400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ішкі мүшелер жұмысының жүйкелік реттелуі

Материал туралы қысқаша түсінік
7.1.7.7-вегетативті жүйке жүйесінің қызметін сипаттау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Координация және реттелу

Мектеп: 44 мектеп-гимназия

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Исмагулова Дина Мировна

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Ішкі мүшелер жұмысының жүйкелік реттелуі

Осы сабақтың көмегімен қол жеткізілетін оқу мақсаттары

7.1.7.7-вегетативті жүйке жүйесінің қызметін сипаттау.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушы орындай алады.

вегетативті жүйке жүйесі туралы біледі.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады.

вегетативті жүйке жүйесінінің түрлерін,қызметтерін салыстырады.

Кейбір оқушылар орындай алады.

вегетативті жүйке жүйесі бөлімдерінің маңызы туралы қорытынды жасайды.

Бағалау критерийлері


  • вегетативті жүйке жүйесі туралы біледі.

  • вегетативті жүйке жүйесінің қызметін,түрлерін сипаттайды,салыстырады

  • вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық және

парасимпатикалық бөлімдерінің маңызы туралы қорытынды жасайды.

Тілдік мақсаттар


Пәнге қатысты лексика мен терминология:

вегетативті жүйке жүйесі, симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйесі, рефлекс

Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

  • Вегетативті жүйке жүйесі-....

  • Симпатикалық жүйке жүйесінің.......

  • Парасимпатикалық жүйке жүйесінің ...

Құндылықтарды дарыту



Құрмет

Негізгі ұғымдарды талдау кезінде оқушылардың бір-бірінің пікірімен санасып құрмет көрсетуі.

Ынтымақтастық

Жұпқа және топқа берілген тапсырманы бірлесіп орындау, оқушылар арасындағы ынтымақтастықты қамтамасыз етеді.

Ашықтық

Оқушылар құрылымдық деңгейлер туралы өз ойларын айтып, топқа берілген тапсырманы бірге талдайды.

Еңбек және шығармашылық

Оқушылардың білімге қызығушылығы, өзін-өзі дамытуы.


Пәнаралық байланыстар

Химия –өзгерістер химиялық реакциялар нәтижесі

Физика –жүйке импульстарының өтуімен байланыстыру

Тақырып бойынша алдыңғы білім

7.1.7.6 – мінез-құлықтың рефлекторлық табиғатын түсіндіру

Шартты және шартсыз рефлекстер туралы білді.Шартты рефлекс қалыптасу үшін қандай жағдайлар қажет екенін түсінді,тежелуді сипаттады,қорғағыштық рефлекстерді атап бере алады.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

6 минут



Психологиялық ахуал қалыптастыру

Тренинг «Шар жару»

Шардың ішіне өткен тақырыпқа байланысты сұрақтар жазылады. Қатысушылар өзіне ұнаған шарды таңдап алып, оны жарады. Шар ішіндегі сұраққа жауап береді.

Бейнематериалды көріп жетелеу сұрақтарын қою арқылы сабақтың тақырыбын ашу.

Топқа түрлі түсті стикерлер арқылы бөлу.


ҚБ: Басбармақ арқылы бағалайды

Рисунок 2 Рисунок 3

https://www.youtube.com/watch?v=7eVW1T7BcLc&feature=youtu.be

Презентация,

Стикерлер,шарлар



Сабақтың ортасы




7 минут













7 минут













8 минут






















7 минут












5 минут

Кітаптағы мәтінді оқушылар оқиды «Мәселе неде»әдісі арқылы,жұпта,топта талқылайды .

Топтық жұмыс.

1. «Бірге ойлаймыз»

Төмендегі шеткі жүйке жүйесі туралы тұжырымдамалардың қайсысы дұрыс, ал қайсысы дұрыс емес екенін белгілеңіз.

Тұжырымдамалар

Дұрыс

Дұрыс емес

Шеткі жүйке жүйесі жұлын жүйкелерінен және сезім мүшелерінен тұрады.



Шеткі жүйке жүйесі ми жүйкелерінен ғана тұрады.



Шеткі жүйке жүйесі жүйке талшықтарының екі түрінен тұрады.



Шеткі жүйке жүйесі ми және жұлын жүйкелерінен тұрады.



Қ.Б:Мадақтау,қолпаштау.

Жұптық жұмыс. «Жедел хат» тапсырмасы арқылы төмендегі сөйлемдерді мағынасына сәйкес толықтыру.

Симпатикалық бөлім қарашықтың ........................... ынталандырады. Бұл жарық нашар түскен кезде жарықтың ............... мөлшерінің көзге түсуіне мүмкіндік береді, осылайша ағза қоршаған орта туралы көбірек ақпарат ала алады. Мұның күйзеліс жағдайларында маңызы өте зор.

Керісінше, парасимпатикалық бөлім қарашықтың .....................................ынталандырады. Бұл жақсы жарықтандыру жағдайында жарықтың.................. мөлшерінің көзге түсуіне мүмкіндік береді, осылайша ағза тыныға алады.

ҚБ:үш шапалақ

Сергіту сәті:Рефлекстік тізбек Оқушылар ортаға шеңбер болып, бір-бірінің қолынан ұстап тұрады. Бір оқушы екіншісінің қолын қысады. Сонан соң олар шеңбер бойынша әрбір келесі оқушының қолын қысады. Осы тапсырманы орындауға жұмсалған уақыт өлшенеді. Өткен аралық өлшенеді және оқушылар импульстың өту жылдамдығын есептейді.

3.Жеке жұмыс «Қимылмен көрсет» әдісі арқылы адамның эмоционалды қозғаушы күші бар реакциясын көрсететін күрделі бір реакция мысалын көрсету (қақпашының допқа қарай секіруі, жүгірушінің тапанша дыбысынан жүгіре бастауы

.

ҚБ: Топтар бірін – бірі смайлик арқылы бағалайды

4.«Сөзді тап» әдісі.

Қобдишаға тақырыпқа қатысты түйінді сөздер жазылған қағаз қиындылары салынады. Бір оқушы қобдишадан қиынды қағаз алып,1 минутта ондағы сөздің өзін атамай сипаттап түсіндіруі керек.Сөзді тапқан оқушы әрі қарай жалғастырады.

Дескриптор

- вегетативті жүйке жүйесінің қызметін сипаттады;

- вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдерінің құрылысы және қызметін көрсетті.

ҚБ :Жарайсыңдар

Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық авторы

Е.А Очкур,

Ж.Ж.Құрманғалиева Алматы «Мектеп»2017 157-159бет.































https://www.youtube.com/watch?v=lXiI8AJmd0A





























Смайликтер,

Қобдиша.

















Сабақтың соңы

5 минут

4.Ж кесте толтыру

Вегетативті жүйке жүйесі бөлімдерінің жеке мүшелердің қызметіне әсері

Мүшелер мен жүйелер

Симпатикалық бөлім іс-әрекеті

Парастимпатикалық бөлім іс-әрекеті

Жүрек



Қан тамырлары



Ас қорыту жүйесі



Зәр шығару жүйесі



Көздің қарашығы



ҚБ :Мадақтау,қолпаштау.

Рефлексия.Чемодан, еттартқыш, қоқыс жәшігі Оқушыларға стикерлер таратылады. Оқушылар бүгінгі сабақта алған білімдерін, әсерлерімен ойларын стикерге жазады. Чемоданға – оқушы сабақта алған біліміне толық түсінген болса, үйге білім жүгімен кетіп бара жатса, стикерін салады.

Еттартқышқа – оқушы сабақта алған білімдерін әлі де сенімсіз, қарастыру, ой елегінен өткізу керек екенін білсе, стикерін салады.

Қоқыс жәшігіне - оқушы сабақта ешнәрсе түсінбесе стикерін салады.





Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық авторы Е.А Очкур,Ж.Ж.Құрманғалиева Алматы «Мектеп»2017

159бет.


Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушы орындай алады.«Мәселе неде»әдісі арқылы

вегетативті жүйке жүйесінің атқаратын қызметін білді.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады. ««Жедел хат»» « Қимылмен көрсет»әдістері арқылы вегетативті жүйке жүйесінің қызметін сипаттады .

Кейбір оқушылар орындай алады. «Сөзді тап», кесте толтыру арқылы вегетативті жүйке жүйесі симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдерінің маңызын түсінеді.

Алдыңғы сабақ бас бармақ арқылы бағаланады, «мәселе неде», «бірге ойлаймыз»әдісі мадақтау,қолпаштау,жұптық жұмыс «жедел хат»әдісі үш шапалақ арқылы бағаланады.Топтық жұмыс «қимылмен көрсет»әдісінде топтар бірін-бірі бағалайды. «Сөзді тап»әдісі дискриптор арқылы,жеке жұмыс қолдау,қолпаштау арқылы бағаланады.





Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
15 наурыз
833
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі