Материалдар / «IT көшбасшысы» интелектуалды сайысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«IT көшбасшысы» интелектуалды сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
«IT көшбасшысы» интелектуалды сайысы. Ақпарат және ақпараттық технологияға байланысты оқушылардың алған білімдерін нығайту, тиянақтау бір жүйеге келтіріп, тексере отырып, қорытындылау;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қараша 2021
1060
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сайыс тақырыбы: «IT көшбасшысы» интелектуалды сайысы

Дайындаған: Ислам Гүлмира Болатқызы

Тобы: ТП-21-19

Күні: 08.11.2021ж

Мақсаты:

1. Ақпарат және ақпараттық технологияға байланысты оқушылардың алған білімдерін нығайту, тиянақтау бір жүйеге келтіріп, тексере отырып, қорытындылау;

 2.  Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, сахнада өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу;

3. Оқушылардың компьютер туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру.

Көрнекілігі:  Интерактивті тақта, слайдтар, логикалық тапсырмалар.

Қатысатындар: ТП-21-19 білім алушылары

Өтілетін орны 12 аудитория

Барысы:

Жүргізуші:  Құрметті  оқытушылар мен білім алушылар, әділ-қазылар алқасы. «Экономикалық – техникалық және арнайы» пәндер бірлестігінің Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Білімді ұрпақ – тұрақты даму кепілі» атты апталығында «IT көшбасшысы» атты  интелектуалды сайысымызға қош келіпсіздер! 

Сайыс кезеңдері:   Бұл сайыс 7 кезеңнен тұрады:

І кезең. «Таныстыру» (қатысушылар өз атын,  ұранын таныстырады).

ІІ кезең. Раундровер (Викториналық сұрақтар)

ІІІ кезең. Кім жүйрік?

ІV кезең. Жұмбақтарды тап.

V кезең. Адасқан әріптер. 

VI кезең. Кім тапқыр?

I кезең. Қорытынды, марапаттау

Сайысымызды бастамас бұрын осы сайысымызға шақырылған әділ-қазыларды таныстырайын.

  1. «Экономикалық – техникалық және арнайы» пәндер бірлестігінің төрайымы: Абдраманова Жазира

  2. Информатика пәнінің мұғалімі: Нұртаза Іңкәр

  3. Арнайы пән мұғалімі: Куанышбаева Лилия

            Бізде баллдық жүйе 1-10 деп алынып отыр. 1-бұл жерде төменгі ұпайды білдіреді, 10-ең жоғарғы ұпайды білдіреді. Сайыстың әр кезеңінен кейін ұпай саны бірден беріліп отырады.

            Бүгінгі кеште өз білімдерімен сайысқа түскелі келіп отырған білім алушыларымыз таныстырып өтелік.

І кезең. Таныстыру (командалар өз атын,  ұранын таныстырады).

ІІ кезең. Раундровер (Викториналық сұрақтар)

1. Ақпаратты шығару құрылғысы (Принтер)

2. Жалпы желіге қосылу үшін қажетті құрылғы  (Модем)

3. Ақпаратты өңдеу құрылғысы  (Процессор)

4. Дыбыс жазу құрылғысы    (микрофон)

5. Адам денсаулығына зиянды компьютер құрылғысы (Монитор)

6. Орындаушы орындай алатын командалар тізбегі (Алгоритм)

7. Мәліметтер қорымен жұмыс жасауда қолданылмайтын ұғым   (ұяшық)

8. Ақпараттың өлшем бірлігі   (бит, байт)

9. Белгілі бір атпен жазылған мәліметтер жиынтығы (файл)

10. Деректерді сақтауға арналған құрылғы (жады)

11. Компьютердің атасы деп кімді айтамыз?    (Чарльз Бэббидж)

12. Компакт дискіні оқуға арналған құрылғы    (CD-ROM)

13. Дүниежүзілік  компьютер арасындағы байланыс ортасы  (Интернет )

14. Компьютерде орындаатын программалар қандай топтарға жіктеледі? (Жүйелік, қолданбалы, программалау).

15. Дүние  жүзіндегі ең бай адам?     (Билл  Гейтс)

16. Аталған байттар тізбегі  (файл)

17. Адам мен компьютер арасындағы қарым –қатынас   (Интерфейс)

18. Вирустың кері әсерін жоятын программа (Антивирус )

19. Бос орын қалдыру пернесі (пробел)

20. Стандартты программалар   (Блокнот, WordPad, Paint, Калькулятор)

21. Дискілерді оқу құрылғысы   (диск енгізгіш)

22. Ақпарат сөзі қай тілден шыққан   (латын)

23. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал  (компьютер)

24. Адам көзі мен монитор арасындағы ара қашықтық қанша болу керек?   (60-70 см)

25. 1 Кбайт қанша байтқа тең   (1024 байт)

26. Меңзердің сол жағындағы символды өшіретін перне   (Backspase)

27. Компьютермен жұымс жасауды жеңілдететін қосымша  құрылғы   (тышқан)

28. Сандардың аталу және жазылу тәсілі   (санау жүйесі)

29. Ең алғашқы программа жазған ғалым   (Ада Лавлейс)

30. Принтер түрлері   (Лазерлік, матрицалық, сия бүріккіш)

***************************

ІІІ кезең. Кім жүйрік?

Бұл бөлімде қатысушыларға сұрақтар қойылады. Жауап нақты, болу керек. Әр қатысушыға 2 сұрақтан беріледі, жауап бермесе келесі қатысушыға жауап беруге рұқсат. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

1. Әріптер мен сандарды енгізу құрылғысы

2. Өшірілген құжаттар қайда сақталады

3. Қаз бір аяғымен тұрса салмағы 12 кг болады ал екі аяғымен тұрса ше?

4. Бас әріпті жазу үшін қандай пернені басу керек

5. Тінтуірдің (тышқан) неше батырмасы болады?

6. Word Pad бағдарламасында келесі жолға өту үшін қай пернені басу керек?

7. Дыбыс шығару құрылғысы қалай аталады?

8. Компьютердің алдына қандай өсімдікті қою қажет

ІV кезең. Жұмбақтарды тап.

Жұмбақтарды тап” атты ІІ кезеңімізді бастайық. Бұл кезеңде жұмбақ беріледі. Жауабын тауып, сөзді орыс, ағылшын тілдеріне аударасыздар. Бір тілде жауап берсе 1 ұпай, екі тілде жауап берсе 2 ұпай, 3 тілде жауап берсе 3 ұпай қосылады.

1. Төртбұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек. (монитор)

2. Ұзынтұра Жалқаубек,
Тұрмай ылғи жатады.
Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды (бос орын пернесі - пробел – blank)

3.Батырмасын басасың
Қажетті файлды ашасың (тышқан - мышка – maus)

4. Тетігін бассаң алаңсыз,
Жазады қалам, қағазсыз. (пернетақта - клавиатура – keyboard)

5. Жақтаулар арқылы шектеледі
Бейне бетте төртбұрыш
болып бейнеленеді. (терезе, окно, windows)

V кезең. Адасқан әріптер. 

Сайысымыздың ІІІ кезеңі “Адасқан әріптер” бұл кезеңде информатикаға қатысты сөздер берілген. Осы адасқан әріптер арқылы дұрыс сөз құрастыру, 5 минут уақыт беріледі. Толық дұрыс жауапқа 5 ұпай.

  1. Нимотор
    2. Пьюромтек
    3. Енрепатқат
    4. Лайф

5.Армапогрм

  1. Рльоукятакл
    2. Атқсуа
    3. Аэкторикелн
    4. Дңеөу

5. Нытшақ

VI кезең. Кім тапқыр?

«Кім тапқыр?» атты төртінші кезеңімізді бастайық. Берілген торкөздердегі әріптерден кім тапқыр және информатикаға қатысты атауларын табар екен?

М К А К О М П
О Н К С Т Н Ь
В И Т У Ы А Ю
И Т О Р Ш Қ Т
Р П С К А Р Е
У Е Е Т Н Е Р
С Р Н А Қ Т А

VІ кезең. Қорытынды, марапаттау.

Ал әділ қазылар алқасы сіздердің ойларыңызды білсек. Осы сайысымызды қорытындылау үшін ортаға «Экономикалық – техникалық және арнайы» пәндер бірлестігінің төрайымы: Абдраманова Жазира

апайды шақырамыз. 

Информатика нық басып ғаламатта,

Ой бөлісіп заманды саралапты.

Қош болыңдар, қымбатты көрермендер,

Қайта айналып көріскенше саламатта.

Бүгінгі сайысымыз осыменен аяқталды!  Баршаңызға көп-көп рахмет!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!