Оқу сабағының жоспары
IVА топ
элементтері
(сабақтың тақырыбы)
Модуль /пән атауы
__Химия_________________
Педагог
___Жүсіп Жанар
Әбдіғалымқызы__ дайындады
20_ жылғы "___"
____________
1. Жалпы
мәліметтер
Курс, топ
__1 курс,
_______________
Сабақтың түрі
Аралас
сабақ
2. Мақсаты,
міндеттері: 14 (IV) топ элементтерінің
физикалық және химиялық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын
түсіндіру.
3. Күтілетін
нәтижелер: 14 (IV) топ элементтерінің физикалық
және химиялық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсінеді; IV)
элементтердің табиғатта таралуын олардың алыну әдістерін зерттейді;
(IV) топ элементтерінің қолданылу аймағын зерттеп, айырмашылығын
біледі.
4. Қажетті
ресурстар:
1) Презентация, суреттер, таратпа
материалдар
2) Химия. Оқулық. 11 сынып, 1,
2 бөлім 2020, Мектеп. М.Қ. Оспанова, Қ.С. Аухадиева, Т.Г.
Белоусова.
5. Сабақтың
барысы
5.1. Ұйымдастыру
кезеңі:
Сәлемдесу, топ басшысының
мәлімдемесі бойынша білім алушыларды түгендеу, сабаққа назар
қою.
5.2. Білім алушылардың
біліктілігі мен дағдысын тексеру:
Сұрақ-жауап әдісімен өтілген
тақырыптарға шолу
1.Галогендердің периодтық
кестедегі орны және ашылу тарихы ?
2.Галогендердің физикалық
қасиеттері ?
3.Галогендердің химиялық
қасиеті?
5.3. Жаңа тақырыптың мазмұны
мен жүйесі:
“IVА топ
элементтері ”
1-тапсырма. Жеке жұмыс.
“Түртіп алу” әдісі.
Оқулықпен
жұмыс.
Тақырыпты түсініп оқу, керек
мәліметтерді жазып алу.
Туындаған сұрақтарды
қою
2-тапсырма. «Жұптас, ойлан, бөліс»
әдісі.
Топта талқылап, деңгейлік
тапсырмаларға жауап береді.
А-деңгейі:
1. 14 (IV) топ элементтерінің
физикалық және химиялық қасиеттерін
сипаттаңдар.
2. Элементтердің физиологиялық
әсері туралы не білесіңдер?
В-
деңгейі:
1. Көміртек топшасы
элементтерінің атом құрылысын бейнелеңдер. 2.Көміртектің
қосылыстардағы валенттіліктері
қандай?
С-деңгейі:
1.Неліктен топша
элементтерінің балқу температуралары жоғарыдан төмен қарай
төмендейді?
2.Неліктен графиттің балқу
температурасы алмаздыкіне қарағанда
жоғары?
3-тапсырма. Топтық
жұмыс.
Кестедегі элементтердің
атомдық электрондық құрылысын және металл немесе бейметалл
екендігін жазыңдар. Осы 6 элементтердің оттегімен қосылу теңдеуін
шығарыңдар.
|
Элементтер
|
Таңбасы
|
Атомның электрондық
құрылысы
|
Металл немесе
бейметалл
|
|
Көміртек
|
|
|
|
|
Кремний
|
|
|
|
|
Германий
|
|
|
|
|
Қалайы
|
|
|
|
|
Қорғасын
|
|
|
|
|
Флеровий
|
|
|
|
1-топ: (IV) топ элементтерінің
таңбаларын, металл-бейметалл екендігін ажыратады, атом құрылысын
жазады.
2
топ: Атомның электрондық құрылысын
жазады, Металл-бейметаллдардың
қасиеттерін ажыратады.
3 топ: Оттегімен реакция
теңдеуін құру.
5.4. Жаңа материалды бекіту,
біліктілік пен дағдыны қалыптастыру:
4-тапсырма. “Химиялық
эстафета”ойыны.
Әр топтан бір оқушыдан шығып,
бірінші тапсырманы орындап, борды келесі оқушыға береді. Сөйтіп
барлық айналулар іске асқанша бір - біріне эстафетаны беріп
отырады.
1 - топ. Ca→CaO→Ca(OH)2→CaCO3
→ CaSO4→ CaCl2→Ca(NO3)2
2 - топ. Fe→ FeO →Fe(OH)2 →
FeSO4 →FeCl2 →Fe→ Fe2O3
5.5. Cабақтың
қорытындысы
Сабаққа шолу
жасау.
Өзара талқылайды, ойларын
алған білімдеріне негізделіп дәлелдейді.
Бір-бірін
бағалау.
6. Сабақ бойынша
рефлексия
- Сабақта не қызықты
болды?
- Сабақта не қиын
болды?
- Сабақтан не
үйрендің?
7.
Бағалау
Оқу мақсатын талдай отырып,
білім алушыларды бағалау
8.Үй
тапсырмасы:
1.
“IVА топ
элементтері” тақырыбын
оқу;
2. Интернет ресурстардан
тақырыпқа байланысты материалдарды оқу.