Қызылорда
Медициналық Жоғары Колледжі
Шарапов
Жалғас
Ислам
және медицина
Жыл
санауымыздың алғашқы дәуірінен бастап
медицинаның дамуы ислам өркениетімен
тұстасып келеді. Бүгінгі қарыштап
дамыған жаңа технологиялар асыл
дініміздің хақ әрі адамзатқа берер
пайдасы мол екендігін дәлелдеуде. Көк
пен жер үстіндегі барлық ақиқат қасиетті
Құранның құндылықтарын айғақтайды.
Қазіргі
күнге дейін адам денсаулығына жауапты
мамандар біздің дәуірімізге дейінгі
жарты ғасыр бұрын медицина саласының
дамуына үлкен үлес қосқан Гиппократты
пір тұтады. Тіпті жұмысына кіріспес
бұрын оның даңқын асқақтатып, «медицина
атасына» адал анттарын береді. Гиппократ
ежелгі Грекияда адам денесін ашуға
тыйым салғанына қарамастан емдеу жолы
онсыз болмайтындығын дәлелдеген, ауқымды
трактаттар жазған пәлсапашы, даңқты
тұлға. Ерен еңбегі жаңа заманға да,
келешекте адамзат игілігіне жарайтындығы
мәлім. Дегенмен де, жыл санаудың алғашқы
ғасырында Кіші Арабия түбегінде Ислам
атты өркениет дүниеге келген болатын.
Ең жас діннің әлемге таралуы сан мыңдаған
инсандардың санасына серпіліс беріп,
көкірек көзін ашып, надандық қараңғылығын
жарып шығуына сеп болды.
Ислам
діні біздің заманымыздың жетінші
ғасырында пайда болды. Соңғы пайғамбар
арабтың құрайыш тайпасынан Мұхамед
(оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)
жахилилер дәуірінде қараңғы халыққа
Құдайдың бар екендігін, оның ақиқатын
жария түрде жеткізуші құрметіне ие
болды. Адам ұйқысынан оянып, ұйықтағанға
дейінгі барлық дұрыс болған іс-амалдарын,
тіпті қалай ас ішу керектігін де өзі
үлгі ретінде үйретіп кетті. Оның киелі
әрі мәңгі мұғжизасы – Құран кәрім еді.
Мұсылман қауымының қасиетті кітабы
әлемдегі қандай сала болмасын жүйелі
түрде түгел қамтыған жалғыз ақиқи білім
жинағы болып табылады. Онда ерекше түрде
медицина саласын айта аламыз.
Ардақты
дініміз тым артта қалған Еуропаның
қайта өркендеуіне ерекше үлес қосып,
тың серпін берді. Бұл ақиқат, оны батыстың
халқы да мойындады. Батыс өз ішінде
бүлініп жатқанда Кіші Азияда Ислам
өркениеті құлашын кең серпуде еді. Қай
кезде де болмасын бүкіл әлемді толғандырған
адам мәселесі болатын. Құранды тәпсірлеп,
тура не жанама жеткен деректерге сүйеніп,
медицина саласы қарқынды дамыды. Ислами
ғылымдардың ішінде ғұламалық дәрежеге
жетіп, «медицина атасы» саналған Ибн
Сина дүниеде адам сенгісіз жаңалықтар
ашқан болатын. Батыс елдерінде Авиценна
атымен белгілі ғалым – 456-ға жуық еңбек
жазған пәлсапашы, астроном. Оның ең
құнды еңбектерінің бірі – бес томдық
«Қанун».
Ислам
әлеміндегі шоқтығы биік Ғадиди емханасы
981 жылы Бағдад қаласында ашылған.
Сондай-ақ Дамаскідегі ән-Нури, Каирдағы
Мансури ауруханалары бір емделгенде
4000 ауруды қабылдай алған. Адам денесінен
арам қандарды алуда сүлікті, араны,
хиджаманы пайдалану да ислам арқылы
енген. Тіпті қарапайым гигиена сақтау,
мысалға асқа дейін және кейін қолды
жуу, жеке құралдарын пайдалану да ислам
дінінің арқасында адамзатқа таралды.
Мың аурудың себебі де жеке бас гигиенасын
сақтамаудан болатын.
Медицина
саласында Ислам институтының пайда
болуы үшін бір-екі деректер келтірейік.
Қасиетті кітапта адам баласының дүниеге
келуі ерекше мәліметтермен берілген.
«Мүминун» сүресінің 12-13 аяттарында адам
шәует сұйғының түгелінен емес, тек
кішкене бөлігінен, яғни аталық клеткадан
жаратылатыны, сәби жынысын аталық клетка
айқындайтындығы, эмбрионның ана құрсағына
сүліктей жабысатыны, сәби ана құрсағында
3 қараңғы кеңістік ішінде өсетіні,
алғашында сүйек пайда болатынын, оны
етпен қаптайтыны толығымен жазылған.
Мұсылмандар
шөптен дәрі-дәрмектерді жасауды меңгерді.
Адам ағзасын толығымен зерттеп, ауру
белгілерін, емдік жолдарын анықтауға
мүмкіндік алды. Тіпті адамнан бөлек
хайуанаттардың да емдік жолдарына негіз
салды. Себебі адамға аурудың көбі
хайуанаттардан да жұғатын еді. Сондай-ақ
тіс аурулары да емсіз қалмады. Аз-ЗаҺрауи
«Тасриф» кітабында тісті қалай жұлу
керектігін, қандай құралдар пайдалану
керектігін, тіс салуды да, тіпті тіс
пастасының жасалу жолдарын да жазып
қалдырды.
Құдіреті
шексіз мейірімді Алла Тағаланың адамзатқа
тура жолды көрсеткенін сан түрлі
деректермен дәйектеп айғақтай аламыз.
Қазіргі заман ғалымдарының сенсациялық
жаңалықтары бұдан он төрт ғасыр бұрын
белгілі болған еді. Дегенмен де қазіргі
заман Исламды жаңа қырынан танытып
келеді. Алдағы уақытта ғылым прогресі
Исламның хақ дін екендігін дәлелдеуге
негіз болары сөзсіз. Болашақта өмірімізді
сеніп тапсыратын дәрігерлердің «пірлеріне
емес», қасиетті Құранға қол қойып ант
берсе құп болар.