Білім
беру саласы:
Таным
Бөлімі:
Жаратылыстану
Тақырыбы:
Ит пен мысық
Мақсаты
Үй
жануарларының (ит,мысық) сыртқы белгілері
мен қылықтары туралы білімді бекіту.
Сыртқы келбетіндегі ерешеліктері
туралы білімін нақтылау.Балаларға
шығармашылық ойын арқылы эмоциялық
көніл-күй сыйлау.Жануарларға деген
қамқорлық сезімдерін ояту. 2-3 сөзден
тұратын сөйлем құрату арқылы сөйлеу
тілдерін дамыту.Ұқыптылыққа, ұжымдық
жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Көрнекелік
құралдар: Мысық,
мырғау, ит, күшік суреттер.Жұмсақ
ойыншықтар, аудио жазба.
Әдіс
тәсілдері:
Әңгімелеу, сұрақ-жауап, ойын.
Билингвальды
компонент:
Мысық-кошка, Ит- собака.
Ұйымдастырылған
оқу қызмет барысы:
Балалар бізге қонақтар келіп
отыр.Қонақтарға өзіміздің әдепті бала
екенімізді көрсетейікші ,қонақтарға
не деп айтамыз?
-Сәлеметсіздер
ме, апайлар.
Тәрбиеші:
- Жарайсыңдар балалар, әдептен озбай
үлкендермен амандасу рәсімін
жасағандарың адамгершіліктің бір
белгісі.
Балалар
сәлемдесіп, шаттық шенбер жасайды.
Шаттық шеңбері
Алақанды
ашайық,
Күннің
нурын салайық,
Жүрек
жылуын салайық,
Достық
лебізін салайық,
Бәрін
араластырып , достарымызға сыйлайық.
-Қазір
жылдың қай мезгілі ?
-Күз.
-Күз
мезгілінде қанша ай бар?
-Үш
ай - қыркүйек, қазан, қараша.
Негізгі
бөлім
Тәрбиеші:
Балалар
сендермен аудио дыбыс арқылы
«Ненің
дауысы - таны» ойынын ойнайық.
-Дұрыс,
бұл мысықтын дауысы.
-
Ал бұл иттің дауысы.
Балалар
тақтаға назар аударайық, ненің суретін
көріп тұрсындар
-Мынау
не ?
-
Мысық.
-Мысық
үй жануар ма, жоқ жабайы жануар ма?
-Үй
жануар. Неліктен біз үй жануар ден
атаймыз? Мысықтың баласын қалай
атаймыз?
-
Марғау.
Мысық
өте сүйкімді үй жануар.Марғау сүтті
жақсы көреді, ал үлкен мысықтар
тышқанмен көректенеді
. Мысық жыртқыш. Олар таза жануарлар,
уақытында жуынады, үстерін тазалап
тұрады. Уақытында далаға шығады. Мысық
ұйықтағанды және ойнағанды жақсы
көреді. Мысық үйде турады. Сендер
мысықты ренжітсендер ол сендерді
тырнап алады. Сондықтан мысықпен абай
болу керек. Мысықтын ұзын мұрты бар
, сол мұрт арқылы иісті сезеді
Ал
мынау ненің суреті?- Иттің.
Ал
ит үй жануар ма ,жоқ жабайы ма?
-Үй
жануар. Иттің баласын не деп атаймыз?
-Күшік.Ал
осы күшікке ат қояйықшы.
-Балалар
Актөс деп ат қояды.
Күшік
кішкене кезінле сүтпен қоректенеді,
ал өскеннен кейін сүйекті жақсы
көреді. Ит жеті қазынаның бірі. Ит
иесін көргенде қуанады, құйрығын
бұлғандатып, артқы аяғына тұрады. Адам
итті жібінен ұстап далаға қыдыртады.
Ит аурып қалса мал дәрігеріне көрсетеді.
Ит - адамның досы. Біздің үйді күзетеді
және мал бағуға көмектеседі. Полиция
қызметкерлеріне қылмыскерді ұстауға
көмектеседі. Өрт сөндіруші иттер бар,
олар өрт ішінде қалған адамдарды
құтқарады. Ит
аулада
турады.
Балалар
мен сендерге жұмбақ жасырамын мұқият
тындап алыңдар
Тікірейіп
құлағы
Менен
бұрын түрады
Бойын
жазып керіліп
Беті-
қолын жуады(Мысық)
Адамға
серік, күзетке берік(ит)
Балалар
тағы бір ойын ойнайық , түрлі-түсті
жапырақтар арқылы топқа бөліненіп
орнымызға отырайық.
1топ(сары
жапырақ) – мақтадаң мысық бейнесін
2
топ(жасыл жапырақ) – қарақұмықтан иттін
бейнесін
3
топ(қызыл жапырақ)—күрішпен мысық
бейнесін
4
топ(қоңыр жапырақ)—бұршақтан (фасоль)
иттін бейнесін
5
топ( ашық жасыл түсті жапырақ)—бұршақ(горох)
мысық бейнесін
6
топ(жасыл жапырақ)—майлық қағаздан
иттін бейнесін жасаймыз.
Сергіту
сәті:
Керіледі
мысық,
Көзін
жаймен қысып
Жүгірді
күшік
Аула
ішін кезіп
Балалар
орынымызға отырып жұмысымызды аяқтайық.
Балалар
тақтаға назар аударайық.
Суретке
қарап әңгіме құрастыру.
Сурақ-жауап.
Бүгінгі
оқу қызметі ұнады ма?
Ит
қалай дыбыстайды? Ал мысықшы, ит үйде
турама ,әлде аулада ма?
Иттін
қандай пайдасы бар?
Жарайсындар
,
балалар
! Сендер бүгін оқу қызметіне жақсы
қатыстындар Мен сендерге ризамын.