Материалдар / Ислам - бейбітшілік діні (оқушы шығармасы)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ислам - бейбітшілік діні (оқушы шығармасы)

Материал туралы қысқаша түсінік
Ислам - бейбітшілік діні (оқушы шығармасы) Мектепішілік шығармалар сайысына жазған оқушы шығармасы. Өзін тлғаған ойымен бөләседә. шығарма өз бетімен еркін жазылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қазан 2018
1196
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Байқауға шығарма:

Ислам – бейбітшілік діні.

Хамитжан Расул. № 1 Федоров жалпы білім беретін орта мектебі.

8а – сынып оқушысы.


Ислам - араб тілінде бейбітшілік, тыныштық  деген мағына береді. Әлемде ең тез дамып жатқан дін – ол Ислам діні. Мен былтырғы оқу жылымды Ақтөбе қаласындағы спорт мектебінде оқыдым, мектеп жанындағы интернатта тұрдым. Негізінен, мектеп оқушылары Ақтөбе облысынан болды. Қалаға жарысқа немесе топпен, сыныппен қыдыруға шықсақ намазхан ағай, намазхан апайларды көп көретінбіз. Біздің кейбір әңгімелеріміз шолақ сақалды, келте балақты адамдар туралы болатын. Міне, осындай бір пікірталастан соң сыныбымызда «Тілің мен дініңді сатпа» деген тәрбие сағаты болды. Сынып жетекшіміз слаид арқылы презентация жасап, керемет әдемі де әсерлі суреттер арқылы және бәрімізге түсінікті жалпақ тілмен Ислам сөзінің түп-төркіні араб  тілінен аударғанда «амандық», «тыныштық», «бағыну», «мойынсұну» деген мағыналардан тұрады деді. Бір сөзбен айтқанда, Ислам­ дінінің негізгі мұраты - жалғыз Жаратушыны мойындап, тыныштық пен бірлікті сақтай отырып, Алланың құлы екеніңді сезініп, мейірімділікпен өмір сүру. Бей­бітшілік деген мағынаны білдіре­тін «сәләм» сөзі қасиетті Құран Кәрімде бірнеше аяттарда кездеседі. Құран, яғни Ислам бірінші кезекте татулық пен тыныштықты, ынтымақ пен бірлікті насихаттайды деп түсіндірді. Қажылыққа барған Абай атамыздың әкесі Құнанбай мен немере інісі Шәкәрім Құдайбердиев туралы да ақпараттар айтылды. Бүгінгі таңдағы қажылыққа барып жатқан мұсылман бауырларымыз туралы суретті фильмдер тамашаладық. Сынып сағатынан кейін біздің арамыздағы келіспеушіліктер күрт тиылды. Барлығымыздың бір мұсылман баласы екеніміз, дос, бауыр екенімізді түсіндік.

Алла Тағала тәуелсіз еліміздің тұғырын қашан да биік етіп, арам пиғылды адастырушы топтардан сақтасын!  Өз кезегінде Ислам басқа дін өкілдерімен төрт түрлі жолмен байланыс жасауды дұрыс көреді. Олар: 1. Танысып, білісіп, жақсы қарым -қатынаста болу; 2. Бір-біріне жәрдемдесу; 3. Жақсылық жасау; 4. Әділ болу болу керектігін мен бұрыннан білетін едім, осы сабақ арқылы өз білгенімді кеңейттім. Алыс жолға немесе жарысқа шығарда өз білгенімді айтып, бір аллаға құлшылық етуден жалыққан емеспін. Бұл менің дінге мойын ұсынып, мүлде дін жолында жүремін дегенім емес, ата – баба аруағын сыйлағаным, көмек, жәрдем тілеп, сиынғаным.

Осы орайда өзіміздің данышпан ойшыл ақынымыз Абай Құнанбайұлының мына өнегелі бір шумақ өлеңі  еріксіз  ойға оралады:

Махаббатпен жаратқан адамзатты,

Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.

Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,

Және Хақ жол осы деп әділетті.

Исламның басты қағидасының бірі бейбітшілік екенін ешқашан естен шығармауымыз керек.

Менің ата – анам ораза ұстамайды, бірақ ораза кезінде ауызын бекіткен адамдарды ауызашу рәсіміне шақырады. Аптаның әр жұмасы мұсылман халқы үшін қасиетті күн деп құлағымызға құйып келеді, әрі әр жұма сайын үйде анам аруақтар дәметеді деп иіс шығарады. Осы қағидаттардың барлығы да Құран Кәрімде жазылған дейді. Ендеше, Ислам діні – әлемдегі ең таза, адал дін. Бейбітшілік жақтаушысы, бейбітшілік діні. Мен мұсылман болғаныма шын жүректен бақыттымын.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!