«Жалғыз адам не істей алады?»
қойылымы
Қойылымға қатысушылар сахнаға бірінің соңынан
бірі шығады (сахнаны бүкіл сынып толтыруына
болады).
1-ші
адам: Әлем сұмдық болып кетті.
Адамдар мені түсінбейді. Жалғыз мен ғана жақсымын. Бірақ мен мына
зұлым әрі қатігез әлемді қалай өзгерте аламын? Мен жалғыз не істей
аламын? Жалпы жалғыз адам не істей алады? (шеңбер бойымен жүре
бастайды) Жалғыз адам не істей алады?
(хормен) Жалғыз адам не істей алады?
...
2-ші адам:
Айналадағылардың барлығы – өтірікші. Бар ойлары
біреуді ақымақ ету. Барлығы өтірік айтады – базардағылардан бастап
жоғарыда отырғандарға дейін (сұқ саусағын жоғары көрсетеді). Барып
тұрған масқара! Мен жалғыз өзім не істей аламын?
(хормен) Жалғыз адам не істей алады?
...
3-ші адам:
Бұл әлемдегі адамдардың
барлығы – өзімшіл. Әрқайсысы тек өзін ғана ойлайды. Тек қарны тоқ,
жағдайы жақсы болса болды. Ешкім мұқтаж адамдарға – қарттарға,
жетімдер мен мүгедектерге жәрдем бергісі келмейді. Басқалар бәрібір
көмек бермейтін болса, менің біреуге көмектескенімнен не пайда?!.
Мен жалғыз өзім не істей аламын?
(хормен) Жалғыз адам не істей алады?
...
4-ші адам:
Айналадағы адамдардың барлығы жауыз. Бәрі
бір-біріне айқайлап, ашуланып жатады. Бәрінің жүйкесі жұқарған.
Егер, дәл осылай жалғаса берсе, мұның соңы не болмақ? Мен не үшін
мұнда тұрып өзгелер үшін күйбелектеп тұрмын. Маған салса, неге бәрі
бірін-бірі жұлып, жұтып қоймайды, мен ұпайым түгел. Мен жалғыз өзім
не істей аламын?
(хормен) Жалғыз адам не істей алады?
...
5-ші
адам: Масқара! Айналадағылардың
барлығы ұрлық жасайды, мен де аздап ... Бұл әлемде ұрлық жасамай
өмір сүру мүмкін емес. Егер сен ұрламасаң, сенен ұрлап әкетеді.
Осылай жалғаса берсе ұрлайтын да ештеңе қалмайды. Ұрлауға болатын
нәрсенің бәрін, ендігі жерде ұрлап болды. Мұның барлығын қалай
өзгертуге болады? Мен жалғыз өзім не істей
аламын?
(хормен) Жалғыз адам не істей алады?
...
6-шы
адам:
Қолынан келген адамның барлығы
пара алады. Парасыз бір қадам да ілгері жасай алмайсың. Қолайлы
жұмысқа орналаса алмайсың, емтихан тапсыра алмайсың, емханадан
сапалы ем қабылдай алмайсың, тіпті жақсы мектепке де орналаса
алмайсың. Сұмдық-ай! Енді не болады? Бұлай өмір сүруге болмайды.
Бір нәрсе өзгерту керек! Мен жалғыз өзім не істей
аламын?
(хормен) Жалғыз адам не істей алады?
...
7-ші
адам:
Айналадағы адамдардың барлығы – маскүнемдер мен
шылым құмарлар. Ішімдік ішеді, шылым тартады. Айналадағы түтіннің
кесірінен дем алу мүмкін емес. Айналада тек спирттік ішімдік пен
шылымның жарнамасы. Он-он бес жылдан кейін бізге не болады? Бұл
ақашан өзгереді? Мен де соларға қосылып шылым тартамын ... ішімдік
те ішемін ... Жалғыз өзім не істей аламын?
(хормен) Жалғыз адам не істей алады?
...
8-ші
адам:
Айналадағы адамдардың барлығы боғауыз айтады.
