Материалдар / Ислам – бейбітшіліктің басты кепілі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ислам – бейбітшіліктің басты кепілі

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға дін туралы қысқаша мәлімет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қараша 2020
397
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ислам – бейбітшіліктің басты кепілі

Адам баласының асыл құндылықтарының бірі – бейбітшілік десек, сол бейбітшілікті мәңгілікке ту етіп, әмәндә тыныштықта өмір сүруді кім армандамады дейсіз?! Кезінде бар қазақтың айбарлы ханы Абылайдың өзін жегідей жеген үш бірдей арманы болғаны екен. Ел аузында азулы жырау Бұхар Қалқаманұлы Абылай ханның ақтық сәтінде: «Оу, Хан ием, не арманыңыз бар?» деп сұрапты. Сондағы Абылай ханның жауабы: «Ее, үш арманым бар еді. Біріншісі сол, елімді бейбіт өмірге жеткізсем деп едім. Қан көп төгілді. Ал екіншісі, халық жер емшегін еме алмады, қала, кент сала алмады. Үшіншісі болса, елімнің басын біріктіре алмадым», - депті. Тегінде «арманы асқақтың, мұраты асыл» болса керекті.Осындайда ата-бабаларымыздың «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» бейбіт бір замананы, мамыражай бір бейбітшілікті текке армандамапты-ау деген ойға қаласың.

Ислам сөзі Құран Кәрімнің 10-нан астам жерінде келеді. Ислам – «амандық, есендік, бейбітшілік, тыныштық, мойынсұну, бағыну, берілу» деген мағыналардың барлығын қамтиды. Құранның  мына бір аятында былай деп келеді:

Алла бейбітшілікке шақырады және қалаған адамын тура жолға салады» (Жүніс сүресі, 10/25-аят).

Алла Тағаланың көркем есімдерінің бірі - «әс-Сәлам». Өйткені, адамдарға қауіпсіздік әкелетін – тек қана Алла. Ал «әс-сәлам» сөзімен астасып келетін ислам діні адамдарды  бауырмалдыққа, достыққа, әділдікке, ар-ождан тазалығына шақырады. Қасиетті Құран Кәрімнің аяттары адам жанын баурап, өзіне ұйытады, сендіреді және иландырады. Онда сана-сезімді нұрландыратын, тура жолға бағыттайтын ғажайып қасиет бар.

Бірлік пен ынтамақ

Бейбітшілікке шақырудың ең басты факторы - елдің ынтымағы мен бірлігі болса керек. Жарасты ынтымақ, ұйыған бірлік болған жерде ғана бейбітшілік туралы айтуға болады. Шын мәнінде мүмин жүректердің бір-біріне қатқан үнінің, өзара тұтастығының, араларындағы бірліктің бәрінен де үстем Алла тағаланың қалауымен ғана жүзеге асатынын Құран Кәрімнің мына бір аятынан көруге болады:

 «Ол мүминдердің жүректерін қосты. Егер сен, жер жүзіндегі нәрселерді тұтас сарып қылсаң да олардың жүректерін қоса алмас едің. Бірақ Алла, олардың араларын біріктірді. Расында Ол, өте үстем, аса дана» (Әнфал сүресі, 8/63-аят).

Кешірімді болу

Бейбітшілікке шақырудың келесі бір факторы адамдардың бір-біріне кешірімді болуы. Өйткені кешірімді болу адамдар арасындағы өзара түсінушілікті нығайта түседі. Бұл жайлы Құран Кәрімде былай делінген:

«Тақуалар – кеңшілікте де, таршылықта да садақа береді, ашуын тежей алады, адамдарға кешіріммен қарайды. Ізгілік жасаушыларға Алла да ілтипатпен қарайды» (Әли-Имран сүресі, 3/134-аят).

«Кешірім жолын ұста, дұрыстыққа бұйыр, білместіктен аулақ бол» (Ағраф сүресі, 7/199-аят).

«...Егер кек қайтаруға тиісті болған біреу оны кешірсе, өзара келіссе, оның есесін (сауабын) Алла қайтарады. Шынында Алла залымдық жасайтындарды дос тұтпайды» (Шура сүресі, 42/40-аят).

Міне, кешіре білудің өзі адамның кісілігі мен кішілігін танытатын асыл қасиет. Осы бір қасиеттің кейбір адамдар бойынан табылмауы көптеген келеңсіздіктердің туындауына себепші болады. Бұл ретте, халық даналығындағы «ұлық болсаң, кішік бол» деген тәмсілі тегін айтылмаса керек.

Өзара кеңесу әрі жәрдемдесу

Бейбітшілікті қалыптастыратын әрі адамдарды бір-біріне жақындастыратын ендігі бір фактор істі өзара кеңесіп шешу әрі бір-бірілеріне жәрдемдесу. Мүминдер арасындағы ынтымақ-бірліктің сақтаудың осы бір жолы Құран Кәрімде былай деп баяндалады: «Ал және сондай Раббылары шақырған нәрсеге үн қоса алатындар, намазды толық орындағандар, сондай-ақ өзара істерін кеңеспен жүргізгендер және өздеріне берген несібемізді тиісті орындарға жұмсағандар. Және де егер оларға бір залымдық болса, олар жәрдемдеседі» (Шура сүресі, 42/38-39-аяттар).

«Анығында Алла (адамдарды) әділ болуға, жақсылық жасауға, ағайынға қарайласуға бұйырады. Арсыздықтан, тоңмойындықтан, азғындықтан тыяды. Тағылым алсын деп насихат береді. Әрине түсінерсіңдер» (Нахыл сүресі, 16/90-аят).

Қазақ даласындағы қалыптасқан асар, жылу жинау, жетімі мен жесіріне қарайласу іспетті игі дәстүрлер түгелге дерлік ислам дінінен тамыр тартады. Олай болса, бейбітшілікке шақыратын асыл құндылықтарымызды қайта жаң ырту әрбіріміздің міндетіміз болып табылады.

Өрескел бұзақылыққа жол бермеу

Ислам діні кез келген терроризм, діни экстремизм, бүлік, іріткіге тосқауыл болады. Оның алдын алатын бірден-бір жол – ол, діни білімділік, саяси салмақтылық және өзіміздің ынтымақ-бірлігіміз болып табылады. Ислам жолы бүкіл болмысымен соғыс, басқыншылық, арандату атаулыға мүлдем қарсы. Исламда адам баласына залымдық жасау ауыр қылмыс саналады. Бұл сөзімізге Құран Кәрімнің мына аяты дәлел бола алады: «Бейкүнә бір адамды өлтірсе немесе жер бетінде бұзақылық қылса – күллі адамзатты өлтіргендей болады» (Мәида сүресі, 5/32-аят). 

Қоғамның тұтас бір тыныштығын бұзатын бүлік пен іріткі салуға Алла Тағала мұсылмандарға қатаң түрде тыйым салады. Қасиетті Құранда бұл мәселе жайында былай дейді:

«Бүлік шығару адам өлтіруден де бетер» (Бақара сүресі, 2/217-аят).

«Кім кісі өлтірмеген немесе жер жүзінде бұзақылық жасамаған біреуді өлтірсе, сонда шынайы түрде барлық адамды өлтіргенмен және кім оны тірілтсе (өлімнен құтқарса) барлық адамды тірілткенмен тең деп жаздық» (Мәида сүресі, 5/32-аят). Міне, көріп отырғанымыздай Алла Тағала мұсылмандарға қоғам ішінде бүлік шығаруларына тыйым сала отырып: «Жер жүзі түзетілгеннен кейін бүліншілік жасамаңдар», (Ағраф сүресі, 7/56-аят) - деп ескертеді де мына бір аятпен қоғам тыныштығын бұзған жанды жақсы көрмейтіндігін бұйырады:

«Алла бүлік шығарушыларды жақсы көрмейді» (Мәида сүресі, 5/64-аят). Құран Кәрім бүліктің, іріткінің кез келген түріне үзілді-кесілді тыйым салады. Өйткені мұның барлығы бейбітшілікке шақырудың жолына тосқауыл болады. 

Өзге дін өкілдерімен де бейбіт қарым-қатынаста болу

Ислам әрбір дін өкіліне құрметпен қарайды. Ешкімді дініне, ұлтына, нәсіліне және жынысына қарап бөлмейді. Адамға адами тұрғыдан баға беріп, Алла алдында ешкім ешкімнен жоғары емес, тек тақуалық пен діндарлықта ғана дәрежелері жоғары болады деген сеніммен әрекет етеді.

Мұсылман кісі өзгелерге тіл тигізіп сауап таппайды, керісінше исламнан алшақтатқандығы үшін күнә табады. Олай болса, мұсылманның міндеті өзгелерді діннен үркіту емес, өз дінін кемшіліксіз түрде жеткізе білу. Бірін-бірін мінеу, өсек-аяң айту, өзара араздасу сияқты ұнамсыз қылықтарды қай-қайсысымыз да жанымызға жат санайтынымыз жасырын емес. Мұның барлығы адамдардың арасын алшақтатып, түбі жақсылыққа апармайды. Яғни біз айтып отырған бейбіт өмірдің орнауына кері әсерін тигізетіні заңды. Сондықтан Құран Кәрім адамдарды ұнамсыз қылықтардан бойын аулақ ұстауға шақырады:

«Ей, Мүминдер! Бір ел, бір елді тәлкек қылмасын. Бәлкім тәлкек етушілері олардың өздерінен жақсы шығар. Сондай-ақ әйелдер, әйелдерді келемеждемесін. Бәлкім келемеждегендері келемеждеушілерден жақсы шығар. Бір-біріңді мінемеңдер; жаман ат тағыспаңдар. Иман келтіргеннен кейін жаман атпен шақыру нендей жаман. Ал кім тәубе қылмаса, міне солар залымдар» (Хұжұрат сүресі, 49/11-аят).

Сәлемдесу - бейбітшіліктің көрінісі

Сәлемдесу – күллі игіліктің бастауы, жаратылыс атаулының бір-біріне ықыласы.

Сәлемдесу – адам мен адамды жақындастырып, араздасқанды татуластырып, ағайынды табыстыратын көпір.

Сәлемдесу арқылы да адамның кескін кейпі, болмысы, көңіл-күйі байқалып тұрады. «Болар елдің баласын сәлемінен танисың», «Кісінің кішіпейілдігінің белгісі – көргенде сәлем бергені», «Сәлемің түзелмей, әлемің  түзелмес» деген халық арасында айтылатын нақыл сөздер бекер айтылмаған.

Сонымен, ислам дінінің жақсылыққа жолбасшы, бейбітшілікке қолбасшы болуының сыры - оның өміршеңдігінде, адамзатты мойындатқан асылдығында. Құранда айтылған бейбіт өмір сүрудің қағидалары мұнымен шектелмейді. Ислам дініндегі осы құндылықтарды әрбір адам баласы бойына сіңіре білсе, қазақ даналығындағы «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» тыныш, бейбіт заманның орнауы хақ.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!