400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 26 материал табылды

Ішкі энергия.Ішкі энергияны өзгертудің тәсілдері

Материал туралы қысқаша түсінік
физика 8 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы


Күні

Сабақ: 3

Сабақтың атауы

Ішкі энергия.Ішкі энергияны өзгертудің тәсілдері.

Жалпы мақсаты

Ішкі энергия. Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдері жайлы мағлұмат беру


1.Оқушылар ішкі энергияны өзгерту тәсілдерін және жылу берілу механизмін түсінеді.Заттың молекулалық негізінде олардың физикалық мәнін ашып көрсетеді ..

2.Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдері жайлы күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету

3.Топта өз-өзін және топты бағалайды.

Оқушылар үшін оқу нәтижелері


Ішкі энергия. Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдері жайлы мағлұмат алады


1.Жаңа тақырып жөнінде түсінік қалыптасады.

2.Берілген тақырыптың мағынасы мен мазмұнын түсіне отырып, тереңірек ойлауға талаптанады.

3.Оқушы өз ойын еркін түрде жеткізе және талдай отырып, өз идеяларын айта алады.

4.Бір – бірін бағалауды үйренеді


Сабақта туындаған негізгі идеялар

Берілетін ұғымдар:

  • Ішкі энергия;

  • Ішкі энергияның темпертураға байланыстылығы;

  • Дененің ішкі энергиясының химиялық реакцияларға байланыстылығы;

  • Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдері: жұмыс жасау, жылу алмасу.

Ішкі энергия деп денені құрайтын барлық бөлшектердің кинетикалық энергиясы мен осы бөлшектердің өзара әрекеттесуінің потенциалық энергиясының қосындысын айтамыз. Дененің температурасы жоғары болған сайын оның ішкі энергиясы артады.

Химиялық реакция деп нәтижесінде бір заттың құрамы мен құрылысы жағынан өзгеше болатын басқа затқа түрленуін айтады. Химиялық реакциялар өзара әрекеттесуші денелердің ішкі энергиясының өзгерісін тудырады.

Дене молекулаларының қозғалыс жылдамдығы өзгергенде, демек дененің тепмпературасы өзгергенде оның ішкі энергиясы өзгереді.

Дерек көздер және жабдықтар

Оқулықтағы тақырыпқа сай берілген материалдар.Спирт шамы,темір сым,сіріңке,қант кесегі


Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:

1-тапсырма

3 – минут






Мұғалім немен айналысады

Оқушылар немен айналысады

Ұйымдастыру сәті.

1.Оқушыларды түгендеу,шаттық шеңбер құру, психологиялық ахуал туғызу.

2. Топқа бөлу – термометрлердің өлшем бірліктеріне байланысты

1- топ: Фаренгейт


2-топ: Цельсий

3-топ: Кельвин

Шаттық шеңберін жасайды,




Оқушылар 3 топқа бөлінді


Қызығушылығын ояту

Сұрақтар береді

1.Температура дегеніміз не?









2.Кельвин шкаласынан Цельсий шкаласына айналдыратын формуланы жаз.

3. Күн бетінің температурасы 6000 К-ге дейін қызады. Осы температураны Цельсий шкаласына айналдыр?

4. Жылу алмасы дегеніміз не?

5.Суретті қысқаша түсіндір?



Ойланып,жауап береді

Біз салқын және жылы немесе ыстық денелерді анықтай аламыз, өйткені дене әр түрлі қызу қасиетіне ие бола алады. Бүл қасиетті температура деп атайды.

Т = t + 237



  • 5763





Жылу алмасу- екі дене жанасқанда, жылу берілу жолы-

мен энергияның қаттырақ қыздырыл-ған денеден азырақ қыздырылған денеге өтуі.

Сурет бойынша жауап береді





Негізгі кезең

Мағананы тану



  1. инут

Бізді қоршаған ортадағы жылулық құбылыстар - температураның өзгеруіне байланысты құбылыстар. Салқын және жылы денелер. Температура - дененің жылулық күйін сипаттайтын физикалық шама. Температура дене бөлшектерінің орташа кинетикалық энергиясының өлшеуіші. Температура скаляр шама. Жылу алмасу - екі дене жанасқанда, жылу берілу жолымен энергияның қатты қыздырылған денеден азырақ қыздырылған денеге өту процесі.
Жылулық тепе теңдік.
Жылу алмасу денелер арасында жылулық тепе - теңдік орнағанға дейін жүреді.
Дененің температурасын өлшеуге арналған құрал - термометр. Оның жұмыс істеуі денелердің жылулық ұлғаюына негізделген.
Термометр - температурасы өлшенетін денемен жылулық байланыста болатын дене.

Термометрлердің түрлері. I. Сұйық термометрлер.
а) сынапты, өлшеу шегі - 38°С - тан 260 °С - ка дейін;
б) спиртті термометр, өлшеу шегі
в) термопара (- 269 °С - тан 2300 °С - қа дейін)
г) термисторлар кедергісі температураның өзгеруіне негізделген құралдар.
2. Газды термометрлер.
Цельций шкаласы - негізгі екі нүктесі ретінде мұздың еру (0°С) және судың қайнау (100°С) температуралары алынған шкала.
Абсолют нөл температура - табиғаттағы ең төменгі шекті температура ол - 273, 15 0°С - қа тең.
Кельвин шкаласы - халықаралық бірліктер жүйесі бойынша қабылданған температураның абсолюттік термодинамикалық шкаласы. Бұл шкала бойынша есептеу - 273 0С - қа тең абсолют нөлден басталады.
1 Кельвин - Цельций шкаласы бойынша температура бірлігіне, яғни 1 градусқа тең:
1 К =1 °С.
Цельций шкаласы бойынша температура 1°(С) мен абсолюттік температураның Т(К) арасындағы байланыс:
Т = (t+273) К немесе t = (Т - 273) °С.
Ремюр, Фарангейт шкалалары.
Температураны өлшеу әдістері (тәжірибе көрсету)
Термометрді қолда ұстап тұрып, ондағы сынап (спирт) бағанасының көтерілуін бақылау. Сынап (спирт) бағанасының көтерілу себебін айқындау. Сынап (спирт) бағанасы көтерілуін қашан тоқтатады? Термометр нені өлшейді? Термометрді температурасы өлшенетін ортадан алып қарауға бола ма? Неліктен? Түтікше бойымен көтерілген кезде сынап (спирт) молекулаларының орташа кинетикалық энергиясы жөнінде не айтуға болады?


Электрондық оқулықты пайдалана отырып, «Ішкі энергия.Ішкі энергияны өзгертудің тәсілдері.Жылу берудің түрлері» тақырыбындағы тәжірибелер көрсетілді,

  • жаңа сабақ бойынша тақырыптар бөліп береді


Талдайды, жаңа сабақтың тақырыбын ашады.


өз беттерінше

оқиды,талдайды,бір-біріне түсіндіреді.


Жұмыстарын формативті бағалайды – бағдаршам арқылы

Тапсырмалар

  • Теориялық материалдар негізінде әр топқа тәжірибе жасау үшін қажетті жабдықтар таратылды.

  • Қауіпсіздік ережелері ескертілді.

  • 1-топқа:

Қаламсапты екі алақанның ортасына қойып уқалаңдар,беттеріне тигізіңдер.Не байқадыңдар?-деген тапсырма берілді.

  • 2-топқа:

Қантты үгіту.Қантты үгіту үшін не істедіңдер?-деген тапсырма берілді.

  • 3-топқа:

Шаммен темір сымды қыздырамыз.Не байқадыңдар?-деген тапсырма берілді.









Тәжірибелерді топта жасады.

Топта зерттеушілік әңгіме жүргізді, талқылады, бір шешімге келді. Бұл тапсырмаларды орындап,жауаптарын түсіндірді.

Топ мүшелері жауаптарды өзара бағалап отырады

Ой толғау

Сұрақтар беріледі 1.Қыстыгүні қай үй жылы болады, ағаштан соғылғаны ма, әлде кірпіштен

соғылғаны ма? Неге?


2.Қатты,сұйық, газ тәріздес денелердің қайсысында конвекцияның

жүруі мүмкін ?


3.Қыстыгүні қандай аяқ киімнен аяқ тез тоңады: кең аяқ киімнен бе, әлде тар

аяқ киімнен бе? Неліктен?


4.Өңтүстік ендіктерде тұратын халықтардың аптап ыстықта сенсең бөрік пен

мақтадан сырып тігілген шапан киетіндері неліктен?

5.Жаздыкүні қандай көйлек киген дұрыс: ақ түсті немесе қара түсті


Тақырып бойынша

сұрақтарға жауап береді

Қортынды

Жинақталған материалдан постер жасау.

Тақырыптар:

1-топ : Конвекция







2-топ: Жылуөткізгіштік

3-топ: Сәуле шығару



Пысықтау.

  1. Дененің ішкі энергиясы дегеніміз не?

  2. Оны өзгерту тәсілдері қандай?

  3. Дененің ішкі энергиясы температураға қалай байланысты?

  4. Жылу алмасу дегеніміз не?

  5. Химиялық реакция дегеніміз не? Химиялық реакциялар кезінде ішкі энергия қалай өзгереді ме?


Топпен постер жасайды, қорғайды. Топтар бір-бірін бағалайды. (түрлі түсті стикерлер арқылы)


Оқыту мен оқуды бағалау:

Жиынтық бағалау


Топтың бірін-бірі бағалау




Рефлексия

Сабақ сендерге ұнады ма?

Егер ұнаса – екі қолымызды да көтереміз; егер жартылай ұнаса – бір қолымызды көтереміз; ал егер мүлде ұнамаса- қолымызды көтермейміз. 


Оқушылар қолдарын көтеру арқылы бүгінгі сабақты қаншалықты түсінгендігін білдіреді.

Үйге тапсырма

 Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдері.Жылу берілудің түрлері.

2-жаттығу № 6,7

3-жаттығу №5,6


Күнделіктеріне жазады



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
14 наурыз
759
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі