400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ислам дінінің пайда болуы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ислам дінінің пайда болуы мен таралу өңірлері туралы ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: Ислам дінінің пайда болуы.

Мақсаты: 1. Оқушыларды әлемдік діндер мен оның ішіндегі ислам дінінің пайда болуы, таралуы және осы ілімнің қазіргі қоғамдағы рөлімен таныстыру


2. Оқушылардың бойында гуманистік дүниетаным негіздерін, рухани- адамгершілік құндылықтардың, жеке сенімнің жүйесін және белсенді азаматтық көзқарасын қалыптастыру


3. Діннің түпкі мақсаты адамзатты билікке, мәдениеттілікке, өркениеттілікке, имандылыққа шақыру екендігін әңгімелей отырып тәрбилеу


Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі-көрсетілімді әдіс


Көрнекілігі, техникалық құралы: Қасиетті кітаптар: Зәбур, Тәурат, Інжіл және Құран,

Дүниежүзі саяси картасы, сызбалар, нақыл сөздер, фотосуреттер, слайдтар,


Пән аралық байланыс: Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарихы,

Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру

II. Жаңа сабақты қабылдауға даярлық, мақсат қою

(Сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықтау)

Сұрақтар:

  1. VI-VII ғ-да қалыптасқан «Синто» (құдайлар жолы) термині орта ғасырларда пайда болды, ол қандай ілім?

  2. Конфуцийдың «Ұлы ұғынуы кітабы» 75 қатардан тұрады, оған 1546 түсіндірме жасаған. Мақсаты - императордың билігін заңдастыру еді. Сұрақ: оның ұстаған жолының бірі.

  3. Грек тілінен аударғанда миссия ( машиах), құтқарушы деп аударылған сөз

  4. Б.з.б. IV-III ғғ. еж. Қытайда, құпиясы аңызға айналған сары император Хуан- дидің ашқан ілімі.

  5. Б.з.б. 1 мың жылдық ортасында Үндістанда пайда болған ең ежелгі дін

Шешуі: 1. Синтоизм. 2. Әділеттік. 3. Христос. 4. Даосизм. 5. Буддизм.

Сөзжұмбақ





5

 

 

 

 

 

 

 








3

 

 

 

 

 

 

 







2

 

 

 

 

 

 

 

 

 







4

 

 

 

 

 

 

 

1

 

 

 

 

 

 

 

 








ОDrawObject1 қушылардың ислам діні туралы бұрынан не білетіндіктерін білу үшін сөз топтамасын құру:


Ислам діні туралы

не білесіңдер?




IV. Жаңа тақырып меңгерту

Жоспар:

1. Исламға дейінгі Арабстандағы жағдай

2. Ислам дінінің пайда болуы

3. Ислам дінінің таралу аймағы


Жаңа сабақты жоспар бойынша түсіндіру:


Тірек ұғымдары:

  1. «Ислам» - сөзі арабша «бейбітшілік», «бағыну», «мойынсыну», «ілім», «бас ию»,

«нану».

  1. Мұсылман – «Алланың нағыз – құлы, алланың нағыз ұлы».

  2. «Хижрат» – 622 жылғы Меккеден Ясриб (Мәдина) қаласына Мұсылмандар көші

  3. «Хижра» - жаңаша мұсылман жыл санауының басы (ай күнтізбесі).

  4. Алла – күреншит руының жеке құдайы.

  5. Күреншит – Мұхамедтің шыққан руының аты.

  6. «Шариғат» – араб тілінде «Тура жол».

  7. «Уахи» – Жәбірейіл періштенің жеткізген аяндары.

  8. «Пайғамбар» - парсы тілінде «хабаршы» деген ұғымды білдіреді.

  9. «Мұхаммед» - «мақтаулы»деген мағынаны білдіретін есімді Хазрет Мұхаммед

(с.а.с.) Пайғамбарымызға атасы Абдулмутталиб қойған есім.

  1. «Құран» - Алладан адамзатқа тура жолды нұсқау үшін Мұхаммед Пайғамбарға

түскен ең соңғы кітап.


Исламға дейінгі Арабстандағы жағдай

Ислам діні келгенге дейінгі кезең Ислам шариғатында «Надандық дәуірі»:

  • адамзаттың рухани азғындыққа ұшырауы;

  • имансыздықтан тұншығуы;

  • Арабстанда нәпсіқұмарлықтың шегіне жетіп, зұлымдықтың, маскүнемдіктің, ұрлықтың, зорлықтың, зинақорлықтың кең етек алуы;

  • Пұтқа табынушылықтың зорақысының жасалуы, мысалы, Исламға дейінгі кезеңде әйелдерінің қыз босанғанын намыс көріп, одан құтылу үшін қыз балаларды тірідей көміп, тастау сияқты тұрпайы салт болғаны туралы тарихи деректерден белгілі.

Алайда, Алладан аяттар («уақи») түсе бастағанда көпшілік Құранның жоғары екендігін мойындағаны шындық.


Ислам дінінің пайда болуы

Ислам дінінің де, басқа дүниежүзілік діндер сияқты өзінің ұзақ тарихы бар.

Ислам дінінің шығу дәуіріне, уақыт талабына, оны ұстанған халықтардың әдет-ғұрпына, тұрмыс-тіршілігіне байланысты, көңіл-күйіне, психологиясына қарай өзіндік ерекшеліктері де бар.

Әлемдік діндердің ең жасы - Ислам діні біздің заманымыздың 609-639 жж. аралығында (VII ғасыр) шығыс пен батыс өркениетінің тоғысып жатқан Араб түбегінде пайда болды.

Ислам діні ортағасырлық Араб халқын ұйыстыруға, жаңа саяси құрылым «халифаттың» орнығуына, біртұтас ел қалыптастыруға, әлемде «мұсылман үмбеті» деп аталатын жаңа қауымның түзілуінде маңызды факторға айналды.

Ислам дінінің негізгі ұстанымдары: Құран кітап пен Мұхаммед пайғамбардың өнеге етіп қалдырған іс-амалдары (суннеті).

Мәліметтер бойынша, Хазірет Мұхаммедке (с.а.с.) пайғамбарлық ақыл-ойы кемелденген 40 жасында қонған екен. Осы елшілік міндетті 610 жылы Рамазан айында Хира тауының басында Жаратушының үкімдерін пайғамбарларға жеткізуші Жәбрейіл періште жеткізген делінеді (алғашқы аяттардың түсірілгені туралы аңызбен толықтыру).

Ислам дінінің 622 жылы мұсылмандар Меккеден Мединаға көшіп келегеннен кейін таралуы қарқынды күш алды. Медина қаласы Ислам дінінің бүкіл мұсылман әлемінің қасиетті мекеніне айналды.

(Шариғат, Ислам дінінің бес парызы, Күәлік сөзі (кәлимә шәхада), Намаз, Қағба, Иман шарттары, Төрт үлкен періште туралы түсінік беріледі).

Исламның таралу аймағы (оқулықпен жұмыс, сұрақ-жауап)

VII ғасыр. Ислам дінінің аумағы Араб түбегін қоса алғанда Солтүстік Африка, Пиреней түбегі, Месопотамия, Иран, Ауғанстан, Кавказ аумағы, Орталық Азия мен Үндістанның солтүстігіне дейін жеткен.

Ислам дінінің ұстанушылар саны шамамен 2 млр-қа жуық.

90%-ы Сунниттер.

Шииттер Иран мен Ирак аймағында ғана кездеседі.

120 –дан астам елде Ислам діні таралған.

Сенушілер әлемінің 35 мемлекеті халқының басым бөлігін құрайды.

Әлемнің 28 елінде ресми дін болып жарияланған.

Халықаралық мұсылмандық сипаттағы саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар:

  1. 1966 жылы Меккеде құрылған Ислам әлемі Лигасы

  2. 1969 жылы Ислам конференциясы ұйымы

  3. 1973 жылы құрылған Европаның Ислам Кеңесі ұйымы


V. Жаңа материалдың қабылдануын тексеру




DrawObject2




Ислам дінінің 5 парызы














Оқушы білімдерін пысықтау үшін тапсырмалар:


1- тапсырма.

Үш қатарға бөлек ақ беттер жіберіледі, қатар отырған екі бала жаңа тақырып бойынша не білгенін бір сөйлеммен жазады, артқа жіберіледі, жазылғандарды екінші рет қайталамау ескеріледі. Жылдамдық талап етіледі.

Қателері түзетіледі, толықтырылады. Қорытындысы шығарылады.

2 тапсырма. Ислам діні мен Христиан дінінің айырмашылықтарын жазу


DrawObject3 DrawObject4 DrawObject5











Сабақты қорытындылау:

Оқушылардың сабақты қалай меңгергендіктерін,сабақтағы белсенділіктерін ,сабаққа қатысуларын ,пәннің маңыздылығын айту.


YI.Үиге тапсырма беру

Дінтану негіздері.

Үиге: шағын эссе жазып келу « Менің дінге деген көзқарасым»

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қараша
822
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі