400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ислам дініндегі бағыттар. Шариғат. Мұсылман құқығының негізгі мектептері мен жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдер үшін сабақ жоспары зайырлы дінтану пәнен
Материалдың қысқаша нұсқасы

9 сынып . «Зайырлылық және дінтану негіздері» 15.01.2018ж

Тақырып. Ислам дініндегі бағыттар. Шариғат. Мұсылман құқығының негізгі мектептері мен жолдары


Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

1.Оқушыларға Ислам дініндегі бағыттар. Шариғат. Мұсылман құқығының негізгі мектептері мен жолдары туралы тың мәліметтер беру, жалпы рухани-адамгершілік қасиеттердің маңызын түсіндіре отырып, олардың білімін қалыптастырып, дамыту.

2.Оқушылардың аналитикалық ойлау, есте сақтау, теологиялық тұрғыдан ойлауға және сыни көзқарастарын дамытуға ықпал ету.

3.Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, діни-саяси мәдениетке баулу.

Мақсаты: діни сауаттылықтарын қалыптастырып, тұжырымдау дағдыларын дамыту.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: қима-қағаздар, жетондар, трек-сызба, кубик, тақта т.б.

Сабақтың типі: жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы.

Әдісі: интерактивті оқыту әдісі.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Жаңа материалды түсіндіру


Ислам

Орта Азия және Қазақстан территориясына Ислам VII ғ. ІІ жартысында Омеядтық халифа Муави Ибн Суфиянның тұсында енді. Дін таратушылардың қолбасшысы Құтайба Мүслім ұлы еді. Ол жаулауды Бұхара, Самарқанд, Насаф, Мерв, Хорезм, Баласағұн сияқты үлкен қалалар орналасқан Маверанахрдың төңірегінен бастаған еді. Ал қазіргі Қазақстан төңірегінде Исламның орнығуы Әбу Мүсілім бастаған мұсылман әскерінің 751 жылы шілде айында Талас маңындағы Ахлет (Атлах) деген жерде болған соғыстың жеңіске жетуі үлкен әсерін тигізді.Осы уақыттарда еліміз аумағы Қарахан хандығына қарасты болатын. Алтын Орданың мұсылмандықты қабылдауымен нығая түсті. Бұл процесс Берке (1255-1266ж.ж.) ханның тұсында басталған еді. Ислам XIV ғ. әмір Темірдің кезінде де ерекше беделді болды.


Ислам дінінің қандай бағыттары бар?


Исламның негізгі бағыттары. Сунниттік бағыт. Мұсылмандар Мұхаммед пайғамбар жолын ұстануды сүннет (суна) деп атайды. Әр істе пайғамбар сүнетін басшылыққа алатын мұсылмандарды сунниттер дейді. Сунниттер ұстанатын құқықтық мектептеріне қарай төрт мектепке (мазхабқа) бөлінеді. Ол мектептер – ханафи, шафиғи, малики және ханабали. Әлем мұсылмандарының 90% -ынан астамы сунниттік бағытты ұстанады.

Шиттер. Шиттердің сунниттерден басты ерекшелігі – олардың Әли ибн Әбу Тәліптен басқа исламдағы халифаларды мойындамайтындығы. Тіпті, араларында Әбу Тәліпті пайғамбар ретінде дәріптейтіндер де кездеседі. Әли әулетінен өрбіген он екі иманды дінбасарлары ретінде ерекше құрметтейді. Әли халифалық құрған тұста саяси алауыздық себебінен пайда болған шиттік топ уақыт өте келе өз алдына доктринасы бар бағытқа айналды. Шиттер бүгінде көптеген топтарға бөліненді. Шиттер бүгінде көптеген топтарға бөлінеді. Олар Иран, Ирак, Иордания, Сирия, Ливан, Пәкістан, Әзірбайжан елдерінде кездеседі.

Ағзам бастаған Ханифит мазхабының сунниттік бағыты.

Исламдағы 4 мазхаб (мектеп):

Имам Ағзам Абу ханифа

Имам Шәфиғ

Имам Малики

Хамбал


III. Сабақты қорытындылау.

1. Ислам дінінің қандай бағыттары бар?

2. Суннит бағыты деген не?

3. Шииттер туралы айтып бер?

IV. Жеке оқушыларға озық тапсырма беру § 18.

V. Үйге тапсырма.

§ 17 оқу, талдау.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
27.04.2019
5316
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі