Материалдар / «IT-технологиялар, инжинеринг және STEM дамуы»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«IT-технологиялар, инжинеринг және STEM дамуы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі заман талабына сәйкес ақпаратты технологияның даму кезеңі болғалы тұр.Сондықтанда келешек ұрпақтарымыз осы заманға сәйкес білімге ұмтылуымыз керек. Оқушыларымыз компьютерлік сауаттылығын қалыптастыру болып отыр. Бұл сауаттылық - бізге медицина, техника, білім,инжинерия саласын жетік меңгеруге септігін тигізіп отыр. Біздің елімізге жарқын болашақ әкелгелі тұрған STEM пәні болып отыр. (Science, Technology, Engineering and Mathematics). Ғылым, технология, инжинерия және математика салаларын дамыту.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«IT-технологиялар, инжинеринг және STEM дамуы»

Оралтаева Светлана Койшыбаевна

Ақтөбе қаласы № 33 «Нұрсәт» балабақшасы

Тәрбиеші

Қазіргі кезде цифрлық технологияның жедел дамуы мен адам қызметінің барлық саласын цифрландырудың жылдам дамуымен байланысты STEM білім беру маңызды және өзекті мәселе, білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде орешке назар аударуды талап етеді. Н.Ә. Назарбаев

Қазіргі заман талабына сәйкес ақпаратты технологияның даму кезеңі болғалы тұр.Сондықтанда келешек ұрпақтарымыз осы заманға сәйкес білімге ұмтылуымыз керек. Оқушыларымыз компьютерлік сауаттылығын қалыптастыру болып отыр. Бұл сауаттылық - бізге медицина, техника, білім,инжинерия саласын жетік меңгеруге септігін тигізіп отыр.

Біздің елімізге жарқын болашақ әкелгелі тұрған STEM пәні болып отыр. (Science, Technology, Engineering and Mathematics). Ғылым, технология, инжинерия және математика салаларын дамыту.

STEM дегеніміз – оқытудың біріктірілген тәсілі.Ол оқушылардың 21-ші ғасырда табысқа мен бәсекеге қабілеттіліктің қажет негізгі дағдыларын дамытуға бағытталған.

STEM- білім беру инженерлік шығармашылық пен математика, жаратылыстану ғылымдары мен технологиялардың кіріктірілуі негізінде жоба және пәнаралық амалдарды байланыстыратын жаңаша ойлау және жаңа технологияларға бағытталған ғылымдардың бірігуі.Ол оқушының сыни тұрғыдан ойлау, ғылыми-техникалық білімді күнделікті өмірде пайдалану, белсенді қарым-қатынас құру және командамен жұмыс жасау, техникалық пәндерге қызығушылықты арттыру, жобаларға креативті және жаңашыл көзқарас, оқу мен карьераның ұштасуына мүмкіндік береді.

Қазір білу мен істеу ғана емес, сонымен қатар зерттеу мен ойлап шығару маңызды.

2020 жылда мектептердегі өзекті оқу пәндері болмақ. Яғни, математика- үлкен көлемді деректерді өңдеу алгоритмдері.Роботтар техникасы- өнеркәсіптік және дербес роботтар.Ауыл шаруашылық инжинерия – тамақ өндіру жүйесі. Биотехнологиялар- Секвенаттау, дәрі-дәрмектерді әзірлеу. Квант инжинериясы- наноэлектроника. 3D-дизайн- өнеркәсіптік және тұрмыстық 3D-басылым. Аэроғарыштық инжинерия- ғарышқа ұшу нысандары, гравитациясыз экожүйелер өзекті мәселе болмақ.Тұңғыш президентіміз айтқандай Смарт- технологиялар, жасанды интеллект, киберфизикалық жүйелерді интеграциялау, болашақ энергетика, жобалау және инжиеиртинг салаларында біліктілерді дамыту қажет. Мұның барлығын тек тиімді ғылыми- инновациялық жүйені құру арқылы жүзеге асыруға болады. Сондықтанда ертеңгі күннің мамандықтары IT -генетик, IT салалары, молекулалық диетолог осы сияқты мамандықтарға үлкен назар аударылмақ.

Көптеген елдерде STEM білім беру келесі себептер бойынша басымдыққа ие болып отыр: 1) жақын болашақта әлемде IТ-мамандарға, бағдарламашыларға, инженерлерге, жоғары технологиялық өндірістердің мамандарына сұраныс көп болады;

2) алыс болашақта жаратылыстану ғылымдарымен байланысты технология мен жоғары технологиялық өндіріспен айналысатын мамандықтар пайда болады: био- және нано-технологиялар мамандары сұранысқа ие болады;

3) болашақта мамандардан жаратылыстану ғылымдары, техника және технологиялар саласындағы білім беру салаларының кең ауқымынан жанжақты дайындық пен білім талап етілетін болады. Осыған байланысты, жалпы білім беретін мектептердегі оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдама ұсынылады.

Ең бастысы мұнда ғылыми ізденіс пен жобалау жұмысы барысында өздерін аса сенімді сезінбейтін балаларға оны шығармашыл түрде безендіртуге болады.

Физика пәнің STEM жүйесі бойынша оқытудың маңызы зор. Мысалы: STEM оқытуды енгізу үшін жаратылыстану циклінің субъектілерін біріктіруге болады.Физика пәнінің мұғалімі болғандықтан мен бір тақырыпты алып, оқушыларға STEM пәнімен байланыс жасаймын.Мысалы: “Гидравикалық машина” тақырыбында сабақ өтсем мен сабақ ортасында әр оқушыға керек заттар беріп, гидравикалық машина құрастыру әдіс қолдана отырып, осы машинаны жасатар едім. Бұл әдіс арқылы мен баланы жаңа технология яғни қазіргі айтып жатқан STEM пәніне баланың қызығушылығын артырар едім.

STEM мектептердің болашағына қалай ықпал етуі мүмкін? STEM мектептердің болашағына өте жақсы ықпал етеді деген сенімдемін. Себебі, қазіргі таңда технологияның дамуы жас бүлдіршіндер, оқушылар және ата-аналардың өзіне қызықты деп санаймын.Мысалы мектептің безендіруінің өзін осы STEM мен байланыстырсақ болады. Оқушығаларға мектептің безендіруіне ықпалын кеңейту біздің қолымызда.Біз бағдар бере отырып баланың қызығушылығын арттырамыз.Жәнеде бұл пәнде пайдалысы бітіруші түлек өзінің нені ұнатуына байланысты мамандығында дұрыс таңдауына көмектесеміз. Мысалы: мектепті 3D үлгісінде безендірсек, сабақтарды жаңа технологиямен өткізілсе, балалардың демалуын өзін жаңаша түрде жасасақ баланың қызығушылығын арттырмаймыз ба? Мысалы, физика пәніне байланысты құрылғыларды өздеріне жасатсақ. Әрі бала физика пәніне қызығушылы арта қоймай, ғылыми техникағада қызығушылығы артады. Міне, біз осындай тәсілдер арқылы баланың бойна қызығушылық арттырамыз және мектебіміздің ықпалын көтереміз.

Мен қалалық STEM орталық жобасын өте жағары деңгейде көремін.Оқытушылардың өз саласында көшбасшылық және оқушылардың оқуын ынталандырудағы инновациялық стилі оны оқыту және зерттеу саласындағы жетістіктер үшін жоғары марапатқа ие болмақ. Бұл бағдарлама барлық STEM пәндеріндегі оқушылармен бірге ғылыми жаңалықтардың жаңа үрдістері мен артықшылықтарын жасайтын мұғалімдерді танытады және мойындатады.

STEM саласы қоғамдық инклюзивті процестердің сапасына -бұл әдістемелік ұсынымдар шет елдердегі және Қазақстан мектептеріндегі STEM білім беруді дамытуды зерттеу нәтижелерін қамтиды. STEM білім беруді ұйымдастырудың негізгі тәсілдері қарастырылып, мектептердегі оқушылардың ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететін жаратылыстану-ғылыми, математикалық, технологиялық сауаттылықты дамыту бойынша әдістемелік нұсқаулар ұсынылды.

Оқу-әдістемелік ұсынымдар білім беру саласындағы мұғалімдер мен мамандарға арналған, сондай-ақ қазіргі заманғы білім беру мәселелерін зерттеушілер үшін пайдалы болуы мүмкін.

Болашақтағы білім беру саласына көптеген реформалар қажет деп санаймын.

1) оқушыларды STEM-ге тарту және қызықтыру, қабілетін арттыру;

2) мұғалімдердің әлеуетін және STEM пәндерге оқыту сапасын арттыру;

3) мектептерде STEM-білімін алу мүмкіндіктерін қолдау;

4) ЖОО-мен, бизнеспен және өнеркәсіппен тиімді серіктестік қарым-қатынастарға жәрдемдесу;

5) мықты деректер қорын құру.

«Білім беру мен білім қазіргі күннің құндылығы болып табылады». «Жоғары білім алудың мотивациясының сипаты «қала-ауыл» аймақтық контекстке байланысты ерекшеленеді ме?» деген сұраққа терең сұхбатқа қатысушылар жоғары оқу орнына түсу ниетінің ерекшелігі оның тұрып жатқан аймағына байланысты ажыратылатындығын айтады. Мысалы, ауылдық жерлердегі тұрғындар үшін жоғары оқу орнына түсу – сәтті өмірлік жол, ауылдан кетудің, сонымен қатар материалдық жағдайды жақсартудың мүмкіндігі. Ірі қалалар мен аудандарда жоғары білімді иелену үлкен құндылық және әлеуметтік мобильділіктің өзіндік бір арнасы болып табылады. Мысалы, Қазақстанның солтүстік және шығыс аймақтарының мектеп бітірушілері Ресей ЖОО-на түсуге бағытталса, қала жастары шетелге кетіп қалуға ұмтылады: «Ауыл тұрғындары қалада тұрғысы келеді. Ал қалалық оқушылар шетелде оқығылары келеді». Сондай-ақ ақпарат берушілер жоғары білім беру туралы диплом алудың уәждемесі мен аймақтық түрткі жайттар сипатының арасында тікелей байланыс жоқтығын мәлімдейді. Қазақстандық мамандарды дайындаудың сапасы халықаралық стандарттарға жақындатылып жатқандығы анықталды: Қазақстандық жоғары оқу орындарының бітірушілері британдық және америкалық жоғары оқу орындарына жеңіл түседі. Дегенмен, жас ғалымдардың пікірлеріне сәйкес жұмыс күші нарығының негізгі мәселесі болып экономикалық және заңдық бағыттағы мамандардың тым көп болуы және техника мен технология саласындағы кәсіби мамандардың жетіспеушілігі табылады. Осыған байланысты қазіргі таңда техникалық бағыттағы орта біліктілікті мамандар мәселесі өзекті болып қала береді:

Соңғы жылдары IT-технологияларын меңгерген студенттер университетті бітіргеннен кейін жұмысқа оңай орналасады, сонымен қатар шетел мемлекеттеріне де жұмысқа орналасуға жағдайлар жасалған. Бұл біздің әлемдік білім беру стандарттарына сай екендігімізді білдіреді. Біздің елдегі бағдарламалық қамтамасыз ету уақыт өткен сайын аяғына тұрып келеді.

Қорытындылай келе, STEM бағдарламасын дамыту біз жастарға байланысты.Техниканың даму ғасырында іздену, зерттеу, құрастыру пайдалы дүние жасау біздің міндетіміз деп санаймын. Сол себепті, әрбір техниканың дамуына септігімізді тигізе отырып, пәндер аралығында байланыстыра отыруымыз керек.

Осылайша, біздің еліміз дамыған елдермен бірдей бағытта ілгерілеп келеді. STEM-білім беру оқуды және мансапты қосатын көпір болып табылады. Оның тұжырымдамасы балаларды технологиялық тұрғыдан дамыған әлемге дайындайды. Келешектің мамандарына жан-жақты дайындық пен жаратылыстану ғылымдары, инженерия, технологиялар мен математиканың әр түрлі білім беру салаларынан алынған білім керек.



Пайдаланған әдениттер









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!