жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ішкі ағзаларды өңдеу және ветеринариялық-санитариялық сараптау.
Дәріс сабағы №11
Сабақтың тақырыбы:Ішкі ағзаларды өңдеу және ветеринариялық-санитариялық сараптау.
Сабақтың мақсаты: Білімгерлерге өнімнің сапасын қалай сынап,бақылауын көрсету,мақсаттары мен міндеттерін оқып үйрету.
Дәріс жоспары:
Ішек шикізаттары, ет комбинаттарында, сою пунктерінде жинау консервілеу және өңдеу.
Ішек ақаулары ішектік шикізаттарды ветеринариялық- санитарлық сараптау
Жеке және заңды тұлғалар жануарлар мен адам үшін ортақ ауруларды қоса алғанда, жануарлар ауруларның алдын алу бойынша:
1) осы Қағидаларды сақтай отырып, жануарлар ауруларының алдын алуды және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн ветеринариялық және әкiмшiлiк-шаруашылық iс-шараларды жүзеге асыруды;
2) хайуанаттар бағындағы, цирктердегi, омарталардағы, аквариумдардағы жануарларды қоса алғанда, жануарларды осы Қағидаларға және ветеринариялық нормативтерге сәйкес күтіп-бағуды, өсiруді және пайдаланылуды жүзеге асыруды;
3) қоршаған ортаның ластануына жол бермеуді;
4) аумақтарды, мал шаруашылығының қора-жайларын, сондай-ақ жемшөптi, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты сақтауға және өңдеуге арналған құрылыстарды осы Қағидалар мен ветеринариялық нормативтерге сәйкес ұстауды;
5) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ұстауға, өсiруге, пайдалануға, өндiруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткiзуге байланысты мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiн орналастыру, салу, қайта жаңғырту және пайдалануға беру кезiнде, сондай-ақ орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру) кезiнде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды сақтауды;
6) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді;
7) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар бөлімшелерін, мемлекетік ветеринариялық ұйымдарды, жергілікті атқарушы органдармен құрылған мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына хабардар етеді:
жаңадан сатып алынған жануар, алынған төл, оның сойылғаны мен сатылғаны туралы;
бiрнеше жануарлар өлген, бiр мезгiлде ауырған немесе олардың жүріс-тұрысы әдеттегіден өзгерген жағдайлар туралы хабардар ету және ветеринария саласындағы мамандары, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар және мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер келгенге дейін ауру деп күдік туындаған жануарларды оқшаулап ұстау жөнiнде шара қолдануды;
8) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өз жануарларын уақтылы вакцинациялауды және олардың диагностикасын;
9) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы мен мемлекеттік ветеринарлық дәрігерге орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ветеринариялық тексеріп қарау үшiн кедергiсiз беруді;
10) өткiзу үшiн сойылатын жануарды союдың алдында ветеринариялық тексеру жүргiзбей союға және сойғаннан кейiн ұшалары мен органдарына ветеринариялық-санитариялық сараптама жасамай өткiзуге жол бермеуді;
11) кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын ет өңдейтін кәсіпорындарда, сою пункттерінде немесе ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарында союды Заңның 8-бабының 46-2) тармақшаларына сәйкес уәкілетті органмен бекітілген тәртіппен жүргізуді;
12) "Жануарларды карантиндеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 7-1/700 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізімінде № 10223 тіркелген) бекітілген тәртіппен жануарларды карантиндейді;
13) жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, тамақ өнімін, жемшөп, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттаманы "Жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттаманы келісу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 7-1/625бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10298 тіркелген) бекітілген тәртіппен келісуді қамтамасыз етеді.
8-параграф.
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын)
объектілерді
өсiретiн, дайындайтын,
сақтайтын, өңдейтiн, өткiзетiн
немесе
пайдаланатын, сондай-ақ
ветеринария саласындағы ғылыми
қызметтi
жүзеге асыратын жеке және
заңды тұлғалардың аумағына,
өндiрiстiк
ғимараттары мен қызметiне қойылатын
талаптар
19. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсiретiн, дайындайтын, сақтайтын, өңдейтiн, өткiзетiн немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумағына, өндiрiстiк ғимараттары мен қызметiне қойылатын талаптар Заңның 8 бабының 46-1), 46-2), 46-3) тармақшаларына сәйкес белгіленеді.
20. Жануарларды пайдалану рәсiмдерiн, сондай-ақ ветеринария саласындағы ғылыми зерттеулер жүргiзiлетiн үй-жайлар мен аумақтарды қоса алғанда, ветеринария саласындағы ғылыми зерттеулер Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сай болуы қажет.
21 Ғылыми зерттеулер нәтижесiнде әзiрленген немесе жетiлдiрiлген ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының ветеринариялық нормативтерге сәйкестiгiн анықтау мақсатында олар "Ветеринариялық препарат пен жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 7-1/611 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10287 тіркелген) белгіленген тәртіппен байқаудан өткізілуге тиіс.
Микроорганизмдердiң штаммдары Қазақстан Республикасында бар, сондай-ақ жануарлар ауруларының диагностикасы кезiнде ғылыми зерттеулер нәтижесiнде алынған штаммдары ветеринарияда пайдаланылатын сақтаулы микроорганизмдер штаммдарының Ұлттық коллекциясында сақталуға тиiс.
22. Ішкі сауда объектілерінде тамақ өнімін сатып алған кезде сатып алушылардың (кәсіпкерлердің) ішкі сауда объектілерінің ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханаларында онда сатып алынған тамақ өнімінің күнін, түрін және мөлшерін сатып алушының (кәсіпкерлердің) тегін, атын әкесінің атын (бар болса), тамақ өнімінің межелі объектісін көрсете отырып, сатып алынған өнімнің қауіпсіздігін растайтын сараптама актісінің көшірмесін (сынақ хаттамасын) алуына жол беріледі. Сараптама актісінің (сынақ хаттамасының) көшірмесі ветеринариялық–санитариялық сараптаманы жүргізген уәкілетті адамның қолымен және ішкі сауда объектісінің сараптама зертханасының мөрімен расталады.
9-параграф.
Мал айдалатын жолдарға, маршруттарға,
мал
жайылымдары мен суаттардың
аумақтарына қойылатын талаптар
23. Ауыл шаруашылығы жануарларын тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттарын (мал айдау жолдарын) Заңның 21 бабының 3 тармағына сәйкес тиiстi әкімшілік – аумақтың бірліктердің бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторларымен келiсім бойынша аудандардың (республикалық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары айқындайды.
Жануарларды маусымдық жайылымдарға, ет өңдеуші кәсіпорындары мен мал сатып алу орындарына айдап апару үшiн ұзақ мерзiмдi пайдаланылатын мал айдау жолдарына, айдалатын малдың жолдағы азығын қамтамасыз ететiн мөлшерде жер пайдалану шекарасының бойындағы жайылымдық алқаптардан жер учаскелерi берiледi.
Бiр ауданның шегiнде мал айдауға арналған ұзақ мерзiмдi пайдаланылатын мал айдау жолдарына жер учаскелерiн аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары бередi.
Бiрнеше ауданның аумағы арқылы мал айдау үшiн мал айдайтын жолдарға жер учаскелерiн беру туралы шешiмдi облыстың жергілікті атқарушы органы қабылдайды. 24. Ұзақ мерзiмдi пайдаланылатын мал айдайтын жолдардың жер пайдаланушылары болып табылатын адамдар құдықтар мен малды суаруға және малды дамылдатуға арналған алаңдар, экологиялық талаптардың сақталуын және жолдардың қалыпты пайдаланылуын қамтамасыз ететiн құрылыстар мен ғимараттар салады, айдалатын малды белгіленген тәртіппен және ветеринария саласындағы уәкілетті органмен келісілген мерзімдерде кедергiсiз өткiзеді.
Негізгі әдебиеттер:
1. Тілеуғали Т., Қырықбайұлы С., Малдәрігерлік санитарлық сараптау және мал шаруашылығы өнімдерінің технологиясы мен стандарттау негіздері, Алматы: 1998
2. Горегляд Х.С., Макаров В.А., Чеботарев И.Г., Шаблой В.Я., Кожемякин Н.Г., Коряжиев В.П. Малдәрігерлік санитарлық сараптау және мал шаруашылық өнімдерінің технологиялық негіздері.
3. Макаров В.А., Боровков М.Р., Малдәрігерлік санитарлық сараптау практикумы.
4. Қазақстан Республикасының ветеринариялық заңнамасы. Астана 2005ж
5. Мал дәрігерлік-санитарлық сараптау және мал шаруашылығы өнімдерінің технологиясы мен стандарттау негіздері. Т.Тілеуғали, С.Қырықбаев. Алматы: Бастау, 1998ж

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген