Материалдар / Ислам- бейбітшілік және қайрымдылық діні (кеш)
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ислам- бейбітшілік және қайрымдылық діні (кеш)

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: Ислам-бейбітшілік және қайырымдылық діні Мақсаты: Оқушыларға діни тәрбие бере отырып, адамгершілікке, имандылыққа, рухани тазалығын сақтауға уйрету. Мұсылман дінінің өміршеңдігін және Исламдінін насихаттау. Өз дініне деген сүйіспеншілігін, құрметпен қарауға сенімін арттыру.Ата-ананың қадірін, уақыттың қадірін ұғындыру Көрнекілігі: слайд, бейне көрініс, нақыл сөздер, кітпаптар көрмесі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қараша 2018
544
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Ислам-бейбітшілік және қайырымдылық дініМақсаты: Оқушыларға діни тәрбие бере отырып, адамгершілікке, имандылыққа, рухани тазалығын сақтауға уйрету. Мұсылман дінінің өміршеңдігін және Исламдінін насихаттау. Өз дініне деген сүйіспеншілігін, құрметпен қарауға сенімін арттыру.Ата-ананың қадірін, уақыттың қадірін ұғындыруКөрнекілігі:  слайд, бейне көрініс, нақыл сөздер, кітпаптар көрмесі

Құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! Бүгін мектебімізде өткелі отырған «Ислам-бейбітшілік және қайырымдылық діні» атты кешімізге қош келдіңіздерКешіміздің қонақтарымен таныс болыңыздар: «Аққұм » мешітінің имамы Шайхаттаров СТәрбие ісінің меңгерушісі Шораева НОқу ісінің меңгерушісі: Жоланов Б Мектебіміздің педагог –психологы Сейітова Г Ойшақыру 1.«Ислам –бейбітшілік діні» Жер бетіндегі барлық діндер бейбітшілік, рақымдылық, әділдік сияқты жоғарғы құндылықтарға негізделген. Солардың ішінде, ең соңғы кемеліне келген әрі мейірім мен рақымдылықты ту еткен дін – Ислам діні. Дін – адамзат тарихы мен мәдениеттің ажырамас бөлігі. Дінін білген адамға тегі, тегін білген адамға діні ешқашан жат саналмайды. Ислам діні – Алла тағаланың Мұхаммед пайғамбар салла-л-лаһу Ғалейһи уа салам арқылы жіберген ақиқат жолы.Дегенмен қазіргі таңда жастарымын ахиқат дінімізден алшақтап жат ағымдар шырмауына арбалуда Бейне ролик «Біз терроризмге қарсымыз!» оқушылар ойын тыңдау«Аққұм» мешітінің имамына сұрақ:1. Ислам дініндегі жиһад ұғымыны сипаттама берсеңіз?2.Жастарымыздың жат ағымдарға арбалу себептері неде?2. Керек кеңесПедагог- психолог Сейітова Г Есіңде болсын!1. Сізге таныс емес, көшеде кездескен адаммен дін ұйымның жиналысына шақыратын дін тақырыбындағы диалогқа араласпа 2. Қандай да болсын кездескен діни ұйымның сенушілері мен ілімін таратушыларға бірінші кездескенде өзіңіздің діни көзқарасыңызды білдірмеуге тырысыңыз.3. Егер сіз алдыңызда тұрған уағыздаушыға сол діни ұйым туралы сұрақ қоюға шешім қабылдасаңыз, онда ешқандай кері әсерсіз болғаны жөн.4. Егер сізге діни бағыттағы парақтар, брошюралар, журналдарды оқуға ұсынса рахмет айтып, сыпайы түрде бас тартыңыз.5. Егер сіз діни жиналыстарға қатысуға шешім қабылдасаңыз, олар туралы көбірек білуге тырысыңыз, туысқандарыңызбен, достарыңызбен, жай адамдармен ақылдасыңыз.6. Діни ұйымдардың жиналысына қатыссаңыз, есіңізде сақтаңыз: миссионер – уағыздаушылардың басты мақсаты – Сізді өз сенімдеріне кіргізіп алу. Ал, Сіздің мақсатыңыз – деструктивтік діни ұйымдардың ықпалына түсіп қалмау.7. Діни жиналыстарға жалғыз қатыспаңыз, қасыңызға досыңызды немесе туысыңызды ертіп жүріңіз.8. Сіз туыстарыңыз бен жақындарыңызды тыңдамай рухани тұрғыда денсаулығыңызды түзеу үшін теріс бағыттағы діни ұйымдардың қатарына қосылу тұрарлық деп ойлайсыз ба?9. Бұл өмірден бір мақсат пен жетістікке жету үшін, жаныңызға тыныштық табу үшін дәстүрлі емес бағыттағы шіркеулер, миссиялар мен ұйымдарға жоламағаныңыз жөн.10. Есіңде болсын! Есте сақта! Өзге діннің жетегінде кетем деп достарың мен жақындарыңнан айрылғың келмесе, Ойлан!3. «Ислам- қайырымдылық діні»   Елбасымыз Н.Назарбаев «біз тегіміз түрік, дініміз ислам екенін ұмытпауымыз керек, ол үшін қасиетті кітап Құран кәрімді насихаттауды естен шығармауымыз керек» деген болатын. «Отанды сүю - иманнан» дейді.Ұлтына патриоттық имандылық тәрбие алғандар адасудан бойын аулақ салатыны сөзсіз.Мұхаммед пайғамбарымыз өз хадистерінде:  Қолыңнан келсе адамдарға жақсылық етіп, іштей қуаныш ет. Жаман іске қайғырып, Алладан қайырымдылық сұра. Бұл – имандылықтың белгісі. Садақа беріңдер, онда әр адам білген білімін, ғылымын басқаларға үйретеді. Ал ғылым-беру өмірдің азығы. Садақа адамдарды уақытша тойындырады, сүйіндіреді.  Ислам діні – адамдарды жақсылыққа шақырып, жамандықтан тиюды, адамзатқа игілік пен адалдық жолында күресуді мұсылмандық борыш санайды. Ислам - қайырымдылық пен зұлымдықтың не екенін нақты түсіндіре алады. Қалай дұрыс өмір сүру, қалай дұрыс тамақтану, қалай бала тәрбиелеу, әйелді қастерлеу, қалай киіну, қоғамдық өмірдегі қатынас тағы басқа маңызды сұрақтарға жауап бере алады. Хадис - Мұхаммед пайғамбардың даналық сөздерінің жиынтығы. Құран - Кәрімнен кейінгі ең қастерлі кітап. Мұнда мұсылманшылық, инабаттылық, имандылық, адамгершілік қайырымдылық ережелері жинақталған.Көрініс «Ақылды қыз» Оқушылар ойын тыңдау4.«Ата-ана баға жетпес байлығың» Ата - ана әркімнің ең қимас асылы. Дана Абай: «Әке ұрысса балаға ол да достық. Бала ұрысса әкеге жараса ма?»дегенде, перзенттің өзін өмірге әкелуге себепкер болған ата - анасына қарсы келуі, сөз қайтарып тайталасуы орынсыз екенін сынаған.Бейне ролик «Атта-ана қадірі»Бейне көрініс не ой түйдік «Ананың хаты» көркемсөз оқуБес уақыт намазыңды жинамасаң,Ораза ұстап жаныңды қинамасаң,Алланың кешірмейтін бір күнәсіАта менен анаңды сыйламасаң,- деген Орманбай ақын хадистерде айтылған күнәнің ең үлкені ата - ананы сыйламау еккенін мегзеген.Олай болса ислам дінінде ата-ананы қадірлеу жайында қасиетті Құран мен хадистерде не айтылғанын имамымыздан сұрасақ:5. «Уақыттың қадірі» «Қарыны тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын»- деп Абай атамыз айтпақшы, адамның бос отыруы - шайтан үшін таптырмайтын мүмкіншілік. Ғұлама, дана кісілер уақыттарын үнемдеуді жақсы білген. Адам баласы екі нәрсенің қадірін білмейді: бос уақыт және денсаулық - деп хадисте ескертілген. Бірақ Ислам ғұламалары осыншалықты көңіл бөлген уақыт мәселесіне біз бүгін самарқау қарайтын сияқтымыз. Өйткені бүгінде уақыт өлтіретін нәрсе өте көп. Уақыттың бір аңдушысы ұйқы болса, көп сөз көп қыдырудың да еншісінде. Уақыт адамзатпен санаспайды, ал уақытпен санасқан адаспайды - деп түйген халық.Уақыттың қадіріБір жылдың қадірін білем десең, сыныпта орнында қалған оқушыдан сұра.Бір айдың қадірін білем десең, нәрестесін сегіз айлығында босанған анадан сұра.Бір аптаның қадірін білем десең, апталық газет шығаратын редактордан сұра.Бір минуттың қадірін білем десең, пойызынан қалып қойған жолаушыдан сұра.Бір секундтың қадірін білем десең, жол апатының алдын алуға үлгермеген жүргізушіден сұра.Бір мини секундтың қадірін білем десең, әлемдік жарыста күміс жүлде алған спортсмен жүгірушіден сұра.Көркем сөз «Уақыт қадірі» Илияс ГауһарУақыттың бос өткендігінен сақтану керек, бос отыру айтарлықтай зардап әкелуі мүмкін. Уақытыңды ізгі істерге жұмса: білім алуға, ата - ананың алдындағы міндеттерді орындауға, жетім - жесірге көмектес, мамандығыңды жақсы игер, мәнді пайдалы іске ұмтыл. 6.Қорытынды:Еркін микрофон: Осы кештен қандай пайдалы ой түйдіңіз?Ән: Саят Әбенов «Өлшеулі өмір»





































































Ислам-бейбітшілік және қайырымдылық дініКештен көрініс

















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!