Көшеде, қоғамдық көлікте жүру мүмкін емес. Құлағыңды тас қылып
бекітіп алсаң да! Түгел боғауыз сөз, енді жақсы сөз есту мүмкін
болмай қалатын шығар. Мұндай жағдайда қалай өмір сүріп, балаларға
қалай тәрбие беруге болады? Жалғыз өзім не істей
аламын?
(хормен) Жалғыз адам не істей алады?
...
9-шы адам:
Айналада түгел
зорлық-зомбылық! Ағалы інілі бір-бірімен, баласы әкесімен, қызы
анасымен жанжалдасады. Айналады соғыс, теракт. Бұл жайт түгелімен
теледидардан көрсетіліп жатады. Зорлық пен қатігездікке
үгіт-насихат жүріп жатыр. Мен теледидардағы ең төменгі адам
болмасам да, жалғыз өзім не істей аламын?
(хормен) Жалғыз адам не істей алады?
...
10-шы адам:
Қазір зейнеткерлердің жағдайы
ауыр, олар жайлы ешкім бас қатырмайды. Адамдар өздерін мүлде
қартаймайтындай ойлайды. Сондай аз мөлшердегі қаражатқа қалай өмір
сүруге болады. Қартайған сайын аурушаң келесің, ал дәрі-дәрмектер
тым қымбат. Мен де көшедегі орындықта отырып алып, үкіметті
балағаттаймын. Сайлауға да бармаймын, жалғыз ғана менің дауысым не
шешеді? Жалғыз өзім не істей аламын?
(хормен) Жалғыз адам не істей
алады?
11-ші
адам:
Шынымды айтайын, мен –
парақормын. Егер жоғарыда отырғандар үнемі талап ететін болса не
істеймін? Егер пара бермесем, жұмыстан босатыламын. Сондықтан
соларға беру үшін және өзіме қалдыру үшін пара аламын. Не бопты?
Отбасымды асырауым керек қой. Қызметтік лауазымым төмен болмаса да,
жалақым тым төмен. Пара алудың арқасында өмір сүріп келеміз. Осының
барлығы жоғарыдағылардың кесірі. Параны ала береді, ала береді. Мен
не істей аламын? (хормен) Жалғыз адам не істей
алады?
12-ші адам:
Мен де өзімнің шәкірттерімнен
пара аламын. Мен де астымда «Мерседес» көлігінің болғанын қалаймын,
сапалы киініп, қымбат мейрамханалардан ас ішкім келеді. Не бопты?
Қазір қолымда ештеңе болмаса бекерге осыншама білім алып,
диссертация қорғағаным ба? Барлығы осылай ретке қойылған, мен
ештеңе істей алмаймын. Бірақ соңғы кездері менің басым қатты ауырып
жүр, түнімен жаман түстер мазалайды. Жалпы алғанда, барлығы пара
алады ... Мен неге өзгелерден ерекшеленуім
керек?
(хормен) Жалғыз адам не істей алады?
...
13-ші адам:
Біздің партияға дауыс
беріңіздер. Біздер сіздер үшін бәрін жасаймыз. Көктегі жұлдызды
қолыңызға ұстатамыз, пәтер ақысын төмендетеміз, жалақыны
жоғарылатамыз, барлығын жұмыспен қамтамасыз етеміз, зейнеткерлер
1000 доллар зейнетақы алатын болады, қоғамдық қолікте жүру бағасы
10 теңге болады ... Уффф! Өтірік айтудан әбден шаршадым. Сайлау
тезірек аяқталса екен. Мен не істей
аламын?
(хормен) Жалғыз адам не істей алады?
...
14-ші адам:
Жол полциясы қызметкерлерінің
барлығы – парақор. Анда-санда көлік жылдамдығын асырып, аздап мас
күйінде рөлге отырып, ереже бұзғанда тұрған не бар. Адамдар неге
жаяу жүргіншілерге арналған жолақтан асықпай өтеді, мен асығыспын
ғой, жұмысым бастан асады. Жалпы, не үшін біресе анда, біресе мұнда
жүре береді, үйлерінде неге отырмайды екен, сол кезде аман-сау
болар еді. Егер мен ережені қатаң сақтайтын болсам да, өзгелер
бәрібір бұзады ... (хормен) Жалғыз адам не істей алады?
...
15-ші адам:
Ал мен кез келген жерге қоқыс
қалдыра берем. Тұрған жеріме тастай салам. Себебі айналадағылардың
бәрі тастайды, керемет қаламызды ластап бітті. Үйлерін солай
ластамай ма. Айналаның бәрі түкірік, балағат сөздермен жазылып
тасталған. Соларға қарап мен де енді ластап жүрмін. Не істеймін
енді?
(хормен) Жалғыз адам не істей алады?
...
16-шы адам:
Мен – кәсіпкермен. Егер мен
шынайы түрде салық төлеген болсам, ешқандай пайда таппас едім.
Сондықтан қулық жасауға тура келеді. Ұзақ жылдар бойы
кәсіпкерлікпен айналысып, салықтан жалтаруды үйрендім. Не істеймін
енді? Өмір сүру керек. Бәрі осылай істейді. Сондықтан, мемлекеттің
қазынасы бос, зейнеткерлерге, мұғалімдерге, дәрігерлер мен
әскерилерге, жол полициясы қызметкерлеріне, кеденшілерге төлейтін
қаражат жоқ. Мен не істей аламын? (хормен) Жалғыз адам не істей алады?
...
17-ші адам:
Мен – шенеунікпін, халыққа
қызмет етемін. Мен маңызды адаммын. Мемлекеттік органда жұмыс
істеген уақытта көлік, екі қаладан пәтер алдым, енді Нью-Йорктен
пәтер сатып алғым келеді. Ол үшін әлі осы жерде біраз уақыт істеуім
керек. Біздің жұмысымыз оңай емес, барлығын тексереміз. Бізді
барлығы балағаттайды. Себебі, қарапайым халықтың түсінігі мен
сауаты төмен. Таң атқаннан кеш батқанға дейін тексерулер жүргізіп,
заңсыздықтарды анықтау оңай шаруа деп ойлайсыздар ма? Заңсыздық
бәрібір барлық жерде бар. Жалғыз өзім мұның бәрін қалай
өзгертем? (хормен) Жалғыз адам не істей алады?
...
18-ші
адам: Газет беттерінде көбіне не
жазады ... болмашы нәрселер. Өсек-аяң. Айнала астан-кестен, өте
жаман, әңгімелесетін ешкім жоқ. Жалғыз өзім не істей аламын?
(хормен) Жалғыз адам не істей алады? ...
19-шы
адам: Мектепте ешкім ештеңе жасағысы
келмейді. Мен ғана жоспарлар мен есеп жазамын, барлығына
көмектесемін, қызмет етемін. Барлығы жұмыс істеу үшін не істеу
керек? Білмеймін тіпті ... Оларға неге басшылық ештеңе айтпайды?
Мен ғана жүгіре беремін. Жалғыз өзім не істей
аламын? (хормен) Жалғыз адам не істей
алады?
20-шы
адам:
Тоқтаңдар! Ойланайықшы
бәріміз! Осының барлығына біреу нүкте қою керек емес пе? Егер,
әрбір адам өзін өзгерте бастаса қалай болады? Жұмыста, үйде,
қоғамда, көшеде өзін адал әрі шыншыл ұстайтын болса. Сонда қалай
болады?
21-ші
адам:
Онда ... Онда, мүмкін, әлем
өзгеретін шығар ... Ия, ия, міндетті түрде, өзгереді! Себебі,
өтірік айтатын, ұрлық жасайтын, пара алатын, ішімдік ішетін, шылым
тартатын, айналаны қоқыспен ластайтын, балағаттайтын, төбелесетін,
жанжалдасатын, соғысатын ешкім болмайды. Адамдар бір-бірімен
тату-тәтті, бейбіт өмір сүреді. Адамдар! Әлемді өзгертуге жол
ашайық, әрбір адам өзінен бастасын!
Барлығы қол ұстасып бірге: «Әлем – бұл МЕН!»-
деп айтады