15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Іздегенде табылатын қасыңнан
«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп: Қ.Терібаев ат.о/м Мерзiм____________ Мұғалiм: М.Тұрсынғазы
Сынып: 8 Оқушылар саны____ Тақырып: Іздегенде табылатын қасыңнан
Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: жауапкершілік, адалдық, татулық
Сабақ мақсаты: Оқушыларға достар арасында рухани жақындықтың мәнін ұғындыра отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу Міндеттері: Білімділік: оқушыларға жауапкершілік қасиеттері туралы түсінік беру; Дамытушылық: Оқушыларды адалдыққа баулу; |
Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) Кітаптар, қаламдар, ақ қағаздарғ жұмыс дәптері, бояулар. |
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену. Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті , көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде ... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет. Үй тапсырмасын тексеру: Мәтін бойынша жұмыс.
|
Ескерту: 5Т-ны сақтау. Баяу әуен қойылады |
Дәйексөз. «Жақсы мен дос болсаң, жетерсің мұратқа, Жаманмен дос болсаң, қаларсың ұятқа» мақал- мәтел
|
Дәйексөзді барлығы хормен айтады.
|
Әңгiмелеу : Мұғалім сыйы «Жаман жолдас» Екі дос кісі жолда келе жатып бір аюға тап болады. Бұл екі кісінің біреуі әлсіз ауру екен, екіншісі мықты, жас жігіт, аюды көрген соң бұл жігіт ауру жолдасын тастап, бір үлкен ағаштың басына шығып кетеді. Ауру байғұс ағашқа шығуға дірмені жоқ, жерге құлады да созылып өлген кісіше жата кетеді. Естуі бар еді аю өлген кісіге тимейді деп.Аю бұл жатқан кісінің қасына келіп иіскелеп тұрды да, дыбысы білінбеген соң тастап жөніне кетеді. Мұнан соң бағанағы жолдасы ағаштан түсіп, ауру жолдасынан сүрайды. – Достым, аю құлағыңа не деп сыбырлап кетті? Ауру досы айтады:
|
|
Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс. «Дос жүрегі шар айна» тақырыбына эссе жазу. |
|
Топпен ән айту. Достар әні
Көңілі бар қызғалдақтай ашылған. Көрiспесек сағыныштан жүдейтiн, Кiм бар екен бала күнгi досыңнан! Қайырмасы: Жан досым, үстем болсын мерейің, Әрқашан жеңiсiңді көрейiн, Сырымыз да бiтпесiн, Жырымыз да бiтпесiн, жырымыз да бiтпесiн!
Қатар жүріп сырымызды сан аштық. Жол тапсақ та бiрге жүрiп жол таптық, Адассақ та бiрге жүрiп адастық. Қайырмасы: Жан досым, үстем болсын мерейің, Әрқашан жеңiсiңді көрейiн, Сырымыз да бiтпесiн, Жырымыз да бiтпесiн, жырымыз да бiтпес |
|
Үй тапсырмасы: 13 – сабақ 52 бет Ә.Ахметовтың «Дос жүрегі» шығармасын оқып келу. «Достық» туралы нақыл сөздерді жазып келу. |
|
Сабақтың соңғы тыныштық сәтi. Көзімізді жұмып, баяу әуен толқынымен достарымызды көз алдымызға келтіре отырып, дүниедегі барлық жақсылықтарды достарымызға тілейікші. |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген