400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

[Ж]- [З] дыбыстарын дифференциациялау

Материал туралы қысқаша түсінік
Баланы ересек адамның сөйлеу тілін мұқият тыңдауды үйрету,берілген дыбыстарды дұрыс айту. Дыбыстық-буындық дағдыларының анализін қалыптастыру үшін 1-сынып оқушыларына қолдануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Логопедия

Сабақтың тақырыбы: [Ж]- [З] дыбыстарын дифференциациялау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: фонематикалық қабылдауды дамыту, берілген дауыссыз дыбысты сөз ішінен бөлу;

Тәрбиелік: Баланы ересек адамның сөйлеу тілін мұқият тыңдауды үйрету;

Түзетушілік: Берілген дыбыстарды дұрыс айту. Дыбыстық-буындық дағдыларының анализін қалыптастыру;

Әдістері: жазбаша, ауызша, шығармашылық.

Түрі: Жаңа сабақты түсіндіру

Көрнекілік: Кескін әріптер, айна, карточкалар.

Сабақ жоспары:

I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Жаңа сабаққа дайындық

III. Жаңа сабақты хабарлау

IV. Сабақты бекіту

V. Сергіту сәті

VI. Есту және фонематикалық қабылдауды дамыту

VII. «Сөзді ауыстыру» дидактикалық ойыны

VIIІ. Көңіл, ойлау, кеңестікте бейімделу дағдыларын дамыту жұмысы

ІX. сабақты қорытындылау


Сабақ барысы:

Сабақтың кезеңдері

Оқу материалының мазмұны

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Балалардың көңілін өзіне аудару.

Сәләметсіңдерме, балалар! Сендерді көргеніме қуаныштымын. Сендер партаның алдында тыныш отырып, мұғалімді мұқият тың-даңдар. Егер де жауап бергілерің келсе, қолдарынды көтеріңдер. Дұрыс жауап үшін мен сендерге карточка беремін, олар қыз бен ұлдың суреттерімен бейнеленген.

II. Жаңа сабаққа дайындық

Сабаққа дайындық ретінде балаларға арласқан бұршақ пен бадана беріледі. Балалар бұршақты бір бөлек, бадананы бір бөлек бөледі.

III. Жаңа сабақты хабарлау.

Бүгінгі сабақта біз [З] және [Ж] дыбыстарнын ажырауды үйренеміз. Бұл дыбыстардың айтылу ерекшеліктері қандай? Айнаны алып, балалар айтып өткен дыбыстарға сипаттама береді.

IV. Сабақты бекіту

Сабақты бекіту үшін балаларға әріптер тізбегі айтылады. Солардың ішінен балалар З немесе Ж дыбысын естісе қолдарын шапалақтайды.

V. Сергіту сәті.

«Ұзын мұртты құмырсқа».

VI. Есті және фонематикалық қабылдауды дамыту.

«Менен кейін қайтала» дидактикалық ойыны.

ЗА-ЖА, ЖА-ЗА, ЗО-ЖО, ЖО-ЗО, АЗ-АЖ, АЖ-АЗ, ОЗ-ОЖ, ОЖ-ОЗ . Берілген буындарды бірнеше рет әр түрлі дауыс ырғағымен айтып өту.

VII. «Сөзді ауыстыру» дидактикалық ойыны.

Сөздердегі Ж дыбысын Ш дыбысына ауыстыру жаттығуы. Зат-...ат, заман-...аман,

VIІI Көңіл, ойлау, кеңестікте бейімделу дағдыларын дамыту жұмысы.

Балаларға таза қағаз беттері таратылады.

З және Ж дыбысын қағаз бетіне салу керек. Логопедтің айтуы бойынша оқушылар дыбыстарды беттің әр бөлігіне жазады.

ІX. Сабақты қорытындылау.

1. Әріп пен дыбыстың айырмашылығы неде?

2. Қазақ әліпбиінде неше әріп, неше дыбыс бар?

3. Дыбыстар қалай бөлінеді?

4. Бүгін біз қандай дыбыстар жайында айтып кеттік?





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қазан
833
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі