Ізеттілік,тапқырлық,іскерлік - өзіңнен.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ізеттілік,тапқырлық,іскерлік - өзіңнен.

Материал туралы қысқаша түсінік
Танымдық,дамытушылық,қызығушылық қабілеттерін дамыту.Ойын нақты жеткізе алуға дағдыландыру. Талқылауға байланысты сұрақтарға жауап беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Ізеттілік,тапқырлық,іскерлік – өзіңнен.

Мақсаты:

  • Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жеңістіктерімен таныстыру,әлем таныған ел екенін дәлелдеу,білімдерін кеңейту.

  • Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту.

  • Отанын сүюге,ел тарихын білуге,еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге,отанымыздың байлығын қорғауға,елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Қазақ елі суреттері,Қзақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны Н.Ә. Назарбаевтың суреті, Нақыл сөздер, Қазақстан туралы әндер.

Барысы:

Қазақстан туралы не білеміз? Мен Қазақстанда тұрамын. Мен Қазақстанда білім алып жатырмын. Мен еліммен мақтанамын. Елімнің гүлдене бергенін қалаймын.

Тәрбиеші: Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды.

Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.

Оқушы:16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып,Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.

Оқушы:Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.

Оқушы: Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.

Мерейің құтты болсын Қазақстан!

Ғасырлар тойы болшы келе берер!

Оқушы: Мерекең құтты болсын егемен ел,

Терезең барлық елмен тең ерен ел.

Бабалар мәңгі бақи арман еткен,

Теңдікті,бостандықты иеленгендер.

Оқушы: Бостандық құтты болсынерікті ел,

Айдын көл, көк майсалы көрікті жер

Бостандықты аңсаған батырлардың

Әруағына бас ұрып, тәу еткен жер.

Оқушы: Егемен елімнің ертеңі деп,

Елбасы баға берді жастарыма

Оқу оқы, білім ал, елің үшін

Еңбек ет тыным таппай, жан аяма.

Оқушы: Халқымның мақтанышы - алып тұлға. «Бәйтерек» суреті

Әлемнің назары ауды Ақ ордаға

Бәйтерек – көкке қолын созып тұрған,

Ұқсайды менің асқақ арманыма.


Тәрбиеші: Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнелеген.Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Жарық жұлдыз – Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан нұр шашып тұрғанын бейнелейді.Қанатты тұлпардың баламалық мәні қазақтың аңыз ертегісінен алынған. Аңыз бойынша қанатты тұлпарға мінген алып батыр алты қанат аспанға ұшып, жеті қат жер астында түсіп халықты қасіреттерден азат еткен,еліміздің азаттығы мен жеңімпаздығының белгісі. Бидай сабақтары тоқшылықты, молшылықты білдіреді. Ал төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу еліміздің ежелден әлемге танымал екенін көрсетеді.

Бас білгізіп жер тарпыған тарпаңға

Жасы тұрмақ, шығады екен қарьты аңға

Қалай оның елтаңбасы болмайды

Түлегіне дейін салса ен – таңба?!

Енді бүгін өлген Туым тірілді

Әнұраным жалғап алды ғұмырды

Босағада қалып келген Елтаңбам

Баяғыша төріме кеп ілінді.

Кез келген мемлекеттік рәміздің ең маңыздысы - Әнұран. Әнұран мемлекеттік салтанатты ән. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған.


Қорытынды: Көк жүзінде қалықтаған қыранмын,

Бейбітшілік пен бостандық жыр әнім

Самғап жүрсек бостандықта, биікте

Шарықтайды кең көлемде бұл әнім- дей келе бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Қош, сау болыңыздар!


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.06.2022
437
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі