Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Исмайлова Гульзира

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы мағлұмат беру.Музыка тыңдау ережелерін сақтау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қызылорда облысы,Қармақшы ауданы

Жосалы кенті ЖШС «Сардарбек» балабақшасы

Музыка жетекшісі: Исмайлова Гульзира

«Еркетай» ортаңғы тобы

Білім беру саласы: Шығармашылық


Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Әжем келді ауылдан»


Мақсаты: Қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы мағлұмат беру.Музыка тыңдау

ережелерін сақтау.


Әділ-тәсілі: түсіндіру,әңгімелеу,дауыс жаттығуын орындату,ырғақты қимылдар

орындау,ән айту.


Көрнекілігі: әже,салт-дәстүрлерді бейнелейтін суреттер


Билингвалды компонент: әже-бабушка


Оқу қызметінің

кезеңдері

Музыка жетекшісінің іс -әрекеті

Балалардың іс-

әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Балалар музыка мәуенімен залына келеді.Шеңбер бойында әуенге сай қимылдарын жасай жүреді.

Жылулық шеңбері:

Достар,бері келіңдер,

Қолдарыңды беріңдер.

Шаттық толы шеңберге,

Қуанышпен еніңдер.

Қуанамыз,күлеміз,

Бар әлемді сүйеміз.

Қол ұстасып қуанып

Ән айтамыз,билейміз.

Сәлеметсіздер ме,қонақтар

Қош келдіңіз,бәріңіз!

-Жарайсыңдар,балалар!Ал енді, музыкалық сәлемдесуімізді бастайық:

Ля-ля-ля,дя-ля-ля

Жарқын-жарқын үніміз,

Болашақтың күніміз.

Балалық шақ үйінің

Жайнап тұрған гүліміз!

Здравствуй,милый друг!

Посмотри вокруг

Ты не только улыбнись,

Крепко обнимись!

-Рахмет,балалар!Орнымызға жайғасайық.

Балалар көңілді әуенмен залға қатармен кіреді.

Шеңбер бойында би қимылдарын жасайды.


Жетекшімен бірге айтады.









Музыка арқылы сәлемдеседі.





Орындарына отырады.

Ұйымдастырушы -лық-ізденістік

-Балалар қазір мен сендерге өлең оқып берейін,мұқият тыңдайық.

Сөзімді дұрыстайтын-әже,

Айқайлап ұрыспайтын-әже.

Қыдырса ерте кететін-әже,

«Алысқа кетпе дейтін»-әже.

-Бұл өлеңде кім туралы айтылған екен?Я,әже туралы.Яғни,бүгінгі ашық оқу қызметіміздің тақырыбы:«Әжем келді ауылдан» деп аталады.Әже туралы суреттерді көрсетіп, әңгімелесу.

-Әр отбасында әже бар,сендер өз әжелеріңді жақсы көресіңдер ме?Үйде әжемізге қалай көмектесеміз?

Ғажайып сәт:Есік қағылады,топқа әже кіреді.Жетекші:

-Сәлеметсіз бе,әже!Кімді іздеп жүрсіз?

Әже:-Сәлеметсіздер ме?Мен Санжар деген немеремді іздеп жүрмін. Ауылдан немеремді сағынып балабақшадан өзім алып кетейін деп келдім.Ол осы топта ма?

-Әже бұл топта Санжар деген бала жоқ.

Әже:-Жарайды.Мен онда немеремді іздеп келейін.Уф,шаршап кеттім ғой!

-Әже тоқтаңыз,біз бүгін әже туралы ән жаттап,салт-дәстүрлермен танысамыз. Бізге көмегіңіз керек болады,отырып демалыңыз.

-Жақсы,біраз демалайын.

-Қәне,балалар ауылдан келген әжемізге кім тақпақ айтып береді?

Анель: Әже деген көп шығар,

Әжемдей менің жоқ шығар.

Мейірімді ол кісі,

Қандай ғажап күлкісі!

Аңсар: Құрт пен майын сақтаған,

Балаларға сыйлаған.

Бұл әжемнің өмірі

Таусылмайтын жыр маған!

Музыка тыңдау: «Қазақы дәстүрлер-ай» Салт-дәстүрлер туралы сурет арқылы түсіндіру.

Балаларға әнді тыңдату.Ән мазмұны туралы әңгімелеу.

Дауыс жаттығуы: «Еркем-ай»

Дауыс жаттығуын нақты,таза орындауға үйрету.

Ән айту: «Әжем менің»

Әнді балаларға орындап беру,әннің көңіл күйі қандай екенін сұрау.

Аппақ,аппақ,ақ әжем,

Аппақ,аппақ,ақ әжем.

Бар ғаламда мен үшін,

Артықсың сен өзгеден!

«Серуен» ойыны

Балалар шеңбер бойымен отырады.«Балалар,біз қазір серуенге шығамыз,ол ерекше серуен.Біз топта серуендейміз,ал музыкалық қасықтар бізге көмектеседі.Міне,біз сендермен баспалдақпен төмен түсіп бара жатырмыз»балалар ырғақ бойынша қайталайды.«Ал,енді біз далаға шықтық,күннің көзі жарқырап тұр,барлығы қуанып жүгірді»жиі қағыстармен жүгірістерді береді. «Аңсар қолына допты алып,ақырын жерге соғады»баяу қағыспен көрсетеді.«Қалған балалар тез секіре бастайды»тез соғады.«Бірақ,кенет аспан бұлттанып,күннің шуағын жауып тастайды,жаңбыр басталды Басында кішкене тамшылады,содан кейін қатты жаңбыр жауды»ырғаұты тездетеді.«Балалар,шошып балабақшаға жүгіріп кетеді»,-жылдам ырғақпен қасықтарды соғады.

Әуенді-ырғақты қимыл: «Айгөлек» әніне қол шапалақтау,аяқпен адымдап шеңбер бойында жүру қимылдарын әуен ырғаына сай орындайды.

Балалар өлеңді мұқият тыңдайды.





-Әже


Әжелері туралы әңгімелейді







Балалар әжемен сәлемдеседі















Әжеге арнаған тақпақтарын айтып береді.







Музыканы мұқият тыңдайды.Сурет арқылы әңгімелейді.

Дауыс жаттығуын орындайды.


Әнді тыңдап, мәтінін жаттайды.

Әуенімен орындайды.






Балалар ойынға қызыға қатысады.


Ырғақпен қасықтарды соғуға тырысады.













Музыка ырғағына сай қимылдарды орындайды.

Рефлексивті-түзетушілік

Әже: -Ой,балалар өнерлі,ақылды балалар екенсіңдер!Өркендерің өссін!

Ауылдан мен құркелген жоқпын,немереме арнап өз қолыммен көп құрт жасап әкеліп едім,сендерге де берейін балаларым!Сау болыңдар!

Сұрақ-жауап арқылы ашық оқу қызметін қорытындылау.Балалармен қоштасу.

Сау болыңыз-досвидания-good bay!

Әжейдің сыйлығына рахмет айтып, қоштасады.


Шеңберде тұрып көңілді қоштасады.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: әже туралы түсініктерді

Игереді: салт-дәстүрлер туралы

Меңгереді: ырғаққа ілесе түрлі аспаптармен ойнауды





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.05.2020
359
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12