400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Іздеген жетер мұратқа

Материал туралы қысқаша түсінік
Іздеген жетер мұратқа
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзін-өзі тану сабақ жоспары

Тексерілді: ДОІЖО____________

Мектеп: №148 мектеп-гимназия

Тақырып: Іздеген жетер мұратқа

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттер: Сенімділік, адалдық

Мұғалімі: Ажахаева Н.Е

Сынып: 6 Ә Б В Г Ж

Мерзімі:-9-10-13-14.10.2017ж

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларды өз бетінше танып-білуге,құштарлыққа,талпынысқа,ізденіске үйрету.

Міндеттері:

– оқушыларға мақсатқа ұмтылушылық,мұратқа жету туралы түсінік беру;

- оқушылардың ерік-күшін дамытуға ықпал ету;

- еңбекқорлыққа,табандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.Тыныштық сәті

Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Ресурстар:аудиокасета,фотосу-реттер,шағын қойылымдар

2.Үй тапсырмасын тексеру

  • Шоқанның жетістікке жетуіне қандай қасиеттер ықпал етті?

  • Шоқанның қиындыққа мойымауының себебі неде?

Сабақтың барысын талқылау:

3.Әңгімелесу (сұхбат)

  • Адам баласы неліктен үнемі талпыныс,ізденісте болады?

  • Ізденіс болмаған жағдайда не болады деп ойлайсыңдар?

  • Адам көздеген мұратына жету үшін қандай әрекеттер жасайды?

  • Адамды қандай қасиеттер табысқа жеткізеді?


4.Дәйек сөз

Жаман әдеттен құтылуға,

Жақсы әдетті табуға шара бар.

Ол шара- табандылық,қажырлық.

Қажет қасиеттің бірі,өзіне-өзі сенімділік.

Ж.Аймауытов


5.Шығармашылық жұмыс,топтық жұмыс

«Мен өзіме сенімді,ақылды,батыл адаммын» деген тақырыпта эссе жазу


Топпен ән айту

М.Мақатаевтың

«Аңса,жаным»

Мен тілеймін жарқыным сен де тіле,

Орнасын де жақсылық жер бетінде.

Аққу тіле айдынның келбетіне,

Айдын тіле аққуды тербетуге.


Мен аңсаймын, сен-дағы аңса, жаным

Жайлап ескен жақсыдан жан самалын.

Аңса, жаным, зарығып, шарша жаным,

Қанша ғұмыр қалса да қанша амалың.


Мен сағынсам, сен-дағы сағын жаным,

Тек жақсылық адамнан табылғанын.

Алакөзсіз, ашусыз бауырлардың,

Алқам-салқам аңсаймын қауымдарын.


7.Үйге тапсырма беру

А.Мырзабаев,Д.Манатауовтың шығармасын оқып келу


8.Бағалау

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.Алғыс білдіру.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
1003
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі