400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ішкі энергия және энтальпия

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бөлім:

Термодинамикаға кіріспе

Педагогтің аты-жөні

Каумбаев С.А

Күні:

16.11.2020

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ішкі энергия және энтальпия.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

10.3.1.1 ішкі энергия және энтальпия өзгерістер жылу эффектісі болып табылатындығын түсіну;

10.3.1.2 химиялық реакциялар - байланыстардың үзілуі мен жаңа байланыстардың түзілу процесін қамтитындығын түсіну;

Сабақтың мақсаты



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Танысу

Жағымды ахуал қалыптастыру.

Сәлемдесу.

Жаңа сабақ. Мұғалімнің түсіндіруі

  • Термодинамика – тепе-теңдік жүйелерде және тепе-теңдікке ауысу кезіндегі жылу мен жұмыстың өзара ауысуын зерттейтін ғылым.

  • Химиялық термодинамика – термодинамикалық әдістер химиялық құбылыстарды: химиялық реакцияларды, ерітінділердегі фазалық ауысулар мен процесстерді талдау үшін қолданылатын физикалық химияның бөлімі.

Химиялық термодинамика:

  • процестің жылу эффектісін есептеуге, соның негізінде технологиялық циклдің, сосын бүкіл өндірістің жылу балансын анықтауға;

  • өздігінен жүретін процестердің жүруінің бағыты мен толықтығын, тепе-теңдік жағдайларын, мүмкіндігін анықтауға;

  • процестің жүруінің тиімді жағдайларын және олардың сыртқы жағдайлардан, негізі температура мен қысымнан тәуелділігінің өзгерісін қарастыруға мүмкіндік береді.

Қоршаған орта – жүйемен тікелей немесе жанама қатынаста болатынның барлығы. Қоршаған ортамен өзара әрекеттесу сипатына байланысты жүйені ашық, тұйық және оқшауланған деп ажыратады.

1.Жабық жүйе –қоршаған ортамен затымен алмасуы жоқ, бірақ энергиясымен, жұмысымен алмаса алатын жүйені айтамыз.

2.Оқшау жүйе(тұйық жүйе) - сыртқы ортамен затымен де, энергиясымен де алмасуы жоқ жүйе.

3.Ашық жүйе – бұл қоршаған ортамен энергиясымен де, затымен де алмаса алатын жүйе.

Ішкі энергияның өзгерісі (ΔU) жүйенің ішкі энергия өлшемінің соңғы (U2) және бастапқы (U1) күйінің айырымын көрсетеді:

ΔU = U2 - U1 ( 2.1)

Энтальпия (H) – бұл жүйе тұрақты қысымда болғандағы энергия, және сандық жағынан ішкі энергия U мен потенциалды энергия pV қосындысына тең.

H = U + pV ( 2.2)

Мұндағы, p –қысым, V–жүйе көлемі.

  • Энтальпия - тұрақты қысымдағы жүйенің энергиясы. Ол ішкі энергия мен потенциалдық энергияның қосындысына тең: ΔH=U+PV

Энтальпия ішкі энергия сияқты жүйенің бастапқы және соңғы күйіне ғана тәуелді:

ΔH=H баст -H соңғы=H2 – H1

Энтальпияның өлшем бірліктері- Бірліктердің Халықаралық жүйесінде (СИ) Дж өлшенеді.

Экзотермиялық процестер үшін ΔU<0; ΔH<0, ал эндотермиялық процестер үшін ΔU>0; ΔH>0

  • Ішкі энергия (U) – берілген жүйені құрайтын бөлшектердің қозғалыстары мен өзара әрекеттесулерінің барлық түрлерін қамтитын энергияның толық қоры:

  • жүйенің барлық бөлшектерінің:молекулалар, атомдар, иондар, электрондар, протондар және т.б. қозғалыс, айналу, тербеліс қимылдарының энергиясы;

  • бөлшектердің күштік өзара әрекеттесуінің энергиясы(электромагниттік, гравитациялық және т.б.);

  • энергияның мүмкін болатын басқа түрлері.

  • ∆U= U2 - U1

  • Термодинамиканың нөлінші бастамасы(термодинамикалық тепе-теңдік заңы):

Егер екі жүйенің әрқайсысы үшінші жүйемен тепе-теңдікте болса, онда осы жүйелер бір-бірімен жылулық тепе-теңдікте болады деп айтуға болады.

  • Термодинамиканың бірінші бастамасы(энергияның сақталу және айналу заңы):

Термодинамикалық жүйенің бір күйінен екінші күйіне өткенде энергия ешқайдан пайда болмайды және ешқайда жоғалып кетпейді, бір түрінен екінші түріне қатаң эквивалентті мөлшерде айналады.

Жаңа тақырыппен танысады, сұрақтар қояды.

Физикадан алған термодинамикалық білімдерін толықтырады және физика мен химияның өте жақын екендігін түсінеді.

Сұрақтарға жауап береді

Оқулық және АКТ

Салыстыру \Салғастыру

1 тапсырма .

Энергияның қандай түрлері бар, оларға мысал келтіру?

2 тапсырма.

Энтальпия өзгерісі қалай табылады?

Энергияның түрлері мен энтальпияның өзгерісін қалай есептеу туралы білім қалыптасады.

-Энергияның түрлерін біледі.

-Энергияның түрлеріне мысал келтіреді

-Энталпия ұғымын біледі

-Энтальпия өзгерісіне мысал келтіре алады

-Энтальпия өзгерісін есептей алады.

Оқулық және АКТ

Зерттеу

Кез келген химиялық реакция жүретін не жүрмейтінін химиялық реакциялардың көмегінсіз анықтауға бола ма?

Сұраққа жауап береді және термодинамика тақырыбын қандай түсінгенін ажыратуға болады.

Термодинамикалық есептеулер мен кез келген реакцияның жүретінін не жүрмейтінін айтуға болады.

Оқулық және АКТ

Жалпылау

Су және метан газдарының түзілу энтальпияларын есептеу

Есептерді шығарады және талдаймыз


-Судың түзілу энтальпиясын есептей алады

-Метанның түзілу энтальпиясын есептей алады.

Оқулық және АКТ

Рефлексия және үй тапсырмасы

Бас бармақ әдісі мен кері байланыс жасау. 1-7 тапсырма. 116 бет.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
4676
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі