Іскерлік қарым қатынас этикасы

Тақырып бойынша 18 материал табылды

Іскерлік қарым қатынас этикасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Басқару психологиясы жайлы ғылыми мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы

Іскерлік қарым қатынас этикасы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті - бетке ұстар жетекші жоғары оқу орындарының бірі. Негізі қаланғаннан бері әртүрлі жоғары белестерді бағындырып, қазіргі таңда әлемдік оқу орындарының арасында өз дәрежесін нық орнықтырған білім және ғылым ордаларының алпауыты болып саналады.

Осындай алдыңғы қатарлы білім ордасында болашақ мамандардың тұтас педагогикалық үдерісті және басқару ісі бойынша кәсіптік-психологиялық құзіреттілігін қалыптастыру мен дамыту мақсатында "Басқару психологиясы" пәні оқытылады.

Басқару психологиясы іс-әрекетті арнайы басқарудың және психологиялық жағдайдың талдамалы модельдерін және еңбектің сапасын көтеруге бағытталған пәнаралық ғылым. Ұжым мен компанияны, мекеме мен қоғам мүшелерін тиімді басқару көздерін қарастырады.

Аталған пәннен психология ғылымдарының кандидаты, профессор Жұбаназарова Назираш Сулейменовна 1 курс магистранттарына “Іскерлік қатынас және кәсіби қарым-қатынас психологиясы” тақырыбында дәріс оқыды. Семинар сабақтарында іскер адам психологиясы, іскерлік этикасы, кәсіби қарым-қатынас тақырыптарын талдап, пікір алмастық. Сабақ соңында дәрісте, семинарда айтылған ақпараттарды қорытып “Іскер адамның психологиясы және іскерлік этикасы” туралы психологиялық жоба құрастырдық.

Іскерлік қарым-қатынас (байланыс, коммуникация) дегеніміз қызмет саласында адамдар арасында байланысты дамытудың күрделі, көпжоспарлы үрдісі, яғни, бірлескен істе нақты нəтиже мен нақты мəселелерді шешетін іскерлік ақпарат мен тəжірибе алмасу үрдісі.

Іскерлік этика - қоғамның лауазымды тұлғалары, қызметкерлері өз қызметінде басшылыққа алатын қызметтік мінез-құлық ережелері мен нормалар жиынтығы, іскерлік қарым-қатынастың моральдық және этикалық принциптері мен нормалары.

Іскерлік этикасы жауапкершілік, уақытты дұрыс басқару (тайм менеджмент), киіну мәдениеті, сыйластық сияқты қарапайым дүниелерден бастау алады. Этикет одан әрі іскерлік қарым-қатынасқа ұласады. Оған әріптестерге сіз деп сөйлеу, “мырза”, “ханым” атауларын қолдану т.б. жатады. Сонымен, іскерлік этика мен іскерлік қарым-қатынас бір-бірімен тікелей байланысты ұғымдар. Кез келген ұжымда қызмет атқаратын адам іскерлік қарым-қатынас пен этиканы білуі шарты.

Басқару психологиясы пәнін оқу арқылы білім ордасынан диплом алып шыққан мамандар қоғамда және кәсіби ортада коммуникативтік дағдыларды көрсетіп, топта ұжыммен еркін жұмыс істей алады, даулы жағдайларды оңай шешеді, өз ойын ұжымның пікірімен салыстыра алады.

Жубаназарова Н.С.

психология ғылымдарының кандидаты, профессор

Мұхтар Тоқжан

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранты

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.12.2023
388
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі