400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ислам бейбітшіл дін"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ислам діні туралы , бейбітшіл дінге материал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 15.02.2018 ж.

Тақырыбы: Ислам – бейбітшіл дін. 
Мақсаты: адамзат арасындағы достық, ынтымақ, бірлік сияқты ұлы қарым- 
қатынастар арқылы сенім, махаббат, ақиқат туралы түсініктер арқылы 
имандылыққа баулу, өз дінімізге құрметті тереңдете түсу. 
Эпиграф: «Дін –татулық пен ынтымақты сақтаудың үлкен кепілі. Діндер тату болса, мемлекеттер де тыныш» (Н.Ә.Назарбаев) 
Жүру барысы. 
1. Кіріспе. 
Еліміз егемендікті алып, тәуелсіз мемлекет аталғалы 26жыл өтті. Осы жасампаздыққа толы 26 жылдың ішінде еліміз ұлы жеңістерге жетті. 26 жылдың ұлы жемісінің бірі – діни сенім бостандығы, ар-ұждан бостандығы. Дін бүгінде мемлекеттің бөлінбес бір бөлігі. Ұлтаралық және конфессиялық келісімді сақтап, нығайтуда ислам дінінің маңызы ерекше. Еліміздегі екінші үлкен дін – орыс православиелік дін. Қазақстанда осы екі діннің достығы қатынастың биік үлгісін көрсетіп отыр. Елбасымыздың салиқалы саясатының нәтижесінде жүзден астам ұлттар қазақ жерінде тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Біз Қазақстанның бейбітшілік бесігіне айналғанына мақтан тұтамыз. 

Ой қозғау. Исламды жақтаушылар неге көп? Дін азық бола ала ма? (Рухани азық) 

2. Жалпы сұрақтар. 
- Қасиетті кітап? (Құран) 
- Ислам сөзі нені білдіреді? (Бейбіт мойын ұсыну) 
- Ислам діні деген не? (Ислам діні деп – Аллаһтан басқа құлшылық қылуға лайықты тәңір жоқ екендігіне және Мұхаммед Аллаһтың елшісі екендігіне жүрекпен, тілмен және дене мүшелерімен куәлік беруді айтады) 
- Ислам дінінің басты қасиеті не? (Бейбітшілік) 
- Ислам дінінің басты мақсаты не? (Имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу) 
- Араб елдерінде Құран кәрімді мемлекеттік заң ретінде қолдана ма? (Иә) 
- «Шахид» сөзі нені білдіреді? (Алланың заңы) 
- Этносаралық, конфессиялық келісім сөздерін қалай түсінесің? (Ұлттар арасындағы толеранттық қарым-қатынас) 
- «Рухани келісім күні» қай күні атап өтіледі? (18 қазан) 
- Құранда неше сүре бар? (114) 
- Құранда неше аят бар? (6666) 
- Елімізде халықтар достығы қалай жүзеге асады? (Қазақстан Халқы Ассамблеясы, Кіші Ассамблеялар, Достық үйлері, ұлттық орталықтар арқылы) 
- Ислам суицидке қарсы ма? (иә) 
- Мұсылман үшін үлкен сабыр мектебі? (Ораза) 
Пікірталас. 
«Свидетели Иегово» деген ұйымның мүшелері Қазақстан мемлекетінің әнұраны айтылған сәтте орындарынан тұрып құрмет көрсетпейді. Кейбір секта мүшелері өз балаларының Отан қорғау боышын өтеулеріне қарсы. Оқу оқып білім алу да керек емес дейді. Қазіргі таңда исламның салафиттер, вахабиттер сияқты бұрмалаушы ағымдары көбейіп кетті. «Ас бермеу керек. Бейіт басына бармау керек, зират салып тасын көтермеу керек. Өлген адам о дүниенің рахатына бөленеді» деген сияқты ұстанымдарын таратып жүр. Кейбір діни ағымдар өнерімізге шектеу салуды мақсат тұтуда. Тіпті теледидар қарамаңдар дейтіндер де кездеседі. 
Осы мәселелер туралы ойларын оқушылар ортаға салады. 

 «Ислам діні – бейбітшіл дін». Оқушылар ислам дінінің қасиеттерін атайды. Мысалы, Ислам – бейбітшіл дін, ислам соғысты қаламайды, күш қолдануға қарсы, лаңкестікті айыптайды, адамгершілікке, қайырымдылыққа, еңбексүйгіштікке шақырады, т.б. 

Тапсырма:

1) ҰБТ – дан жоғары ұпай жинап, қаладағы жоғарғы оқу орнының біріне қабылдандың. Сабақтан қайтып келе жетқанда алдыңнан өзің қатарлы жігіттер немесе қыздар шығып сенің дінге деген көзқарасыңды білмек болып сұрақтар жаудырды. Осы жағдайдағы сенің іс – әрекетің қандай? Олармен пікір бөлісесің бе? Үндемей кете бересің бе? Шешіміңді дәлелде?

2) Сыныпқа жаңадан оқушы келді, онымен жақын әңгімелесе бастағаннан саған бейтаныс діни ағымдар туралы қызықты оқиғалар айтып, сол ортамен байланыс орнатуға үгіттеді.Тіпті сені мол қаржы табудың көзі ретінде сонда жұмысқа шақырды.Осы жағдайдағы сенің іс – әрекетің қандай? Ұсынысқа көзқарасың туралы ойыңды бөліс.


Мұны білу өте маңызды!
1. Сізге таныс емес, көшеде кездескен адаммен дін ұйымның жиналысына шақыратын дін тақырыбындағы диалогқа араласпа!
2. Қандай да болсын кездескен діни ұйымның сенушілері мен ілімін таратушыларға бірінші кездескенде өзіңіздің діни көзқарасыңызды білдірмеуге тырысыңыз.
3. Егер сіз алдыңызда тұрған уағыздаушыға сол діни ұйым туралы сұрақ қоюға шешім қабылдасаңыз, онда ешқандай кері әсерсіз болғаны жөн.
4. Егер сізге діни бағыттағы парақтар, брошюралар, журналдарды оқуға ұсынса рахмет айтып, сыпайы түрде бас тартыңыз.
5. Егер сіз діни жиналыстарға қатысуға шешім қабылдасаңыз, олар туралы көбірек білуге тырысыңыз, туысқандарыңызбен, достарыңызбен, жай адамдармен ақылдасыңыз.
6. Діни ұйымдардың жиналысына қатыссаңыз, есіңізде сақтаңыз: миссионер – уағыздаушылардың басты мақсаты – Сізді өз сенімдеріне кіргізіп алу. Ал, Сіздің мақсатыңыз – деструктивтік діни ұйымдардың ықпалына түсіп қалмау.
7. Діни жиналыстарға жалғыз қатыспаңыз, қасыңызға досыңызды немесе туысыңызды ертіп жүріңіз.
8. Сіз туыстарыңыз бен жақындарыңызды тыңдамай рухани тұрғыда денсаулығыңызды түзеу үшін теріс бағыттағы діни ұйымдардың қатарына қосылу тұрарлық деп ойлайсыз ба?
9. Бұл өмірден бір мақсат пен жетістікке жету үшін, жаныңызға тыныштық табу үшін дәстүрлі емес бағыттағы шіркеулер, миссиялар мен ұйымдарға жоламағаныңыз жөн.
10.
Есіңде болсын! Есте сақта! 
Қорытынды. 
Соңғы кездері Қазақстанда мұсылман халқын басқа дінді қабылдауға шақырған топтар пайда болуда. Олар өз діндерін уағыздап, қиындықтан шығудың жалғыз жолы осы дінді қабылдау деп насихат жүргізуде. Бүгінгі күні елімізде 27 мемлекеттен шамамен 300 шетел миссионерлері тіркеуден өткен. Олардың көбі Польша, Корея, Германия, АҚШ, Ресей, Украина, Италия, Испания, Швейцариядан келгендер. Елімізде екркінсіп жүрген миссионерлердің осындай арандатушы әрекеттерінен сақ болғанымыз жөн. Ата-бабаларымыз ұстанып келген Ислам діні – тіршілігіміздің тірегі. 
Президент қол қойып, күшіне енген «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңның қабылдануы туралы айтылады. Бұл заң бойынша Қазақстан азаматтары , шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар миссионерлік қызметті Дін істері агенттігінің тіркеуінен өткеннен кейін ғана жүзеге асыра алады. Тіркеуден өтпеген жағдайда миссионерлік қызмет жасауға тыйым салынады. Тіркеуден өту жыл сайын қайталанады. Миссионерлік қызмет Конституциямызға, заңдарымызға, қоғамдық тәртіпке, адамның құқықтары мен бостандықтарына, халықтың денсаулығы мен имандылығына қатер төндіретін болса, тіркеуден өткізуден бас тартылады. 
Сөзіміздің соңын ұлы ақын Шәкәрімнің мына сөзімен аяқтаймыз: «Адам атаулыны бір бауырдай қылып екі өмірде де (бұл дүние мен о дүниеде) жақсылықпен өмір сүргізетін жалғыз – осы мұсылман жолы»

Осындай тілекпен бүгінгі қоғамымызды дөп басар кезінде ұлт зиялысы, ел жанашыры Міржақып Дулатұлының «Оян, қазақ!» атты өлеңінің мына бір жолдарымен қорытындылағым келеді.
Оян, қазақ!
Оян, қазақ! Өз дініңді ұмытпа,
Дініңді сен ардақтағын, құнтта!
Көз алдыңда тура жолың тұрғанда,
Қателесіп жаман жолмен былықпа!









































Қожасай негізгі мектебі

Бекітемін:

О.І.М.: Балгазина Ж.О.















Сыныптан тыс

Тақырыбы: «Ислам- бейтітшіл дін»













































2018 оқу жылы





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 қаңтар
722
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі