жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ізден талаптан интеллектуалды ойын
«Ізден, талаптан» викториналық ойыны
Сабақтың тақырыбы:
«Ізден, талаптан»
викториналық
ойыны.
Сабақтың мақсаты: Білімді, жан- жақты болуға үйрету. Білуге үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық:Оқушылардың
ой-өрісін,қызғушылығын,танымдық қабілеттерін дамыту.Логикалық ойлау
арқылы толық және нанымды жауап беруге дағдыландыру, ойларын дұрыс
тұжырымдап сұрақтарға қорытынды жасай білуге
үйрету.
Тәрбиелік: «Оқу инемен құдық қазғандай »,-еңбекті сүйе білуге , өз уақытын дұрыс пайдалана алуға,ұқыптылыққа,тазалыққа,шапшаңдылыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар:Айналдырма
барабан,суреттер,сыйлықтар, т.б.
1-Жүргізуші: Құрметті жиналған барша қауым,
ұстаздар, оқушылар, көрермендер! Бүгінгі
«Ізден
талаптан » викториналық
ойынымызға қош
келідіңіздер!
2-Жүргізуші:Ойнымызды бастамас бұрын сайыскерлер жинайық,ол үшін қазір оқылған логикалық сұрақтардың жауабын кім бірінші болып табады сол бүгінгі викториналық ойынның сайыскері бола алады.
1-Жүргізуші: Ендеше бірінші сұрақ
1.Термометр аяз болғасын-үш градус көрсетіп тұр.Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?
Жауабы:үш
2.Көшеде екі әкесі,екі баласы және атасы немересімен қыдырып жүр.Көшеде неше адам жүр?
Жауабы:үшеу
3.Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады?
Жауабы:егер оны мұз етіп қатырса
4.Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы үш жеңіл машина және бір камазды кездестірді.Ауылға неше машина бара жатыр?
Жауабы:Бір ғана мотоцикл
5.Аңшы орманға келіп,бұтақта қонып тұрған торғайды атқан екен,бірақ қарға құлапты.Бұл қалай болғаны?
Жауабы:торғай қарға келіп құлайды,өйткені қыс мезгілі едіг
6.Қандай сұраққа "иә" деп жауап беруге болмайды?
Жауабы:Сіз ұйықтап жатырсыз ба?
7.Қонақ үйде 7 қабат бар.Бірінші қабатта төрт адам тұрады.Әрбір келесі қабатта алдыңғысынан қарағанда ә адамға артық.Лифтті ең көп шақыратын қай қабат тұрғындары?
Жауабы:1
8.Мені ешкім түсінбейді,неге?
(Өйткені ол ешкі ғой)
9.Қай жерде жексенбі сенбіден бұрын келеді?
Жауабы:Сөздікте
10.Әлемдегі ең үлкен алма қайда өседі?
Жауабы:Алма ағашында
1-Жүргізуші:Ал енді сайыскерлер анықталғаннан кейін ойынымызды бастайық
Музыка ойналады
(Ойын толқын айналған қатты ағысқа)
2-Жүргізуші:Табылғандай танымда,жат дауыста
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста
1-Жүргізуші:Ойын толқын жатқанда асып, тасып
Біреу мығым,біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсе де,жеңілсе де қалма жасып.
2-Жүргізуші: "Білекті бірді жығады,білімді мыңды жығады"деген дана халқымыз.Біз білім теңізінен жүзіп өткенде ғана еліміздің тірегі,сүйеніші боламыз!Сондықтан да бүгінгі «Ізден талаптан » викториналық ойынын бастайық.
1-Жүргізуші:Ойынның шарты:9 оқушы қатысқалы отыр.Оларды сыныптарына байланысты 3 топқа бөлінеді.Ойын 3 айналымнан тұрады.Бұл айналымдардан жеңіл шыққан жеңімпаздар финал ойынына қатысады.Финалдан шыққан оқушы "Супер-ойынды" ойнау ойнамауды ойыншы өзі шешеді.Ойын кезегін күтпей жауап берген оқушы шығарылады немесе бірден жауап берген кезде бір әріптен қате жіберсе ойыннан шығады.
2-Жүргізуші:Ойынның жүру барысы
Тақтаға сұраққа байланысты жасырын сөздер беріледі.Бұл сөздерді барабанды айналдыру арқылы ойыншылар табады.Әріптеп табу арқылы немесе бірден жауабын беру арқылы табуға болады.Егерде жасырынған сөзде ойыншы айтқан әріп екі немесе одан да көп кездесетін болса,сәйкесінше сонша есе оыншының ұпай саны еселенеді.Барабанның бетінде сандар,яғни осы сандар арқылы ұпай аласыз және сұраққа жауап беру мүмкіндігіне ие боласыз.Барабан бетінде Б-күйіп кетубелгісі жинаған ұпайларыңызды түгелдей күйдіріп,әріп немесе сөз айту мүмкіндігінен айырып,келесі адамға кезегіңіз беріледі.Барабан бетіндегі С сыйлық белгісі сіздің алу мүмкіндігі бар.Ол үшін сіз таңдау жасайсыз не сыйлықты аласыз,не ойнайсыз.Сыйлықты алсаңыз ойыннан шығасыз.
1-Жүргіуші:Нұрлы үмітпен арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Сайыскерлерді шақырайық ортаға.
Алдымен «Ізден талаптан » ойынын бастамас бұрын 1 кезеңнің сайыскерлерін ортаға шақырайық.Олар:
1.........................................оқушысы
2...........................................оқушысы
3.............................................оқушысы
Әр қатысушы өзін таныстырып,өмірлік ұстанымын айтып өтеді.
1 айналымның сұрағы:Бөлшек арифметикада - бірліктің (бір бүтіннің) бір не бірнеше тең үлестерінен құралған сан.Ол(немесеm/n) белгісімен өрнектеледі,мұндағы m-Бөлшектің алымы,ол бірліктен алынған үлес санын көрсетеді, ал n- Бөлшектің бөлімі,ол бірліктің тең бөлікке бөлінгендігін көрсетеді.Бір санды екінші санға бөлгеннен шығатын сан бөлініді деп аталады.Алымы бөлімінен кіші Бөлшек дұрыс Бөлшек деп,ал алымы бөліміне тең не одан үлкен Бөлшек бұрыс Бөлшек деп аталады.Бөлімі 10 санының бүтін дәрежесі болатын Бөлшек ондық Бөлшек деп аталады.
Білімнің ұшқырлығын танытатын,
«Ізден талаптанда » сайыскер жаңылмаған.
Уақыт деген зымырап өтіп кетер,
Асып,тасып,асықпа қалыспаған.
Олай болса ортаға II кезеңнің ойыншыларын шақырайық.
1.........................................оқушысы
2...........................................оқушысы
3.............................................оқушысы
Әр қатысушы өзін таныстырып,өмірлік ұстанымын айтып өтеді
2 айналымның сұрағы: Гипербола- күшейту деген мағынаны білдіреді.Гипербола қиял бейнелерін жасауға қатысатын әдістердің бірі.Гипербола деп нәрсенің жеке сипаттары,белгілері үлкейтіліп көрсетілуін айтады.Сөйткенде бейне ашық,мәнерлі болып шығады.Гиперболада белгілі бір бейнеледің алға шығып айқын байқалуына жағдай жасалады.Ертегілерді қиял-ғажайып беенеледі жасауда гипербола көп қолданылады.Мысалы,үнді мифологиясында көп қолды құдайлармен, жетібасты айдахардың бейнелері осы әдістің көмегімен құрастырылған.
2 айналымның сұрағы: Биссектрисса- (лат.bis-екі қайтара,екі рет және seco - қиып өтемін,бөлемін)-бұрыштың төбесі арқылы өтетін және оны қақ бөлетін түзу сызық.Биссектрисаның әрбір нүктесі бұрыш қабырғаларынан бірдей қашықтықта жатады,яғни бұрыштың биссектрисасы оның симметрия осі болады.Үшбұрыштың бір бұрышының төбесінен оған қарсы жатқан қабырғаға дейін жүргізілген түзу сызық кеіндісі үшбұрыштың биссектрисасы деп аталады.Үшбұрыштың биссектрисалары бір нүктеде - осы үшбұрышқа іштей сызылған дөңгелектің центрінде қиылсады.
Жартылай финал ойыншыларын қарсыалайық.Ал енді жартылайфиналдағы сұрақтармен танысыңыздар.
Теорема ( түр, сипат, тұжырым)- ақиқаттығы дәлелдеудің нәтижесінде анықталатын математикалық тұжырым. Математиканың кез келген саласы ақиқаттығы бұрынырақ дәлелденген. Теоремаларға сүйене отырып, бірінен соң бірі дәлелденетін теоремалардан тұрады. Мұнда алғашқы сқйлемдер дәлелденбейтін аксиомалардан тұрады жіне бұл аксиомалар сол математика саласының логикалық негізі болып есептеледі. Теорема шарты және қортытындысы деп аталатын бөліктерден тұрады. Бүгінгі ойынымыздың жеңімпазы---------------------------------------------------------------- Бүгінгі «Ізден талаптан» ойынының жеңімпазы-------------------------------------------
Қорытынды: Ал енді біздің жеңімпазымызды құттықтауға рұқсат етіңіздер. Барлық қатысқан ойыншыларымызға сыйлық таратылады. Баршаңызға көп рахмет! Ойынымыз аяқталды. Келесі ойында кездескенше. Сау болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген