400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 25 материал табылды

Ішкі энергия. Ішкі энергияны өзгерту тәсілдерін сипаттау

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық оқушылар: Ішкі энергияны біледі, оны өзгерту тәсілдерін сипаттайды Оқушылардың басым бөлігі: Ішкі энергияны механикалық энергиядан ажыратады Кейбір оқушылар: Ішкі энергияның өзгеру тәсіліне кем дегенде 5 мысал келтіреді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


Мектеп: Ғани Мұратбаев атындағы №17 орта мектеп

Сабақ тақырыбы: Ішкі энергия. Ішкі энергияны өзгерту тәсілдерін сипаттау.


Күні

Мұғалімнің аты – жөні: Азмуратова Айгуль


Сынып: 8

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны


Сабаққа негізделген оқу мақсаты


8.3.2.1-дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдерін сипаттау

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Ішкі энергияны біледі, оны өзгерту тәсілдерін сипаттайды

Оқушылардың басым бөлігі: Ішкі энергияны механикалық энергиядан ажыратады

Кейбір оқушылар: Ішкі энергияның өзгеру тәсіліне кем дегенде 5 мысал келтіреді.

Бағалау критерийлері:

(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)


Ішкі энергияның анықтамасын біледі. Ішкі энергияның өзгерту тәсілдерін сипаттайды, мысал келтіреді.


Тілдік мақсаттар

Тілдік дағдылар: Оқушылар мәтінді оқиды (оқылым).

Анықтамасын, формуласын жазады (жазылым).

Ішкі энергияға байланысты бейнежазба көреді (тыңдалым).

Тақырыпқа сай мысалдар келтіре алады (айтылым).


Терминология: Ішкі энергия, механикалық энергия, кинетикалық энергия, потенциалдық энергия, температура, жылу берілу, механикалық жұмыс


Сөз тіркестері: Ішкі энергия дегеніміз не?

Ішкі энергияның өзгеру тәсілдері...

Денемен жұмыс жасаған кезде оның ішкі энергиясы...

Жылу алмасу дегеніміз не?


Құндылықтарды дарыту

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы: Еңбек және шығармашылық, ынтымақтастық, өмір бойы білім алу


Пәнаралық байланыстар

Химия. Сабақты баяндауда және сабақ барысында қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілдерінде сауатты сөйлеуді қадағалау.


АКТ қолдану дағдылары

Презентация, электронды оқулық


Алдыңғы оқу/ Бас тапқы білім

Энергия. Механикалық энергия. Кинетикалық энергия. Потенциалдық энергия


Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу.

Шеңбер жасап ортада тұрады. Шаттық шеңберін құру, «Жүректен жүрекке» әдісі бойынша бір-біріне жылы лебіздер айтады.

Топқа бөлу. «Пазл» әдісі арқылы 3 топқа бөлінеді.

1-топ: «Ішкі энергия»,

2-топ: «Кинетикалық энергия»,

3-топ: «Потенциалдық энергия»


Үй тапсырмасын сұрау. "Физикалық лото" оқушылар ұяшықты таңдау арқылы ұяшықта жасырылған сұрақтарға жауап береді

1-ұяшық. Температура қандай мағына береді?

2-ұяшық. Термометр дегеніміз не?

3-ұяшық. Температура қандай физикалық шама?

4-ұяшық. Медициналық термометрдің құрылысы мен зертханалық термомертден айырмашылығы қандай?

5-ұяшық. Жылулық тепе-теңдік дегеніміз не?

6-ұяшық. Температура шкалалары

7-ұяшық. Цельсий шкаласын Кельвин шкаласына аудару формуласы

8-ұяшық. Келбвин шкаласын Цельсий шкаласына аудару формуласы

9-ұяшық. Табиғаттағы ең төменгі шекті температура


Қалыптастырушы бағалау: «Оқушылардың бағалауы»әдісі арқылы

Кері байланыс: Үй тапсырмасынан түсінбеген сұрақтарыныз болды ма?

Қызығушылық ояту.

- Оқушылар алдыңыздағы, жан-жағыңыздағы, бөлмедегі заттарды қолдарыңызбен ұстап көріңіздер.

- Сұрақ: Не байқадыңыздар?- Бөлменің температурасы қандай?- Неге ол заттардың температуралары әр түрлі болып сезіледі?- Не себептен деп ойлайсыздар?


8-сынып Электронды оқулық. Ішкі энергия тақырыбындағы бейнежазба көрсетіледі


Мұғалім мәліметі:

Дененің барлық молекулаларының жылулық қозғалысының кинетикалық энергиясы мен өзара әрекеттесуінің потенциалдық энергиясының қосындысын дененің ішкі энергиясы деп атайды.

Дененің толық энергиясын емес, ішкі энергиясының өзгерісін ғана өлшеуге болады. Дене қатты, сұйық және газ тәрізді күйде ме, әлде тұтас немесе майда ұнтақталған ба – бәрібір дененің ішкі энергиясы оның температурасына байланысты.


Жүрек пішінді үлестірмелі қағаздар

Пазлдар



Слайд





















Бейнежазба

Электронды оқулық

Ортасы

Топтық жұмыс. "Ғажайып көрме" әдісі. Топ 6 адамнан құралады, сұрақтар белгілі бір фрагменттерге бөлінеді, әр оқушы немесе топ сол сұрақты қарастырады, жалпылама түрде белгіленген келесі топтың сұрағымен танысады.

1-топ. Ішкі энергия

2-топ. Механикалық жұмыс - ішкі энергияны өзгерту тәсілі

3-топ. Жылу берілу - ішкі энергияны өзгерту тәсілі


ҚБ: « Әткеншек» әдісі арқылы топ бірін-бірі бағалайды.

Кері байланыс: Тапсырма орындау барысында қандай қиындықтар болды?


Жұптық жұмыс. «Зерделеу және зерттеу» әдісі

Тиынды ағашқа үйкеген кездегі оның ішкі энергиясының өзгеруінің үйкеліс күшінің шамасына және жүрілген жолға тәуелділігін зерттеңдер. Жүрілген жолды өлшеу үшін, алдын ала белгіленген бөлікте тиынды ары-бері үйкеңдер. Тиынға түсірілген қысым күшін арттыру немесе кеміту арқылы үйкеліс күшін өзгертуге болады. Қорытынды жасаңдар: алынған нәтиже теорияны дәлелдей ма?


ҚБ: Жапондық бағалау әдісі арқылы жұптық бағалау

Кері байланыс.


Жеке жұмыс. «Сиқырлы сандық» әдісі

1-тапсырма. . Ішкі энергияны өзгертудің бір тәсілі суретте көрсетілген. Колба ішінде ауа бар.

а) Ішкі энергияның өзгерту тәсілін атап көрсетіңіз

б) Колба ішіндегі ауаның ішкі энергиясын өзгертудің тағы бір жолын жазыңыз


2-тапсырма. Венн диаграммасын құрып, дененің ішкі энергиясын механикалық энергиямен салыстырыңдар.

DrawObject2 DrawObject3 DrawObject1






3-тапсырма. "Кестені толтыр"

Келтірілген мысалдардан ішкі энергиясы кемитін және ішкі энергиясы артатын денелерді көрсетіңдер.

1.Ыстық кір тасын суық су құйылған стақанға салдық

2.Ыстық көмірдің үстіне қорғасын тілімдерін қойдық

3.Шай қасықты қайнаған су құйылған стақанға салдық

4.Қолымызда бір түйір мұз бар

5.Жартылай ыстық суы бар шелекке суық су еселеп құйдық



Ішкі энергиясы кемитін дене

Ішкі энергиясы артатын дене

1



2



3



4



5




4. Ішкі энергияның өзгерту тәсілдеріне мысал келтір

(кемінде 5 мысал)


Бағалау критерийі

Тапсырма

Дискриптор

Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдерін

сипаттайды


№1

дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілін сипаттайды

№2

дененің ішкі энергиясын механикалық энергиямен салыстырады

№3

- ішкі энергиясы кемитін денелерді анықтайды

- ішкі энергиясы артатын денелерді анықтайды


№4

- ішкі энергияның өзгеру тәсіліне 5 мысал келтіреді




Кері байланыс: Оқушылардың орындаған жұмыстарының нәтижесі бойынша ауызша кері байланыс беремін.


Плакат, маркер






















Үлестірме қағаздар


Аяқталуы



Кері байланыс. «Кемпірқосақ» әдісі арқылы



Үйге тапсырма:

Ішкі энергияны арттыра да, кеміте де алатын ішкі энергияны өзгерту тәсілдерінің әрқайсысына кемінде 4 мысалдан келтіріңдер.


Стикерлер

Қосымша ақпарат


Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?

«Пазл» әдісі бойынша оқушыларды 3 топқа бөлемін. Бұл әдіс жаңа топтар үшін «мұзжарғыш» ретінде, командалық тапсырма, ақпарат жинақтау құралы ретінде, белгілі бір тақырыпқа кіріспе немесе алдағы жоспарлау, шешім қабылдау немесе егжей-тегжейлі пікірталас жүргізуге түрткі болатын, жетелейтін алғашқы қадам ретінде қолданылуы мүмкін. Ол сабақтың қызықты өтуіне ықпал етіп, балалардың оқуға деген ынтасын арттыруға көмектеседі

"Физикалық лото" әдісін пайдаланамын оқушылар өткен сабақтар бойынша ұяшық таңдап сұрақтарға жауап береді.Бұл жерде ұжымдық жұмыста оқушыларға өзара қолдау, көмек көрсету жүзеге асырылады.

2. "Ғажайып көрме" әдісі бойынша жаңа сабақты оқулықтан оқып өз орталарында топтарында талқылайды. Постер қорғайды.Бұл жерде саралаудың тапсырма тәсілі орындалады.

3. “Зерделеу және зерттеу” әдісі бойынша жұптаса отырып зерттеу жұмысын жүргізеді. Бір-бірінің тапсырмаларын алмастырып тексереді. Бұл жерде бағалау, қорытынды тәсілі жүреді, зерттеу дағдылары қалыптасады.


4. "Сиқырлы сандық" әдісі бойынша деңгейлік тапсырмалар беру арқылы саралап оқыту әдісін қолданамын.

Ерекше дайындықты қажет ететін оқушылар үшін қарапайым сұрақтар, қолжетімді тапсырмалар дайындалды.

Кері байланыс «Кемпірқосақ»

Бұл жерде жіктеу, қорытынды, бағалау тәсілдері жүреді.

Тақтадағы кемпірқосақ суретіне өз есімдері жазылған стикерлерді желімдейді. Олар ең төмендегі қызыл түстен ең жоғары орналасқан күлгін түске стикерлерді желімдеу арқылы өздерінің сабақтағы түсінік (немесе көңіл-күй) деңгейін білдіреді.

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз?

1. «Оқушылардың бағалауы» әдісі арқылы бағаланады

2. «Әткеншек» әдісі арқылы топ бірін-бірі бағалайды.

3. «Жапондық бағалау» әдісі арқылы жұптық бағалау

4. Дайын жауап үлгісі бойынша өзін-өзі бағалау

5. Қалыптастырушы бағалау (мадақтау) жеке жұмысты бағалау критерийі, дескриптор

Оқушыларды материалды игеру деңгейін анықтау мақсатында тапсырма орындау барысында тиімді кері байланыс беріп отырамын.


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Қорытынды бағамдау


Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

1.

2.












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
4 қараша
8403
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі