жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ішкі туризм:қазіргі жағдайы,болашағы,мəселелері жəне болашағы
Ішкі туризм:қазіргі жағдайы,болашағы,мəселелері жəне болашағы
Автор:Тыныбекова Жазира Мақсұтқызы
Мекемесі:Жезқазған Бизнес және көлік колледжі
Қарағанды облысы,Жезғазған қаласы
Жетекшісі: Алтынбекова Гулдана Комаровна
Туризм (франц. tourіsme, tour – серуендеу, жол жүру) дегенді білдіреді, яғни өз еркінше көніл көтеру,елді,жерді көріп қызықтау жəне де рухани қажеттіліктің бірі. Туризм əлемдік экономика үлкен рөл атқарады. Ғалымдардың есептеуінше туризм дамыған елдер қатырнда Мальдив Республикасы туризм мен оған бағдарланған салалар жиынтық ішкі өнімнің 25%-ын береді; Кубада мемлекет қазынасына түсіретін пайдасы жағынан халықаралық туризм 1-орында тұр. Жалпы шетел туристерін қабылдау жөнінен Еуропа жетекші орын алады, оның үлесіне барлық туристердің 60%-дан астамы тиесілі. Америкаға шетел туристерінің 20%-ы, Азияға 10%-ы келеді. Туризм негізгі екі үлкен топқа бөлінеді:
1.Ішкі (ұлттық) туризм;
2.Халықаралық (шетелдік) туризм;
Ішкі туризм – Қазақcтан Республикаcының азаматтары мен оның аумағында тұрақты тұрaтын адaмдардың Қазақстан Республикасының жеріңдегі саяхаты.
Өзіміздің Отанымызда туризм саласы əлі де толық қанды дамыған жоқ. Дегенмен, шетел азаматтары қызығатындай,саяхаттап келетіндей жерлер өте көп. Негізінен Қазақстанда туризмнің барлық түрлері (танымдық, ойын-сауық, этника, экология, денсаулық сауықтыру, балалар, спорттық, аң аулау, балық аулау, атпен серуендеу), т.б. бойынша жүргізіледі. Бұл үшін Қазақстан аумағы бойынша 700-ден астам саяхаттық маршруттар белгіленген. Оларға Қазақстанда жиынтық сыйымдылығы 33 мың орынды 372 әр түрлі категориялы қонақ үйлер қызмет көрсетеді. Мысалы, Алматы қаласында қонақтарға “Алатау”, “Қазақстан”, “Достық”, “Есік”, “Отырар”, “Астана”, “Анкара”, “Hyatt Regency Almaty”, “Интурист”, т.б. қонақ үйлер сервистік қызмет көрсетеді. Астанада 30 туристік фирма және 25 қонақ үй орналасқан. Олардың ірілері: “Окан – Интерконтиненталь Астана”; “Комформ – Отель Астана”, “Турист”, “Есіл”, “Жібек жолы”, “Алтын дала”, т.б.
Қазақстандағы туристік ресурстарға – туристік қызмет көрсету нысандарын қамтитын табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтік-мәдени, сауықтыру нысандары, сондай-ақ туристердің рухани қажеттерін қанағаттандыра алатын, олардың күш-жігерін қалпына келтіріп сергітуге жәрдемдесетін өзге де нысандар жатады. Олар мәдени-танымдық, экологиялық, спорттық, әлеуметтік, діни, т.б. туризм түрлеріне бөлінеді.
Қазақстандағы туристік нысандар бірнеше топтарға бөлінеді
табиғи-рекреациялық;
тарихи-археологиялық;
тәуеп ету;
Табиғи-рекреациялық нысандарға Солтүстік Қазақстан аймағындағы Көкшетау, Бурабай, Баянауыл, Ерейментау, Шығыс Қазақстанаумағындағы Зайсан, Марқакөл, қазақстандық Алтай, Оңтүстік Қазақстанжеріндегі Батыс, Солтүстік Тянь-Шань, Алтынемел таулары, Жетісу алабы, Батыс Қазақстандағы Үстірт, Мұғалжар, Каспий ойысы, Жайық өңірі, Орталық Қазақстандағы Қарқаралы, Қызыларай, Бектауата, Ұлытау, т.б. табиғи нысандар жатады. Сонымен бірге Алматы облысындағы ұлттық саябақтар мен қорықтардың туризмді дамытуда маңызы зор. Оларға Іле-Алатауы ұлттық саябағы, Түрген-Шамалған өзендері аралығындағы шатқалдар, Түрген, Есік, Талғар, Алматы, Қаскелең, Шамалған елді мекендері жатады. Алтынемел, Көкшетау, Бурабай ұлттық саябақтарында туризмді дамыту мемлекет тарапынан қолдау тауып, дамып келеді. Қазақстан аумағындағы 9 мемлекеттік қорықта да ғылыми-экологиялық туризмді дамытудың алғы шарттары қалыптасқан.
Тарихи-археологиялық ескерткіштердің туристік-экскурсиялық сапарлардағы орны ерекше. Археологиялық ескерткіштердің кез-келген нысандары туристік-экскурсия жұмыстарында маңызды орын алады. Соның ішінде Жетісудағы Сақ қорғандары, Талхиз қалашығы, Оңтүстік Қазақстандағы Отырар, Сайрам, Батыс Қазақстандағы Сарайшық, т.б. көне қалалардың орнына туристердің қызығушылығы мол. Ортағасырлық Түркістан, Отырар, Тұрбай, Құлан, Мерке, Талхиз, Жаркент қалалары, т.б. елді мекендер қазіргі туристік нысандар болып табылады.
Тәуеп ету (діни) туризм нысандары республика аумағында көптеп кездеседі. Оларға түркі әлеміндегі қасиетті Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Иасауи кесенесі, Абаб-Араб мешіті, Гауһар-ана зираты, Әли-Қожа бейіті, т.б. жатады. Адамдар бұл қасиетті жерлерге тәуеп етіп, Аллаға сиыну үшін келеді. Одан басқа Қоғам а. маңында (Отырар ауданы) Арыстан баб кесенесі, Ибраһим-ата бейіті, Қарашаш ана кесенесі, Тұраба ауданыннда – Ысмайыл-ата мазары орналасқан. Жамбыл облысында – Айша бибікесенесі мен Қарахан кесенесі, Қызылорда облысында – Артық, Айтман кесенелері, Балқаш көлі маңында – Тектау ата, Әуез бақсы, т.б. киелі орындар бар. Қазақ халқының азаттық күресі жолындағы батырларға, қолбасшыларға деген құрмет белгісі мемориалдар мен ескерткіштерде көрсетілді. Бұларға Райымбек пен Қарасай батыр ескерткіштері (Алматы облысы) Қордайдағы (Жамбыл облысы) Өтеген батыр, Ақтөбедегі Есет батыр, Солтүстік Қазақстандағы Ағынтай мен Қарасай ескерткіштері, Астанадағы Қаракерей Қабанбай ескерткіштері, т.б. жатады. Ордабасы мен Аңырақай сағасының жазығы, Ұлытаудағы үш жүздің басын қосқан жер, тарихи орындар ретінде Жошы және Алаша хан кесенелері жатады.
Қазақстанда Республикасында табиғи-қорықтық,курорттық, қызығып қарап тамсанатын жерлер,мəдени мұралар өте көп.Солардың бірі өзіміз білетіндей «Сарыағаш курорты, Бурабай ,Түркістан қаласы, Отырар т.б. Туризм саласының қазіргі таңда арта қалуына негізгі фактор-қаржыландыру ,яғни мемлекеттік бюджет қаржының көп бөлінуі,туризм саласына көңіл бөлмеу жəне де антропогендік іс-əрекеттермен табиғатты ластау.
Болашақта мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінсе ,экономикалық жағдайымызға оң əсерің тигізеді.Ұлан байтақ даламызға,мəдениетімізге,мəдени мұраларымызға таң қалмайтын ел жоқ десе де болады.Туризм саласы дамыған жағдайда, түскен қаржы мемлекет қазынасына түсіп,одан əрі тиімді,пайдалы салаларға бөлініп ,ҚР-сының эеономикасы одан əрі қарай дамиды.
Қазақстан-қай жакынан алсанда өте бай мемлекет.Табиғат байлығына да,жерге де бай ,халқы да өте бай,таьиғаты да бай.Табиғатты аялап,ластамай,қорғаса туризм жақсы дами түседі.Себебі туризм саласының дамуы табиғат аясымен тікелей байланысты.Жоғары да айтып өткендей Бурабай курорты,Ұлытаудакы саяхат кешендерің т.б.саяхат орындарын аяласақ жəне де демалған жерімізді жиныстырған жөн.
Туризм саласын дамыта түссек,еліміздің экономикалық жағдайы жəне де рухани байлықтарымыз одан əрі дами түспек!
Өтініш
Студенттің толық аты жөні |
Тыныбекова Жазира Мақсұтқызы |
Оқу орны,мамандығы,курсы |
Жезқазған Бизнес және көлікколледжі" ЖМ Автомобиль жолдары мен аэродромдар салу САД -201,2 курс студенті |
Оқу орнының мекен жайы, тел,эл.поштасы |
Жезқазған қаласы, Гоголь к-сі, 5 zhkbit.kz@gmail.com тел +7(7102) 769950 |
Мақала тақырыбы |
Ішкі туризм: қазіргі жағдайы, мәселелері және болашағы. |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген