ІЗГІ ПЕДАГОГ Ш.А. АМОНАШВИЛИДІҢ «АСЫҒЫҢДАР, БАЛАЛАР, КӨККЕ САМҒАП ҮЙРЕНЕМІЗ!» ЕҢБЕГІНЕ ПІКІР

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ІЗГІ ПЕДАГОГ Ш.А. АМОНАШВИЛИДІҢ «АСЫҒЫҢДАР, БАЛАЛАР, КӨККЕ САМҒАП ҮЙРЕНЕМІЗ!» ЕҢБЕГІНЕ ПІКІР

Материал туралы қысқаша түсінік
Шалва Александрович мұғалімдерді педагогика даналығын шынайы да бай қайнар көзін пайдаланып, өздерінің педагогикалық шеберлігін үнемі байытып, шыңдап отыруға шақырады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ІЗГІ ПЕДАГОГ Ш.А. АМОНАШВИЛИДІҢ «АСЫҒЫҢДАР, БАЛАЛАР, КӨККЕ САМҒАП ҮЙРЕНЕМІЗ!» ЕҢБЕГІНЕ ПІКІР


Джолимова Жанат Зиядиновна

53 ЖББОМЛ

Қарағанды қаласы


Шалва Александрович Амонашвили – ынтымақтастық педагогикасын насихаттаушы жаңашыл педагогтардың бірі. Өзінің балаға деген адами-тұлғалық көзқараспен қараудың барлық принциптерін әлемдік педагогика классиктері К.Д.Ушинский, В.А.Сухомлинский, Януш Корчак, А.С.Макаренко, т.б. үйренгендігін айтады.

Шалва Александрович мұғалімдерді педагогика даналығын шынайы да бай қайнар көзін пайдаланып, өздерінің педагогикалық шеберлігін үнемі байытып, шыңдап отыруға шақырады. Қадірлі жасқа келгендігіне қарамастан, әлі де шығармашылықпен белсенді айналысып жүр. Уақытының тығыздығына қарамастан, ол адамдарға мейірімді, зерделі, ешкім оның ашушаңдығы мен дөрекілігін көрген емес. Ол – педагогикалық философияның бір қиыршығы болып табылатын ерекше шыдамдылықтың иесі.

Ш.А.Амонашвили «Асығыңдар, балалар, көкке самғап үйренеміз!» шығармасын өзінің «қанатты» немерелеріне арнағанын атап көрсетеді. Алайда жазушы бұл әлемдегі тіршіліктің құрдымға қарай өзгеріп, адам бойындағы рухани-адамгершіліктің жойылып бара жатқанына, оның себептерін, олардың шешу жолдарын өмірлік мысалдар арқылы суреттеп көрсеткен.

-Бұл әлемді қалай құтқаруға болады? Ары қарай қалай өмір сүру керек? Данышпан қариямен диолог түрінде суреттейді. «Мәңгіліктің жолдасы келер, сол құтқарушы болар, оны биік самғауға үйретіңдер!»- дейді. Мәңгіліктің жолдасы деп әрбір шаңырақта өмірге келетін сәбиді меңзейді.

Баланың тәрбиесі бала дүниеге келмей тұрып, әке мен ананың ойында, арманы мен қиялында тәрбиелеумен басталады. Олардың жақсыны көруге талпынысы болашақ балаларына рухани азық болады.

Бұл шығармады жақсылық пен жамандықты, мейірім мен қатігездікті салыстыра отырып ой тастайды.Ш.А Амонашвили бұл шығармасында қазіргі кезде болып жатқан іс-әрекеттердің әлемдік дағдарыстың салдары, адамдардың рухани-адамгершіліктің жетіспеуінен көрініс табатынын жеткізе білген. Расында, ХХ ғасырдың екінші жартысында адамзат қоғамның барлық тараптарына әсерін тигізетін адамның тіршілігіне қауіп төндірген жаһандық дағдарыстармен бетпе-бет келді. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, осы заманның жаһандық мәселелері – экономикалық, саяси немесе ғылыми мәселелер емес, ең алдымен рухани-адамгершілік мәселелері. Олардың шешімі адамзаттың ішкі жан дүниесіндегі өзгерісте, адамдардың материалдық игілігінен, рухани-адамгершілік құндылықтарға қайта бағдарлану жолында болып отыр.



«Анашым, сен не ойладың? Сен кімге келдің? Мына қасапшыға ма? Жер деген мекенде тағы бір қазалы күн...». Ана құрсағында жатқан сәбидің ішкі сезімі міне осындай. Қазіргі таңда жасанды түсік жасату, көкек аналардың көбеюі бұл өзекті мәселе болып тұр. Бұл шығарма 13 жыл бұрын жазылса да, рухани құлдыраудың бір көрінісі екені анық.

«Человек с саквояжем» мысалында кішкентай қыз бен анасының екі түрлі көзқарасы берілген.Үлкендердің қарапайым деп қарайтын нәрселеріне олар шын жүрекпен, жанашырлықпен, адалдық, ақиқатпен қарайтынын көруге болады. Қыздың соңғы айтқан сөзі: «Анашым, егер ол ауырып жатқан қызды құтқаруға бара жатқан дәрігер болса ше... Ал, ол қыз мен болсам?» Демек сүйіспеншілікке толы кішкене қыздың жүрегі осындай ата-ана, сыртқы ортадан қайтару көріп, жауапсыз қалды.

Үй ішіне ұя салған қарлығаштардың өзі, жануар бола тұрып өз ұрпағына жауапкершілікпен қарап, барлық тіршілік иесінің бойында сүйіспеншіліктің бар екендігін көрсетеді.

Есірткіге әуес болған жасөспірімді көріп, «Бұл жолға қалай жеттің, осы жағдайға келуіңе кім, не себепкер болды? Біз саған қамқор болдық, сенің жақсы қасиеттеріңе қуандық. Ал, бірақ ақкөңіл сенгіштігің саған опық жегізіп, аяғыңнан шалды.Сенің таңдауың есірткі болып шықты. Біз кінәні кімнен іздейміз?»-деп ой қозғайды. Қазіргі кезде адамдарға соның ішінде балаларға деген эмоционалдық жылулық жетіспейді. Ата-аналар жұмыс басты болып, өздерінің балаларын тек телефонмен болмаса, тек бала күтуші арқылы қадағалауға мәжбүр болып отыр. Қазіргі уақытта ата-ана материалдық қажеттілігін қанағаттандырумен шектеліп,балаларының жан –дүниесін түсіне алмауда. Демек біз балалардың өсуі кезінде қателік жібермей, кіммен дос, неге әуес, бос кезінде немен шұғылданады сол жағына қырағы болуымыз керектігін ескертеді.

Екі қыз бала қол ұстасып, тоғызыншы қабаттан секіріп, мерт болды. Соңғы қалдырған жазбада: «Біздің мұндайға бару себебін математика мұғалімі түсіндірсін» делінген. «Ұстаздың жүрегі шынайы болып сезіне білуі керек.Бала жүрегі әрқашан мейірім мен жеккөруді сезеді.Білім беру емес, баламен бірге талпыну, әлемді ғажайып етеді». Бұдан шығатын қорытынды «пән» мұғалімі болу емес, «өмір» мұғалімі болу әлдеқайда артық еді.

Ш.А.Амонашвилидің ұстанымы келесідей, - «Әр бала белгілі борышпен өмірге келеді. Және әрбір сәбидің тек өзіне тиесілі жаны - ішкі дүниесінің сәулесі бар. Ата-ана мен педагогтың міндеті сол сәуленің жоғалып кетуіне жол бермей, балаға өз өмір жолына бағыт көрсету».

«Асығыңдар, балалар, көкке самғап үйренеміз!».Қандай бала самғағысы келмейді? «Үйретемін» емес, «Үйренеміз». Біз үйрете жүріп өзіміз үйренеміз. Біз оларды қанаттандырамыз. Мұғалімдер тек сабақ беруші ұстаз ғана емес екінші ана болуы шарт. Барлық мұғалім үлгі бола алмас. Бірақ біз, адамдар өзіміз өзгеруіміз керек.  Егер біз өзімізден бастап, өзімізді қолға алып, ата-ана, ұстаз, туған-туысымызды сүйе білуді үйренсек олар да қанаттанып, адамгершілікке жол ашылып, биікке самғай бермек.

Әлемді құтқару жолы баланың бойына әу бастан мейірім мен адамгершілік сезімдерін құйып, қанаттандыруымыз керек дейді.

Ұстаздың ойы мен сөзі және ісі біріне - бірі қайшы болса, оның басқа әрекеттерінен ешбір нәтиже шықпайды. Шыдамды және қарапайым, бала жанын сүйетін қайырымды мұғалім оқушылардың бойында жақсы мінез-құлық тәрбиелеуде өмірлік маңызды рөл атқарады. Егер мұғалім өз ісіне жан-тәнімен беріліп, таза болса, мыңдаған бала жақсарады және ұлтымыз қайырымды мінез-құлыққа ие білімді мыңдаған ұл-қыздарға кенеледі.

Әр анада өз баласын «сенің қолыңнан бәрі келеді» деп қанаттандырып отырса бұл тәрбиенің  ең бірініші бастамасы болмақ. Ол отбасынан алған тәрбиенің арқасынада жамандық тудыратын ойлардан арыла отырып, өмірінің  соңына дейін қуат алады.

Ш.А.Аманошвилидің бұл еңбегін оқи отырып, өзімнің бала тәрбиесіндегі қателіктерге бой бермей, дұрыс ұрпақ тәрбиелеу жолында еңбек ету керектігін түсіндім. Өзімнің ішкі жан дүниеме үңіле отыра, балалардың да ойы ашық, қоршаған ортасындағы барлық жақсылықтарды сезінуі және оны дұрыс тұрғыда іс-әрекеттерімен көрсете білулерін қалар едім.

Себебі кітаптың негізгі арқауы балаларға деген махаббат, баланың нәзік жанына сүйіспеншілікке толы қарым-қатынас болып табылады.

«Мұғалімдер тек сабақ беруші ұстаз ғана емес екінші ана болуы шарт» деген ойларын өз тәжірибемде қолданамын. Басты мақсатым бала жанын түсінуге тырысып, балаларға жақсы көңіл-күй сыйлап, сапалы білім, саналы тәрбие беру.Әр сабағымды ерекше, балаларға қызықты, баланың жан дүниесін әр түрлі қызығушылықпен жаулап алатындай өткізуге тырысамын.

С.А. Назарбаева айтқанындай: «Руханияттың кәусар бастауына апаратын жол­ды іздеу – бүгінгі таңда өмір сүріп келе жатқан адамдардың әрқайсысының және баршамыздың басты міндетіміз екеніне сенемін. Тіпті егер қаласаңыз, оны адам туралы білімдер көмбесіне апаратын жол деп атауға да болады».

Ендеше әр бір ұрпақтың бойында рухани адамгершілік сезімі жоғары, қашанда ел намысын ойлайтын, ата-анасын қадірлей білетін, жас ұрпақты тәрбиелеуге ат салысайық. Келер ұрпақ ар-ұжданды, бақытты да, білімді боларына сенемін. Сеніп қана қоймай осы ұрпақты рухани-адамгершілік құндылықтары арқылы тәрбиелеймін.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық Алматы: «Бөбек»

2. Спешите, дети, будем учиться летать! 2005 Ш.А.Аманошвили



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.11.2018
1492
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі