400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ішкі түйсік логикаға , логика есепке жетелейді

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ішкі түйсік логикаға,ал логика есепке жетелейді.

Өмірде барлығымыз бір мамандықтың иесі болып,оның ғылым,білім саласындағы құпиялапрын тауып, үлкен жетістікке жеткіміз келеді. Үлкен жетістікке жеткен кез – келген азамат,мейлі әкім болсын, үлкен компанияның басшысы болсын, білікті инженер не болмаса атақты спорт шебері болса да мақсатына,тынбай еткен еңбегі, ақылы мен қайтпас-қайсар мінезінің арқасында жетіп отырғандығын барлығымыз білеміз.Мақсатымызға жету үшін көбінесе кеңінен ойламау, яғни ойлау қабілетіміздің (логикамыздың) дұрыс дамымағандығы кедергі болып жатады. Логикасы мықты адам кез-келген проблеманы шешіп, өмірде көптеген жетістіктерге жетері сөзсіз.Логиканы дамытудың бірнеше жолдары бар,солардың ішінде ең көп тарағаны шахмат ойнау, кросвородтар шығару,стратегиялық әр түрлі ойындар ойнау,сонымен қатар математикалық әр түрлі есептер шығару болып табылады.

Мен өз тәжірибемнен түсінгенім қазіргі жас ұрпақтың логикалық ойлау қабылетін дамытуымыз керек.Сонда олардың ойлары ұшқыр,арман-мақсаттары айқын болып, үлкен жетістіктерге жетеді.Әр адамның бойындағы туғаннан пайда болған интуициясын әрі қарай дамытуға ықпал ету, оқушының табиғи қасиеттерін, математикалық білімін тереңдету үшін оқытуды жоспарлы түрде ұйымдастыру, өз бетінше білім алу дағдыларының дамуына негізін салу болып табылады.

Миды жаттықтыру үшін адамға математиканы үйрену, есеп шығару, логикаға сүйену математиканың бүкіл заңдарын басқа ғылымдарды оқығанда пайдаланады. Біздің өміріміздегенің бәрі бір – бірімен өзара байланысты. Тіршілік құбылыстарын бір – бірінен бөліп зерттеуге болмайды.

Тарих толығымен даталардан және оған сәйкес оқиғалардан тұрады. Оларды есте сақтау үшін ойлау қабілеті немесе оқиғалардың логикалық тізбегін қадағалай білу қажет.Географиямен байланысына келсек, қалалардың ара қашықтығын анықтағанда масштаб, қолда бар карталар есепке алынады, қарапайым математикалық есептеулер,логиакалық тұрғыдан ойлау арқылы қажетті деректерді алуға болады.Әдебиетпен байланысы: көз алдымыздағы логикалық ойлау қабілеті жақсы дамыған адамды келтіреді. Егер ол шығарманың авторын аса жақсы білмесе де, оның туған, өлген жылын білу арқылы сол уақыт арасында болған оқиғалармен логикалық түрде ұштастыра алады.Мұндай логикалық ойлауды логикалық және математикалық есептердің көмегімен жүргізу керек. Логика дегеніміз – спортшыға да, бишіге де, жазушыға да керек.

Математика пәні ең бірінші балалардың қызығушылығын туғызуды талап етеді. Логикалық тапсырмалар қарапайымнан басталып, біртіндеп қиындап оқушылардың танымдық қызметін белсендіруге назар аударады. Математиканы оқып – үйрену есеп шығаруды үйрену үшін ғана емес, кез – келген проблеманы шеше білу, өз қабілетіңізді жетілдіре алу үшін қажет.Сондықтан, «Мен ақша санаймын, өз кірісім мен шығысымды есептей білемін, одан өзге математиканың маған қажеті шамалы» деуге болмайды. Егер олай десеңіз, адам өмірінің мәнін түсінбегеніңізді көрсетесіз, өмір деп отырғаныңыз шын мағынасында өмір емес, жай ғана тіршілік болады. Біз тек сол үшін жаратылмағанбыз, бізге ақыл – сана сол үшін берілмеген. Біз өз өмірімізді мағыналы қылып, барлық жетістіктерге жету үшін табиғатты бүкіл білімді пайдалана білуіміз керек.Сондай-ақ, ол ертедегі қазақ жылқышыларының алдынан ағын судай жөңкіліп өтіп жатқан үйір-үйір жылқыны көзбен «іліп» санап үлгеретіні және ойыншы жігіттердің «теңге ілу», «жамбы ату» ойындарында теңгені қапысыз іліп алу не жамбыны қағып түсіру үшін белгілі бір арақашықтықты, ағызып келе жатқан аттың жылдамдығын, қас-қағым уақытты асқан дәлдікпен есептеп әрі тепе-теңдік сақтауы қазақтың асқан математикалық интуицияға, қабілетке ие болғанын дәлелдейді.

Ғалым-математик Асқар Жұмаділдаев өзінің сұхбатында батырлар жырын қызыға оқып өскен қазақ баласы ондағы бейнеленетін тұлпарлар шабысына еліктемей тұрмайтынын да айтады. «Себебі бұл – динамиканың, қозғалыстың көзге көрінбес жері, ықпалы. логика – математиканың қозғаушы элементі», - деп тұжырым жасайды. Асқар Жұмаділдаев ағамыздың осы ой-толғамдары мені таңғалдырды.

Сары далада ұшқан құспен, жүгірген аңмен, жауған жаңбырмен, соққан желмен жарыса өскен қазақ баласының қанында ата-бабаларынан дарыған қисын, логика, динамика бар екендігіне көзім жетті. Менің мақсатым-өскелкең ұрпақтың ойлау қабылетін, логикасын мықты етіп тәрбиелеп,болашақтарының жарқын болуына үлесімді қосу.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26.05.2025
126
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі