400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 25 материал табылды

Ішкi энергия, ішкi энергияны өзгерту тәсiлдерi.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ішкi энергия, ішкi энергияны өзгерту тәсiлдерi. ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Жылу құбылыстары

Мектеп


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Ішкi энергия, ішкi энергияны өзгерту тәсiлдерi.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

8.3.2.1 Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдеріне сипаттама беру .

Сабақтың мақсаты

Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдеріне мысалдар келтіріп, өмірде қолдануға үйрету.

Бағалау критерийі

1.Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдеріне мысалдар келтіріп, өмірде қолдануын түсіндіреді.

2. Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдеріне эксперимент құрастырады.

Тілдік мақсаттар

Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдерітуралы білетіндерінортаға салады. Жеке пікірлерімен бөлісіп, өз ойларын дамыта отырып,ауызша және жазбаша түрде талқылай алады.

Құндылықтарға баулу

«Мәнгілік Ел» жалпы ұлттық идеясының Жалпыға бірдей еңбек құндылығымен баулу.

Бір-бірлерін тындай білу, түсіну, ойларымен бөлісіп қана қоймай ынтымақтастық құндылығын дамыту. Еңбек және шығармашылық құндылығын өз еркімен жасау, талпыныста болу, тәжірибе жасау, басқалардың жұмысына әділ баға беру.

Пәнаралық байланыс

Химия,математика

Алдыңғы білім

Заттар, молекулалар, атомдар, жылулық қозғалыс, температураның жылдамдыққа тәуелдігі, жылу алмасу, потенциалдық және кинетикалық энергиялар, энергияның сақталу және айналу заңы.


Қысқа мерзімді жоспар













Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Жаттығулар бойынша жазылым

Ресурстар

Сабақтың басы

(7 мин)










Ұйымдастыру кезеңі:

(2 мин)

  • «Шаттық шеңбер» оқушылар бір бірлеріне жақсы тілек білдіру арқылы жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.

  • Түрлі-түсті стикерлер арқылы 5 топқа бөлінеді.

Үй тапсырмасын тексеру.

(G) Топтық тапсырма(Миға шабуыл)(5 мин)

«Конверттегі сұрақ» әдісі. Оқушыларға өтілген тақырыпқа қатысты сұрақтар беріледі. Талқыланған тақырыпты смайликпен бағалайды

1.Жылу алмасу деген қандай процесс аталады?(1 топ)

2. Жылулық тепе-теңдік дегеніміз не? (2 топ)

3. Цельсий шкаласы қалай есептеледі ? Цельсий шкаласында температураның өлшем бірлігі қандай ? (3 топ)

4. Температураның абсолюттік шкаласы қандай ? Абсолют температураның өлшем бірлігін ата ? (4 топ)

5. Абсолют температура мен молекулалардың ретсіз қозғалысының орташа кинетикалық энергиясы арасында қандай байланыс бар?(5 топ)


Оқушыларды жұмысқа жұмылдыру үшін психологиялық ахуал тудырады.

Түрлі-түсті стикерлер арқылы 5 топқа бөлінеді.


Әр топ бір конверттен таңдап, өткен тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап береді. Оқушылар білімдерін тиянақтайды .


«Білім ағашы» арқылы бағалау.







Интербелсенді тақта





Сабақтың ортасы

(29 мин)


(W)Тапсырма 1. «Ой қозғау» стратегиясы.(2 мин)


(D) Эксперимент: Қорғасын тақта бетінен h биіктікке қорғасын шарды котеріп, құлатамын.

Оқушыларға сұрақ:Не тұжырымдадыңыздар ? Денені көтергенде және оның жерге құлауы кезінде энергия қалай өзгереді ? Бұл жағдайда энергияның сақталу заңы ауысама? Ауыспаса , қандай энергияға айналады?

Ендеше бүгінгі біздің жаңа тақырыбымыз «Ішкi энергия, ішкi энергияны өзгерту тәсiлдерi»

Ішкi энергия дегеніміз не?Оның өзгеру тәсілдері қандай? – деген сұрақтарға жауап беру үшін топта бірлесе отырып, тапсырмаларды орындаймыз.


(G) Тапсырма 2. «Мозайка» әдісі бойынша топтық жұмыс:

(15 мин)

Әр топқа берілетін тапсырмалар:

1-топ: «Энергиялардың бір түрден екінші түрге айналуын сипаттаңдар».

2-топ: «Ішкі энергияға сипаттама беріңдер».

3-топ: «Ішкі энергияның механикалық жұмыс арқылы өзгеруін сипаттаңдар».

4-топ: «Ішкі энергияның жылу берілу арқылы өзгеруін сипаттаңдар».

5-топ: Эксперименттік тапсырма құрастырыңдар: «Жұмыс істеу арқылы ішкі энергияның өзгеруін зерттеу». Құрал-жабдықтар: екі бірдей болат шар, жалпақ тас, құмы бар жәшік. Эксперимент өткізу кезінде қaуіпсіздік eрeжeлeрін сaқтaңдар.

Кері байланыс: «Білім қоржыны»

материалды меңгеру дәрежеңізді бағалаңыз:

Қызыл- өте жақсы түсіндім,қызықты болды

Көк-мен сабақты жақсы түсіндім.

Сары –тақырып бойынша әліде ізденуім ккерек.





Сергіту сәті : От шашу (2 мин).



(G) Тапсырма 3. Топтық жұмыс «Aқиқaт-жaлғaн» әдісі арқылы оқушылардың алған білім деңгейлерін тексеру:

(5мин)

Тапсырмалар

Aқиқaт

Жaлғaн

Жүйенің ішкі энергиясын өзгеруінің екі тәсілі бар: қоршаған денелермен жылу алмасу және механикалық жұмыс істеу.


Барлық жылулық процестер заттың ішкі энергиясының өзгеруіне байланысты емес.


Егеумен өндеген кезде тетік жылу берілу тәсілімен қызады.


Шәугімді ыстық пешке қойғанда жылу берілу арқылы оның ішкі энергиясы артады.


Балоннан ауа сорып алса, оның ішіндегі қалған ауаның ішкі энергиясы кемиді.



Кері байланыс: стикерлер арқылы (жасыл-түсіндім, сары-көмек қажет).


(I) Тапсырма 4.Мини-тест «Мaғaн көрсeт»әдісі бoйынша тeксeрeді.

(5 мин )

1. Ішкі энергия дегеніміз ...

А)денені құрайтын бөлшектердің ретсіз қозғалысының энергиясы

B)денені құрайтын бөлшектердің өзара әрекеттесу энергиясы

C)денені құрайтын бөлшектердің ретсіз қозғалысының және өзара әрекеттесуінің энергиясы

2. Ішкі энергияның өлшем бірлігі

А) Дж

B)Вт

C)Н

3.Дененің температурасы артса, ішкі энергия

А) артады

B)кемиді

C)өзгермейді

4. Арқанға жабысып тез сырғанап түскен кезде, қолдың күйіп қалатыны

А) жылу берілу арқылы ішкі энергиясы артады

B) механикалық жұмыс істелгенде ішкі энергиясы артады

C)механикалық энегиясы артады

5. Ыстық шайға батырылған суық қасықтың қызуы

А) жылу берілу арқылы ішкі энергиясы артады

B) механикалық жұмыс істелгенде ішкі энергиясы артады

C)механикалық энегиясы артады

6. Механикалық жұмыс істеу арқылы мыс сым тез қызады

1) темір төске қойып соққыласа

2) белгілі бір жерінен ерсіл-қарсылы тез майыстырса

А) 1,2

B)1

C)2

Неліктен?

Түсіндіріңдер:________________________________________________________________________________________________________________________


Оқушылар экспериментті бақылайды, сұрақтарға жауап береді. Нәтижесінде сабақтың тақырыбы тағайындалады, оқушылар сабақтын мақсатын айтады.


«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау

Үлкен бармақ жоғары – дұрыс, төмен – қате.



Тақырыптарды бес топқа бөліп,оқулықта берілген мәтінді оқиды, топпен бірлесе талқылайды.Содан кейін, бір топқа әр топтың бір-бір оқушысынан жиналып, әр топтың өкілі өз тақырыбын түсіндіреді. Сонда, оқушы барлық 5 тақырыпты толықтай қамтиды.

Оқушылар «Білім қоржыны» арқылы тақырыпты меңгеру дәрежесін бағалайды.

«Жарaйсың», «жaқсы», «өте жaқсы» деген мaдақтaу сөздeр aрқылы бaғaлaу.


Сергіту сәтін жасайды.



Оқушылaр бeрілгeн кeстe бoйыншa дұрыс нeмeсe дұрыс емeс жaуaбын бeлгілeйді.







«Жарaйсың», «жaқсы», «өте жaқсы» деген ынталандыру сөздeр aрқылы бaғaлaу.





Тест құрастырады, дәптерлерін ауыстырып бірін-бірі тексереді.Балдарын санайды. Қатемен жұмыс жасап, жауаптарын талқылайды.












«Смайликтер» арқылы бағаланады.

Қорғасын тақтай, қорғасын шар.












Карточкалар














А-4 форматты қағаз.





Мадақтау.










Интeрбeлсeнді тaқтa.












Мадақтау.





A-4 форматты қағаз.


Жауаптар интeрбeлсeнді тaқтaда беріледі.
























Сабақтың соңы

(4 мин)


«Менің сабақтағы әсерім» әдісі






«Өрмекші торы »әдісі.

Әр оқушыға жіп лақтырып, ішкі энергияның жылу берілу тәсіліне мысал келтіруын сұраймын. Келтірілген мысалдарды атағаннан кейін жылу берілудің үш түрлеріне бөліп, келесі сабақтың тақырыбына шығамын «Жылуөткізгіштік. Конвекция. Сәуле шығару»


Үй тапсырмасы:§3,4. №2 эксперименттік тапсырманы орындау.


Оқушылар рефлексия жасайды.

А-4 форматты қағаз






Оқулық «Физика 8»

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау- Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

  1. «Ой қозғау» стратегиясы.Эксперимент арқылы жаңа тақырыпқа шығу.

  2. «Мoзайкa» әдісі. Оқушылар топта бірлесе отырып берілген тақырыптарды талқылау арқылыөздігінен жаңа тақырыпты меңгереді. Қабілетті оқушыларға күрделенген тапсырма беріледі.

  3. «Aқиқaт-жaлғaн»әдісі. Деңгейленген тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың алған білімдері тексеріледі.

  4. «Мaғaн көрсeт» әдісі.Оқу мақсаттарына қаншалықты жеткендігі анықталады. Тест тaпсырмaлары мaқсaтқа сaй оңaйынан күрделіге қарай сараланып құрастырылады.

  1. Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру үшін «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау.


  1. «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау.


  1. Оқушылaрдың жұмыстарын бaқылап, «жарaйсын», «жaқсы», «өте жaқсы» деген ынталандыру сөздeр aрқылы бaғaлaу. «Білім ағашы» арқылы оқушылар өздерінің тақырыпты меңгеру дәрежесін бағалау жүргізеді.

  2. «Жарaйсың», «жaқсы», «өте жaқсы» деген ынталандыру сөздeр aрқылы бaғaлaу.


  1. Құрaстырылғaн дeскриптoр бoйынша оқушылар бірін-бірі смайликтер арқылы бағалау.


  1. «Менің сабақтағы әсерім» бойынша рефлексия жасау.

Физикa сaбaғындa қaуіпсіздік eрeжeлeрін сaқтaу. Іс-әрeкeт түрлерін ауыстыру. Сeргіту сәтін өткізу.

Сабақ бойынша рефлексия






Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді ( оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері, қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет
























Қосымша 1

Сабақ тақырыбы

Ішкi энергия, ішкi энергияны өзгерту тәсiлдерi.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.2.1 Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдерін сипаттау.


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдерін сипаттау.

Оқушылардың көбі:дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдеріне мысалдар келтіріп, өмірде қолдануын түсіндіру

Кейбір оқушылар:дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдеріне эксперимент құрастыру.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Түсіну, қолдану.

Сабақ критерийлері

Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдерін сипаттайды.


Тапсырма №1

«Ой қозғау» стратегиясы.


Эксперимент: Қорғасын тақтаның бетінен h биіктікке қорғасын шарды котеріп, құлатамын.

Оқушыларға сұрақ:Не тұжырымдадыңыздар ?Бұл жағдайда энергияның сақталу заңы ауыстыма ? Ауыспаса, қандай энергияға айналады?


Бағалау критерийі

Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдерін сипаттайды.

Дескриптор

  1. Жүріп жатқан экспериментті бақылады.

  2. Эксперимент сұрақтарына жауап берді:

а) энергияның сақталу заңы бұзылмайды;

ә) ішкі энергияға айналады.










Қосымша 2

Сабақ тақырыбы

Ішкi энергия, ішкi энергияны өзгерту тәсiлдерi.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.2.1 Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдеріне сипаттама беру.


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдерін сипаттау.

Оқушылардың көбі:дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдеріне мысалдар келтіріп, өмірде қолдануын түсіндіру.

Кейбір оқушылар:дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдеріне эксперимент құрастыру.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Түсіну, қолдану, талдау.

Сабақ критерийлері

1.Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдерін сипаттайды.

2.Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдеріне мысалдар келтіріп, өмірде қолдануын түсіндіреді.

3. Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдеріне эксперимент құрастыра алады.


Тапсырма №2

«Мозайка» әдісі

Әр топқа берілетін тапсырмалар:

1-топ: «Энергиялардың бір түрден екінші түрге айналуын сипаттаңдар».

2-топ: «Ішкі энергияны сипаттаңдар».

3-топ: «Ішкі энергияның механикалық жұмыс арқылы өзгеруін сипаттаңдар».

4-топ: «Ішкі энергияның жылу берілу арқылы өзгеруін сипаттаңдар».

5-топ: Эксперименттік тапсырма құрастырыңдар: «Жұмыс істеу арқылы ішкі энергияның өзгеруін зерттеу». Құрал-жабдықтар: екі бірдей болат шар, жалпақ тас, құмы бар жәшік. Эксперимент өткізу кезінде қaуіпсіздік eрeжeлeрін сaқтaңдар.

Тақырыптарды бес топқа бөліп,оқулықтаберілген мәтінді оқиды, топпен бірлесеталқылайды. Содан кейін, бір топқа әр топтың бір-бір оқушысынан жиналып, әр топтың өкілі өз тақырыбын түсіндіреді. Сонда, оқушы барлық 5 тақырыпты толықтай қамтиды.


Бағалау критерийі

1. Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдерін сипаттайды.

Дескриптор

  1. Берілген тақырыптың мәтінін оқып, түсінді.

  2. Топта отырған оқушыларға берілген тақырыпты түсіндірді.

  3. Түсінгенін талдай алды.

2.Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдеріне мысалдар келтіріп, өмірде қолдануын түсіндіреді.


  1. Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдерін ажыратып, сипаттады.

  2. Күнделікті өмірде кездесетінмысалдарды түсіндірді.


Қосымша 3

Сабақ тақырыбы

Ішкi энергия, ішкi энергияны өзгерту тәсiлдерi.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.2.1 Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдеріне сипаттама беру.


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдерін сипаттау.

Оқушылардың көбі:дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдеріне мысалдар келтіріп, өмірде қолдануын түсіндіру.

Кейбір оқушылар:дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдеріне эксперимент құрастыру.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Түсіну, қолдану, талдау

Сабақ критерийлері

Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдеріне мысалдар келтіріп, өмірде қолдануын түсіндіреді.


Тапсырма №3

Тапсырма 3.G- Топтық жұмыс «Aқиқaт-жaлғaн» әдісі


Сұрaқтaр

Aқиқaт

Жaлғaн

Жүйенің ішкі энергиясын өзгертудың екі тәсілі бар: қоршаған денелермен жылу алмасу және механикалық жұмыс істеу.


Барлық жылулық процестер заттың ішкі энергиясының өзгеруіне байланысты емес


Егеумен өндеген кезде тетік жылу берілу тәсілімен қызады


Шәугімді ыстық пешке қойғанда жылу берілу арқылы оның ішкі энергиясы артады


Балоннан ауа сорып алса, оның ішіндегі қалған ауаның ішкі энергиясы кемиді



Бағалау критерийі

Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдеріне мысалдар келтіріп, өмірде қолдануын түсіндіреді.


Дескриптор

Дененің ішкі энергиясын қоршаған денелермен жылу алмасу және механикалық жұмыс істеу арқылы өзгеретінін түсінді.

Барлық жылулық процестер заттың ішкі энергиясының өзгеруіне байланысты екенін анықтады.

  1. Егеумен өндеген кезде тетік механикалық жұмыс істеу арқылы тәсілімен қызады екенін түсінді.

  2. Шәугімді ыстық пешке қойғанда жылу берілу арқылы оның ішкі энергиясы артатынын түсінді.

  3. Балоннан ауа сорып алса, оның ішіндегі қалған ауаның ішкі энергиясы кемитінін анықтады.




Қосымша 4

Сабақ тақырыбы

Ішкi энергия, ішкi энергияны өзгерту тәсiлдерi.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.2.1 Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдерін сипаттау.


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдерін сипаттау.

Оқушылардың көбі:дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдеріне мысалдар келтіріп, өмірде қолдануын түсіндіру.

Кейбір оқушылар:дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдеріне эксперимент құрастыру.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Түсіну, қолдану, талдау, жинақтау

Сабақ критерийлері

1. Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдерін сипаттайды.

2.Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдеріне мысалдар келтіріп, өмірде қолдануын түсіндіреді.


Тапсырма №4

Тапсырма 4.Мини-тест «Маған көрсет»әдісі бойынша тексереді.


1. Ішкі энергия- бұл...

А)денені құрайтын бөлшектердің ретсіз қозғалысының энергиясы

B)денені құрайтын бөлшектердің өзара әрекеттесу энергиясы

C)денені құрайтын бөлшектердің ретсіз қозғалысының және өзара әрекеттесуінің энергиясы

2. Ішкі энергияның өлшем бірлігі

А) Дж

B)Вт

C)Н

3. Дененің температурасы артса, ішкі энергияның өзгеруі

А) артады

B)кемиді

C)өзгермейді

4. Арқанға жабысып тез сырғанап түскен кезде, қолдың күйіп қалатыны

А) жылу берілу арқылы ішкі энергиясы артады

B) механикалық жұмыс істелгенде ішкі энергиясы артады

C)механикалық энегиясы артады

5. Ыстық шайға салған суық қасықтың қызуы

А) жылу берілу арқылы ішкі энергиясы артады

B) механикалық жұмыс істелгенде ішкі энергиясы артады

C)механикалық энегиясы артады

6. Механикалық жұмыс істеу арқылы мыс сым тез қызады:

1) темір төске қойып соққыласа

2) белгілі бір жерінен ерсіл-қарсылы тез майыстырса

А) 1,2

B)1

C)2

Неліктен? Түсіндіріңдер:______________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________


Бағалау критерийі


1. Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдерін сипаттайды.



Дескриптор

  1. Денені құрайтын бөлшектердің ретсіз қозғалысының және өзара әрекеттесуінің энергиясы - ішкі энергитя екенін анықтады.

  2. Джоуль (Дж) – ішкі энергияның өлшем бірлігі екенін белгіледі.

  3. Дененің температурасы артса, ішкі энергияның өзгеретінін сипаттады.



2.Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдеріне мысалдар келтіріп, өмірде қолдануын түсіндіреді.


  1. Механикалық жұмыс істеу арқылы тетіктің ішкі энергиясы артатынын белгіледі.

  2. Ыстық шайға салған суық қасықтың қызуы жылу берілу тәсілі екенін дұрыс таңдады.

  3. Механикалық жұмыс істеу арқылы мыс сымның тез қызуын анықтады.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
27.03.2019
791
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі