400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Іздеген жетер мұратқа 11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдеріне арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн – өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы №56 ЖОББМ

Мерзiмі: № 3

Мұғалiм: Курмашева Венера Наурызовна Класс : 11 «А» «Ә» Тақырып: Іздеген жетер мұратқа

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: табандылық, қарапайымдылық, адалдық.


Сабақ мақсаты: оқушыларға «мақсат», «мұрат», «арман» ұғымдарын түсіндіру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

  • оқушыларға мақсаттарын жақсылыққа бағыттаудың мұратына жеткізетінін ұғындыру;

–адалдық, табандылық қасиеттерін дамыту;

  • ар-ұжданды тыңдап, дұрыс әрекет етуге тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар интерактивті тақта, аудио дыбыстар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. 5 «Т» ережесі.

Тәртіп

Талап

Тыныштық

Тазалық

Татулық

Жағымды көңіл-күйге келу

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін (баяу әуен ырғағымен)

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды, тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ойша осы нұрды қолдарыңызға бағыттаңыз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі.

Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі Нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді.

Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға,

таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз.Олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы Нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан- жануарларға, өсімдіктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз.

Ойша айтыңыз: «Мен Нұрлымын...Нұр менің ішімде...

Мен - Нұрмын »

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Ойша нұрға бөленгеннен кейін жайымен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!

2.Үй тапсырмасын тексеру

Оқулықтың 12-ші бетіндегі Мұхтар Шахановтың «Арман» шығармасын оқу.

  1. Қарияны неліктенДойылдың арман, мақсаты қорқытып, Әбудің мақсаты сүйсінтті?

  2. Не себепті екі достың өмірі екі арнаға бөлініп кетті?

  3. Дойылдың ғұмырын не қысқа етті? Адамның аты тарихта мәңгіге қалуы үшін қандай құндылықтар қажет?

  4. Әбудің ғұмыры не себепті мәңгі болды? Оны қандай құндылықтары мен адами қасиеттері мәңгілік етіп тұр?

  5. Сіздің өмірдегі мұраттарыңыз қандай құндылықтарға негізделген? Неліктен?

Ескерту

  1. Дәйексөз.

Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,

Үлкен бақыт табу үшін ғаламда, Үлкен болып қалу үшін ғаламда, Үлкен арман керек екен адамға»

Мұхтар Шаханов

  • Дәйексөзің мағынасын қалай түсінесіңдер?


4.Әңгiмелеу.

Бәрімізге үлгі болды

З. Камалиденов

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев ірі тұлға. Ірі тұлғалар туралы жазу да оңай жұмыс емес. Бұндай кісілерге жеке адам емес, тарихтың өзі баға береді. Димекең халықтың үлкен сүйіспеншілігіне ие болған адам.Қазақстанның қай түкпіріне барсаңыз ол кісінің есімін үлкен құрметпен атайды. Сондықтан да халқы оны «Димекең», «Димаш аға», «Димаш Ахметович» деп атаудың өзі осы сүйіспеншілікке байланысты деп түсінемін. Димекеңнің көп қасиеттерінің бірі – кездескен адамды, кәрісі болсын, жасы болсын, ер адам болсын, әйел адам болсын, қай халықтың өкілі болмасын өзіне тарта білетін, жатсынбайтын. Ол кісі қабылдаған адамдардың ішінде бірде-бір ренжіп кеткен адамды көрген жоқпын. Жеке адамдарды қабылдаған уақытында ол кісі көп уақыт алмай, негізгі мәселені тыңдап, шешуге, көмектесуге тырысатын.

Көптеген хаттарды өзі оқуға да уақыт табатын. Димекеңнің өзі-өзіне қатты талап қойып, жұмыс уақытын жақсы ұйымдастыра білетініне бәріміз таңқалатынбыз. Республиканы басқару үшін, оны ең алдымен өте жақсы білу керек. Ол кісі елді көп аралайтын, барлық облыстарда, аудандарда болған кезде халықпен көп кездесуге, пікір алмасуға тырысатын.

Димекең – жастарды еңбекке, оқуға, білімге, өнерге тәрбиелеу мәселесін күн тәртібінен түсірмейтін және оның орындалуын үнемі қадағалап отыратын.

Димекең өзі де, өндірісте шыңдалған еңбек адамы, инженер, ғалым. Ол кісі – Қазақстан қалаларының құрылысына айрықша мән беретін. Әр қаланың бүгінгі өмірге сай болуын талап ететін. Алматының көркеюіне жасаған еңбегі көл-көсір. Біздің көз алдымызда ғажайып ғимараттар бой көтерді, саялы бақтар мен гүлзарлар жасалды. Достық, әл-Фараби даңғылдары, Республика алаңы, әлемге әйгілі Медеу спорт комплексі, Даңқ мемориалы, Республика сарайы, аэро және темір жол вокзалдары, «Арасан» кешені, Достық үйі, «Қазақстан» қонақ үйі, Алатау, Алматы санаторийлері, оқушылар сарайы, санай берсең сан жете қоймас. Осындай сәулетті де сәнді ғимараттар ел игілігіне айналды. Республиканың орталық мұражайын салуға өзі тікелей басшылық жасады. Ішін тарихи экспонаттармен толтыруды, қазіргі талапқа сай безендіруді Орталық Комитеттің насихат және мәдениет бөлімдеріне тапсырды. Мұражайды іске қосатын күн жақындаған сайын ондағы жұмыстың жай-жапсарынан хабардар боп, тікелей өзі қадағалағаны бар. Мұражай қызметкерлері, суретшілер, дизайнерлер, партия қызметкерлері күн-түн демей еңбек етті. Сөйтіп, Димекең талап еткен уақытында мұражай халыққа есігін айқара ашты. Осы мұражайды алғаш көрушілердің қатарында келген дүние жүзіне әйгілі жазушы Шыңғыс Айтматов: «Мұндай мәдениет ошағын Еуропаның ежелгі астаналарынан да көре алмадым» дегенді айтып еді.Оны өз құлағымызбен естідік.

Тамаша концерт залына кірген уақытта жоғары жаққа көз салсаңыз, халқымыздың белгілі өнер қайраткерлерінің, сазгерлермен, әншілерінің бейнелерін көресіз. Бұндай суреттерді тек қана Мәскеудің консерваториясының үлкен концерт залынан ғана көре аласыз. Димекең Мәскеуде оқыған кісі. Мәдениетті, әдебиетті, тарихты жақсы білетін және жақсы көретін жан. Өзі көрген жақсы нәрселерді, әр саланың озық үлгілерін туған астанамызға әкелуге тырысты. Соның бірі –осы Орталық концерт залының жалпы құрылысы мен ішінің тамаша тарихи есімдер бейнелерімен безендірілуі. Ол кісінің театрларға баруы да республика басшыларына, астана халқы мен қонақтары үшін де есте қалатын салт жоралғысына айналды. Театрда қойылып жатқан жаңа спектакльдерге, басқа жерден келген үлкен мәдениет қайраткерлерінің қатысуымен өтетін концерттерге баруымызды талап ететін. Ол кісі барған уақытта театрға келген жұртшылық жылы қарсы алып, бір жасап қалатын. Димекең театрларға, киноларға әрдайым Зуhра Шәріпқызы екеуі бірге баратын. Бұл да бізге өнеге еді. Өнер мен әдебиет қайраткерлері басшыларға ғана емес, бастықтар оларға тәуелді болған да ғана іс ілгері басады дейтін.

Димаш ағаның тағы бір қасиеті – ата-анасына, жарына, туған-туысқандарына деген қамқорлығы, сүйіспеншілігі. Ол кісінің әкесіне сәлем бере барғанымызда мына бір жайдың куәсі болдық. Ахмет ақсақал көп сөйлемейтін, өте салмақты адам еді. Димекең келіп жатқан кісілердің әрқайсымен таныстырып жатты. Ақсақал асықпай тыңдап отырды. Сыпайылап ризашылығын жеткізді. Осы арада байқап қарасам, Димекеңнің ол кезде алпыстан асқан, ал Ахмет ақсақалдың 85-тегі кезі екен. Димекең әкесінің алдында үлкен кішіпейілділікпен, бала тұрғысынан сөйлеп, ізеттілік сақтап, ілтипат көрсетіп отырғанына таңқалдық. Димекеңнің жұбайы Зухра Шәріпқызы да өте мәдениетті адам еді.

Димекең өзінің айналасына тәжірибелі қызметкерлермен бірге жас кадрларды да жинай білді. Олардың қалыптасуына, әр түрлі саладан өсулеріне қамқорлық жасады. Димаш ағаның өзі сол жастарға, бүкіл халыққа үлгі болып, кең байтақ Қазақстанды табыстан табысқа жеткізіп, бүкіл жер жүзіне көрсете білді.

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың қазақ халқы, Қазақстанда тұратын барлық халықтар үшін жасаған еңбегі зор.

Сұрақтар:

  • Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың іс-әрекетін риясыз қызмет етудің үлгісі ретінде қарастыруға бола ма? Неліктен?

  • Неге Дінмұхаммед Қонаев бүкіл халыққа үлгі болды?

  • Қалай ойлайсыңдар, қазіргі заманауи қоғамда адамдарға риясыз қызмет ету қаншалықты өзекті?

  • Риясыз қызмет етудің мысалдарын өз өмірлеріңізден сипаттап беріңіздер.


  1. Шығармашылық, топтық жұмыс.

Оқулықта 1-тапсырмада сөздіктерден «мақсат», «мұрат»,

«арман» сөздерінің анықтамасын тауып, оқып, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу ұсынылған.

2-тапсырмада «Мұратың қайда жетелейді?» деген тақырыпта сыныптастарының арасында сауалнама жүргiзiп, сауалнама нәтижесi бойынша қорытынды шығару тапсырылған.

Сауалнама жүргiзу барысында немесе сауалнама нәтижесi бойынша қорытынды жасағанда оқушылар әр адам өмірдегі өз орнын, өз ұстанымын, мақсаттары мен оларды қалай жүзеге асырып жүргенін саналылықпен ұғынып, сын көзқараспен қарап, өз мүмкіндігін өмір талабына сәйкес бағдарлай біліп, өзін-өзі танып, мақсатын анықтап, байқап, бағалай алуы керек. Сонда адам барлық жерде өзіне, қарым- қатынасына сын көзбен қарауға үйренетінін түсінуі маңызды.


  1. Топпен ән айту.

Болады деп арманда

Мұқағали Мақатаев

Ал енді мен ақыл айтам,
Ақыл айтам, таңданба.
Қорлық үшін келген жоқсың мына өмірге,
Жалғанға.
Мына өмірде, жүрегіңде,
Бойыңда ыстық қан барда.
Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!
Ал енді мен ақыл айтам,
Ақыл айтам таңданба!
Мәзіріңе, әзіріңе әулекі боп,
Алданба!
Шығатұғын күндерге де,
Ататұғын таңдарға,
Үмітпенен қарағайсың, жүрегіңде жан барда.
Өтер кетер, өтер кетер...
Дейміз ғой біз мұңайып.
Дейміз-дағы, жамаймыз кеп, бір айыпқа
Бір айып.
Отандастар, ойлайықшы, ойымызға лайық,
Құласақ та, тек биіктен,
Құзға барып құлайық!
Бықсып жанған қоламта емес,
Артымызда шоқ қалсын.
Болашақтың ойнағында,
Біз тұтатқан от жансын,
...Ей, Болашақ!
Ей, Болашақ! Ошағында от жансын!


7.Үй тапсырмасы.

1. Оқулықтың 17- бетіндегі Қазақ миллионері Бауыржан Оспанов: «Қазақта кедей жоқ, жалқаулар бар» әңгімесін оқу.

2. Оқулықтың 16-бетіндегі 4-тапсырманы орындау.


8. Сабақтың қорытынды сәтi.

Сабақта алған барлық жақсы ойларды, әрекеттерді жүректеріңізге сақтап алыңыздар. Рахмет.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 қазан
4742
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі