше түрлі оқиғаларға тап болып, өмірді танитын тентектер. Олар өздерінің ашқан жаңалықтарын біреумен бөліскісі келеді, олар өздері жақсы көретін адамдар болып табылады. Бірақта, әкесі жұмыста, анасы үйдің жұмысынан босамайды, баласына уақыты болмайды. Соған қарамай, ата - аналар уақыт бөліп, баласымен ойнап, сөйлесіп, оған бірдеңе үйрету керек. Бүгін біздер сіздермен өздеріміздің балалармен жұмыстану кезінде жинақтаған іс - тәжірибемізбен бөлісіп, балалармен ойнайтын сенсорлық дидактикалық ойындар туралы әңгімелесеміз және сол ойындарды үйде де ойнауға болатыны туралы кеңес береміз. Осы кездесуімізді дәстүрлі емес, Сенсорика әлеміне ойын - саяхат ретінде өткіземіз. Бірақта алдыменен, сенсорлық тәрбие не екендігімізді еске түсіріп алайық.
Баланың балабақшада, мектепте, одан қалса өскенде еңбектенген кезінде де, сенсорлық, сенсомоторлық дамуы ақыл - ой дамуына фундамент болып табылатыны психолог мамандар дәлелдеген.

Бала өмірінде әр - түрлі пішін, түс, заттардың /ойыншықтар мен үй ішіндегі заттар /әр - түрлі қасиеттерімен кездеседі. Әр бала олармен кездескен кезде оны өзінше қабылдайды. Сол қабылдау жылдам, үлкендердің педагогикалық басқарусыз жүреді, бірақта ол сапасыз болады. Осы жерде оған сенсорлық тәрбие көмекке келеді - ол тәрбие бір бағытта жоспарлы баланы адамзаттың сенсорлық мәдениетімен таныстырады.
Әр бір жаста сенсорлық тәрбиенің өз мақсат, міндеттері болады, солар арқылы сенсорлық мәдениеттің нақты бір бөлігі қалыптасады. Бала екі - үш жаста түсті, пішінді, әр бір заттың ерекшелігін айыра білу қажет, негізгі әр түрлі түстер мен пішіндер және екі заттың көлемі туралы түсініктер жинақталу керек.

Ал төрт жасынан бастап балада сенсорлы эталон қалыптасады.
- Сіз «сенсорлы эталон» деген не екенін білесіз бе?
Сенсорлы эталон – ол түстер, геометриялық пішіндер, бірнеше заттардың қасиеттері мен көлемдері туралы тұрақты, сөздік қорында бекітіліп қолданылатын түсініктер.
Жайырақ баланы түрлі түстермен, геометриялық пішіндердің нұсқаларымен әр түрлі көлемдегі, көп санды заттармен таныстырған жөн. Сенсорлық эталонның қалыптасуымен қатар, балаларға заттарды зерттеу әдістерін үйрету қажет: мысалы, затты түсі мен пішініне қарай топтастыру, бағытымен қарап шығып, оның түрін сипаттау және де одан да қиын көзқырағылығы қажет іс - әрекеттер орындату.

Осындай тапсырмалар негізінде дидактикалық ойындар мен жаттығулардың жүйесі жасалынған. Балаларға арналған сенсорлық дидактикалық ойындардың негізгі бағыты – әр түрлі сенсорлы іс - тәжірибе жинақтаған соң, оны оқыту мен тәрбиелеудің келесі кезеңінде пайдалану: сурет, құрастыру ҰОІӘ - де, сол жинақталған іс - тәжірибелер әр - түрлі жағдаяттарда, күнделікті өмірде пайдасын тигізеді.
- Сіздер балаларыңызбен отбасы жағдайында қандай дидактикалық сенсорлық ойындар ойнайсыңдар? Болса, балдарыңызбен қалай ойнайсыңдар? Сол ойындар балдарыңызға неге үйретеді?
/Ата - аналардың пікірлері тыңдалады/

- Дидактикалық ойындар өткізген кезде тәрбиеші балабақшада, ал ата - ана үйде балаға қысқа - нұсқа түсіндіріп, орындайын деп отырған тапсырмасынан алаңдатпау қажет. Ересектерге баладан міндетті түрде есте сақтап алуды және түстер мен пішіннің өзінше айтуды талап етпеу керек.
Бұл жерде, маңызды - баланың тапсырманы белсенді орындағаны, олардың қасиеттерін ескере отырып, себебі ойын процесінде сол заттардың қасиеттері жөнінде ойлар мен түсініктер пайда болып, жинақталады.
Проблемалық жағдаят тудыру.
«Не? Қайда? Қашан?»теле бағдарламасының музыкасы ойналады, ата - аналар алдына
«Түйсік жәшігі» көрсетіледі.

- Сіздердің алдарыңызда проблемалық жағдаят туындады - сіздер «Түйсік жәшігі» ішінде түйсік арқылы не бар екендігін табу керексіз.
Үш ата - анаға жәшік ішінде түйсік арқылы не бар екендігін табу ұсынылады. Ата - аналар қолдарын салып затты ұстап қарайды. Олардың талқылаған ұсыныстары қабылданады.
- Сіздер қиын жағдаятқа тап болдыңыз. Ондай жағдай көбінесе, адам шаршап, қорқып, қозып, әлде беймәлім объектпен кездескенде болады. Баланы туғанынан бастап неше түрлі заттар мен құбылыстар қоршайды, олар әртүрлі қасиеттер мен сапалардан тұрады. Қоршаған орта туралы түсінікттерді қалыптастыру процестерін жеңілдету үшін баланы негізгі ақыл - ой іс - әрекеттері мен қабылдау ережелерін орындатуға үйрету қажет.

- Бүгін біздер сіздерге бала кейпіне айналып, баланың жолын өтуге ұсыныс білдіреміз.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың сенсорлық дамуы, сенсорлық эталондарының меңгеруі үшін жасалынған дидактикалық ойындар, пособиялармен танысасыздар. Мастер - класс арқылы сіздер керек емес материалдардан дидактикалық ойындарды жасау жолдарын және дәстүрден тыс сурет салу әдіс - тәсілдерге үйренесіздер. Соңында, сіздер, мына жәшік ішінде не бар екенін табу керексіз.
Сіздер кішкентай балдардың ата - аналарысыз, барлық балалар ойнауды жақсы көреді, сондықтан мен де сіздерді ойнауға шақырамын, балалық шақтарыңды еске түсіріп және балалардың дидактикалық ойын арқылы сенсорлы білімді қалай меңгеретіні жөнінде түсінік алуларың қажет.

- Уақытша сіздер ересек адам екеніңізді ұмытыңыз, бала болыңыз, онда ойынды бастайық. Ойнағыларың келе ме?
Ендеше, біздер бәріміз
Сенсорика әлеміне саяхат жасаймыз!
«Ертегі елі»атты ән қосылады. Әдіскер басына корона киеді, үстіне накидка киеді, қолына сиқырлы таяқша алады.
Қолымен сермейді де:
«Бәріңіз шеңберге тұрыңыз, бір - біріңізді ұстаңыз,, көздеріңізді жұмыңыз, енді айналамыз, балаға айналамыз, сіздерге мен шашқа тағатын заколка резинка беремін, жылдам тағайық, жылдам тағайық, енді саяхатқа шығуға әзірміз бе? Ендеше паровозға мінейік,/ата - аналар паровоз болып тұрады/пуп - пуп, чик - чик, Сенсорика әлеміне жетейік!»
- Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар, біздің поезд станцияға жетті. Бұл қандай станция екен? Біздерді кім қарсы алады екен? Вагондарыңыздан түсіп, жайғасып отырыңыздар, бұл станцияның аты қалай екен?
Мен сіздерге сұрақ қоямын. «Жұмыртқа мен балапанның, күн мен құмның түсі қандай?»/сары/
Ал, бақа мен крокодилдың, шөптің түсі қандай?/жасыл/
Қанның түсі қандай?/қызыл/
Енді, естеріңізге түсті ме? Бұл станция
«Түстер станция»деп аталады. Осы станцияда ойын ойнап, тапсырмаларды орындасақ, бізге кірпі жәшігіміздің ішінде не бар екенін айтады.
Бір тәрбиеші сергіту сәтін орындатады.
Ойын «Мұнара тұрғызайық»
Мақсаты: белгілі бір түсті айыруға үйрету.
Әр түрлі кубиктар еденге шашылады, балаларға белгілі бір түстен тұратын кубик арқылы мұнара тұрғызу деген тапсырма беріледі.
Балаларға қызыл түсті кубик көрсетіледі, оны еденге қойып «мына түсті кубикті алып мұнара тұрғызайық! Осындай түсті кубик табыңдар». Балаға әкелген кубигін салыстыру арқылы түсіндіру және көмектесу. Содан соң екі ата - ананы шығарып жарыстыру, кім жылдам мұнараны құрады. Кім бірінші құрады сол жеңімпаз болады. Осы ойынды 1 - 2 рет ойнату.

«Түрлі түсті тулар» ойыны
Балалардың зейіні мен реакциясын дамуына арналған
екі жастан асқан балаларға арналған көңілді және қимылды ойын - сергіту. Және де түсті ажыратуға арналған ойын.
Ойынның өту барысы: Ойын үшін бірнеше түсті тулар алу қажет. Жүргізуші қызыл түсті туды көтергенде балалар секіру, жасыл түсті туды көтергенде шапалақтау, көкті - орында тұрып жүру, сарыны қолдарынан ұстауға қажет болады.
«Теректің жапырақтарын жинайық» ойыны.
Мақсаты: Теректің түсі бойынша жапырақтарды жинап табуға үйрету, түстер туралы білімдерін нығайту.
Материалы: үш түрлі түсті теректің бейнесі/сары, қызыл, жасыл/,
себеттер, жапырақтар.
Өту барысы: Баланың алдына үш түрлі түсті теректің бейнесі қойылады, олардың қасында себбеттері болады, сол себеттерге алдында шашылып жатқан жапырақтарды түстері бойынша жинастыру.
- Жарайсыңдар, балалар бізге кірпі жәшік ішінде сары түсті зат бар екенін айтты.
- Рахмет, кірпі, сен біздерге түстер туралы жақсы бірнеше ойындар көрсеттің. Біздер тағы жолға шығамыз.
/Бәрін тұрғызып, паровоз секілді, шеңбер бойынша жүру/
2. Бұл станциямыз қалай аталады екен, қане табайықшы?


Шуақ шашқан күнге ұқсаймын көбірек,
Менің атым- (дөңгелек)

Барлық шатыр ұқсайды тек өзіме,
Бірден білер құлақ асқан сөзіме. (үшбұрыш)

Теледидар таныс екен баршаға,
Ал, пішіні ұқсайды ғой (шаршыға).

-Бекетіміз қалай аталады? Сездіңдер ме?( Пішіндер бекеті)

Біздерді әр түрлі пішіндер қарсылап жатыр.Олар бізге түрлі қырлы геометриялық пішіндерді таныстыратын әртүрлі ойындар дайындап қойыпты. Кеңістікте пішіндерді дұрыс орналастыруды үйретеді.

Ойын: «Сиқырлы қапшық».

Кезекпе кезек қолдарын түрлі пішіндер салынған қапшыққа салып қандай пішін екенін табу, алып шығып пішінін түсі н айырып айту.

Ойын: «Жасырынбақ»

Сиқырлы қапшықтан алып шыққан пішіндерді(5) тәрбиеші өзінің үстеліне қойып қалай тұрғанын естеріне сақтауын сұрайды,содан соң оларды орамалмен жауып бір пішінді алып тастайды да қандай пішін тығылып қалғанын сұрайды.

Ойын: « Қай пішінге ұқсайды»

Әрбір тәрбиеленушіге түрлі-түсті пішіндер топтамасы үлестіріледі. Тәрбиеші балаларға таныс суреттерді көрсетеді, балалар суреттегі затқа ұқсайтын пішінді жоғары көтереді.

Сергіту сәті:

Оң қолымыз алға,

Содан кейін артқа

Содан кейін алға

Сәл кішкентай қозғаймыз.

Біз билейміз буш-буш,

Дөңгелене жиналып.

Қолымызды ұрамыз

Сарт-сұрт,сарт-сұрт,

Оң қолымыз алға,

Содан кейін артқа

Содан кейін алға

Сәл кішкентай қозғаймыз.

Біз билейміз буш-буш,

Дөңгелене жиналып.

Қолымызды ұрамыз

Сарт-сұрт,сарт-сұрт,

Түрлі түсті пішіндер бізге көмектесіп бұл сезім қорапшасында дөңгелек кішкентай зат бар екенін айтты. Есімізге сақтайық! Ал көңілді пойызымыз бізді тағыда жолға шақырып тұр. Орынымызды табайық,жолға шығайық.

Вагондар,вагондар,

Рельспен тарсылдайды

Суретші ағайларға

Біздерді апарады

Чох-чох, чу-чу

Поровоз зулайды

Чох-чох, чу-чу

Поровоз дауыстайды

3. Міне, келіпте жеттік, бізді кім қарсылап тұр? ( Көңілді адам-суретші Қарындаш) Таңғалмаңыздар, біз керемет бекетке келдік. Қарындаш бізді ерекше сурет салуға үйретеді.Ата-аналар дәстүрлі емес сурет салуға арналған құралдар тұрған үстел басына жайғасады.Дәстүрлі емес сурет салу балалардың бойында шығармашылық және қиялдау қабілеттерін дамытады. Бұндай сурет салудың ең бірінші міндеті-сезім тәжірибесінің жинақталуына және сезінушілік әсерінің баюуына,зейінінің алуантүрлікпен және көркемдікпен пішіннің, бояулардың, иістердің және табиғат дыбыстарын сезініп рақаттана алуын дамыту .Өзгеше материалдармен,ерекше әдіс-тәсілдермен сурет салу балаларға ұмытылмас әсер қалдырады, әрі өте жақсы нәтиже шығады және бұл баланың шеберлігіне,іскерлігіне байланысты емес. Дәстүрлі емес суреттің әдістері қиын емес жәй ғана ойынды есіңе салады.Қай балаға өз саусағымен сурет салу немесе өз алақанының суреті. Міне, біздің де сиқырлы бояуларымыз дәстүрлі емес әдіспен сурет салуды ұсынады. Келісесіздер ме?Әуен ойналады, балалардың ватман қағазына қолдарының алақандарымен,саусақтарымен салған суреті әкелінеді.-Бұл біздің жас суретшілеріміздің аналарына, 8-наурыз мерекесіне арнап әдемі сурет салғылары келді,бірақ үлгермеді.Сіздер таныдыңыздар ма,сурет қандай тәсілмен салынған? (алақанменжәне саусақ ұшымен)Қандай түстер қолданған?(негізгі:жасыл,көк,қызыл) Ал қандай түстер жетпей тұр?( сары)-Ендеше балаларымызға көмектесіп бұл керемет суретті аяқтайық. Бұл суретте не жетпейді?(Күн) Міне сендерге тапсырма,дәстүрлі емес әдіс-тәсілдерді және қиялдарыңды пайдаланып барлығыңыз бірге күншуақты салыңыздар. Бірақ жұмыстың алдында жасауға тиісті жаттығуымызды, саусақтарымызды уқалаймыз.Сергіту сәті:

Күнге қарап қол соғаныз бір,екі,үш,

Қызғалдақтай ырғаламыз бір,екі,үш.

Дөңгеленіп би билейміз бір,екі,үш,

Үлкен болып біз өсеміз бір,екі,үш.

Күн туралы өлең ойналып тұрады,ата-аналар тапсырманы орындайды,алақандарының сұрелерін күннің шуағы сияқты қояды

- Қандай әдемі! Міне ғажап! Алақан соқпақтары күннің сәулелеріне айналды! Жарайсыңдар!

Қол жуатын уақыт жетті:

(әке-шешелер қолдарды жуады, үйкейді; ән үндейді)

Шыдамсыздана су күтеді,

Қызметтенуге тура келеді

Мұнтаздықты кім қалайды

Қадірлейді суды ол.

Сиқырлы бояулар сендерге үй жағдайында балалардың шығармашылығын дамытуда дәстүрлі емес әдіс-тәсілдердің ғажайып – жаднамасын дайындап қойды.Ал паровозтағы бізді жолға шақырады.

Вагондар,вагондар,

Рельспен тарсылдайды

Ойыншықтар бекетіне

Балаларды әкеледі

4. Біздің поезымыз соңғы бекетіміз "ойыншықтыға" келіп жетті. Қараңыздар,біздерді сенсорлық тәжірибені дамытатын қаншама түрлі ойындар қарсы алып тұр. Мында дүкеннен сатып алынған да, тәрбиешілермен ата-аналардың қолынан жасалғанда ойындар бар. Біздің мақсатымыз,әрбір үйде бар арзанқол материалдан ойындар жасап үйрену.Қараңызар қандай түрлілік! Топта балалар олармен үлкен ләззатпен ойнайды. Қазір олардың біреулермен біз танысамыз(ойындармен танысу).
Ойнай отыра бала салыстыра білуге , жай заңдылықтарды тағайындай білуге,дербес шешім қабылдауға үйренеді. Балада білімге деген қызығушылық, қажымаушылық, дербестік пайда болады.

Сіздердің рұқсаттарыңмен мен тағыда сиқырлы ханшайымға айналайын,себебі сіздерге үлкендерге айналатын уақыт келді.

Ертегінің әні үндейді. (әрекеттер мазмұнға сәйкес орындалады)

Міне мен сермеймін таяқшамды

Ғажайыпты жасырып!

Бар балаға көмектесіп

Ханшайым мен боламын!

Сиқырлы таяқшам,

Сиқырлы таяқшам!

Шеңберге біз тұрайық

Қолымыздан ұстасып

Қатар тұрып көзімізді жұмамайқ

Ал енді біз бастаймыз

Үлкендерге айналып

(Қимылдар мазмұнға сәйкес орындалады)

Сөз соңында атап айтқым келетіні сенсорлық тәрбие жалпы дамудың негізін қалайды.Ал бұл психакалық дамудың өте маңызды бірақ жалғыз жағы емес. Бала тепе-теңдікте яғни ақыл-ой, адамдық,эстетикалық және физикалық деңгейде дамуы керек.

Жиналысты қорытындылау.

-Бүгінгі іс-шара туралы сіздердің пікірлеріңізді білгіміз келеді.

( Тәрбиеші допты ата-аналарға лақтырып сұрақтар қояды.)

Ата-аналар жиналысының шешімі.

  1. Ата-ананың бала дамуындағы дидактикалық ойындардың маңызды орнын есепке ала отырып келесі міндеттерді шешуге күш жұмсау:

  2. Баланың сенсорлық тәжірибе жинақтауға және сезінушілік әсерін байытуға әрбір отбасында дидактикалық ойындар кешін ұйымдастыру.

  3. Әке-шешенің маңызды рөлін ара бала-шағаның мүддесінің дамуында өсиетті ойындарға ескере, күш жұмса- на келесі мақсаттың шешіміне : бас-басы отбасыға ұйымдастыр, на сезгіш тәжірибенің жинақта- және бала-шаға сезінушілік әсер баюшылық оқтаулы өсиетті ойын кеш.

  4. Ең жақсы өз қолымен жасалған,балалар сүйсініп ойнайтын дидактикалық ойын (ойыншық) конкурсын жариялау.Жыл соңында қорытындысын шығарып жеңімпаздарды марапаттау.

  5. Балабақшаның өміріне белсенді араласу.

  6. Соңғы сөз

  7. Құрметті ата-аналар өлшеулі бір сағаттық.

Ойын бітті,

Бірақ халқым ойналық жыл бойына

Сенсорика ойындарын

Біздің дайындаған жаднамаларымыз сіздерге сенсорика еліне саяхатқа шығу кезінде көмек болсын.

Рефлексия.

Біздің кездесуімізді бағалауларыңызды сұраймыз. Қабылдау бөлмесіндегі кіреберіс есіктерде поравозшының нобайы және түрлі –түсті фишкалар орналасқан: егер сіз біздің кездесуімізден түпкілікті қанағаттансаңыз қызыл дөңгелекті,егерде орташа болса көк шаршыны,ал разы болмасаңыз жасыл үшбұрышты тағыңыз.

Тілек білдірем деушілер өз пікірлерін жазып қалдыруға болады.

Белсенді қатынасып және шығармашылық жұмыс жасағандарызға алғысымызды білдіреміз. Барлығыңызға көп рахмет. Сау болыңыздар.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 наурыз
697
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі