400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

iSpring Quiz Maker бағдарламасын пайдаланып физикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
iSpring Quiz Maker бағдарламасын пайдаланып физикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы


iSpring Quiz Maker бағдарламасын пайдаланып физикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру


Омирбаева С.С.

физика магистрі,

физика пәнінің мұғалімі,

«№173 мектеп-лицей» КММ, Алматы қ.


Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қазақстан Республикасының “Білім туралы’’заңының 5-тараудағы 41-баптың 1-бөліміндегі“педагог қызметкерлер өз біліктілігін арттыруға міндетті”деп көрсетілуі,”Қазақстан-2030”стратегиялық бағдарламасында елбасының “біз балаларымызға өзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен достық қарым- қатынасымызды мұра етіп қалдыруымыз керек”деген сөзі бүкіл ағартушы қауым алдында ”Оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру,шығармашылық қабілетін дамыту”өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі.Осы мақсатты жүзеге асыруда мектеп басшысы,ұжымдағы мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісін дамытуда аса мән беру қажет [1]. Қазіргі заманда білім сапасын арттыру әр мұғалімнен шығармашылықпен жұмыс жасауды талап етеді. Оқушыларға терең де тиянақты білім беруы мұғалімнің басты мақсаты. Бұл мақсатты жүзеге асыру мұғалімнің шеберлігіне, түрлі әдістерді тиімді пайдалануына байланысты. Осы мақсатты жүзеге асырғанда ғана оқушының пәнге деген қызығушылығы артады және де оқушылардың танымдық белсенділігін жетілдіруге болады. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру үшін оқу жүйесін ұйымдастыру барысында олардың өз бетінше жұмыс істеуге және шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау қажет.

Физика-экспериментті ғылым. Сондықтан оқушылардың дәстүрлі сабақтарда алған білімдерін сыныптан тыс жұмыстарда тәжірибелер мен бақылаулар жасау арқылы дамыту олардың білімдерін тереңдете түседі. Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және басқаруы әрбір мұғалім үшін күрделі де жауапкершілікті іс. Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда бір-бірімен тығыз байланысты екі міндеттін есте сақтау қажет: а) танымдық қабілеттерін дамытуда белсенділіктерін арттыру, өз бетінше білім алуға үйрету, дүниетанымдарын қалыптастыру; ә) алған білімдерін тәжірибеде өз бетінше қолдану. Оқушылардың білімін, дағдыларын, қабілеттерін муғалім тек қана сөзбен дамыта алмайды. Сондықтан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.

Физика пәнін тек қана теория түрінде үйрену оқушының алған білімін күнделікті өмірде пайдалануына мүмкіндік бермейді. Осы орайда сыныптан тыс жұмыстарда физикалық тәжірибелер мен бақылаулар жүргізу оқушылардың біліктіліктерін арттыруда ең тиімді тәсіл болып табылады.

Зерттеу мақсаты: Бақылаулар жасай отырып, физикалық құбылыстардың мәнін түсіну.

Оқушылардың ойлау ,есте сақтау,зерделеу,салыстыру дағдыларын дамыту.

Еңбек сүйгіштікке,өз бетінше және жүйелі жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Зерттеу ғылыми болжамы: Бақылаулар жүргізу кезінде оқушылардың физика пәніне деген қызығушылығы артады. Табиғаттағы физикалық құбылыстардың мәнін түсінеді. Оқушылардың танымдық белсенділіктері артып, шығармашылық қабілеттері дамиды.

Зерттеу барысында қолданылатын әдістер: Заман талабына сай технологияларды пайдалана отырып iSpring Quiz Maker бағдарламасын оқушылардың сыныптан тыс уақытта білімдерін жетілдіру мүмкіндігін және де шығармашылдық қабілетін дамыту.

-Физика курсында қамтылған теориялық білімді тәжірибемен ұштастыру;

-Бақылаулар жүргізу;

-Зерттеу нәтижесін жинақтау;

Физика бойынша сабақтан тыс уақыттарда ұйымдастырылатын жұмыстардың оқушылардың ой-өрісін жан-жақты дамытуда және оларды қоғам талаптарына сай тәрбиелеуде маңызы зор. Олардың көмегімен оқушылардың алған білімдері едәуір тереңдейді,ғылыми-техникалық ойлау қабілеттері дамиды,политехникалық білімдері мен білігі, дүниеге ғылыми көзқарастары,саяси-идеялық,адамгершілік және патриоттық сезімдерді дұрыс қалыптасады.

Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптарға оқушылардың қызығушылықтары мен қабілеттерін ескеріп, бұл шараларға олардың барлығын қарастыру,сабақ пен сабақтан тыс жұмыстардың органикалық бірлігін, ұйымдастырылатын жұмыстардың жоғары идеялығын, көзделген мақсатқа сәйкестігін,қоғамдық пайдалы бағыттылығына қамтамасыз ету,сондай-ақ мектептің өндірісі пен шаруашылық орындарымен,мекемелермен,қоғамдық және мемлекеттік ұжымдармен, ата-аналармен өзара байланысын жақсарту шаралары жатады.

Физика бойынша сабақтан тыс жұмыстардың оқыту мен тәрбиелеу міндеттерін талдауда оқушылармен сабақ кезіндегі және сабақтан тыс уақыттардағы жұмыстардың мақсаттарының бірлік принципін жетекшіліке алу қажет.

Жалпы білім беретін орта мектептерде Физиканы оқыту процесінде оқушылар қоғамдық және ғылыми-техникалық прогресстің қазіргі талаптарына сәйкес физика ғылымының негіздерінен терең және бірлік білімдер алулары қажет, өз білімдерін үздіксіз жетілдіріп және толықтырып отыруы,практикада пайдалана білуі керек. Бұдан басқа оқыту мен тәрбиелеудің міндеттеріне оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарастың қалыптастыру,жоғары адамгершілік, патриоттық интернационалдық қасиеттерін тәрбиелеу, қоғамдық пайдалы еңбекке және кәсіптік мамандықтарға баулау жатады. Осы міндеттердің барлығының тек қана физика сабақтарынада шешілуі мүмкін емес. Сондықтан бұған әртүрлі формадан сыныптан тыс жұмыстардың көмегімен қол жеткізуге болады.

Сыныптан тыс жұмыстардың формаларына. ІSpring QuizMaker – бағдарламасын пайдаланып сынып тан тыс тапсырмаларды ұйымдастыру, арнайы графикалық, видео бейне түрінде, аудио дыбысталу түрінде ыңғайлы берілетін тест құрастыру бағдарламасы. Бұл бағдарламаны пайдалану әр мұғалімнің жұмысын жеңілдетіп, сұрақты нақты түрде беруге мүмкіндік береді.

Физикалық және физика-техникалық үйірмелер,мектептің ғылыми және техникалық қоғамдары, физикалық кештер,конференциялар, олимпиадалар мен конкурстан,мектептегі физика апталығы (немесе он күндігі),қабырға.















Shape2 Shape1

Сабақтан тыс жұмыстардың формалары





Shape4 Shape3 Shape5

Shape7 Shape8 Shape6

Есептер шығару

Кітаптар мен журналдар

Рефераттар мен баяндамалар дайындау





Shape11 Shape9 Shape10

Shape14 Shape13 Shape12

Зерттеме түріндегі эксперимент орындау

Приборлар мен модельдер дайындау

Үй тәжірибелері мен бақлаулар жасау





Shape17 Shape16 Shape15

Shape19 Shape18 Shape20

Физика он күндігі

Физикалық кештер

Физикалық білім сайысы







Физика бойынша оқушылырдың сабақтан тыс жұмыстарының формалары газетін, физика мен техника бюллетендерін шығару, тақырыптық көрмелер ұйымдастыру, стендтер дайындау, физикалық приборлар мен модельдер жасау т.б.

Оқушылардың қатыстыру санына байланысты сыныптан тыс жұмыстардың жеке ,топтық және көпшілік деп бөледі. Бұлардың әрқайсысына нақты қандай жұмыстар жататындығын таблицадан көруге болады.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 мамыр
1543
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі