Ислам
ілімдерінде діни мәтіндерді түсінудегі
буквализм проблематикасы
Қасиетті
мәтіндердерді буквалисттік антропоморфисттік
күйде түсіну діни кекілжіңді тудырып,
адамдардың ислам дінін дұрыс түсінбеуіне
әкеп соқты. Ислам дінінің мәтіндерін
дұрыс түсінбеу салдарынан, қазіргі
уақытта діни радикализм тарап келеді.
Бұл қоғамымыздың күн тәртібінде тұрған
маңызды әрі өзекті мәселелердің бірі.
Экстремизм мен радикализмнің алдын
алуымыз үшін исламдағы діни мәтіндерді
дұрыс түсінуіміз қажет. Сол себепті
исламның тарихына қысқаша шолу жасап
кетейік.
Исламның
қасиетті мәтіндерін герменевтикалау
нәтижесінде буквалисттік, антропоморфисттік
топтар пайда болды. Атап айтсақ зохирия
мәзһәбі, мушаббиһә және мужәссимдік
әрі харижилік, муғтазилиттік, жәбәриттік
т.б топтар пайда болды.
Ислам
дінінде «сәләф әс солих» (ілгеріндегілер)
кезіңінде қасиетті мәтіндердегі
догматизм ұғымын түсінуде антропоморфисттік
немесе буквалисттік күйде түсіну
проблемалары орын алмаған. Бұлай
болмауының бірнеше себептері бар.
Бірінші себеп атап айтсақ пайғамбарымыздың
(с.а.с) сахабаларында туындаған кез
келген мәселені өз ауызынан түсіндіріп
баяндап беріп отырған. Сәйкесінше
сахабалар да табиғиндерге пайғамбардан
алған ілімін жеткізген. Екінші себеп
сахабалардың дінді түсіну деңгейі өте
жоғары болған. Настағы келіп жеткен аят
хадистерге иман етіп амал жасаған. Бұл
тәсілді «тафуид» деп атайды. Яғни аят
хадистегі муташабиһ мәселелерінің
мағыналарын Аллаға қалдырып, астарын
іздемеген. Тіпті керек болса кейде аят
хадистерді дұрыс түсіну үшін «тәуил»
жасайтын болған. Бұл дегеніміз болжам
жасау әдісі. Мысалы Аллаһ Өзі жайында
баян еткен «қолы», «жүзі» жайындағы аят
хадис мәселерін тікелей емес жанама
түрде «қолы» дегенін Аллаһтың «күші»
деп ұғынған. Әлбетте бұлай діни мәтіндерді
түсіну әдісі бидғат емес.
Пайғамбарымыздың
(c.а.с) көзі кеткен соң, сахабалар арасыныда
орын алған «сыффин» , «жәмәл» соғыстары
да дінімізде буквалисттік идеологиядағы
топтардың пайда болуына себеп болған
еді. Мысалы харижилік топты айтсақ
болады. Олар үлкен күнә жасаған мұсылман
тозақы деп, Али р.а айыптап күпірлікке
дейін шығарып тастаған болатын. Құран
аяттарын тікелей түсініп, мұсылмандарды
аяусыз өлтірген. Олардың басты қателерінің
бірі аят хадисті тікелей түсініп, сонымен
амал жасауы еді. Онымен қоса мүржилік
топта мұсылман болуға иман ету қана
жеткілікті деп, амал жасамаса болады
деген тұжырымға келеді. Әрине бұндай
тұжырым дұрыс емес.
Исламда
буквалисттік топтардың бірі ретінде
Зохирия мәзһәбін да атап кетсек болады.
Ол топ аят хадистің сыртқы мағынасын
алып, сол бойынша амал жасайтын болған.
Бұндай амал исламда дұрыс емес тіпті
діннен де шығарып жіберуі мүмкін.
Десекте, зохирия мәзһәбінің белгілі
ғалымы Ибн Хазмның айтқан тұжырымдары
әһл сунна ғалымдары арасында дәлелге
ұстанып, ол кісінің пікірімен санасыпта
жататын кезі баршылық.
Жалпы
исламда буквалисттік идеологияның
дамуына серпін берген мектептер де
болған. Соның бірі әһл хадис мектебі.
Әһл хадис мектебі иман мен амал мәселесінде
иман мен амалды тең көрген. Яғни амал
жасамаған адамның иманы кәміл емес
деген. Бұл мектептің ерекшелігі аят
хадис төңірегінен шықпау керек деп
тұжырымдаған. Бұл мектептің өкілдері
имам Шафиғи, Мәлики, Ханбали т.б амал
жасамаған адам кәпір демеген пасық деп
үкім шығарған. Тек тым шектен шыққан
хадис өкілдері ғана адамды амал жасамағаны
үшін күпірлікке айыптаған. Бұл мектепке
қарсы топ ретінде әһл рай мектебі
қалыптасқан. Ол мектептің негізін
қалаушы имам Абу Ханифа р.а болған. Әһл
рай мектебі діни үкім берерде ақылға
ерекше орын берген. Деседе шариғат
шеңберінен шықпаған. Нәтижесінде шариғи
үкімдік термин «қияс» яғни аналогия
пайда болды. Әһл рай мектебінің өкілдерінің
бірі имам Матуруди болған. Имам Матуруди
ақида саласының классикалық бағытын
имам Абу ханифа еңбектеріне негіздеп
жасаған болатын. Яғни имам Матурудидің
ақидалық мектебі жалпы буквализмге
қарсы шығып, діни герменевтикадағы
догматизм мәселесін дұрыс түсінуге
бағытталған. Бұл өз кезегінде діни
радикализмнің алдын алуға септігін
беретін мотедологиялық модель болып
табылады.
Діни
буквализм мәселесінің қазіргі уақыттағы
белгілі көріністерін неохарижилік
немесе уаһәбилік сәләфилік топтардан
байқауға болады. Мухаммад Абдул Уаһаб
негізін қалаған уаһабилік топ саудия
елінде пайда болып әлемге тараған. Ол
топтардан бөлек такфир уәл хиджра,
хизбут тахрир, жалған сокральді мистикалық
сопылар т.б айтуға болады. Уаһабилердің
діни мәтінді герменевтикалауда өзіндік
қателіктері бар. Атап айтсақ тафуидті
тәпсірді тәуилді әһл сунна ғалымдарының
түсіндіргеніне сай қылып емес, адасқан
буквалисттік антропоморфисттік
идеологияға сай түсіндіреді. Дін аралық
диалогты, толеранттылықты жоққа шығарып,
діни төзімшілсіздікпен өмір сүреді.
Діни догматизм мәселесінде әһл хадис
ұстанымы бойынша яғни амал мен иманды
бір деп қарап, амал етпеген мұсылманды
кәпір санайды. Десекте шындық үшін айта
кеткен жөн барлық сәләфиттер ондай
көзқараста емес. Сол секілді діни
мәтіннің сыртқы көрінісіне ғана мән
беріп қарайтын адасқан сопылар қауымы
да баршылық.
Қорытындылай
келе дініміздегі қасиетті мәтіндерді
түсінуде туындаған буквалисттік
антропоморфисттік тұжырымдағы проблемалар
қоғамымызда діни алауыздық пен бүлік
туғызып жатыр. Жастарымыз теріс діни
ағымға кіріп, радикалисттік экстремисттік
идеология шырмауығында жүр. Бұл еліміздің
болашағы үшін алаңдатарлық мәселе.
Бұндай проблемалардың алдын алу үшін
ортодоксалды исламның құндылықтарын
ел ішінде мешіттерімізде кітаппен әрі
интернет ресурстарымен насихаттап,
мемлекетіміздің діни заңын қайта қарап,
толықтырулар мен өзгертулер еңгізуіміз
қажет.