400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Исламдағы бала тәрбиесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Исламдағы бала тәрбиесі кез келген отбасы үшін бірінші орында тұрады. Келешек ұрпақты тәрбиелеу үшін кішкентайдан дұрыс бағыт беріп, тәрбиелеу керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Исламдағы бала тәрбиесі


Жүргізушілер: Асылханова Айгерім, Қоспан Айдана

Ассаламу алайкум құрметті ұстаздар, шәкірттер! Бүгін «Исламдағы бала тәрбиесі» тақырыбына арналған тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!


Кіріспе

 Баланың шыр етіп өмірге келуі - зор қуаныш. Өйткені, бала - өмірдің сәні, отбасының шаттығы, Құдай тағаланың берген сыйы. Дана қазақ тоғыз ай құрсақта жатқан сәбиді шілдеханамен қарсы алып, тербелген тал бесікке салған. Бесік жырымен әлдилеген, алақанға салып аялаған. Тәрбиесіне жауаптылықпен қараған. Бойына жақсы қасиеттер сіңіруге тырысқан. Өйткені, оның аманат екенің жақсы түсінген. 
Ата-ананың ең үлкен міндеттерінің бірі - мұсылман үмбеті деген атқа лайық иманды перзент тәрбиелеу. Сондықтан қазіргі ата-аналар Ислам дініндегі мәні терең, мазмұнды тәрбие негіздерімен танысып, жаны ізгі, көргенді ұрпақ тәрбиелеп жатса, бұл - тектілігімізге қайта оралғандығымыз, ата-бабаларымыздың ұлы мұратын орындағандығымыз. Артына сауап жолдап тұратын иманды ұрпақ қалдыра білген ата-аналардың екі дүниеде де жүздері жарқын болмағаны хақ.

Парасатты, ізгі тәрбие, тәрбиенің кемелдігі неден басталмақ? Бұл ең әуелі баланың өз ата-анасын сыйлауы, иманды болып өсуі, жанашыр, адал, еңбекқор, кішіпейілділік секілді ізгі қасиеттерді бойға сіңіруі. Қоғамды құрайтын жанұяның бір мүшесі ол – бала. Ата – ана болудың зор жауапкершілігі де осы кезден басталады. Ислам дінінде бала – өмірдегі сынақтардың бірі ретінде қаралады. Сол себепті сынақтан сүрінбей өту үшін балаға өмірде жақсы – жаманның, обал – сауаптың не екенін, қалай еткенде жақсы адам болып қалыптасудың жолдарын үйрету, парасатты тәрбие беру – ата-анаға міндеттелген іс. Есейгенде қоғамға пайдалы азамат болуы, жас кезінен анаша, есірткі, автомат ойындары, сыра, арақ, темекі, зинақорлық секілді теріс қылықтарға үйір болмауы, ешкімнің ала жібін аттамауы. Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани -адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту. Жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіздік пен азғындық жолға түспеуге тәрбиелеу.


Көрнекілігі: проектор, ноутбук


Әдісі: пікірлесу, әңгімелесу, ойын түрінде


Безендірілуі: Шарлар, гүлдер, тақырыпқа орай жасалған плакаттар, ұлағатты сөздер жазылған қағаздар





Тәрбие сабақ барысы:

  1. Сәлемдесу

  2. Ән: «Сәби бақыты» Ешан Зинира

  3. Сергіту сәті

  4. Отбасы, бала туралы хадис айту

  5. Көрініс – «Бір тістем алма»

  6. Қызықты деректер

    (Музыка ойналып тұрады. Әсем әннің ырғағымен ортаға жүргізуші шығады)

Барысы:

1-жүргізуші:

Қыз емес, қыздың аты – қызыл алтын,
Көрінер туған айдай жүзі жарқын.
Үлкеннің алдын кесіп сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын.

2-жүргізуші:
Қыз бала – бойжеткен, келін, ана,
Бәрі де дер кезінде дара тұлға.
Ұрпағыңның ойласаң болашағын,
Қызды сыйла, жамағат, қызды сыйла!



Қызықты деректер:

  • Сіз білесізбе басқада жәндіктердің балалары сияқты адамның баласы 6-7 айлығына дейін тек мұрнымен демалады.

  • Сіз білесізбе бір айлық баланың жұдырығын жұмуынан бір күндік баланың жұдырығын жұмуы күштірек.

  • Сіз білесізбе жаңа туылған нәресте жасыл түс пен қызыл түсті көргенмен көк түсті көре алмайды.

  • Сіз білесізбе 6-7 айлық сәби бір уақытта ауа жұтып және тамақ жұта алады ал үлкендер он істей алмайды.

  • Сіз білесізбе статистика бойынша ана сүтімен қоректенген балалардың тісі сирек қисық болады.

  • Сіз білесізбе біздің жер шарымыздағы туылған балдардың үшіншісі «кесер тілімімен» туылады.

  • Сіз білесізбе туылатын балалардың 10% ғана айтылған уақытында туылады, ал қалған 90% ерте немесе кеш туылады.

  • Сіз білесізбе көп балалар сейсенбі күні туылады ал туу көрсеткіші аз күн сенбі мен жексенбі.

  • Сіз білесізбе баласы көп әке мароккалық сұлтан Исмаил. Оның қазіргі таңда 548 ұлы және 340 қызы бар.

  • Сіз білесізбе статистика бойынша 3-4 жасар балалар күніне 12000 сөз айтса, шамамен 900 сұрақ қояды екен.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
12 наурыз
685
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі