400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ізгілік адамның басты рухани адамгершілік құндылығы. Ашық сабақ 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ. Оқушылардың бойында ізгілік қасиеттерін дамытып, рухани-адамгершілікке тәрбиелейді. Оқушылар адамдардың бәріне риясыз сүйіспеншілікпен қарап, барынша жанашырлық танытады. Жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, ақиқатты ұстанып, сүйіспеншілікпен дұрыс әрекет жасап, ешкімге ешқандай қиянат жасамауға үйренеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ізгілік –адамның басты рухани –адамгершілік құндылығы

Ашық сабақтар

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Бүгінгі – «Ізгілік –адамның басты рухани –адамгершілік құндылығы»-атты пікір-сайыс сабағымызға хош келдіңіздер!

Ән: өзін-өзі тану пәнінің Әнұраны: «Айналайын»

Рухан-адамгершіліктің дәнін сепкен, адамзат баласына сүйіспеншілік сыйлаған Сара Алпысқызының туған күніне орай бейнебаян көрейік:

Пікір-сайыс (дебат) сабағымыздың негізгі мақсаты: Адамды белгілі бір білім қорымен қаруландыру ғана емес, білім алушыны рухани –адамгершілік тұрғыда дамыту, өнегелі өмірлік өскелең жолға бастау. Осы тұрғыда «Ізгілік –адамның басты құндылығы» -деп Сара Алпысқызы айтқандай «Мен шын көңілден Сүйіспеншілік дегеніміз қасиетті құбылыс санаймын. Оның әрбір көрінісі қоршаған әлемге деген құштарлық бізді одан әрі ізгілікке бастап, жетілдіре түседі.» Соның ішінде ізгілік ақылдың шешімі, ізгі жүрек, ізгі сезім, махаббат пен жанашырлықтың саналы және санадан тыс әрекеттерден көрінуі. Абай атамыз айтып кеткендей, «Толыққанды адам» қалыптаспақ, яғни адам бойында қандай қасиеттер орын алады, оның жақсы –жаман жақтары бар. Біз осы жайында өз ой-пікірімізбен таразыға салып көрейік. Ізгілік, махаббат, мейірім, адамгершілік, ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, тыныштық, қиянат жасамау т.б. қасиеттерді, құндылықтарды қалай байланыстырамыз осы жөнінде бүгінгі қатысып отырған топтарға сөз береміз.

Қатысушылар:«Риясызсүйіспеншілік»тобы(Жақтаушы)                                                          «Өзімшіл сүйіспеншілік»  тобы (Даттаушы)

Сайысымыздың ережесімен таныстырып өтейін:

  1. Бос айтыс, тартыстан аулақ болу;

  2. Қарсыласыңды қорқытуға әуес болма;

  3. Мысқыл сұрақтар қоюға болмайды;

  4. Қарама-қарсы сұрақтарға берілген уақытты тиімді пайдалану;

  5. Қосымша қойылатын сұрақтарға дайын болу шарт.

Бүгінгі келген қонақтармен таныстырп өтсек:


Сайысымызды бастамас бұрын жеребе тастап, сайысымызды кім бірінші бастайтынын анықтап алайық.

Жүргізуші: Ендеше бірінші бөлімге кезек берейік.

Таныстыру:  

Жүргізуші: Қарсыластар өздерін таныстырып, болған сыңайлы, енді негізгі кезеңге кезек берсек дейміз. Оқушылар бұл кезеңде өз пікірлерін айтады, оларды дәлелдейді, керекті факттілер, мысалдар, статистикалық мәліметтер келтіреді. Екі топ дәлел бойынша кезекпен-кезек сөйлейді.

«Риясыз сүйіспеншілік» (Жақтаушы) тобы сөз кезегі сіздерде

Біздің яғни қарарымыз бойынша «Әр уақытта жүрегінен мейірім төгіліп тұратын рухани ізгілік негізінде өзінің ізгілікке ұмтылған мақсатын қалыптастыру». Біздің анықтауымыз бойынша: Сара Алпысқызының рухани болмысы-айналаға жарық таратушы, рухы таза, рухани жанашылдықтың бастаушысы, жүрегі жылы әрі үлкен дарқан адам. «Өмір сүрудің ең жақсы жолы –айналаңа жарық тарату» дегендей ақ тілеулі ана тәрізді барлық адамның бойынан жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі болып елестейді. Яғни дұрыс белгісі бойынша білімдеріңізді толықтырмаған әр күн сіз үшін текке кеткен және енді қайтып оралмайтын күн.

Жүргізуші; Дәлелдеңіз.

Дәлелдейтін болсақ : Бізге Сара Алпысқызы берген рухани-адамгершілік білімді тану үшін мейірім, сүйіспеншілік, қайырымдылық қажет. Ол сезімдер кез-келгенің бойында лүпілдеп толып тұрғанымен, жарық дүниеге келісімен-ақ оның жүрегінің түбіне ізгіліктің бастауы болатындай адамгершіліктің дәні себіледі. Оны дамытып жағымсыз мінез-құлықты түзету-адамзаттың өз қолында. Қазіргі қоғамның әрбір адамы бұл өмірге бақытты болу үшін келетіндіктен, оның барлық әрекеттеріне өзін-өзі тану және бұл өмірде өзін-өзі табу руханилық жолындағы ізгілік тіршілік иесі болуы тиіс.

«Өзімшіл сүйіспеншілік» (Даттаушы )жақ мүшелері кезек сіздерде

Біздің қарарымыз «Өзіңнен өзіңді ізде, өзіңе-өзің бағын, өзіңді-өзің тани біл» деген  қағидаға қарсы емеспіз. Алайда қазіргі қоғамда бала тек дайын сөзге, дайын жауапқа үйренген. Яғни анықтауымыз бойынша қазіргі білім алатын ақпарат көздері көп. Мысалы; бұрынғы ата-бабаларымыздың кітап және кітапхана да жаңалық ашып, ғылым көкжиегін кеңейткен. Дұрыс белгісі бойынша: Жаңа технологияның негіздері арқылы да білімді молайтуға болады.

Жүргізуші; Дәлелдеңіз.

Дәлелдейтін болсақ : Мұғалім өзіне шәкірттердің қаншалықты жоғары бағалап қарайтынын есінде сақтаса, оның балаларға тигізетін ықпалы соншалықты күшті болады, соншалықты оның әрбір мақтауы балаларды шаттандырады, оның  әрбір ескертуі баланың жүрегіне терең орнығады. Әрине тағдырдың маңдайға жазғанынан қашып кете алмаймыз, өмірді өзгертіп жіберуге болмас. Жүсіп Баласағұн айтқандай «Өмір-бұл өлшеммен берілген құндылық, қайырымды іс жасасаң» — оның өлшемі  сенің ізгі әрекетіңмен өлшенетін құндылық екенін айтқан.

Жүргізуші: Екі топ өз ойларын толық жеткізе білді деп ойлаймын. Енді ұсыныстарыңыз бар ма? Қарсы жақ ұсынысыңыз бар ма?

Даттаушы ұсынысы: Қазіргі техника дәуірінде адамның күнделікті өмірі компьютермен өтеді. Оны ешкім жоққа шығара алмайды. Мысалға алатын болсақта қазіргі ата-аналар интернетті балаларына қосып беріп жатады. Өзі білмесе де баламның көзі ашық болсыншы  деп. Оны неге айтып отырмын осы тәрбие мейірім, сүйіспеншілік, адамгершілік, ізгілік осы отбасынан басталмай ма. Ал бала болса құр ойнауымен уақытын өткізеді. Ал сабақ жөнінде қалады, оның санасына кері әсерін тигізеді. Әрине  мұны барлығыда біледі. Сондықтанда әр уақытымызды тиімді, пайдалы істермен өткізсек деймін. Сонда ғана біз өмірдің мәнін түсіне аламыз., Шәкәрім атамыз айтқандай;

Өмірдің өкінбейтін бар айласы,

Ол айла-қиянатсыз ой тазасы.

Мейірім, ынсап,әділет, адал еңбек,

Таза жүрек, тату дос- сол шарасы – деген өлең жолдары «мейірімділік – тәні де, жаны да жаралы адамның дертіне дауа бола білу, мейірімділік- жәбір көрген жанға көмек көрсету, жылағанда жұбату» — деп түсіндіріп кеткен.

Жүргізуші: Жақтаушы жақ ұсыныстарыңыз бар ма?

Риясыз сүйіспеншілік.Жақтаушы жақ ұсынысы: Сіз айтып отырған ғаламторды кұнделікті тұрмыста дұрыс мақсатта қолдана білсеңіз оның пайдасы мол. Кез-келген тақырыпқа қатысты материалдарды, анықтамаларды ала аламыз. Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа түрлері жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. «Білім туралы заңның»  8-ші бабында білім беру жүйесінің басым міндеті ретінде оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық комуникациялық желілеріне шығу деп аталып отыр. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты жан-жақты маман болу мүмкін емес. Біліммен жақсы көруді үйреткен Сара Алпысқызының жылы жүрегімен, нұрлы ақылымен құрылған «Өзін-өзі тану» пәнінің арқасында мен «Ақиқат», «Дұрыс әрекет», «Сүйіспеншілік», «Ішкі тыныштық», «Қиянат жасамау»  жалпыадамзаттық құндылықтарды бағалау арқылы ішкі әлемдегі өмірлік бағдарымды түзей алдым. Содықтанда мен қазір балаларға рухани –адамгершілік білім беру арқылы, әр бала кем дегенде 60-70% -і өмірден өз орнын тауып, шебер маман иегері болатынына және бақытты отбасын құра алатынына толық сенімдімін.

Әсіресеі,өзін-өзі тану пәні оқушыларды ізгілікке үйретіп, жалпыадамзаттық құндылықтарды бойымызға сіңдіреді.

Жүргізуші: Егер қосымша айтарларыңыз бар ма?

Өзімшіл сүйіспеншілік. Даттаушы жақ қосымшалары:  Менің ойымша жас жеткеншектерге ата-ана жауапты. Ата-аналар тарапынан қатаң талаптар болса бала ешқандай жаманшылдыққа бармайды. Баланы бағып-қағып өсіретінде, ертеңгі рахатында көретін ата-ана. Сондықтан да баланы сүйіспеншілікке, ізгілікке тәрбиелеу қажет. Ізгілік-сезімді сергітіп, ой-санаңды жарықтандырып, қиялыңа қанат бітіреді. Ізгілік- көкіректегі жақсылыққа ұмтылған нәзік сәуле. Сондықтанда сүйіспеншілік адамға ғана тән. Тек адамша сүйе білсе ғана- ол Адам. Отбасында рухани-адамгершілік тәрбие болмаса, өз бетімен шешім қабылдамаса, жауапкершілікті сезіне алмаса, «Бұл адам санасын ойсыз бос кеңістікке тәрбиелеу деген сөз» дейді ғалымдар.

Риясыз сүйіспеншілік. Жақтаушы жақ қосымшалары:   Бұның бәрі адамның намысы, ерік –күші мен ұлтжандылығы, рухани-адамгершілігі, ізгілігі тәрбиесіне байланысты. Бұл қазір жас ұрпаққа тіреліп тұрған үлкен бір даулы мәселе. Сондықтан аға буын да осы жастарды ұлтжанды, адамгершілігі мол етіп тәрбиелеуі тиіс. Тәрбие беру тек қана педагогтардың ғана міндеті емес, бұл әрбір отбасының және барлық ересектердің айналысатын ісі. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсын.» деп бекер айтылмаған. Баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуі рол атқарады. Қазақстан Республикасындағы рухани-адагершілік білім жобасы жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу болып отырғандықтан. «Өзін-өзі тану» -баланы өз қадірін білуге, өзін сыйлауға өзін-өзі жетілдіруге өз бетінше шешім қабылдай алуға, өз сөзі мен әрекетері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелеу. Өйткені адам, адам болып дүние есігін ашқаннан бұл дүниеден озғанша өзін-өзі тану керек. Өзін таныған өзгені де тани алады, түсіне де алады, қабылдайда алады.

Жүргізуші: Екі топ мүшелері ойларын жеткізді деп ойлаймын. Сұрақтарыңыз бар ма? Бар болса, қойыңыздар

Жақтаушы жақ сұрақтары:  1. «Өзін-өзі тану пәні дегеніміз не?»

(Даттаушының жауабы)1.Өзін-өзі тану пәні дегеніміз адамның өзін-өзі тәрбиелеуі. Бұл үздіксіз жүретін процесс. Өзіңді –өзің тәрбиелеу арқылы  мінезіңдегі жағымсыз қасиеттерден арылуға болады. Ұлы Абай «Егер менің қолымда заң болса мен адам мінезін өзгертуге болмайды деген кісінің тілін кесер едім» деп бекер айтпаған. Жағымсыз, келеңсіз мінезді өзгертуге болады, бірақ оны ешкім өзгертпейді, тек сол адамның өзі ғана өзгерте алады.

2.«Өзін-өзі тану пәнін өткелі өзгердіңдер ме?»

Өзін-өзі тану пәнін өткелі өмірге деген құштарлығым артып, өзіме деген сенімділік күшейді. Жаман қылықтардан арылып, адами-құндылықтарды бойымда дамыттырдым. Ойымды ашық, еркін жеткізе алуды, адамгершілікті, сүйіспеншілікті, дұрыс әрекетті, тыныштықты, ешкімге қиянат жасамауды, отбасымды, отанды сүюді үйрендім.


Даттаушы жақ сұрақтары: 1.Рухани-адамгершілік , ізгілік тәрбиесі бізге не береді?

1.(Жақтаушының жауабы) Ізгілік-бұл адамға деген адамгершілік, сүйіспеншілік қатынас, бұл өзге адамға жақсылық жасаудың негізі болып табылады. Және балаларға ізгілікті тәрбие беруде ұстаздармен ата-ананың белсене араласуы заман талабына сай бала тәрбиесіндегі білімдері мен құзырлылықтарын жоғарлату. Ұлттық тәрбие қүндылықтарын сақтай отырып балаларға рухани ізгілікті тәрбие беру болып есептеледі. Ы.Алтынсарин «Адамгершілікке тәрбиелеу құралы-еңбек пен ата-ана үлгісі» дегені бала тәрбиелеп отырған ата-ананың өзі тәрбиелі, өзі адамгершілігі мол, өзі еңбекқор адам болуы керек делінген.


2.«Егер сүйіспеншілік болмаса, әлемде не болар еді?»

Жақтаушының жауабы.Жауап: Сүйіспеншілік тіршіліктің негізгі тірегі. Сүйіспеншілік - тіршіліктің  сәні мен мәнін келтіретін нұр әрі ең басты қуат көзі. Жарық дүниеде барша кедергі кесепатты жеңетін күш те осы сүйіспеншілік. Барша ғалам шынайы сүйіспеншіліктің жарқын көрінісі десе болады. Мәселен, шуағын төккен күн көзі және судың буға, одан бұлтқа айналуы, сонан соң жауын болып топыраққа нәр шашуы – ғаламдағы сүйіспеншіліктің жарқын мысалдары. Адам өміріндегі ең қадірлі нәрсе табыс емес, сүйіспеншілік. 

Сүйіспеншілікті қарапайым сөзбен айтып жеткізе алу мүмкін емес...оны іспен ғана білдіре аласың..себебі ол сезімнің бір бөлшегі..ол адамдар арасындағы жылуды ұялатады..үлкен сезімдерге бастау береді..сүйіспеншілік жек көрушілік жоқ жерде ғана ұшқын алады... 

Әсем. Адам өміріндегі ең қадірлі нәрсе табыс емес, сүйіспеншілік. 

Рухани-адамгершілігі кемелденген адам – ақиқатты ұстанып, сүйіспеншілікпен дұрыс әрекет жасай отырып, ішкі жан дүниесін тыныштықта сақтап, ешкімге ешқандай қиянат жасамайды.

Жүргізуші: Екі топта сұрақтарына жауаптарын алған сыңайлы, енді біз келесі сөзді келген қонақтарымызға берейік.


Риясыз сүйіспеншілік тобы: «Ең ұлы құндылық-Сүйіспеншілік!»- тақырыбында сахналайды.

Риясыз сүйіспеншілік. Ән:Жанатбек Әсемнің орындауында «Перзент сыры»


Өзімшіл сүйіспеншілік тобы: «Өзімшіл келін»-тақырыбында сахналайды.

Ән: Сиябек Ұлбосынның орындауында: Туған жер

Жүргізуші: Өркениет өркен жайған бүгінгі өскелең дәуіріндегі өрелі жаңалықтардың бірі жалпыадамзаттық құндылықтардың өзекті мәселесі болып отырғандықтан, мұғалім-нұр себуші, нұр таратушы,, бала- сол нұрды іздеуші, сол нұрға ұмтылушы болып табылады. Оларға сүйіспеншілікті, мейірімділікті, ізгілікті, адамгершілікті, шабыттандыру, құлшындыру, өмірлік бағытын іздеуге бағыт-бағдар беретін біз және сіз. Дегенменде «таяқтың екі ұшы бар» дегендей, жаман-жақсы тұстары бар. Санасы бар адам баласы саралап , тура жолдан таймай өзіне қажеттісін алып, қалғанын сызып тастап отырса ұрпақтарымызды мәңгүрттік жазылмас ауруға ұшыратпас деп ойлаймыз.

Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» атты өлең жолдарын оқып кетсем деймін.

Тау суындай гүрілдеп,

Айбдынды алаш елім дер.

Алтын арқа жерім дер,

Мен жастарға сенемін.

Қажу барма сұңқарға,

Талу барма тұлпарға.

Иман күшті оларда

Мен жастарға сенемін

Мен сенемін жастарға

Алаш алтын аспанға

Шығарар олар бір таңда

Мен жастарға сенемін.

Дегендей,еңсесі биік, егеменді еліміздің адалдықты ту еткен алғыр ойлы адал азамат ұл-қыздары көп болғай деп осымен сайысымыз аяқталды. Сау болыңдар!

Жүргізуші: Екі топта сұрақтарына жауаптарын алған сыңайлы, енді біз келесі сөзді келген қонақтарымызға берейік.


«Сүйіспеншілік гүлі» ойыны.

  Шарты: Бұл іс-әрекетке барлық мұғалімдер қатысады. Әр мұғалім гүл түрінде кесілген түрлі-түсті қағаз алады. Сол гүлге өздерінің бойындағы ең жақсы қасиеттерін жазулары тиіс, содан кейін барлық гүлдер құндылық ағашына әдемі жапсырылады. Плакат тақтаға ілінеді.

Қорытынды: Балаларға жанданған білім беріп, осы гүл тәрізді әдемі болып өсіп, мұғалімдердің жағымды қасиеттерімен ол гүлдерге шабыт беру.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
26 ақпан
2780
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі